34
ерекшеленбейтін, оған арнайы рәсімсіз-ақ жанасуға болатын. Әлем құдай
-
ларға толы және олармен күтпеген жерден, кез келген бұрышта бейтаныс
біреумен ұшырасып қалғандай кездесуге болады. Соған қарағанда, қара
-
пайым халық мұндай жағдай әркімнің басында бола алатындығына сенген;
бұл ой «Әрекеттердегі» оғаш оқиғаның сырын түсіндіріп береді; онда б.д. І
ғасырында Листра (қазіргі Түркия) халқы Апостол Павел мен оның шәкірті
Варнаваны Гермес пен Зевс деп қабылдағандығы айтылады
14
.
Израилдықтар да шамамен осындай күй кешті. Өздерінің алтын ғасырына
қарап, олар Авраам, Исхақ пен Йақұбтың өз Құдайларымен жақын жерден,
тез арада сөйлескендерін көрді. Шейх немесе қауым ақсақалы секілді, Эль
достық рәуіштегі кеңестер берген, кезбелерге жол көрсеткен, қалыңдыққа
(күйеуге) кімді таңдау керектігін айтқан және түстеріне кірген. Ара-тұра па
-
триархтар Оны адам кейпінде кездестірген, ал кейінірек бұлай ойлаудың
өзі израилдық үшін қауымнан аласталу қаупін туғызған.
«Болмыстың» он сегізінші тарауында
J
Құдайдың Авраамға Хеврон
маңындағы Мамре орманында көрінгенін айтқан. Авраам назарын салған
-
да, «күндізгі аңызақ уақытында» өзінің шатырына келе жатқан үш кісіні
көреді. Таяу Шығысқа тән әдеттегі қонақжайлыққа басып, Авраам олардың
жайғасып, тынығуларын сұрайды да, өзі болса меймандарына дереу ас әзір
-
леуге қамданады. Әлбетте, әңгіме барысында кісілердің бірі оның Құдайы
екендігі анықталады,
J
оны үнемі «Яхве» деп атайды; Оның екі жолдасы
періштелер болып шығады. Бұл оқиға ешкімді қатты таңғалдыра қоймайды,
бірақ б.д.д. ҮІІІ ғасырда,
J
-дің жазғанындай, бірде-бір израилдық Құдайды
«көруге» үміттене де алмайтын заманда, керісінше, көпшілік үшін мұндай
ойдың өзі қол жетпес құдіретті қорлау саналар еді.
Достарыңызбен бөлісу: