Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет172/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

kelipoth 
маңындағы иләһи ұшқындарды 
шашып, Қарсы Жақтың жын-перілеріне қарсы соғысты. Саббатайға Құдай 
Израил соңғы рет азаптан құтылмай тұрып, тозаққа түс деп бұйырған. Басында 
бұлар Саббатайдың еш ойына кіріп-шықпаған еді, бірақ Натанның сөздерінен 
кейін сенді. 1665 жылдың 31 мамырында кенеттен жан-жүрегі балқыды. 
Натан оны қайрап-қайрап Мәсіх екенін білдірді. Атақты хахамдардың бәрі 
мұны қауіпті сандырақ деп жоққа шығарды, бірақ Палестиналық яхудилердің 


455
көбісі Саббатайға ағыла бастады. Ол Израил тайпаларына төрелік ететін он екі 
хауариді таңдап жатыр еді. Натан Осман патшалығының әр шаһарына және 
Италия, Голландия, Германия мен Польшадағы яхуди жамағаттарына жақсы 
хабарды жазып, хат жолдады. Мәсіх келді деген сүйінші хабар яхуди әлемін 
жалындай шарпыды. Оны өшіру мүмкін емес еді. Ғасырлар бойы зұлымдық 
пен қуғын көрген Еуропа яхудилері негізгі сенімнен айнып кетті. Бастан 
кешірген қилы заман олардың көбісін әлемнің келешегі тек яхудилердің 
қолында деген түсінікке жеткізді. Сефардтар деп аталатын Испанияға жер 
аударылған яхудилердің немерелеріне Луриялық Каббала әсер етті. Сөйтіп 
көбісі Ақырзаманның таяп қалғанына иланды. Осылардың бәрі Саббатай 
Цвидің культі үшін кәдеге жарады. Яхудилік тарихында бірнеше рет Мәсіх 
идеясы көтерілді. Бірақ олардың ешбірін жұрт дәл осылай қызу қолдамаған. 
Саббатайға күмән келтірген яхудилер үшін мұны айту қатерлі жағдайға 
келді. Жақтастары Яхуди қоғамының әр саласынан бар еді. Бай, кедей, 
сауатты, надандары жаппай қолдады. Ағылшын, голланд, неміс және италия 
тіліндегі кітапшалар мен хабарлар сүйінші хабарды әлемнің әр тарапына 
жайды. Польша мен Литвада халық оның құрметіне шеруге шықты. Осман 
патшалығында Саббатайдың таққа отырған сәтін көргенін жұртқа жеткізу 
үшін бақсылар көше-көшені кезіп жүрді. Барлық жұмыс тоқтап қалды. 
Түркияның бақытсыз яхудилері сенбі күнгі дұғаларынан Сұлтанның атын 
алып тастады. Оның орнына Саббатайды айта бастады. Ақырында Саббатай 
1666 жылдың қаңтарында Ыстамбұлға барған кезде қылмыскер ретінде 
тұтқындалды және Галлиполиге түрмеге жабылды. 
Ғасырлар бойы жалғасқан зұлымдық, қуғын-сүргін мен қорлықтан кейін 
үміт шырағы қайта жанды. Бүкіл әлемде яхудилер іштей болса да, азаттық 
пен еркіндік дәмін татты: Бұл каббалистер 
сефироттың 
сырлы әлеміне 
енгенде бір-екі минут бастан кешіретін уәжд хәліне ұқсайтын еді. Енді бұл 
еркіндік хәлі бір-екі таңдаулы жанның еншісінде емес, әрбір жанның басына 
орнаған сияқты еді. Бірінші рет яхудилер өмірлеріне мән толғанын сезінді; 
енді келешек үшін еркіндік бұлыңғыр бір үміт емес, сол сәтте шынайы 
және мәнді реңкке енді. Құтылатын сәт тақалды! Бұл кездейсоқ төңкеріс 
өшпейтін әсерге бөледі. Бүкіл яхуди әлемі Галлиполиға (Гелиболу) көз тікті. 


456
Саббатай өзін тұтқындағандарға да әсер етті. Түрік уәзір оны салтанатты 
сарайға жайғастырды. Саббатай хаттарына: «Мен Құдайдың пайғамбары 
Саббатай Цви» деп қол қоятын болды. Бірақ сот үшін Ыстамбұлға әкелген 
кезде қайтадан рухани дағдарысқа түсті. Сұлтан оған не Ислам дініне кіресің 
немесе өлесің деген таңдау қойды. Саббатай Исламды таңдады, сөйтіп оны 
босатып қоя берді. Патшалық оған айлық жазды. Ол сырт кейпінде шыншыл 
мұсылман болып көрініп, 1676 жылы 17 қыркүйекте дүние салды. 
Қорқынышты хабар жақтастарын күйретіп кеткені күмәнсіз. Олардың 
көбісі бірден сенімнен тайған еді. Хахамдар жер бетінен ол туралы 
естеліктерді жоюға кірісті. Саббатай жайлы жазылған барлық хаттарды, 
кітапшалар мен трактаттарды жоқ қылды. Бүгін де осы Мәсіхтің жеңілісі 
яхудилерді ұялтады, оны сөз қылсаң шамданады. Хахамдар мен 
рационалистер оның мәнін бірдей көңіл бөлмейді. Сонымен қатар соңғы 
кездері ғалымдар осы оған оқиғаның мәні мен масқара нәтижесін ұғыну 
үшін марқұм Гершом Шолемнің ізімен зерттеуге кірісті
505
. Дінін өзгертіп, 
масқараға ұшырағанына қарамастан, кейбір яхудилердің Мәсіхке адал күйде 
қалуы да таңғаларлық. Құтылу тәжірибелерінің терең болғаны соншалық, 
Құдайдың олардың алдануына риза болғанына сене алмады. Бұл албырт 
оқиғалар мен ақылдан жырақ жағдай діни құтылу тәжірибесінің көзге ұрып 
тұрған бір белгісіне айналды. Олар енді тапқан үміттерін тәрк ету немесе 
діннен тайған Мәсіхті қабыл етудің бірін таңдауы тиіс еді. Әр таптан шыққан 
яхудилер тарихтың ащы сынағына мойынсұнбауымыз керек деді. Газалық 
Натан қалған өмірін Саббатайдың сырын уағыздауға арнады. Ол ислам 
дініне кіру арқылы зұлымдықпен күресін өмір бойы жалғастырды. Түнектер 
әлеміне еніп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет