100
ҚОСЫМША 1
Тестік нормаларды құру мен олардың репрезентативтілігін тексеру алгоритмі
(
А.А., Бодалев, В.А.Столин бойынша)
№
Жұмыс мазмұны
1
Тест қолдануға тиісті бас жиыннан стандарттық іріктеу тобын
қалыптастыру (кездейсоқ немесе қандай да бір өлшем бойынша
стратификациялық жолымен таңдау) тобындағы әрбір зерттелушіге аз
уақыт ішінде тест жүргізу.
2
Таңдалған бір мәнділік интервалын есепке ала отырып, «шикі»
баллдарды топтастыру. Интервал
m
W
/
биіктігімен анықталады.
Мұндағы
m in
m ax
X
X
W
- құлаш, m – бір мәнділік интервалдар саны.
3
Тестік баллдардың таралу жиілігін кесте және сәйкес гистограммалармен
куммуляттар графигін құру.
4
Орталық және стандарттық ауытқу мәселелерін және компьютер
көмегімен ассиметрия мен эксцессті есептеу. Ассиметрия және экцсесс
мәнділігі туралы болжамды тексеру, тексеру нәтижелерін үлестірім
қисығының визуалдық талдаумен салыстыру.
5
Колмогоров
критерийінің
көмегімен
үлестірімнің
біреуінің
қалыптылығын тексеру немесе стандарттық шкалаға ауыстыру арқылы
процентильді қалыпқа келтіру, сондай-ақ түзулік стандарттау және
олардың нәтижелерін салыстыру.
6
Егер қалыптылық шеттетілсе (сәйкес келмесе) онда таңдауды екі
кездейсоқ топқа бөліп үлестірімнің тұрақтылығын тексеру. Шартты топ
үшін қалыпқа келтірілген баллдармен тұтас таңдаудың баллдарымен
сәйкес келуі қалыпқа келтірілген шкаланың тұрақтылығын көрсетеді.
7
Колмогоров критерийінің көмегімен үлестірімнің берілген популяциялық
белгіге (жыныс, мамандық т.б) қатысты біртектілігін тексеру жеке және
толық таңдау тобы үшін кумуляттар мен гистограммалар графигін құру.
Маңызды айырмашылықтар болса, таңдауды әртекті таңдау тобына бөлу.
8
Процентилдік және қалыпты тестік нормалардың кестесін құру. әртекті
таңдау – топтар болған жағдайда әр топтың өз кестесі болуы керек.
9
Орталық мәнді анықтаудағы стандарттық қателерді есепке ала отырып,
(P<0,01 дәрежесінде) сенімділік интервалдары үшін шеткі нүктелерді
(жоғарғы және төменгі) анықтау.
10 Алынған үлестірім конфигурацияларын қандай да бір тесті шешудің
жорамалдық механизмін есепке ала отырып талқылау.
11 Теріс нәтижелер алынған жағдайда кең көлемді таңдауда зерттеуді
жүзеге асыру немесе бұл тесті пайдалану жоспарынан бас тарту.
Достарыңызбен бөлісу: