56
азабын тоқтату үшін оның жұмбағын шешуге бекем бел байлайды. Алты жыл
бойы ол көптеген гурудың аяқ жағында отырады және аяусыз түрде тәнін
жансыздандырумен шұғылданады, бірақ жұмбақтың шешіміне бір табан да
жақындай алмайды. Небір дана доктриналардың берері болмады; тақуа
-
лық тек шектен шыққан күйзеліске апарып соқтырды. Бұл тәсілдерден бас
тартқан ол бір жым-жырт түн қараңғылығында ессіз күйге (трансқа) түсіп,
содан кейін көкірек көзі ашылды. Осы сәтте бүкіл ғарыш шаттыққа бөленді;
жердің жүзі дүркіреп, аспаннан гүлдер жауды;
хош иісті самал есіп, жеті
қат көктің құдайлары қуаныштан шалқыды (мұндай жағдайларда, пұтқа та
-
бынушылық дүниетанымдағы секілді, құдайлар, табиғат пен адамдар өзара
мейіріммен бірлеседі). Қасіреттен құтылу мен азаптардың соңы –
нирвана
ға
қол жеткізудің жаңа үміті туды. Гаутама – Буддаға, Көкірек Көзі Ашылғанға
айналды. Осы тұста азғырушы-әзәзіл Мара қулыққа басып,
Будданы осы
ләззатқа мәңгі бөленуге үндейді; мұндай рахатты ешкімнің түсінбейтіндігін
айтады. Алайда дәстүрлі пантеонның екі құдайы - Махабрахма мен
дәулер
әміршісі Шакра Көкірек Көзі Ашылғанға келіп,
одан тапқан жолы жайын
-
да әлемге жария салуды өтінеді. Будда келісімін береді және одан кейін
-
гі қырық бес жылға жуық уақыт ішінде өзінің игі хабарын таратып, бүкіл
Үндістанды шарлап шығады: ол
бойынша, қайғы-қасіретке толы әлемде
жалғыз өзгермейтін негіз, дұрыс өмірдің нағыз шындығы – Дхарма бар; тек
сол ғана азаптан құтқара алады.
Мұның құдайға еш қатысы болмады. Будда тіпті құдайлардың бар екен
-
дігін терістеген де жоқ, өйткені олар өз мәдениетінің ажырамас бір бөлігі
болатын. Бірақ олардың адамзатқа айтарлықтай пайда әкелетініне сенбеді.
Құдайлардың өздері – қасірет пен тұрақсыздық патшалығының шырмауын
-
да. Олар Будданың көкірек көзін ашуға еш көмек берген жоқ; барлық тірі
жаратылыс сияқты, олар да қайта туулардың шеңберіне тартылған және ерте
ме, кеш пе жойылып тынады. Алайда жауапты сәттерде, мысалы, өз ілімін
тарату қажеттігін таразылаған мезетте Будда
құдайлардың ықпалы бар
екендігін мойындап, олардың әрекетіне иланды. Сол себептен Будда құдай
-
ларды жоққа шығарған жоқ, бірақ нирвананың Жоғары Ақиқатын олардан
үстем деп топшылады. Буддистердің пайымынша, медитациялық ләззат –
57
арғы дүниелік болмыспен жанасу нәтижесі емес. Адам үшін мұндай хәлдер
табиғи; дұрыс өмір сүретін және йога тәсілдерін меңгерген кез келген жан
осы күйді бастан кешіре алады. Будда шәкірттерін құдайлардан көмек сұра
-
май, азаптан өз күштері арқылы құтылудың амалын іздеуге шақырды.
Көкірек көзі ашылған Будда Варанасиге (Бенарес) келеді.
Сол жерде
алғашқы ізбасарларын тауып, бір ғана ақиқатқа негізделген ілімінің негіз
-
дерін баяндайды: бүкіл өмір – қасірет,
Достарыңызбен бөлісу: