63
зерттеу жүргізгенде әрқилы мағлұматтар алуға тырыссақ, ал
өңдеу барысында
керісінше қорытындыны және нәтижелер интерпретациясын жеңілдету үшін осы
мағлұматтарды азайтуға тура келеді. Сондықтан да,
алғашқы өңдеудегі ең
маңыздысы реттілік болып саналады. Зерттеуші неғұрлым “шикі” мәліметтерді
сапалық бағаға айналдыру керек. Мәліметтердің алғашқы өңдеудің өзінде алдын-
ала арнайы жіктеулер және әр топтағы сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа
түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік өңделген әдіске сәйкес санға айналады.
Ал, егер біз сандық
мәліметтер алатын болсақ, оларды алдымен реттелген
сандық
қатарға келтіру, сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша
ретпен
орналастыру (рангілеу). Ол зерттеушіге қандайда бір ақпаратты береді. Сондай-ақ,
мәндердің максималды немесе минималды өзгеру аралығын (лимит)
бағалауға,
қай мәлімет жиі кездеседі (мода), ал қайсысы сирек кездесетіндігін, ретпен
орналасудағы неғұрлым ортақ мәндерін (медиана) анықтау қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: