Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет21/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 духкха. 
Онда азаптан басқа ештеңе 
жоқ; өмір мүлде ұсқынсыз. Өзгерістердің бейсана шеңберінде барлық нәрсе 
туылады және өледі; шартсыз құндылықтар жоқ. Діндарлық дұрыс еместік 
пен кемелсіздікті сезінуден басталады. Ежелгі пұтқа табынушылық заманын
-
да осы сезім жердегі барлық нәрсенің кемел үлгілері – архетиптер болған 
құдайлық әлем туралы мифтердің тууына алып келген; ол әлем күшінің бір 
бөлігін адамдарға бөліп бере алады-мыс. Будда 
духкха
дан құтылуға болады 
деп үйретті; ол үшін барлық тіршілік иесі бауырмалдықпен өмір сүріп, өзін 
жұмсақ, мейірімді және сезімтал қалыпта ұстауға тиіс; ақылды улайтын, бүл
-
діретін немесе адастыратын барлық нәрседен бас тарту керек. Көкірек Көзі 
Ашылған – Будда бұл ілімді өзім ойлап таптым демеген. Оны 
ашқанын 
ай
-
тқан: «Мен өткен дәуір буддалары салып кеткен ескі Жолды, көне Соқпақты 
көрдім
34
. Пұтқа табынушылық қисындары сияқты, буддизм қағидалары да 
әлемдік құрылыммен, өмірдің негізгі сипаттарымен тығыз байланысты. Ло
-
гикалық тұрғыдан қанша негіздегенмен, ілім обьективті болып кетпейді; 
оның шын мазмұнын кез келген жан өмірдің барысында түсінеді. Дәйекті 
діннің басты белгісі қашан да философиялық не тарихи шынайылық емес, 
пәрменді әрекетшілдік болған. Сан ғасырлар бойына әлемнің әр түкпірін 
жайлаған буддистер жеке тәжірибелері арқылы өздерінің өмірге қарым-қа
-
тынасының расымен де асқақ мәнге бойлау сезімін сыйлайтындығына анық 
көз жеткізген. 
Карма адамдарды қайта туулардың тұйық шеңберіне, қайталанбалы 
өмірлердің азапты айналымына қуып тықты. Бірақ егер адам өзінің қарақан 
басының қамын күйттеген әдеттерінен арылса, оның тағдыры да өзгереді. 
34 Samyutta-nikaya, II: Nidana Vagga, trans. and ed. Leon Feer, (London, 1888), p. 106.


58
Будда қайта туулар шеңберін шамның отымен салыстырған; ол жаңа шы
-
рағдандарды жалыны өшкенше тұтатады. Егер өлім аузындағы адамның 
жанында әлі де қате түсініктердің қоламтасы бықсып жататын болса, ажал 
ізінше келесі шамды жағып береді. Ал егер от сөнсе, онда азап шеңбері ұзы
-
нынан жазылып, адам нирванаға жетеді. «Нирвана»-ның сөзбе-сөз аудар
-
масы – «өшу», «сөну». Бірақ бұл – тек азаптан құтылу ғана емес; буддизмде 
нирвана, басқа діндердегі секілді, құдайды білдіреді. Осы Жоғары Ақиқат 
туралы айтқанда, буддистер Құдайға сенім дәстүріне тән мынадай сөздер 
мен символдарға жүгінеді: 
Нирвана өзгермейді, мәңгі, жоғалмайды, қозғалмайды, жас мөлшері 
белгісіз және ажалсыз; ол ешқашан да пайда болмаған және жойыл
-
майды. Бұл – қуат, ләззат және бақыт, сенімді баспана және алынбас 
қамал. Бұл Ақиқаттың нақ өзі және жоғары Болмыс. Бұл – 
берекет,
ұлы мақсат, өміріміздің жалқы да жалғыз ақыры – мәңгі, қастерлі және 
танылмайтын Тыныштық
35
.
Кейбір буддистер мұндай теңеулерге қарсы дау айтады: олардың пікірін
-
ше, «құдай» идеясы арғы әлемдік Ақиқаттың айқындамасы үшін тарлық 
етеді. Әдепкі діндерде «құдай» адамнан көп айырмашылығы жоқ болмысты 
білдіреді; ал Будда болса, упанишадтардың данышпан авторлары сияқты, 
нирвананы ақылмен өлшенетін категориялар арқылы анықтаудың не баға
-
лаудың мүмкін еместігін айтады, өйткені оның жербетілік адам өмірімен 
ортақ ештеңесі жоқ. Нирванаға жету – әдетте христиандардың ойлайтыны 
секілді, «жәннатқа кіру» емес. Будда әркез нирвана және басқа да негізгі 
ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартып отырған, себебі осы 
орайда кез келген сауал «орынсыз» және «дұрыс емес». Нирванаға анықта
-
ма беру мүмкін емес; өйткені біздің тіліміз бен ойымыз – сезімдер мен 
үздіксіз өзгерістер әлеміне байланған. Өз басынан кешіру – жалғыз сенімді 
«дәлел» осы. Будда шәкірттері нирвананың барына күмән келтірмеген, се
-
35 Edward Conze, Buddhism: its Essense and Development (Oxford, 1959), p. 40.


59
бебі олар дұрыс өмір салты арқасында оны анда-санда бастан кешіру мүм
-
кіндігіне ие болған. 
Әй, монахтар, ол – туылмаған, өлмейді, жаралмаған, құралмаған – 
бар. Егер, әй, монахтар, сондай бір туылмаған, өлмейтін, жаралмаған, 
құралмаған болмаған болса, туылған, өлетін, жаралған, құралғаннан 
құтылу да жоқ еді. Бірақ туылмаған, өлмейтін, жаралмаған, құралмаған 
бар болғандықтан, туылғаннан, өлетіннен, жаралғаннан, құралғаннан 
да құтылу бар
36
.
Монахтарға нирвананың болмысы туралы дауласудың керегі жоқ еді. 
Будданың жәрдемі жалғыз нәрсемен шектелді: «қарсы жағаға» өту үшін 
оларға қайық берді. «Нирванаға жеткен адам өлімнен кейін өмір сүруін 
жалғастыра ма?» деп сұрағанда, Будда: «Бұл – «қате» сұрақ; өшкен соң жа
-
лынның қайда кеткені бәрібір емес пе?», - деп жауап берген. «Будда мүлде 
болмаған» деген сияқты, «Будда нирвананың ішінде бар» деу де – қателік: 
«бар болу» сөздерінің біз тани алатын бірде-бір хәлге қатысы жоқ. Бір 
қызығы, талай ғасыр өткен соң, яхудилер, христиандар мен мұсылмандар 
Құдайдың «бар болуына» қатысты сұраққа дәл осылай жауап берген. Будда 
біздің ақылымыздың тани алу қабілеті шегінен тысқары ақиқатты тіліміз 
сипаттай алмайды дегенді ұғындыруға тырысқан. Әрине, ол ақылды жоққа 
шығармады; керісінше, айқын да нақты ой мен нысанаға дөп тиетін сөз
-
дерді ұнатты. Алайда түптің түбінде Будда жеке құдайтанымның немесе өзі 
ұстанған ғұрыптар тәрізді наным-сенімдердің еш мәні жоқтығын байыпта
-
ды. Олар ақыл-есіңізді үйіріп әкетуі мүмкін; бірақ маңыздысы – бұл емес, 
дұрыс өмір сүру ғана: осы жолға түссеңіз, Дхарманың шындық екендігіне 
көзіңіз жетеді; тек бір «әттең-айы» - бұл ақиқатты логикалық ұғымдармен 
түсіндіріп бере алмайсыз.
Ал көне гректер болса, дәл осы логика мен ой машығына ерекше ынта 
қойған. Платон (шамамен б.д.д. 428–348 жж.) өмір бойы эпистемология 
36 Udana 8.13, quoted and trans, in Paul Steintha, Udanan (London, 1885), p. 81.


60
мәселелері және даналық табиғатымен шұғылданған. Оның ертеде жазған 
еңбектері құйтырқы сауалдарымен халықтың ойын қозғап, тілін ұштаған 
Сократты (б.д.д. 399 ж. Сократ әдепсіздігі мен жастарды дұрыс жолдан тай
-
дырғаны үшін деген жаламен өлім жазасына кесілген болатын) қорғауға 
арналды. Платон көбіне үнді халқының тарихына ұқсас жолмен жүрді: өзі 
мәнсіз және зиянды деп тапқан көне мейрамдар мен діни мифтерге қарсы 
шықты. Мұнымен бірге, Платонның көзқарастарына б.д.д. ҮІ ғасырда өмір 
сүрген, Грекияға Парсы мен Мысыр арқылы енген үнді дүниетанымымен 
таныс болуы әбден мүмкін философ Пифагордың еңбектері ықпал етеді. 
Пифагордың ойынша, жан – күнәға батып кірленген құдай; оған – табытқа 
салынғандай – тәнге қамалып, үзіліссіз қайта туулар айналымында қалу 
бұйырған. Ол әрдайым бүйірімізді жылыта бермейтін мына әлемге деген 
күллі адам баласының жатсыну сезімін алғаш рет аңғартып өтеді. Пифа
-
гор жанды ғұрыптық тазалау арқылы азат етіп, оны әлем заңдарымен үй
-
лесімділікке жеткізуге болады деп үйреткен. Платон да көзге көрінетін 
әлемнен тысқары бұлжымайтын құдайлық шындық барына, ал жан – соның 
бір бөлшегі, күнәға батқандықтан өз тұрағынан айырылып, тән зынданы
-
на тасталған құдай екендігіне сенген. Дегенмен, ақылды жетілдіру арқылы 
жан өзіне құдайлық қалпын қайтара алады. Өзінің үңгір туралы танымал 
тәмсілінде Платон надандықтың жетегіне шырмалып, мәңгі ақиқаттың тас 
қабырғаларға түскен көлеңкелерін ғана көре алатын, сөйтіп жер бетіндегі 
өмірін босқа өткізген адамды суреттеген. Бірақ бірте-бірте ақылына құдай
-
лық нұрды сіңіру арқылы әр адамның үңгір қапасынан шығып, саналылық 
пен еркіндікке қол жеткізуіне болады. 
Платон өмірінің соңына қарай өзінің мәңгі идеялар мен пішіндер туралы 
ілімінен бас тартқан сыңайлы; алайда құдай туралы түсініктерін сомдауға 
ұмтылған көптеген монотеистер үшін тап солар негізгі ұғымдарға айнал
-
ды. Платондық идеялар – бұл ақылмен тануға болатын тұрақты, өзгермей
-
тін ақиқаттар. Кемел бітімдер сезім мүшелері арқылы қабылданатын кез 
келген аумалы-төкпелі және өткінші материалдық құбылыстарға қараған
-
да әлдеқайда тұтас, өміршең және толымды. Біздің әлемнің құбылыстары 
– құдай патшалығының мәңгі қалыптарының жәй жаңғырықтары, олардың 


61
тұрпайы көшірмесі. Асқақ идеялар біздің, мәселен, Махаббат, Әділет немесе 
Сұлулық туралы дерексіз түсініктерімізге сәйкес келеді, бірақ кемел бітім
-
дер арасында Ізгілік идеясы басты орын алады. Платон көне архетиптік 
мифке философиялық сипат дарытты: оның «мәңгілік идеяларын» мифтік 
құдайлық әлемнің рационалды нұсқасы деуге болады, ал біздің әдепкі 
әлем – оның көлеңкесі. Платон Құдай табиғаты туралы ой толғамайды, тек 
пішіндердің құдайлық болмысын айтумен шектеледі; дегенмен, ара-тұра 
ол кемел Сұлулық немесе Ізгілік арқылы өз танымында Жоғары Ақиқатты 
меңзейтіндей әсер қалдырады. Платон кемел әлемнің тұрақтылығына және 
үздіксіздігіне сенімді болды. Көне гректер өткіншілік пен өзгергіштікті жер
-
бауыр тірліктің белгілері деп санаған, өйткені шынайы бітімдер әрқашан 
бірегейлік танытады; бұлжымастық – олардың айрықша сипаты. Сондықтан 
шеңбер бойымен қозғалыс кемелдіктің үлгісі болып табылады: ондағы әр
-
бір нүкте міндетті түрде бастапқы күйіне қайта оралады; сондай-ақ аспан 
денелері де құдайлық әлем кемелдігіне еліктеп, осылай айналып жүреді. 
Платонның құдай туралы мейлінше статикалық суреттемесі, Тәуратта ай
-
тылғандай, шаршап-шалдығуды білмейтін әрекетшіл, жаңашыл, өзінің ни
-
етін тез ауыстыра қойғыш Құдайға онша ұқсамайтын болғанына қарамастан 
(Ол, мәселен, адамды жаратқанына өкініп, адамзат ұрпағына әлемдік топан 
жібереді), яхудилердің, христиандар мен мұсылмандардың көзқарастарына 
зор ықпал етті.
Платон ілімінің әсіресе монотеистер үшін аса қызықты мистикалық қыры 
болды. Оның құдайлық бітімдері – «о дүниелік» ақиқат емес; олар адам
-
ның өз жанынан табылуы мүмкін. «Той» атты жарқын диалогында Платон 
көркем жаратылған тәнге деген махаббатты аспандатып, шат-шадыман пай
-
ымға – кемел Сұлулық теориясына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет