44
Мұса тау басына жалғыз өзі көтеріліп, Өсиет тақтасын қабылдап алды.
Пәрмен жоғарыдан түсірілді, - бұл пұтқа табынушылардың құдайдың жар
-
лығын тәртіп, келісім және әділеттілік ұстанымдарына негізделген кез кел
-
ген нәрседен көруге болады деген түсініктеріне қарама-қайшы болды. Та
-
рихи Құдай Өз әрекетінің басты алаңы болып саналатын күнделікті өмірді
ерекше назарда ұстауы мүмкін; ал келесі жағынан алсақ, Ол бұл дүниеден
мүлде жырақ болуы ықтимал.
Шығу
дың б.д.д. Ү ғасырда қалыптасқан ақырғы мәтінінде Құдай Синай
тауында Мұсамен одақ немесе шарт жасасқаны айтылған (бұл шамамен
б.д.д. 1200 жылы болған деп болжанады). Бұл мәселе де ғалымдар ара
-
сында көптеген пікірталас туғызды; кейбіреулер өсиеттің Израил үшін тек
б.д.д. ҮІІ ғасырдың соңына таман ғана маңызға ие болғанын алға тартты.
Қалай десек те, одақ идеясы сол кезде израилдықтардың діні Бір Құдайға
табынушылық болмағандығын тағы бір көрсетті, өйткені мұндай келісімнің
политеистік ортада ғана мәні болар еді. Израилдықтар Яхвені, Синайлық
Құдайды жалғыз Құдай деп санамады. Олар тек Оған Сенен басқа ешкімге
сыйынбаймыз деп сөз берді, ал басқа құдайлардан бас тартты. Бес кітап
-
тан монотеистік мәндегі бір тұжырым табудың өзі қиын. Басқа құдайлардың
бар екендігі Он Өсиеттің өзінде айтылып кеткен: «Менің жүзімнің алдында
басқа құдайларың болмасын»
24
.
Бір Құдайға табыну – ол тұста теңдесі жоқ қадам. Перғауын Эхнатон бір
күні тек күн құдайына табынуды және басқа дәстүрлі мысырлық құдайлар
-
ды ұмытуды ойлайды, бірақ оның мұрагері бірінші кезекте бұрынғы саясат
-
ты қайта орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: