454
Яхудилер арасында рационалистік идеяларды жаюға жол ашқан және
Еуропадағы яхуди емес тұрғындарға таратқан бұл жайт назар аударуға
тұрарлық. 1666 – Қиямет жылында бір яхуди Мәсіхтің жақын арада келетінін
білдірді және бұл хабарды бүкіл әлемдегі яхудилер қуана қабылдады.
Саббатай Цви (Шабтай Цеви) ғибадатхана құлағаннан бір жыл өткеннен
кейін 1626 жылы Кіші Азиядағы Смирнада (қазіргі Измирде) ауқатты сефард
отбасында дүниеге келді. Ер жеткеннен кейін қазір депрессия мания деп
аталатын оғаш мінезін көрсетті. Отбасынан жырақтап, қылуетке түскен кезде
терең қайғы-қасіретке түсті. Бірақ бұдан кейін масаң сүйініш хәлін бастан
өткерді. «Есуастық» сәтінде Мұсаның Заңдарын әдейі бұзды: адамдардың
көзінше харам тағамдардан дәм татты, киелі Құдайдың Есімін аузына алды
және өзіне уахи келіп, осылай ет деп бұйырғанын айтты. Өзінің ел-жұрт
көптен күткен Мәсіх екеніне сенді. Соңында хахамдар бұған төзе алмай,
1656 жылы Саббатайды шаһардан қуғындады. Осман патшалығындағы
яхуди қауымдарын аралап көрді. Ыстамбұлда сөйлеп тұрған кезде Тәураттың
әмірлері жойылды деді. Егіле жылап былай деді: «Тыйымдарды жойған, Киелі
Құдай Иеміз Сенсің!» 1648 жылы Польшадағы қанды Яхуди қырғынынан
қашып кеткен, қазір жезөкше болып өмір сүріп жатқан әйелмен үйленуі
алапат ұрысқа себеп болды. 1662 жылы Саббатай Иерусалимге кету үшін
жолға шықты: бұл кезде хәлі нашарлап кетті, жындар жан-тәнімді билеп
алды деп ойлады. Палестинада Натан есімді білгір, жындарды қууды шебер
меңгерген жас хахам бар деп естіді. Оның Газадан табу үшін жолға шықты.
Саббатай сияқты Натан да Исаак Лурияның Каббаласын зерделеді. Ол
Измирден келген яхудимен жолыққан кезде оған жын меңдеп кетіпті деді.
Түнек қайғысы оның шын Мәсіх екенінің айғағы еді. Түнек түкпіріне бойлаған
сайын тек Мәсіх қана құтқарған
Достарыңызбен бөлісу: