Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет32/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

көргендей
(көріністің шарттылығы туралы алдын 
ала ескертілгенін атап өту керек!) болады. Аңдар
 
Бабыл сарайының
 
қақпа
-
сына оюланып салынған 
карибуды
еске түсіреді, бірақ Иезекиил оларды 
танылмайтындай етіп беруге тырысады. Әрбір аңның адам, арыстан, бұзау 
мен бүркіт бейнесінен құралған төрт басы бар. Дөңгелектердің әрқайсы
-
сы өз бағытымен айналу үстінде. Бұл бейнелер қатары табиғаттан тыс құ
-
былыс сезімін күшейту үшін берілген. Пайғамбар оларды сөзбен жеткізуге 
тырысады. Аңдардың қанат қағысынан «тасқын судың сарылы, Ұлы Жара
-
тушының 
[Шаддай]
дауысы, әскер қосынындағы қатты айқай-сүрен секілді» 
дыбыстар естіледі. Арбада таққа «ұқсас» нәрсе, оның үстінде «адам сынды 
бірдеңе» болды: оның тұла бойы мыстай жарқырап, аяқ-қолынан от ұшқы
-
ны шашырайды. Сондай-ақ, «отқа ұқсас бірдеңе болды, оның айналасында 
нұр жарқырап 
[кавод,
«даңқ»] тұрды»
88
. Иезекиил етпетінен жығылып, өзіне 
бағытталған дауысты естиді. 
Адамдарды құдайлық тылсымнан ажыратып тұрған үлкен айыр
-
машылықтың барын ишаралау үшін шыққан дауыс оған «адам баласы» деп 
тіл қатады. Дегенмен, Яхвенің көрінісінде әдеттегіше нақты мақсат көздел
-
ген: Иезекиил ереуілшіл Израил ұрпағына Құдайдың Сөзін жеткізуге тиіс. 
Құдайлық хабардың адамға тән емес сипаты қатал символика арқылы бей
-
неленген: созылған қол пайғамбардың көз алдына ішіне «жылау, ыңырсу, 
қайғыру» деп жазылған шиыршық қағазды жайып тұр. Иезекиилге рухын 
Құдай Сөзімен толықтырып, оны мәңгілікке сіңіру және жанының бір бөл
-
шегіне айналдыру үшін қолжазбаны жеп қою бұйырылды. Әдеттегідей, бұл 
88
Иер
. 31:33.


92
құпия 
тек 
қорқынышты
ғана емес, 
әсерлі 
де: шиыршық қағаздың дәмі бал
-
дай тәтті. Ақырында Иезекиил былай дейді: «Рух мені көтерді де, өз тарапы
-
на алды. Содан мен күйінішке бөленіп, абыржыған хәлге түстім; мені Жара
-
тушының мықты қолы қаусырды»
89
. Тель-Авивке келген пайғамбар бір апта 
«таңғалыс құшағында » жүрді.
Құдай әлемінің адамдар үшін қаншалықты бөгде және алыс болып кет
-
кендігін ендігі жерде Иезекиил басынан кешкен ауыртпалықтар байқатты. 
Пайғамбар еріксізден сол бір бөтендіктің тұтқынына айналды: Яхве көбіне 
Иезекиилді әдепкі адамдардан ерекшелейтін түсініксіз әрекеттер жасауға 
итермеледі. Бұл мінез-құлық Израилдағы шиеленісті жағдайды аңдатты; 
түпкі мәніне үңілгенде, израилдықтардың пұтқа табынушылар әлемінде оқ
-
шау қалғандығын білдірді. Мәселен, Иезекиилдің жұбайы дүниеден өткенде, 
оны жоқтауға тыйым салынды. Құдай пайғамбарға бір жамбасында үш жүз 
тоқсан күн жатуға, екінші жамбасында тағы қырық күн жатуға бұйырады, со
-
дан кейін байғұсты барын буып-түйіп алып, Тель-Авивтің айналасында, үй
-
сіз-күйсіз қашқын секілді, кезіп жүруге мәжбүрлейді. Яхвенің бұйрықтары 
Иезекиилдің жүйкесін жұқартады: оның өне бойы тоқтаусыз дірілдеп, бір 
орында байыздап отыра алмайды. Бір күні тіпті нәжіспен қоректенуіне тура 
келеді; бұл оның халқының бір кезде қоршауда қалған Иерусалимде бастан 
кешірген ашаршылығының символы болды. Пайғамбар Яхве культіне тән 
оқыс құбылыстардың бейнесіне айналды: сонымен, ешнәрсеге – сенім жоқ, 
табиғи мінез-құлыққа – тыйым. 
Пұтқа табынушылар, керісінше, құдайлар мен әдепкі әлем арасындағы 
ашық қарым-қатынастарды мадақтады. Бірақ Иезекиил көне діннен жұба
-
нышты ештеңе таппайды және әдеттегіше оны «жексұрындық» деп атайды. 
Ғажайып көріністердің бірінде ол Иерусалим ғибадатханасына тап болады 
да, толығымен жойылу қаупі төніп тұрса да, Иудея халқының Яхвенің қаси
-
етті мекенінде пұтқа табынушылық құдайларына сыйынуды жалғастырып 
жатқанының үстінен түсіп, шошып кетеді. Ғибадатхананың сырты да үрей 
жамылады: қабырғаларда ордалы жыландар мен жиіркенішті мақұлықтар 
89
Иез
. 1:4–27.


93
шимайланған, «жексұрын» ғұрыптарды өткізіп жатқан дінбасылар әдепсіз 
ұсқында бейнеленіп, тіпті олардың бұрыш-бұрышта азғындықпен шұғыл
-
данатындығы тұспалданған: «адам баласы, Израил үйі үлкендерінің қа
-
раңғылықта, әрқайсысы өз бөлмесінде не істейтінін көріп тұрсың ба?»
90

Онда Фаммузаны (азап шегуші құдай Таммузды) жоқтаған әйелдер отыр; 
дәл жанында қасиетті мекенге арқасын бере жайғасқан әлдебір еркектер 
күнге сыйынып жатыр. Ең соңында, пайғамбар алғашқы Құдай көрінісінде 
таңғала қараған ғажайып күйменің самғай алыстап, онымен бірге Құдай 
«даңқының» да өшіп бара жатқанын байқайды. Дегенмен, Яхве мүлде де
-
рексіз Құдай емес. Иерусалимның құлары алдындағы ақырғы күндері Ие
-
зекиил Израил халқының назарын өзіне аударып, Өсиетті есіне салу үшін 
қолынан келгеннің барлығын істеп бағады, өйткені таяп қалған апатқа Из
-
раилдың тек өзі ғана кінәлі еді. Көбіне Яхве қаншама жат көрінгенімен, 
Оның арқасында көптеген израилдықтар, соның ішінде Иезекиил де тари
-
хи бәле-жаланың кездейсоқ еместігін және оның өз қисыны мен әділдігі 
барын түсіне бастайды. Қазіргі адамзат халықаралық саясат деп атайтын 
құбылыстың байырғы баламасының қатал қағидаларын түсінуге пайғамбар 
барын салады. 
Бабыл өзендерінің бойына тоқтаған қашқындардың көбі Уәде Етілген 
Жерден алыста бұрынғы діндеріне сыйына алмайтындықтарын түсінді және 
бұл болмай қоймайтын да жағдай еді. Пұтқа табынушылық құдайларының 
әркез өз мекені болады, сондықтан израилдықтарға бөтен елде Яхвеге ма
-
дақ айту мүмкін еместей көрінді; тек бабылдық нәрестелердің бастарын 
тасқа соғып, мыйларын шашып тастау жөніндегі тәтті қиялмен шектелуі
-
не тура келді
91
. Алайда жаңадан пайда болған бір пайғамбар тыныштықты 
насихаттады. Ол туралы біз ештеңе білмейміз, бірақ осының өзі қызық: 
бұл пайғамбардың сәуегейліктері мен дұғаларында өзіне дейінгі пайғам
-
барларға әбден етене жек бас мағлұматтары жоқ. Бұл көріпкелді «Екінші 
Исайя» деп атау қалыптасқан, өйткені кейіннен оның мәтіндері шын Исай
-
90
Иез
. 8:12.
91
Қараңыз

Пс
. 136.


94
яның сәуегейліктеріне барып қосылды. Қуғын-сүргін кезінде еврейлердің 
бір бөлігі көне бабыл құдайларының культтеріне жүгінді, ал қалғандарына 
жаңа діни сана-сезім таңылды. Яхве ғибадатханасы үйіндіге айналып жат
-
ты; Бабыл мен Хевронның көне қасиетті орындары қиратылды. Бабылда 
израилдықтар өздерінің діни өмірінде шешуші маңыз атқарған рәсімдерге 
енді қатыса алмай қалды. Олардың жалғыз сүйенері Яхве болды. «Екінші 
Исайя» алға тағы бір қадам жасап, Яхве – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет