Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет159/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Philosophiae Naturalis Principia Mathematica 
(«Табиғат 
философиясының математикалық бастаулары») (1687) деген еңбегінде 
Ньютон әртүрлі аспан және жер денелері арасындағы байланыстарды 
математикалық терминдермен түсіндіретін үйлесімді және ауқымды бір 
жүйе қалыптастырғысы келді. Ньютонның ойлап тапқан Жердің тартылыс 


423
күші ұғымы жүйесінің бөлінбес бір бөлшегін бір жерге жинақтады. Жердің 
тартылысы мәліметі Ньютонды Аристотельдің бір нәрсенің тартушы күштері 
туралы ойына ұқсайды деп кінә таққан кейбір ғалымдардың шамына тиді. 
Мұндай көзқарас протестанттардың, Құдайдың нақты үстемдігі туралы 
қағидасына қайшы еді. Ньютон мұны жоққа шығарды: Барлық жүйенің 
орталығы ұлық Құдай болады, өйткені мұндай иләһи механика болмаса 
жүйе жаралмас еді. 
Паскаль мен Декартқа керісінше, Ньютон әлем туралы ойланған кезде 
Құдайдың барлығының дәлелін тапқанына сенімді еді. Аспан денелерінің 
ішіндегі жердің тартылысы неге оларды бір жерге тартып, алып бір құрлық 
денесін туғызбайды? Өйткені мұның алдын алу үшін аралары жеткілікті 
қашықтықты болу үшін шексіз ғарыштың әр жеріне мұқият түрде теңдей 
таратылған. Әулие Павел монастырының бастығы, досы Ричард Бентлиге 
түсіндіргеніндей, қабілетті иләһи билеуші болмаса, бұл мүмкін емес: 
«Мұның тек табиғи себептермен түсіндіріледі деп ойламаймын, алайда 
өз өзіне шешім шығаратын бір күш туралы ой мен механизміне артуда 
қиналамын»
468
. Бір айдан кейін Бентлиге қайтадан былай деп жазды: «Жердің 
тартылысы планеталарға әрекет беруі мүмкін, бірақ иләһи күш болмаса, Күн 
төңірегіндегідей айналысқа мүлдем өте алмайды, сондықтан басқа себептер 
сияқты, сол себептен осы Жүйенің қаңқасын ақылды Құдірет жасап отыр 
деуге мәжбүрмін»
469
. Мәселен, әлемнің кіндігі төңірегінде бір сағатта бір 
мильді айналудың орнына жүз мильді айналса, түн он есе ұзақ болар еді; 
әлемнің тіршілігін сүруі үшін барынша суық болар еді; ұзын күннен туған 
ыстық барлық өсімдіктерді қуратып жіберер еді. Мұның барлығын осындай 
мінсіз бір сипатта тәртіпке келтірген Болмыс кемел ақылды бір Шебер 
болуы тиіс. 
Ақылды болумен бірге бұл құдірет үлкен құрлықтарды басқара 
алатындай күшке де ие болуы керек. Ньютон шексіз және шым-шытырық 
468 A.R. Hall 
мен
L. Tilling (
жариялағандар

еңбегінен
үзінді
. The Correspondence of Isaac Newton, 3 
Том
(
Кембридж
, 1959-77), 
1692 
жыл
10 
желтоқсан

iii
, 234-5 
бет

469 1693 
жыл
17 
қаңтар

осында
, 240 
б



424
әрекет жүйесіне жөн берген ана күштің жалғыз өзі дүниенің себебін 
түсіндірген және киелі Құдайды түсіндірген 
dominatio 
(үстем, шексіз) екені 
туралы қорытындыға келді. Эдуард Покок Оксфордтағы алғашқы араб тілі 
профессоры, Ньютонға латынша 
deus
тың арабша 
du 
(Үстем) сөзінен өрбігенін 
айтқан еді. Сондықтан Доминион Құдайдың Декарттың Құдай тұжырымында 
алғашқы мәселе ретінде көтерген мінсіздіктен де маңызды сипаты еді. 
Prin
-
cipia
ның соңындағы «Жалпы тұжырымда» Ньютон бүкіл дәстүрлі Құдай 
сипаттары оның ақыл мен күшінен бастау алды деген қорытындыға келді: 
Күннің, планеталар мен құйрықты жұлдыздардың мұндай көп керемет 
жүйесі тек ақылды және күшті бір Болмыстың билігі мен ойынан бастау 
алған... Ол ажалсыз және шексіз, барлық нәрсеге күші жетеді және барлық 
нәрсені біледі; яғни оның мәңгілігі ажалсыздықтан ажалсыздыққа ұласады; 
болмысы шексіздіктен шексіздікке созылған; ол барлық нәрсені басқарады 
және болған және болуы мүмкін нәрселерді біледі... Біз оны тек ең білімді 
және нәрселердің үстем механизмдерімен және соңғы әсерлері арқылы 
білеміз; мінсіздігіне таң қаламыз; бірақ билігінің себебінен оған табынып, 
құрмет көрсетеміз: өйткені оған құлдары ретінде табынамыз; және билік, 
көрегендік пен соңғы әсерлері болмаса да, бұл Құдай Сенім мен Табиғаттан 
басқа ешнәрсе емес. Шынымен де әрқашан және әр жерде бірдей 
Метафизикаға деген соқыр мәжбүрлілік, нәрселерде ешқандай алуандық 
тудыра алмайды. Әртүрлі уақыт пен жерлерде үйлесім тапты деп санайтын 
табиғи нәрселердің барлық осы түрлері, міндетті түрде бар бір Болмыстың 
ойлары мен қалауынан басқа нәрседен шыға алмас еді
470
.
Ньютон Киелі Кітапты ауызға алмайды: Құдайды 
тек 
әлем туралы 
толғанғанда танимыз. Осыған дейін жаратылыс қағидасы рухани бір 
болмысты үйретті: әрі яхудилікке әрі соңғы кезеңдегі христиандыққа кірді 
және әрқашан бірдей түйткілдер тудырды. Қазір жаңа ғылым, жаратылысты 
сахнаның ортасына қойды және қағиданың шындыққа сәйкес механикалық 
түсіндірмесін Құдай ұғымы үшін маңызды жағдайға келтірді. Бүгінгідей 
470 Isaac Newton Philosophiae Naturalis Principia Mathematica (
ауд

Эндрю
Мотте

жариял

Хориан
Каджави
), (
Берклей
, 1934), 
344-6 
б



425
адамдар Құдайдың барлығын жатсынған кезде көбінесе Ньютонның 
Құдайын жоққа шығарады; яғни ғалымдар әрі қарай үйлесімді түрде 
түсіндіре алмайтын әлемнің төркіні мен нық ұстаған Құдай. 
Ньютонның өзі құрылымы өте ауқымды, барлығын қамтуға тырысқан 
жүйесінде Құдайға орын табу үшін таңғалатын кейбір түсіндірмелер жасауға 
талпынды. Ғарыш өзгермейді және шексіз түрде жүйенің екі ең басты 
қасиеті Құдай мен қай жерде өмірге араласады? Ажалсыздық пен шексіздік 
сипаттарына ие болумен бірге ғарыштың өзі бір қарағанда киелі емес пе 
еді? Заман басталмай тұрып, Құдайдың жанында бар болған екінші киелі 
болмыс емес пе еді? Ньютон әрқашан бұл мәселеге қатысты ой толғады. 
Алғашқы тәжірибелерінің бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет