429
Осындай объективті зерттеулер киелі мәтіндердің сөздік мәнін ұғу мен
сенімнің символикалық немесе аллегориялық құрылымын ескермеуге
құрылған еді. Мұндай сынға өнер немесе өлеңге қатысты айтылған сияқты
тақырыптан тыс деген желеумен қарсы шыққандар болуы мүмкін. Бірақ
ғылыми рух бір рет көпшілік үшін негіз ретінде алынған кезде бұл адамдар
үшін Інжілді басқаша оқу ауыр жағдайға жеткізеді. Батыс христиандары
қазір сенімдерінің сөздік мәнде ұғынылуына тәуелді болды және мифтен
жырақтап кетті. Оған қайта оралу да қиын-ақ. Миф бұлар үшін енді бір әңгіме
не оқиға желісі рас немесе бір қиялдың жемісі болып қалды. Діннің тегіне
қатысты сұрақтар христиандар мен буддистер үшін өте маңызды еді, өйткені
бірқұдайлық дәстүрлер әрдайым Құдайдың тарихи оқиғаларда көрініс
табатынын тілге тиек ететін. Сол себептен ғылым дәуірінде христиандар
әділетті сақтай алса, бұл сұрақтар жоғалып кетуі тиіс. Тиндаль мен Реймарусқа
қарағанда дәстүрді қатаң сақтайтын кейбір христиандар әдепкі Батыстық
Құдай түсінігін сын тезіне ала бастады. Лютердің ізбасары Иоанн Фридман
Майер
Достарыңызбен бөлісу: