Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет28/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

tout court
67
пұттарға табынбаған. Пұттар тек құдайлық символ
-
дары ғана болды. 
Әуелдегі ғажайып оқиғалар туралы мифтер сияқты, пұттар да сенім жо
-
лындағы адамдардың ойын тұңғиық мазмұнға бойлату үшін жасалған бола
-
тын. Эсагил ғибадатханасындағы Мардуктың мүсіні мен Ханаандағы Асират 
құрметіне соғылған тас ескерткіштер ешқашан құдайларға теңестірілмеген; 
олар тек адамдарға өмірдің асқақ тұстарын түйсінуге көмектесетін нәрсе
-
лер есебінде ғана болды. Дегенмен, ара-тұра пайғамбарлар пұтқа табы
-
нушылардың құдайларын мазақ ететін және оларға келемеждеп тіл тигі
-
зетін. Қолдан жасалған пұттар, олардың ойынша, алтын мен күмістен басқа 
ештеңе емес еді, оларды кез келген шебер бір-екі сағатта жасай алатын; 
пұттардың көзі көрмейтін, құлақтары естімейтін, аяқтары қозғалмайтын, 
сондықтан оларды арбаға салып алып жүретін; бір сөзбен айтқанда, олар 
66
Ос
. 13:2.
67
Бұл
жерде
: «
тура
өзіне
».


79
- бақшада тұрған қарақшы секілді, ұсқынсыз да санасыз хайуанат тектес 
бірдеңе. Яхвеге керісінше, Израил 
Элохимі 
ондай құдайларды 
элилим, 
«бол
-
мағыр» деп атаған. Оларға сыйынған 
топим
дер
 
нағыз ақымақтар болды 
және Яхве оларды жек көретін
68

Қазір біз, өкінішке қарай, Бір Құдайға табынушылықтың үйреншікті си
-
паты болып бара жатқан төзімсіздікке үйрендік; ол басқа құдайларға де
-
ген өшпенділік салдарынан жаңа діндарлықтың сәулесін көруге мүмкін
-
дік бермейді. Пұтқа табынушылық қашан да төзімділік сенімі болды: егер 
жаңа құдай бұрынғы культтерге қауіпті болмаса, оған дәстүрлі пантеонда 
қашан да орын табылатын. Ескі құдайларға деген төзімсіздік байырғы та
-
ным-түсініктердің орнын «Кіндік кезеңнің» жаңа идеологиялары басқан 
кездерде де болмаған. Индуизм мен буддизм құдайларды жек көруге емес, 
олардан жоғары болуға үйрететінін ілгеріде айтып өткенбіз. Израилдық пай
-
ғамбарлар болса, Яхвемен бәсекеге түскен құдайларды көрген мезетте ашу
-
дан булығатын. Көне еврей мәтіндеріне сенсек, «пұтқа табынушылықтың» 
жаңа күнәсі мен «жалған құдайларға» сыйыну пайғамбарлардың жиіркеніш 
сезімін қоздырған. Мұндай қатынас Шіркеу әкейлерінің жыныстық тартым
-
дылыққа деген жеккөрінішіне барабар болуы ықтимал. Бұл жердегі мәселе 
рационалды, байсалды ой машығында емес, жан күйзелісінен шаршағанда 
бұрқ ететін эмоционалды жарылыста болып тұр. Пайғамбарлар іштей өз
-
дерінің діни құлқынан қауіптенген болуы да мүмкін. Терең түйсігі арқылы 
Яхве туралы өз түсініктерінің пұтқа табынушылықпен әлдебір ұқсастығын 
сезінулері де ықтимал, өйткені Оны да олар адам бейнесінде және оған 
ұқсата жаратқан ғой. 
Христиандықтың жыныстық қосылуға көзқарасымен салыстыру тағы 
бір басқа мәселенің бетін ашады. Ол заманда израилдықтардың көп бөлі
-
гі пұтқа табынушылық құдайларының барын ашық түрде мойындады. Кей
-
бір қауымдарда Яхве біртіндеп Ханаан (мәселен, Осия Ваалға қарағанда 
Жаратушының құнарлылық шаруаларын әлдеқайда жақсы жүргізетіндігін 
әбден байыптап береді) жерлеріндегі 
элохим
дердің
 
қызметінің бір бөлігін 
68
Қараңыз
., 
мəселен
., 
Иер
. 10; 
Пс
. 30:7, 113:12–16, 134:15.


80
қабылдады, бірақ белгілі себептермен шексіз батыл Яхвенің израилдықтар, 
әсіресе олардың әйелдер қауымы қатты құрметтеген әйел құдайлар - Аси
-
рат, Иштар және Анатты орнынан тайдыруы өте қиын болды. Монотеи
-
стердің құдайымыз жыныстық бөліністен жоғары деген ант-су ішулеріне 
қарамастан, Яхве ең алдымен еркектік сипатымен танылды; дегенмен, кей
-
ін көзіміз жететіндей, бұл жағдайды түзетуге әрекет жасағандар да шықты. 
Бәрінен бұрын, бұл Яхвенің әуелде тайпа деңгейіндегі соғыс құдайы болған
-
дығымен түсіндіріледі. Алайда оның әйел құдайлармен бақталастығынан 
«Кіндік кезеңнің» бір жағымсыз қыры көрінді: әйелдердің қоғамдағы мәр
-
тебесі аласарған еді. Алғашқы қауымдық құрылыста әйелдердің көп ретте 
еркектерден үстем тұрғандығы шүбәсіз. Көне діндердегі ұлы әйел құдай
-
лардың беделі әйел затына деген құрметті айқын аңғартады. Бірақ қала
-
лардың пайда болуы және дамуы жауынгерлік қарым мен білек күші сынды 
еркекке тән қасиеттердің маңызын арттырды. Әйелдер өркениетті әлемнің 
жаңа кезеңінде шетке қағылып, қоғамның төменгі санатына ығыстырылды. 
Әсіресе, олардың хәлі Грекияда өте мүшкіл болды; мұны Шығыстың патри
-
архалды салтын күстаналауға бейім күллі Батыс жұртшылығы есте тұтуға 
тиіс. Грек демократиялық идеалдарының афиналық әйелдерге шарапаты 
тимеді; оларды қапаста ұстап, кембағал жандар есебінде сыртқа тепті. Из
-
раил қоғамы да сол уақытта еркектердің артықшылығына басымырақ мән 
берді. Бағзы дәуірлерде әйелдер ықпалдырақ болып, содан өздерін ер
-
кектермен тең санағандары анық. Кейде, мәселен, Девора секілді әйелдер 
тіпті әскери жорықты басқарған. Израилдықтар, әрине, Юдиф мен Эсфирдің 
қаһармандық ерліктерін бұрынғысынша мадақтады, бірақ Яхве Ханаан 
мен Таяу Шығыстың басқа құдайларын жеңіп, жалғыз Құдайға айналғанда, 
дін істерімен тек еркектер айналысты. Әйел құдайлар ығыстырылды және 
бұл жаңа өркениетті әлемнің айрықша сипатына айналған мәдени өзгері
-
стердің белгісі болды. 
Жеңіс Яхвеге оңайлықпен бұйырған жоқ. Ол өте көп қуатты, қатыгездік
-
ті және күресті керек етті. Басқаша айтқанда, Бір Құдайдың жаңа діні из
-
раилдықтар арасына индуизм мен буддизм сынды оңай тараған жоқ. Яхве 
ескі құдайларды бейбіт жолмен жеңе алмас та еді дей аламыз. Діндарлар
-


81
ды өзіне қарату үшін аянбай күресу керек болды. Бұған 82-шы жыр (пса
-
лом) куәлік етеді; онда Жаратушы бабылдық және ханаандық мифологияда 
ерекше маңыз атқарған Құдайлық Мәжілістің төрінен көрінеді:
Құдай көптеген құдайлар жиынында [Илу Кеңесінде
69
] бой түзеп 
тұрды; құдайлар арасында үкім айтты. 
Сендер қашанға дейін әділетсіз үкім шығарып, залымдарға жылы 
қарайсыңдар?
Кедей мен жетімге үкімін беріңдер; қаналған мен қайыршыға 
әділетті болыңдар.
Кедей мен қайыршыны құтқарыңдар; оларды залымдардың қо
-
лынан азат етіңдер.
Білмейді, ойланбайды, қараңғылықта жүр; жер түбірімен теңселіп 
тұр.
Мен айттым: сендер – Құдайсыңдар, және барлығың – Ұлы Жара
-
тушының [Эль-Элион] ұлдарысыңдар.
Бірақ адамдар сияқты сендер өлесіңдер, кез келген ханзада сияқты 
құлдырайсыңдар. 
Ежелден бері Илу басқарып келе жатқан Мәжіліске ашық қарсы шыққан 
Яхве басқа құдайларды өзекті қоғамдық мәселелерді шешуге қауқарсыз 
деп кінәлайды. Ол жаңа, мейірімді рухы бар пайғамбарлардың бейнесін 
білдірді, ал Оның «әріптестері» өткен дәуірлерде әділдік пен теңдік орнату 
үшін ештеңе де жасамады. Бұрынғы уақыттарда Яхве оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет