J
атағандай, Яхвенің
)
оны Харранды қорғауға қабілетті жетсе,
онда Ол шынында да құдіретті Құдай болғаны. Ол мәмілеге келуді ұсынады:
Эль қорғаныш бола алған жағдайда Йақұб Оны өзіне
элохим
етіп таңдай
-
ды, сөйтіп тек Оның бір өзіне ғана табынатын болады. Израилдықтардың
Құдайға сенімі өте прагматикалық сипатта болатын. Авраам мен Йақұб Эль
-
ге сенеді, себебі Ол оларға көмектескен. Олар даналық танытып, Оның бар
екендігін дәлелдеуге әрекет жасамады; олар үшін Эль тіпті де дерексіз фи
-
лософиялық ұғым болған жоқ. Ертеде
мана
күнделікті өмірдегі үйреншікті
құбылыс болатын, ал Құдай өз құдіретін іс жүзінде дәлелдесе ғана сыйы
-
нуға лайық саналатын. Мұндай құнттылық әркез Құдай тарихында маңызды
фактор болып қала берді. Көп адамдар әлі күнге дейін Құдайға қатысты
түсініктерін олардың ғылыми немесе философиялық тұрғыда негізделгенді
-
гі үшін емес, дәл сол практикалық ұтымдылығы үшін ұстанып келеді.
Жылдар өткен соң Йақұб Харраннан әйелдерімен және бүкіл отбасымен
кері оралады. Ханаан жеріне аяқ басысымен ол қайтадан Құдай көрінісі
оқиғасын бастан кешіреді: Батыс Жағалаудағы Иавок өткелінде бейсеубет
біреуді
жолықтырып, онымен түні бойы күреседі. Таң ата бере оның қарсы
-
ласы табиғаттан тыс күштерге тән дағдымен Йақұбтан өзін босатып жібе
-
руін өтінеді, бірақ өз кезегінде Йақұб бейтаныс жаннан атын айтуын талап
етеді. Ежелгі дүниеде басқаның атын біліп алу оның иесіне белгілі дәрежеде
37
билік жүргізуге жол ашатындықтан, жұмбақ кісі өзінің есімін айтудан бас
тартады. Сонда Йақұб қарсыласының дәл Эльдің өзі екендігін түсінеді:
Йақұб: айтшы, Есімің кім? - деп сұрады: Ол: Менің атымды не үшін
сұрайсың? – деді. Сол жерде оны жарылқады.
Содан Йақұб ол жерге Пенуэл [Эльдің жүзі] деп атау берді; өйткені
мен Құдайды бетпе-бет көрдім, осылай жаным сақталды деді
17
.
Рухы жағынан осы Құдай көрінісі хикаясы яхудилік бірқұдайшылдыққа
қарағанда «Илиадаға» әлдеқайда жақын, өйткені көктегі Құдаймен жер
-
бетілік әңгіме-дүкен құру Құдайды қорлау саналар еді.
Көне аңыздарда патриархтар өз құдайларымен пұтқа табынушы заман
-
дастары секілді сөйлескендеріне қарамастан, бұл сюжеттерде тұңғыш рет
діни әсерлердің жаңа пішіні көрініс береді. Інжіл хикаяларының өн бой
-
ында Авраамды «діни сенім» адамы деп атайды. Қазіргі кезде иланым деп
көбіне әлдебір діни сеніммен саналы келісуді ұғынады, бірақ тәураттық ав
-
торлар үшін ол ақылды керек ететін немесе метафизикалық ұғым емес еді.
Авраамның дінін мадақтағанда олар оның ортодоксалдығын (діни тұрғыдан
Құдай туралы дұрыс түсініктерді ұстануын) емес, сенім деңгейін ойға алады,
мәселен, біздің басқа бір адамға немесе идеалға
сеніміміз
сияқты. Авраам
– діни сенімнің адамы, өйткені ол Құдайдың ақылға сыймас небір ғажайып
сипаттағы Өз уәделеріне дейін орындайтынына күмән келтірмейді. Әйелі
Сара бедеу болса, Авраам қалай құдіретті халықтың әкесі атанбақ? Шын
-
дығына келгенде, бала туу жасынан асып кеткен Сараның құрсақ көтеру қа
-
білеті барын ойлаудың өзі ақылға сыймайтындығы соншалық, мұндай сәу
-
егейлікті естіген ерлі-зайыптылар күлкілерін ұстап тұра алмайды. Дегенмен
табиғаттың заңына қайшы, олар ақырында ұлды болған кезде, нәрестеге
Исхақ (Ысқақ) деп ат қояды, бұл есімді «күлегеш» деп аударса болады. Әзіл
-
дің соңы удай зәрлі болып шығады, себебі Құдай бұдан кейін қорқынышты
талап қояды: яғни – Авраам жалғыз баласын құрбан етуі керек!
17
Бол
. 32:29–30.
38
Пұтқа табынушылар ортасында адамды құрбандыққа шалу әдеттегі іс
болатын; оның өзінше логикалық түсіндірмесі де бар еді. Көп жағдайда от
-
басындағы тұңғыш сәби бірінші неке түні талабы бойынша Құдайдың кінді
-
гінен жаратылып, соның баласы саналатын. Бала туғызған Құдай қуатының
бір бөлігін жоғалтатын да,
мана
айналымын толық қалпына келтіру үшін
әлгі тұңғыш перзентті Құдай-Әкеге қайтарып беру керек болатын. Бірақ
Исхақтың жағдайы басқаша болды: ол Құдайдың ұлы емес, сыйы болатын,
сондықтан құрбандыққа шалуға еш себеп болмады – Құдайдың қуатын то
-
лықтыру қажет емес еді.
Шындығында, мұндай құрбандық Авраамның өмірін мәнсіз етер еді;
Құдайдың уәдесі бойынша оған ұлы халықтың әкесі болу міндеттел
-
ген-тұғын. Бұдан шығатыны, бұл Құдай көне дүниенің басқа құдайларынан
өзгеше болды: Ол адамдардың қасіретін мүлде бөліспейді және адамдар
-
дың көмегіне мұқтаж емес. Оның тұрған сатылық дәрежесі басқадан жоғары
және қалағанын талап ете алады. Авраам өзінің Құдайына сенім артпаққа
шешім қабылдайды. Ол Исхақпен Мория тауына үш күндік сапарға аттана
-
ды, сол жерде кейін Иерусалим Ғибадатханасының негізі қаланады. Құдай
-
дың әмірінен бейхабар Исхақтың тіпті өзін өртейтін ағашты иығында алып
жүруіне тура келеді. Тек Авраам қолындағы пышағын оңтайлай бастаған
соңғы сәтте ғана Құдай жұмсарып, мұның сынақ екендігін түсіндіреді. Авра
-
ам аспанда самсаған жұлдыздай немесе теңіз жағалауында жайылған қиы
-
ршық құм секілді көп халықтың әкесі болуға лайықты екендігін дәлелдейді.
Қазіргі кезде бұл хикая құлаққа ауыр естіледі, өйткені Құдай жауыз және
бірбеткей қатыгез кейіпте көрінеді. Бұл аңызбен қаршадайынан таныс көп
-
теген адамның қазір тап мұндай Құдайға жон арқасын көрсететіні таңғал
-
дырмайды. Сонымен бірге, Мысырдан шығу туралы миф те замандастары
-
мыз үшін мейлінше мәнсіз, онда Құдай Мұсаға және Израил перзенттеріне
еркіндік сыйлайды. Оқиға желісі баршаға мәлім: перғауын израилдықтар
-
ды тұтқыннан босатқысы келмейді; көндіру үшін Құдай оның халқына он
қорқынышты апат жібереді: Ніл суы қанға айналады, елдің ішін бақа мен
шегіртке қаптайды да, соңынан қара түнек басады. Жан түршігерлік жазаны
Құдай кейінге қалдырады: Ол жіберген Өлім Періштесі еврей құлдардың
39
үйін айналып өтіп, Мысырда тұңғыш дүниеге келген ұл балалардың бәрін
өлтіреді. Перғауын израилдықтарды босатуға мәжбүр болады, бірақ бірден
іздерінен әскер жібереді. Еврейлерді Қара теңіздің жағасында қоршауға
алады, бірақ тағы да Құдай Өз халқына көмекке келеді: суды қақ жарып,
жермен жүретін жол жасайды. Қуып келген мысырлықтар теңіз түбінен
ашылған жолға лап қойған кезде, Құдай су «қабырғаларын» қосып жіберіп,
перғауынның әскерлерін өзімен қоса қырады.
Бұл құдай – кейін Яхве Саваоф, «соғыс құдайы» деп аталған сұсты, жа
-
уыз және қанішер құдай. Ол өз жақтастарынан басқаға титтей де мейірімі
түспейтін бірбеткей қызуқанды сарбазды еске салады; ол – бір тайпаның
ғана шағын құдайы. Егер Яхве осындай жабайы құдай болып қала бергенде,
көп ұзамай оны барлығы ұмытар еді, көпшілік үшін бұл жақсы болар еді.
Шығу
туралы ақырғы мифті – бізге Тәурат арқылы жеткен қалпында – сөз
-
бе-сөз оқиғалар тізбегі деп қабылдауға болмас, алайда Таяу Шығыс тұрғын
-
дары құдайлардың теңіздерді қақ жаруын әдепкі іс деп қарайтындықтан,
оның мәні айқын болды. Дегенмен Мардук немесе Ваал туралы мифтер
-
ден айырмашылығы, бұл хикая Яхвенің нақты бір тарихи дәуірде шынайы
өмірде бар теңізді қақ жарғанын растайды. Мәселе шындықты анықтауда
емес. Израилдықтардың
Шығу
оқиғасында қазірдегідей тарихи шындықты
анықтау маңызды болмағаны мәлім. Сипаты қандай болса да, олар алғашқы
оқиғаның маңыздылығына назар аударғысы келді. Қазіргі заманғы кей
-
бір ғалымдардың пайымдауынша,
Шығу
туралы хикая – бұл Мысыр биле
-
ушілері мен оның одақтастарына қарсы бас көтерген ханаандық шаруалар
-
дың бірқатар ереуілдері туралы мифтік жорамал
18
. Сол дәуірлерде ереуіл
-
дер өте сирек болған, сондықтан олардың адамдардың жадында өшпес із
қалдырғаны күмән келтірмейді. Мифтің астарында құдіретті билікке қарсы
шыққан бұқара халықтың жеңіс салтанаты бедерленген болуы әбден мүм
-
кін. Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қа
-
рамастан, біз әлі Яхвенің
Шығу
да қатал және жендет Құдай болып қалмаға
-
18 George E. Mendenhall, «The Hebrew Conquest of Palestine», The Biblical Archeologist 25, 1962; M. Weippert, The Settlement of
the Israelite Tribes in Palestine (London, 1971).
40
нына көзіміз жететін болады. Таңғаларлығы, уақыт өте келе, израилдықтар
Құдай бейнесін танымастай етіп өзгертті, Оны трансценденттілік пен ба
-
уырмалдықтың символдық мазмұнымен толықтырды. Соған қарамастан,
Шығу
дың қанды оқиғасы осы күнге дейін қатерлі Құдайлық концепциясы
-
на иландырады және кекшіл дін іліміне назар аудартады. Б.д.д ҮІІ ғасырда
«Қайталанған заң» авторы
(D)
бұл мифке кейіннен барлық үш дін тарихын
-
да да талай рет тағдыршешті маңыз атқарған қалаулылықтың үрей шақы
-
ратын теологиясын негіздеу үшін сүйенді. Адамның кез келген ойы сияқты,
Құдай туралы түсінікті жақсыға да, жаманға да жаратуға болады. Құдайдың
таңдаған халқы және оған ерекше ықыласы түсуі туралы «Қайталанған заң»
мифі барлық дәуірлерде иудаизм, христиандық және мұсылмандықта тар,
тұйықталған теологияны туындатып, өкінішке қарай, исламдық фундамента
-
лизм кең өріс алған қазіргі кезеңге дейін созылып отыр. Алайда Мысырдан
шығуды түсіндіруде «Қайталанған заң» авторы сондай-ақ бір Құдайға табы
-
нушылықтың маңызды да пайдалы сипатын – әлсіздер мен езілушілердің
жағын ұстанған Құдай бейнесін сақтай білді. 26-тарауда
Достарыңызбен бөлісу: |