Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет169/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Light 
and Dark Sides of God 
(«Құдайдың нұрлы және түнек қырлары») (1650) деген 
зерттеуінде Боутумли Құдай туралы оған бет бұрған адамның Көзі, Құлағы 
және Қолы болатынына сенетін сопылық сенімді еске салған ұғымдар 
арқылы баяндайды: «Ей, Құдай, сенің өнеріңе не дей аламын?» деп сұрайды. 
«Өйткені сені көрдім десем, бұл сенің өз-өзіңді көруің ғана: өйткені жан-
дүниемде ескен самал өз-өзін көруден басқа ешнәрсе емес, бірақ сенің 
өз-өзіңді білуіңнің білімі бұл»
496
. Рационалистер сияқты Боутумли де Үштік 
сенім қағидасын жоққа шығарды және сопылар сияқты, Құдай болғанда 
деген сөзбен Құдайдың өзін адамда көрсетуі мүмкін емес екендігін тілге 
тиек етіп, Исаның Құдайлық сипатына деген сенімін шектейді: «О, Мәсіх, 
адамдағы сияқты расымен де басқа адам мен мақұлықтардың тәндерінде 
де мекен еткен»
497
. Бірақ Құдайға мекен беріп табыну мәжусиліктің бір 
түрі еді; Жәннат – бір жер емес, Исаның рухани болмысы. Боутумли Киелі 
Кітаптағы Құдай идеясының жеткіліксіз екеніне сенді: күнә – әрекет емес 
шарт, біздің иләһи болмысымыздың бір кемшілігі. Сонымен бірге түсініксіз 
сипатта, қарапайым түрде Құдай күнәда да бар, күнә «Құдайдың түнек 
тарапы, саф сәуленің жоқтығы» деді
498
. Боутумлиге дұшпандары атеист 
496
Бұл
да
сонда
, 303 
б

497
Бұл
да
сонда
, 304 
б

498
Бұл
да
сонда
, 305 
б



448
деген айып тақты, бірақ кітабы өте қарабайыр түрде жазылса да, Фокс Уэсли 
мен Цинцендорфтың түсінігінен жырақ кетпейді. Бұдан кейінгі пиетистер 
мен методистер сияқты адамнан жырақ және объективті Құдайды жан-
дүниесінде сезіну және діни тәжірибені дәстүрлі қағидалардың орнына 
қоюға талпынды. Әсіресе иләһи әмірді жоққа шығарып, содан кейін жүрек 
дінін мақұлдағандар мен Ағартушылық философтары бөліскен оптимист 
адам көзқарасын да жақтады. 
Боутумли күнәнің де киесі болады деген түсінікті астаң-кестең еткен және 
терең тебіренткен қағидасына жылы қарады. Егер Құдай барлық нәрседе 
бар болса, күнә ешбір нәрсе емес. Бұл Лоренс Кларксон мен Аластаир 
Коппе сияқты рантерлердің көзқарасы; бұлар әсіресе жынысқа қатысты 
қолданыстағы ережелерге де ашықтан-ашық әдепсіздік көрсетіп немесе 
халықтың алдында сөгіп, мұны дәлелдеуге тырысты. Коппенің маскүнемдігі 
мен шылымқорлығын барша жұрт білетін. Рантер болар-болмас ұзақ уақыт 
бойы іштен тынып келе жатқан сөгу, ұрсуға деген құмарлық бас көтерді. 
Лондондағы бір шіркеудің мінберінде тұрып, бір сағат бойы боқтық 
сөздерді боратты. Мұнымен де қоймай, бір мейрамханадағы даяшы әйелді 
балағаттады. Оның ауыр сөздеріне шыдай алмаған әйел бірнеше сағат 
бойы дірілінен айыға алмады. Ол адамзаттың күнәһарлық қасиетіне емініп, 
Пуритан ахлағының тыйымдарына қарсы шықты. Фокс пен Квакерлерге 
күнәнің болмай қоймайтын бір қасиет деп дәлелдеп, қызыл кеңірдек болды. 
Бірақ достарына күнә жасауды насихаттамады. Ол күмәнсіз рантерлардің 
қызқұмарлығынан жиіркенді, бірақ оларға оптимистік адамдықты 
насихаттады және тепе-теңдікті сақтады. 
A Single Eye 
(«Жалғыз көз») деген 
кітапшасында Лоренс Кларксон Құдайдың барлық нәрсеге күші жетеді. 
Демек, «күнә тек адамның бойында ғана бар бір қасиет» деп дауласты. 
Құдайдың өз Киелі кітапта түнекті нұрға бөлеймін деп айтқан. Мистиктер 
бұдан да киелі көзқарас айтуға талпынғанымен, күнәнің барлығын мойындау 
бірқұдайшылдер үшін қиынға соқты. Норвичтік Юлиан күнәнің «оң қасиет» 
және бір қарағанда міндетті екендігіне сенді. Каббалистер күнә тамырын 
Құдайдан тартып жатыр деді. Рантерлердің Коппе мен Кларксон сияқты 
азатшыл ойшылдары ашулы және кекшіл Құдай қағидасына сенгендерді 


449
қажытқан езуші христиандық танымын лақтырып тастауға дайын және 
қатал адамдар ретінде көрінуі мүмкін. Рационалистер мен «ағартушы» 
христиандар да Құдайды ынсапсыз әмірдің иесі ретінде көрсеткен діни 
бұғаудан құтқаруға және барынша сабырлы Құдайды ойлап табуға тырысуда 
еді. 
Қоғамдық ғылым тарихшылары басқыншылық пен еркіндік кезеңдері 
орын ауыстырғасын, Батыс христиандығы әлемдік діндер арасында жеке-
дара болып қалғанын алға тартты. Әсіресе басқыншы сатылардың негізінен 
діни жанданумен үйлескенін тілге тиек етті. Батыстың бірнеше аймағында 
ағартушылықтың биязы моральдық ортасымен бірге барынша жабысқақ 
радикал толқындар тудырған Виктория кезеңінің іздерін байқады. 
Бүгінде 1960 жылдың азат қоғамының оның үстіне Батыстағы христиан 
радикализмінің артқан кезеңіне дөп келген 1980 жылдағы пуритандық 
ахлағына өткел бергенін көріп отырмыз. Күмәнсіз бұл ешқандай себепсіз 
пайда болған шым-шытырық бір атмосфера ретінде танылды. Сол сияқты 
Батыстықтар түйткілді Құдай идеясымен мұны байланыстыруға құлшына 
кірісті. Орта ғасыр теологтары мен мистиктері сүйіспеншілік Құдайын 
уағыздады, бірақ Кафедралды шіркеу қақпаларына асылған қарғысқа 
ұшыраған міскіндердің азап-қайғысын баяндайтын қорқынышты қиямет 
көріністерін аңыз-хикаямен түсіндірді. Міне, осылайша, Батыста Құдай сезімі 
қараңғылық және күрес ішінде дамып-жетілді. Кларксон мен Коппе сияқты 
рантерлар христиан тыйымдарына қарсы шықты және Еуропа елдерінде 
сиқыр күшейіп тұрған кезде күнә киелі деген түсініктерін жариялады. 
Кромвель билеген Англиядағы радикал христиандар да өте көп және артық 
талап қоятын, адамдарға үрей себетін дінге және Құдайға қарсы бас көтерді. 
Он жетінші және он сегізінші ғасырларда Батыста қылаң берген жаңа 
христиандықтың кемшілігі бар жағынан көзге ұрып тұрды; бұл дін 
азапты, кейде қауіпті сезімдер мен қарама-қайшы түсініктермен танылды. 
1730 жылдарда Жаңа Англияда жайылып, Үлкен Ояну ретінде танылған 
діни қызығушылық толқыны ішінде көре аламыз. Бұл құбылыс Джордж 
Уитфилдтің, ағайынды Уэслилердің әріптесі және мүриді, радикал протестант 
уағызшысы және Йель университетінің түлегі Джонатан Эдуардстың (1703-


450
58) жәһаннам оты туралы үндеулерінен бастау алды. Эдуардс бұл оянуды 
«A Faithful Narrative of the Surprising Work of God in Northampton Connecti
-
cut» («Құдайдың Коннектикуттың Нортгемптонындағы Таңғажайып Әрекеті 
Туралы Шынайы Баян») деген еңбегінде танытты. Оның қауымының мүшелері 
ешқашан таңғажайып ретінде сипаттамайды: өлшемге сай, мойынсұнған 
және игі еді. Бірақ діни құлшыныстан ада еді. Қандай да бір қауымдастық 
адамдарынан жақсы немесе жаман да емес еді. Бірақ 1730 жылы екі жас 
адам таңғалатын кездейсоқ түрде өлді және бұл (жоғарыда айтылған 
Эдуардстың үрей сепкен сөздерімен қаланы діни құлшыныс толқынына 
тастады. Адамдар діннен басқа ешнәрсе туралы сөз етпейтін; шаруаларын 
тастап, күні бойы Киелі кітап оқып отырып өткізді. Шамамен алты айда 
қоғамның барлық саласынан тура жолға түскендердің саны үш жүзге жетті; 
кейіннен бұл мөлшер бір аптада бес есеге артты. Эдуардс бұл құлшынысты 
Құдайдың әрекеті деп таныды: мұны толығымен тілге тиек етті. Бұл тек 
қана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет