Шығу
туралы баяндаған
J
мен
Е
хикаяларына «Қайталанған заң» мәніне жақын
фрагменттер қосып, мәтінге толықтырулар енгізді: ендігі жерде Яхвенің
өзі израилдықтарды Ханаанға қарсы соғыс ашуға және оның тұрғындарын
жоюға үндеді. Көбіне, жергілікті ханаандықтар өз елдерінде тіршілік етпеуі
керек
76
, – деп айтылды. Иисус Навин бұл құдайлық бұйрықты қасиеттіліктен
жұрдай құлшыныспен орындады:
Осы кезде Иисус келіп, тауда, Хевронда, Давирде, Анавада, Иудея
-
ның барлық тауында және Израилдың барлық тауында Енакимдерге
соққы берді.
Израил ұлдарының жерінде бірде-бір Енаким қалмады; Газа, Гафа
және Азотта ғана қалды
77
.
Расын айтқанда, бізге Ханаанды Иисус пен Қазылардың жаулауы тура
-
лы ештеңе де белгілі емес. Бір нәрсе ғана күмәнсіз: қан судай тасып ақты.
Алайда енді бұл сұмдық қырғынның діни негіздемесі пайда болды. Әлдебір
Исайяның асқақ әуезімен ауыздықталмаған құдайлық таңдау идеясының
қауіптілігі Бір Құдайға табынушылық тарихында жиі-жиі болған діни соғы
-
стардан айқын көрінді. Құр пендешілік тұрғысынан Құдайды күрес симво
-
лына айналдыруға болады; ол адамдарды өз кемшіліктері туралы ойлануға
итермелейді. Бірақ қарақан басының жеккөрініш сезімін ақтап алу үшін
Құдай идеясын пайдаланып, сол арқылы жауыздықты шегіне жеткізу оңай
нәрсе емес. Бұл тұрғыдан қарағанда, Құдай көбіне тура өзіміз сияқты әрекет
ететін болып шығады. Мұндай Құдай өзін-өзі аяусыз сынауды талап ететін
Амос пен Исайя Құдайынан әлдеқайда тартымды және мәшһүр болады.
Көбінесе еврейлерге олардың Құдайдың таңдаулы халқы болғандығы
-
на сенетіндігі үшін кінәрат тағады. Бірақ оларды айыптайтындар тәураттық
замандарда пұтқа табынушыларға наразылық танытқан ымырасыздықтан
76
Қараңыз
:
Шығу
. 23:33.
77
Иис
. 11:21–22.
87
аумайтын қағидаларды басшылыққа алады. Барлық үш монотеистік дін өз
тарихтарының түрлі кезеңдерінде өздерінің үстемдігінің осыған ұқсас тео
-
логиясын жасаған. Олардың нәтижелері «Иисус Навин кітабындағы» қорқы
-
нышты жағдайлардан да сорақы болды. Әсіресе Батыс христиандары өз
-
дерінің ерекше болмысына масаттана сенді. ХІ-ХІІ ғғ. крестшілер өздерін
бұрынғы еврейлердің орнын басқан «таңдаулы халықпыз» деп, яхудилер
мен мұсылмандарға қарсы «қасиетті» соғыстарын ақтауға тырысты. Таңда
-
улылық туралы кальвинистік теология өз уақытында америкалықтарға өз
ұлттарының Құдай алдындағы ерекшелігіне деген сенімдерін күшейткен
маңызды фактор болды. Яхуди патшасы Иосия уақытындағыдай, мұндай
сенім көбіне саяси тұрақсыздық кезінде, адамдардың бойын өз өмірі үшін
қорқыныш билеген тұста туындап отырған. Индивидуализм идеясының
қазіргі таңда яхудилер, христиандар мен мұсылмандар арасында фунда
-
ментализмнің көптеген түрлерінің туындауына себепші болып, жаңа сер
-
піліс беретіндігі содан шығар. Әсіресе, құрсауда қалып, тығырыққа тірел
-
ген эгоизмді күшейту қажет етілгенде, Яхве сынды тұлғалы Құдайды оңай
басқаруға болады, алайда Брахман сынды кейіпсіз Құдай туралы бұлай дей
алмайсыз.
Б.д.д. 587 жылға дейін, Навуходоносор Иерусалимді талқандап, еврей
-
лерді Бабылға көшірген тұста «Қайталанған заңды» израилдықтардың бар
-
лығы мойындамағандықтарын айта кету керек.
Навуходоносор таққа отырған 604 жылдың өзінде Иеремия пайғамбар
Исайяның пұтқа табынушылықпен күрес идеясын жаңғыртып, «таңдаулы
халық» салтанатты доктринасын аяғына тік тұрғызды: ендігі жерде Құдай
израилдықтарды жазалау амалы ретінде Бабылды таңдаған болып шыға
-
ды
78
. Израилдықтарды «діндерінен ажырату» уақыты туындады, енді олар
-
ды жетпіс жылдық қуғын-сүргін күтіп тұрды. Бұл сәуегейлікті естіген Иоаким
көшірмешінің қолындағы орама қағазды тартып алып, жыртып, отқа тастай
-
ды, ал Иеремия болса, өміріне қауіп төніп, бас сауғалап қашады.
Жаңа, мейлінше талапшыл Құдайдың бейнесін жасау үшін қаншама күш
78
Қараңыз
:
Иер
. 25:7–8.
88
пен қасірет керек болғандығын Иеремия тағдырынан көруге болады. Пай
-
ғамбарлық жүгі Иеремия үшін ауыр болды, әсіресе, жүрегімен жақсы көретін
өз халқын қорлау міндеті ерекше қиынға соқты
79
. Иеремияның мінезі мүлде
ереуілшіл болмады, керісінше, ол көңілшек адам еді. Яхве оны өзіне шақы
-
рғанда, болашақ пайғамбар көзіне жас алып, былай дейді: «О, Құдайым!. Мен
сөйлей алмаймын, өйткені әлі жаспын», бірақ Құдай «Өзінің қолын созып»,
Иеремияның аузына тигізіп, оған Өз сөздерін теліді. Құдай әмірі күрделі
және қайшылықты болып шықты: «жою және күйрету, жою және құлату, салу
және отырғызу»
80
; бұл Иеремияның түйіспейтін біржақтылықтар арасын
-
дағы азапты сенделістеріне алып келді. Пайғамбардың Құдаймен кездесуі
де оған ауыр тиді: «кеудемдегі жүрегім парша-парша болып, барлық сүйек
-
терім сырқырады; мен – мас сияқты болдым»»
81
. «Қорқынышты әрі баурап
алатын құпиямен» бетпе-бет келу бір сәтте сезімге бөлеп, еліктіріп әкетті:
Сен қызықтырдың мені, Құдайым, мен шырқ үйірілдім; Сен менен
күштісің, басымсың […].
Содан былай ойладым: Оны еске алмаймын және Оның атынан еш
-
теңе айтпаймын; алайда жүрегімде жанып тұрған от сүйектеріме бой
-
лады, оны ұстап тұрамын деп, шаршадым, ұстап тұра алмадым
82
.
Құдай Иеремияны екіге бөлді: бір жағынан, пайғамбар Яхвеге деген
шексіз құштарлықты сезініп, елігудің тәтті азабын шексе, екінші жағынан,
кей-кейде өз еркінен тыс күштің иіріміне батып бара жатқанын аңдады.
Амос заманынан бері пайғамбарлардың маңдайына жалғыздық жа
-
зылған болатын. Өркениетті әлемнің басқа аймақтарынан ерекшелігі, Таяу
Шығыс жалпыға ортақ және біртұтас идеологияны әлі жасап шығарған жоқ
79
Қараңыз
:
Иер
. 13:15–17.
80
Иер
. 1:6–10.
81
Иер
. 23:9.
82
Иер
. 20:7, 9.
89
еді
83
. Пайғамбарлардың Құдайы израилдықтарды Таяу Шығыс халықтарына
тән мифтік санадан арылып, мүлде жаңа жолға түсуге мәжбүрледі. Иереми
-
яның көз жасы – мұның қаншалықты жан азабын шектіргендігінің көрінісі.
Израил орасан пұтқа табынушылық әлемнің ортасында қалған иеговизмнің
әлжуаз тірегі болды. Оның үстіне Яхвеге израилдықтардың біраз бөлігі
қарсылық көрсетті. Яхвемен сұхбаттасу тіпті Жаратушының біршама жұм
-
сартылған бейнесін жасаған «Қайталанған заңның» авторы үшін де ауыр
сынаққа айналды. Мұса атынан
D
Яхвемен кездесуден қорыққан израил
-
дықтарға Құдайдың әр ұрпаққа өз пайғамбарын жіберіп, құдай көрінісінің
ауыртпалығын жеңілдетіп отыратындығын түсіндіреді.
Яхве культінде бұрынғысынша әрбір адамның жанындағы құдайлық
болмысты меңзейтін Атман идеясына ұқсас ешнәрсе болған жоқ. Яхве арғы
әлемдік, қол жетпес жоғары ақиқат болып қала берді. Жат көрінбесі үшін
Оған адами сипаттар телінді. Тап сол кезде саяси жағдай ушықты. Бабыл
-
дықтар Иудеяға баса көктеп кірді де, патша мен израилдықтардың алғашқы
легін айдап әкетті. Көп кешікпей Иерусалимді қоршауға алды. Жағдай ши
-
еленіскен тұста Иеремия Яхвеге адами сезім сыйлау дәстүрін қатаң ұстан
-
ды: Құдай Өзінің үйсіз-күйсіздігін, қайғы-қасіреті мен шарасыздығын ай
-
тып зарлайды. Яхве Өз халқымен бірге налиды, қорланады және абыржиды.
Еврейлер секілді, Ол да не істейтінін білмейді, Өзін дәрменсіз және әлсіз
сезінеді. Кеудесін өртеген ашу-ызаны Иеремия өз сезімі емес, Құдайдың
қаһары деп есептейді
84
. Жұртының қамын ойлаған пайғамбарлар бірден
Жаратушыны еске алатын, өйткені Құдайдың дүние істеріне араласуы Оның
өз халқымен тығыз байланыс құруы арқылы жүзеге асатын. Құдай жерде
-
гі әрекеті барысында адам баласының өзіне сүйенеді; бұл қағида Құдай
туралы яхудилік түсініктердің басты тұғырына айналды. Тіпті адамдар өз
сезімдері мен әсерлерінде із қалдырған Құдай Әрекетін ажырата алады,
яғни Яхвенің адамилыққа тікелей қатысы бар деген болжамдар айтылды.
83
Қытайда
даосизм
мен
конфуцийлікті
тұтас
рухани
дəстүрдің
екі
тірегі
деп
есептеген
,
сол
арқылы
адамның
рухани
жəне
қоғамдық
жағдайы
анықталған
.
Индуизм
мен
буддизм
өзара
байланысты
болды
;
бұл
жұпты
түрін
өзгерткен
пұтқа
табынушылық
деп
атауға
болады
.
84
Қ
-
з
.
Иер
. 2:31–32; 6:11; 12:7–11; 14:7–9.
90
Жау қақпаның алдында тұрғанда, Иеремия өз тайпаластарына Құдайдың
атынан қаһарлана шүйлікті (әдетте Құдай алдында оларды қорғайтындығы
-
на қарамастан). Б.д.д. 587 жылы бабылдықтар Иерусалимді басып алған кез
-
де Яхве атынан тараған көріпкелдіктер жұмсақтыққа және жұбатушылыққа
толы болды; Өз халқы ащы күйзелістің дәмін татқан соң, ендігі жерде Ол из
-
раилдықтарды құтқарып, айырылып қалған үй-күйін қайтаруға уәде берді.
Бабыл билігі Иеремияның отанында, яғни Иудеяда қалуына рұқсат етеді; ол
өзінің нұрлы болашаққа деген сенімін нығайту үшін сол жерден баспана са
-
тып алады: «Өйткені осылай деп Израил Құдайы, Жаратушы Саваоф айтады:
үйлер, егіндіктер мен жүзімдіктер бұл жерде қайтадан саудаға түсетін бо
-
лады»
85
. Көпшіліктің болған жағдай үшін күнәні Яхвенің Өзіне артқандығы
таңғалдырмайды. Мысырды кезіп жүрген Иеремия Дельтаға асыққан еврей
-
лерді кездестіреді; олардың Құдай туралы сөйлесуге уақыттары болмайды.
Әйелдер: «Бұрынғысынша аспан әйел құдайы – Иштардың құрметіне рәсім
жасасақ, бәрі жақсы болар еді; бірақ тап осы Иеремия сияқтылардың кесірі
-
нен, бұлай істеуді доғардық, содан ел бақытсыздыққа, қайғы-қасірет пен
мұқтаждыққа тап болды», - деді
86
. Қалай болғанда да, тауқымет пен тақсірет
Иеремияны жаңа сәуегейлікке итермеледі. Иерусалим құлап, Ғибадатхана
бұзылған соң, ол діннің сыртқы белгілері шын мәнінде ішкі, рухани хәлдің
символы екендігін ұғына бастады. Келешек Өсиет Израилмен бірге жаңа
түрге енеді: «Менің жаңа заңымды іштеріне саламын да, оны жүректеріне
жазамын»
87
.
Б.д.д. 722 жылы он солтүстік тайпаның, қаласын-қаламасын, жергілікті
халықпен сіңісіп кетуіне тура келді; бірақ қуғындалған израилдықтардың
жағдайы басқаша болды. Олардың екі қауымдастығы бар еді: бірі – Бабыл
-
дың өзінде, екіншісі – Евфраттың сағасы Ховардың жағалауларында, Ур мен
Ниппурға жақын маңдағы, Тель-Авив («көктемгі төбе») деп аталған жерде
қоныстанды. 597 жылы қуғын көріп, алғаш көшіп барғандардың ішінде Ие
-
85
Иер
. 32:15.
86
Қараңыз
:
Иер
. 44:15–19.
87
Иер
. 31:33.
91
зекиил деген дінбасы болды. Бес жылдай ол үйінде тас бүркеніп жатып ала
-
ды және тірі жанмен сөйлеспейді; ақырында Яхвенің көз қарықтырған ға
-
жайып көрінісін бастан кешіріп, ес-түссіз құлайды. Пайғамбардың алғашқы
көріпкелдігін егжей-тегжейлі суреттеген ләзім, өйткені жүз жыл өткен соң
ол яхудилік мистицизм үшін маңызды болады (ол туралы жетінші тарау
-
да баяндаймыз). Иезекиил найзағай жарқылынан жалт-жұлт еткен бұлтты
көреді. Солтүстіктен қатты жел соғып, сол желдің арасынан ол төрт құдіретті
аң жегілген үлкен арбаны
Достарыңызбен бөлісу: |