Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет170/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

façon de parler 
(сөйлеу мәнері) емес. Қайта-қайта былай деді, Жаңа 
Англиядағы мәнінде «Құдай дағдылы жолынан шығып кеткендей көрінді» 
және адамдарды оғаш және метафизикалық түрде билеп тұр. Сол сияқты 
кейде Киелі рухтың өзін барынша жын ұрғандай белгілермен көрсеткендігі 
айтылып қалды. Эдуардс былай деп түсіндіреді. Кейде Құдайдың жіберген 
қорқынышынан «құлап қалды» және «өздерін күнәһар сезініп, Құдайдың 
мейірімінен тыс қалғанын түйсінді. Жәһаннамға кеткендей сезім бойларын 
биледі». Аяқ астынан Құдайдың өздерін кешіргенін сезінген кезде ағыл-
тегіл шаттық толқыны арнасынан асып тасып жатты. «Күле-күле жарылып 
кетердей, көзден аққан жастары да селдей тасып, биік шымылдықтан кезек-
кезек жылау» тасқыны төгілді. «Кейде ғажайып таңғалатын, еңіреп тұрып 
жылайтын»
499
. Барлық ірі діни дәстүрлерде мистиктер Құдайдың нұрлы 
шұғыласы деп сипаттайтын рахат хәлден жырақтап кеттік. 
Мұндай өте күшті сезім қайшылықтары Америкадағы діни оянуды 
айрықшалайтын сипат болды. Қайғы мен қуаныштың қатар алмасып 
келген жаңа жаңғыру кезеңі еді бұл. Батыстың Құдаймен күресінің жаңа 
499
Вирттен
үзінді
, (
жар
.), Spiritual Awakening, 110 
б



451
түрі еді. Бұл ояну қала мен ауылды қамтып, жұқпалы ауру сияқты жайылды. 
Дәл бір ғасырдан кейін Нью-Йоркты діни оттың жалыны дағдылы түрде 
қуырғандықтан, «Өртенген Аймақ» [Burned-Over District] деп атала бастады. 
Эдуардс тура жол тапқандар осы биік мәртебеде тұрып, бүкіл әлемді керемет 
деп тапқанын тілге тиек етті. Киелі Кітаптан тамырын үзе алмады және 
тамақ жеуді де ұмытып кетті. Бұл таңғаларлық құбылыс емес. Олардың діни 
сезімдері сөнді және шамамен екі жылдан кейін Эдуардс былай деп жазды: 
«Құдай рухының бізден бірте-бірте ұзақтап кеткенін жан-жүрегіммен 
түйсінген сияқты болдым». Мұның ешбір астарлы мәні жоқ. Эдуардас діни 
тақырыптарға келгенде, Батыста сөз тізгінін ұстаған ғұлама еді. Ояну өз 
арасындағы Құдайдың тікелей жіберген сәулесі, Киелі рухтың алғашқы 
Пентекост
тағы
 
(Қасиетті Үштік Күні) қолмен ұстауға болатын әсері деп 
сенді. Құдайдың қалай келсе, солай кері шегініп, оның орнын, сөзбе-сөз 
айтқанда, шайтан иемденді. Діни масаңдықты жоюшы үмітсіздік жайлады. 
Алдымен бейшара рух өзін-өзі бауыздап өлтірді және «Осы себептен осы 
шаһардан және басқа да қалалардан қисапсыз адамдар рухтың жасаған 
нәрсесін басқалардың да жасауы керектігін түйсінді. Мұның жотасындағы 
ауыр жүгін сезінді. Көбісін шайтан ішінен бір-біріне айдап салды. «Бауызда, 
міне, енді дәл уақыты. Қазір!», «Осындай қызу оғаш ойлардан екі кісі 
жынданып кетті»
500
. Бұдан былай ешкім тура жолды таба алмады. Бірақ 
діни тәжірибесін жалғастырған адамдар Оянудан бұрын хәл тапқаны үшін 
шабытты әрі шадыман еді. Немесе бұл құбылысты Эдуардс осылай деп 
санауымызды қалайды деп түсінеміз. Джонатан Эдуардстың және оның 
тура жол тапқан кейіпкерлерінің өздерін осындай ауытқушылықтар мен 
басқынға жетелеген Құдай адамдармен байланыс кезінде бұрын-соңды 
болмаған үрейлі және шат сипатта еді. Сезімдердің алай-түлей тасқыны, 
шектен тыс сүйіспеншілік пен өте терең үмітсіздік Американың кейбір 
адамдарының «Құдаймен байланыс құрған кезде тепе-теңдігін сақтай 
алмағанын» көрсетеді. Бұны Ньютонның ғылыми дінінен де байқаған едік. 
Яғни Құдай қаншалықты оғаш сипатта болса болсын, әлемдегі өткен-кеткен 
500
Бұл
да
сонда
, 113 
б



452
бар нәрсеге тікелей жауапкершілік жүктейтін сенімді де көрсетті. 
Мұндай қызба және иррационалды діндарлық пен Жасампаз Әкелердің 
байсалды ұстанымының арасынан байланыс табу қиын. Эдуардстың Оянуын 
барынша сын найзасына түйреген бірнеше дұшпандары болды. Либералдар 
Құдай өзін қоғамдық оқиғалардағы бұрқанған тасқындарда емес, ақыл 
жолымен танытады деген көзқарасын алға тартты. Бірақ Алан Геймарт «Дін 
мен Америкалық Сана: Ұлы Оянудан Төңкеріске дейін»
 
деген туындысында 
Оянудың жаңа толқыны ағартушылықтың бақыт іздеу қиялының протестанттық 
бір түрі деп сипаттады: бұл «барлық нәрсе өткір түсінікпен оянған әлемдегі 
құтылуды» көрсетеді
501
. Ояну ағартушылық дәуірінің нәзік үміттеріне 
керісінше, бұл әлемнен бақыт күте бермейтін адамдар өмір сүрген ең кедей 
жағдайда пайда болды. Эдуардс жаңадан дүниеге келу тәжірибесі ләззат 
алу және қандай да бір табиғи сезінуден ерекшеленетін әдемілік түсінігінен 
бастау алған деген ойды алға тартты. Сондықтан Оянудағы Құдай тәжірибесі 
Жаңа Әлем Ағартушылығын отарлаудағы бірқатар табысты адамнан артығы 
үшін де жарамды еді. Адамдардың философиялық ағартушылықты діни 
еркіндік сияқты сезінгенін де ескергеніміз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет