Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет19/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

J
мен 
Е 
өздерінің жылнамаларын құра
-
стырып жатқан кезде, Үнді түбегінің қоғамдық және экономикалық жағдай
-
ларының қатты өзгергені соншалық, ескі ведалық дін оларға қажетсіз болып 
қалды. Арийлер жаулап алғаннан кейінгі көптеген ғасырлар бойы жергілікті 
халықтың жаншылып келген идеялары қайта бас көтерді және дінге ықы
-
лас сезімін күшейтті. Адам тағдыры түгелдей өз әрекеттерімен анықталады 
деген түсінік беретін
 карма
идеясына деген қызығушылық қайта туындай
-
ды, - осылайша адамдардың жауапсыз мінез-құлқының күнәсін құдайларға 
аудару тоқтатылды. Сансыз көп құдайларды біртұтас, дүниеден тыс Шын
-
дықтың белгісі ретінде көре бастады. Ведалық дін құрбандыққа негіздел
-
ген рәсімдерге ерекше назар аударатын, алайда көне үнділік йога (жұмыл
-
дыру дағдысы көмегімен ақыл күштерін «біріктіру») практикасына деген 
талпыныс адамдарды ендігі жерде тысқары, о дүниелік әлемге бағытталған 
дін қызықтырмайтындығын білдіртті. Құрбандық пен рәсімнің өзі адамды 
қанағаттандырмайтын болды; ол ендігі жерде осы салттардың (дәл осын
-
дай қанағаттанбауды Израил пайғамбарлары да бастан кешіргенін ескерт
-
кеніміз дұрыс) құпия мағынасын түсінуге ынталанды. Құдайлардың бей
-
несінен жер бетінен жырақта мекендейтін, табиғаттан тыс болмысты көру 
ескіре бастады. Адамдар ақиқатты өзінен табу мақсатын алға қойды. 
Үндістанда құдайлар бастапқы мәнін жоғалтты. Құдайдан да жоғары баға
-
лана бастаған діни ұстаз әлдеқайда зор беделге ие болды. Үндістанның ұлы 
рухани көрегендігі сонда, ол адам құндылығын және өз тағдырын өзі реттеу 
мүмкіндігін ашып көрсетті. Жаңа діндер - индуизм мен буддизм құдайлар
-
ды жоққа шығармады және оларға құлшылық етуге кедергі жасамады, өйт
-
кені кез келген мәжбүрлеу мен терістеу, олардың доктринасына сәйкес, тек 
зиян шектіреді. Құдайлармен күресудің орнына, индуистер мен буддистер 
олардан кем соқпау, тіпті асып түсу жолдарын іздестірді. Б.д.д. ҮІІІ ғасыр да
-
нышпандары 
араньяктар
мен 
упанишадтар 
деп аталған шығармаларында 
осы тақырыпта пікір таластыра бастады. Осылайша 
веданта
– «Ведалардың 
соңы» философиясының негіздері қаланды. Үстін-үстін жаңа упанишадтар 
пайда болды да, сегізінші ғасырдың соңында олардың жалпы саны екі жүзге 
жетті. Дін ретінде индуизмге жалпы анықтама беру мүмкін емес, өйткені ол 


53
догматикадан қашқақтайды және осы ғана дұрыс деп қабылданатын түсін
-
дірме берудің мүмкіндігін жоққа шығарады. Дегенмен, упанишадтардың 
арасында кез келген құдайдан кем түспейтін және барлық болмыста жасы
-
рынған құдайлықтың бірегей ұғымы қалыптасқан. 
Ведалық дәстүр бойынша құрбан шалу рәсімдері кезінде діндар адамдар 
Брахман
деп аталған қасиетті күшті сезінді. Дәл осындай күш абыздардың 
(брахмандар немесе браминдер) бойында бар деп есептелді. Құрбан шалу 
рәсімі үстінде әлемді кішігірім күйде елестеткендіктен, «Брахман» ұғымы 
уақыт өте келе дүниені тұтас қамтитын күшті білдірді. Әлем Брахманның 
жұмбақ табиғатынан туындайтын, бүкіл болмыстың құпия мәні ретінде та
-
нылып, құдайлық әрекет деп қабылданды. Упанишадтар үнемі Брахман бар
-
лық нәрсенің ішінде болады деген тұжырымды санаға сіңіргісі келді. Бұл, ту
-
расын айтқанда, арғы әлемге өту, барлық заттардың ішкі табиғатын тану де
-
генді аңғартты. Болатын кез келген нәрсе – Брахманның әрекеті, ал шынайы 
көрегендік дегеніміз – әртүрлі құбылыстардың астарынан бірлікті көре білу 
қабілеті. Кейбір упанишадтар Брахманға ерекше сипаттар дарытса, басқа
-
ларында ол мүлде көмескі күйде қалып қойды. Брахманға «Сен» деп сөй
-
леуге, «Ол» деп атауға болмайды; себебі ол – бейтарап ұғым. Оны еркек 
не әйел жынысына жатқыза алмайсың. Билік етуші құдай ретінде Брахман 
өз қалауын білдірмейді, адамдарға арнап сөз сөйлемейді, олардың көзіне 
көрінбейді. Ол – бүкіл адамзаттан жоғары; өтініш-тілектерге жауап бермей
-
ді және күнә жасағандарды жазаламайды. Ол бізді «жақсы көреді» не «жек 
көреді» деп те айта алмаймыз. Оған әлемді жаратқаны үшін алғыс білдіру 
не мадақ арнау керек емес – мұның еш мағынасы жоқ.
Егер Брахман әрбір жанның ішінде болып, жанымен тұтасып кетпеген
-
де, бұл сияқты құдайлық күш адамға мүлде бейтаныс болып қала берер 
еді. Йога философиясы адамға өзінің ішкі әлемін тануға мүмкіндік береді. 
Соңында тәннің ерекше қимыл қалыптары, тыныс алу мен тамақтану ұста
-
нымдары, ақылды жұмылдыру тәсілдері бір-біріне тәуелсіз түрде басқа мә
-
дениеттерде де дамығанын көретін боламыз. Сөйтіп, йогтар көкірек көзін 
ашатын және нұрландыратын; бұл хәлдер түрлі жолдар арқылы түсіндіріл
-
генімен, олардың табиғи сипатына еш күмән келтірілмеді. Упанишадтар 


54
тұжырымынша, адамның өз жанын жаңа өлшемде сезінуі – осы әлемнің дің
-
гегі саналатын қасиетті күштің көрінісі іспетті. Адам жанының мәңгі баста
-
уын «Атман» деп атаған; пұтқа табынушылардың тұтас көне дүниетанымы
-
ның жаңа түрі, әрбір нәрсені және әркімді толтырып тұрған Біртұтас Құдай
-
лық Өмірдің жаңа атауы осы. «Чхандогья-упанишад» бұл ойды тұз туралы 
астарлы әңгімемен ұғындыртады. Шветакету деген бозбала Веданы он екі 
жыл бойы зерттейді және өз ақылын өте жоғары бағалайды. Бірақ әкесі Уд
-
далака өз сұрағымен оны тығырыққа тірейді. Баласы жауап бере алмайды; 
кейін әкесі оған бұрын білмеген негізгі ақиқатты үйретеді. Уддалака ұлынан 
судың ішіне бір шөкім тұз салуын және таңертең келуін өтінеді. Келесі күні 
таңертең әкесі баласына тұзды ыдыстағы сұйықтан бөліп алуға бұйырады, 
бірақ Шветакету мұны істей алмайды, себебі ұнтақтар із-түссіз еріп кеткен 
еді. Уддалака оған тағы бірнеше сұрақ қояды:
[Әкесі былай дейді: ] «Мұны [суды] тіліңмен жалап көр – қандай 
екен?»
- «Тұзды».
«Оның түбін татып көр – қандай екен?»
- «Тұзды».
«Ортасын татып көр – қандай екен?»
- «Тұзды».
«Оны қоя тұр да, маған жақында».
Ол солай істеді де, былай деді: «Ол барлық жерде бірдей». [Әкесі] 
оған былай деді: «Шындығында, сен, қарағым, Болмысты қабылдай ал
-
май тұрсың, [бірақ] ол осында. Міне осы нәзік [болмыс] – бүкіл бар 
болмыстың негізі, Ол – ақиқат, Ол – Атман. Сен – Онымен біргесің, Шве
-
такету!»
31
Осылай Брахман көзге көрінбесе де, бүкіл әлемді толтырып тұр. Ол – мәң
-
гі барлық нәрседе; адам жанындағы Брахман – бұл әрбіріміздің ішіміздегі 
Атман.
31
Чхандогья
упанишада
, VI, 13. 
Перевод
А

Я

Сыркина

Цит

по
изд
.: 
Упанишады
. – 
М
.: 
Наука
, 1992. – 
Т
. 3. – 
С
. 116–117.


55
Атман Құдайдың адамдар өздерінің қорқынышы мен тілектерін сыйғы
-
за алатын сыртқы («арғы жақтағы») Шындыққа, пұтқа айналуына кедер
-
гі болды. Сондықтан индуизмде Құдай бізге мәлім әлемнің бір Болмысы 
емес, яғни ол әлемге тең емес. Бұл құпияны ақылмен тани алмайсың. Ол тек 
ерекше хәлдерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет