Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет55/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
IV ТАРАУ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ 
4.1. Эмпирикалық зерттеу мәліметтері және олардың алғашқы өңделуі 
Кез-келген психологиялық зерттеулердің нәтижесі - олардың мақсатқа 
бағытталған жүйелі зерттеу барысында қол жеткізген мәліметтерімен 
сипатталады. Мәліметтердің зерттеу көрсеткіші ретінде маңызы зор және болашақ 
статистикалық талдау жұмыстары түрлеріне де байланысты
 
таңдалуы мүмкін. 
Психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерге алдымен 
“шикі” баға берілетіндіктен ол ары қарай өңдеуді қажет етеді. Егер эмпирикалық 


63 
зерттеу жүргізгенде әрқилы мағлұматтар алуға тырыссақ, ал өңдеу барысында 
керісінше қорытындыны және нәтижелер интерпретациясын жеңілдету үшін осы 
мағлұматтарды азайтуға тура келеді. Сондықтан да, алғашқы өңдеудегі ең 
маңыздысы реттілік болып саналады. Зерттеуші неғұрлым “шикі” мәліметтерді 
сапалық бағаға айналдыру керек. Мәліметтердің алғашқы өңдеудің өзінде алдын- 
ала арнайы жіктеулер және әр топтағы сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа 
түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік өңделген әдіске сәйкес санға айналады.
Ал, егер біз сандық мәліметтер алатын болсақ, оларды алдымен реттелген 
сандық қатарға келтіру, сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша ретпен 
орналастыру (рангілеу). Ол зерттеушіге қандайда бір ақпаратты береді. Сондай-ақ, 
мәндердің максималды немесе минималды өзгеру аралығын (лимит) бағалауға
қай мәлімет жиі кездеседі (мода), ал қайсысы сирек кездесетіндігін, ретпен 
орналасудағы неғұрлым ортақ мәндерін (медиана) анықтау қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет