Deum meum et Deum sestrum
[Менің Құдайым, сенің Құдайың; лат.,
Иоан. 20:17].
«Сенің Құдайың менің Құдайым болады» [Руфь, 1:16].
Дүние мен Құдайдан басқаның бәрін тәрк ету.
Оған тек Інжіл көрсеткен жолмен баруға болады
458
.
Бұл таза мистикалық тәжірибе Паскальдың Құдайының осы тарауда сөз
етілетін басқа ғалымдар мен философтардың Құдайынан ерекше екенін
458
Блез
Паскальдан
алынған
мəтін
, Pensees (
аударып
жариялаған
А
.
Ж
.
Краильшеймер
), (
Лондон
, 1966), 309
б
.
416
аңғартты. Бұл философтардың емес, уахидың Құдайы еді. Бұл хабардың
адамды үйіріп әкететін қуаты Паскальдың тағдырын янсеншілермен
түйістіріп, олардың ата жауы – иезуиттерге қарсы шығарды.
Игнатий де Лойола әлемді Құдай толтырып тұр деп есептеді және
иезуиттерден өз бойларында құдайлық сипатты – барлық жерде болу
мен барлық нәрсеге күші жету сезімін тәрбиелеуге шақырды. Ал Паскаль
өз жақтастарымен бірге, керісінше, әлемді бұлыңғыр және бос, құдайлық
сипаттан мақұрым деп санады. Уахиды бастан кешкеніне қарамастан,
Паскальдың Құдайы рационалдық дәлелдер арқылы табылмайтын
«жасырын Құдай» күйінде қалды. Паскаль қайтыс болғаннан кейін, оның
1669 жылы жарияланған
Pensees
(«Ойлар») атты діни мәселелер туралы
қысқаша жазбалары адам өміріне қатысты терең күйреуік сезімдерге
толы еді. Жазбаларда «ақырзаманға дейін азап тартатын» Иисустың өзі
түзете алмаған адамның «бұзықтығы» мен «дөрекілігі» туралы баяндау жиі
ұшырасады.
459
Жалпы алғанды, құлазу мен Құдайдың жоқтығынан қорқу
сезімі жаңғырған Еуропаға тән көңіл-күйдің басты сипатына айналды.
Pen
-
sees
тің әлі жаппай назарда болуы Паскальдың қараңғы руханилығы мен
«жасырын Құдайы» Батыс жұртының діни санасындағы нәзік пернелерді
дөп басатындығын байқатады.
Тіпті Паскальдің ғылыми табыстарының өзі оны адам өмірінің мәнділігіне
сендіре алған жоқ. Әлемнің ұшы-қиыры жоқ кеңістік екенін ойлағанда, ол
үрейге беріледі:
Адамның мағынасыз және міскін хәлін көргенімде, бүкіл меңіреу
әлемді және дүниенің қараңғы бір ұмытылған түкпірінде оңаша
қалдырылып, адасып жүрген, ештеңені түсінбейтін және оны бұл жерге
кімнің жібергенін, не істеуі керектігін, өлген соң өзіне не болатынын
білмейтін адамды көргенімде, менің бойымды қорқыныш билеп алады;
бұл сезім үрей жайлаған елсіз аралға апарып тастап, одан қашып
шығуға ешқандай жол жоқ екенін түсінде көріп, ұйқыдан шошып
459 Pensees, 919.
417
оянған адамның хәліне ұқсайды. Сосын мұндай сұмдық жағдайдың
адамдарды ашындырмайтынына таң қалдым
460
.
Паскальдың сөздері бірден ес жиғызады. Бұл ғылым дәуірінің жарқын
оптимизмге толы еместігін аңғартады. Паскаль абсолюттік мәнін жоғалтқан
әлемнің қырсықтарын болжай білді. Жат әлемде үркіп оянудың адамзатты
баяғыдан бері қинап келе жатқан қорқынышты сезімін бұрын-соңды тап
осылай жеткізе алған біреудің табыла қоюы қиын. Паскаль ойындағысын еш
бүркемелемей, ақтарып салды; өзінің көп замандасынан айырмашылығы –
Құдайдың барлығын дәлелдеудің ешқашан мүмкін еместігіне кәміл сенді.
Паскаль еш сенімі жоқ біреумен дауласқанын көз алдына елестеткенде, өз
сұхбаттасын иландыра қоятындай еш дәлел таппағандығын мойындайды.
Бір Құдай тарихында жаңа кезең басталды. Осыған дейін ешбір жан
Құдайдың бар екендігіне шәк келтірген емес. Паскаль – мына астаң-кестең
дүниеде Құдайға сенім адамның жеке таңдауы екендігін алғаш айтқан кісі.
Осы тұрғыдан қарағанда, оны қазіргі заманның бастауында тұрған бірінші
адам деп бағалауға болады.
Паскальдің Құдайдың барлығы мәселесіне көзқарасы өзінің салдары
тұрғысынан төңкерістік сипатта еді, бірақ мұны ресми Шіркеу қабыл етпеді.
Жалпы, христиандық жақтастары алдыңғы бөлімнің соңында талқыланған
Леонард Лессиустың рационалистік көзқарасын құптайтын. Бірақ мұндай
көзқарас Паскаль түйсінген уахи Құдайына емес, тек философтардың
Құдайына барып тірелетін еді. Оның пайымынша, сенім сарабдал ақылға
сүйенген қисынды жоралғы емес. Бұл – немен аяқталатыны беймәлім
ойын. Құдайдың барлығын дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ақыл-ой Оның
жоқ екендігін де айғақтай алмайды: «Егер Құдайдың барлығы рас болса,
оған жетуіміз мүмкін емес... [...] Ақыл бұл сұраққа жауап таба алмайды.
Бізді түпсіз хаос бөліп тұр. Бұл шексіз-шетсіз жолдың қиырында нәтижесі
белгісіз бір ойын жүріп жатыр. Сіз не нәрсеге үміт артасыз?»
461
Әлбетте,
460
Бұл
да
сонда
, 198.
461
Бұл
да
сонда
, 418
418
бұл ойын кездейсоқтық емес: Құдайға үміт арту тиімдірек. Паскаль Құдайға
сенімді таңдасаң, тәуекел азаяды, ал пайда шаш-етектен болады деп айтты.
Сенімі артқан сайын христианның санасы сәулеленіп, Құдайдың барлығын
түйсінеді; ал бұл – құтқаруға апаратын жол. Құндылықтарға арқа сүйеудің
керегі шамалы. Әр христиан өз бетінше шешім қабылдауы тиіс.
Паскальдың пессимизмі
Pensees
тің беттерінде бірте-бірте азайып,
жасырын Құдай Өзіне үміт артқан және ұмтылған әрбір адамға бар екендігін
көрсетеді деген сезіммен таразы басын теңестіре бастайды. Паскаль
Құдайға былай деп айтқызады: «Мені қазірге дейін таппасаң, іздемеген
де болар едің»
462
. Расымен да, адамзат алыстағы Құдайға талас-тартыспен
немесе қисын-қағидамен жол тарта алмайды; бұған ресми Шіркеудің ілімін
мақұлдағандық та көмектеспейді. Бірақ өз еркімен Жаратушыға толық
мойынсұну арқылы христиан түгелдей жаңғыру сезімін кешіп, «сенімді,
адал, кішіпейіл, сыйласымды, ізгі, шын досқа»
463
айналады. Христиандар
мағынасыздық пен шарасыздыққа қарсы – Құдайлық сенім мен сезімді
қалыптастыру арқылы тіршіліктің мәні мен мазмұнына қол жеткізе алады.
Құдай – шындық, өйткені ол әрекет етеді. Сенім – интеллектуалдық иланым
емес, қараңғылық әлеміне сүңгіп, адамгершілік нұрлану сыйлайтын
нәрселермен жанастыратын тәжірибе.
Жаңа сипатты адамның бірі Рене Декарт (1596-1650) Құдайды ақылмен
тану мүмкіндігіне көбірек сенді. Оның бар екендігіне пайым қуаты арқылы
көз жеткізуге болады деп есептеді. Декарт Паскальдің тек қана субьективті
әсерлерге негізделген «үміт арту жүйесін» мақұлдай қоймасы анық еді.
Декарт француз ойшылы Мишель Монтеньнің (1553-1592) күмәншілдігін
жоққа шығарды; ол не нәрсенің де барлығына және шынайылығына
күдікпен қарайтын.
Математик және діндар католик болған Декарт мұндай күмәншілдікпен
күресу үшін жаңа тәжірибелік рационализмді қалыптастыруды міндеті деп
сезінді. Лессиус сияқты Декарт та адамдарды өркениеттің іргетасы ретінде
462
Бұл
да
сонда
919.
463
Бұл
да
сонда
418.
419
көрген діни және ахлақи қағидаларды қабылдауға көзін жеткізу үшін жалғыз
ақылдың жетпейтіндігін білді. Сенім бізге қисынға келмейтін еш нәрсені
айтпас еді: Әулие Павелдің өзінің Римдіктерге жазған хатының алғашқы
бөлімінде айтқанындай: «Өйткені Құдай жайлы барлық нәрсе [адамдар
тарапынан] ашық білінеді, өйткені Құдайдың өзі мұны түсіндірген. Олар
кешіруге тұрарлық деп, [көзге көрінбесе де] Құдайдың мәңгілік құдіреті мен
ұлықтығы, әлем жаралғаннан бері ақылдың көруі үшін жасаған нәрселерінде
бар»
464
. Декарт Құдайды басқа бар болған нәрселерге қарағанда, айқын
және оңай жолмен (
Достарыңызбен бөлісу: |