Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет175/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Slowa Panskie 
(«Құдайдың 
Сөздері») еңбегінде саббатайшылықты нигилизмнің шыңына шығарды. 
Барлық нәрсе құрып-бітуі тиіс: «Адам қалай заңды бұзса да, жаңа шаһар 
құрылды, бірақ мен қайда аяқ бассам да, бәрі жоқ болады, өйткені мен 
бұл дүниеге құртып-жою үшін ғана келдім»
507
. Мұнда татулық емес, соғыс 
әкелдім деп тепсінген Мәсіхтің кейбір сөздерімен үрейлі бір ұқсастығы 
бар. Осыған қарамастан, Иса мен Әулие Павелден ерекшелігі, Франк көне 
киелердің орнына жаңасын әкелейін деп ниеттенген жоқ. Оның нигилистік 
506
Гершом
Шолемнен
үзінді
, The Messianic Idea in Judaism and Other Essays on Jewish Spirituality 
кітабында
«Redemption 
Through Sin» (
Нью
-
Йорк
, 1971), 124 
б

507
Бұл
да
сонда
, 130 
б



461
ілімі, бәлкім, жас замандасы маркиз де Садеден көп ерекшеленбейді. Бұл 
тек адамдардың Мейірімді Құдайды табу үшін тереңге сүңгу жолы еді. 
Бұл тек бүкіл діндерден бас тарту ғана емес, өз еркімен төмен түсуі және 
бетпақтықпен аяқталған «оғаш әрекеттер» мінезінің жалғасын табуы деген 
мағынаға келеді. 
Франк каббалист емес-тін, бірақ Кардазо дін ілімінің дөрекі түрін 
уағыздады. Саббатайшы Үштіктің үш 
парцуфимінің 
әрқайсысын жер бетінде 
басқа бір Мәсіхтің көрсететініне иланды. Франк «Алғашқы» деп тапқан 
Саббатай Цви Кардазоның 
Атика Кадишасы 
(Киелі Антик Кісі), «Мейірімді 
Құдайдың тірілген сипаты-тын; өзі екінші 
парцуфтың, 
яғни Израил 
Құдайының тірілген кейпі. Үшінші Мәсіх Шехина деген атпен туатын Франк 
«Пәк» деп атаған бір қатын. Қазіргі жағдайда әлем жын-сайтанға тұтқын 
болды. Адамдар Франктың нигилистік сүйіншісін (Інжіл) қабылдағанға 
дейін құтылу жоқ». Яковтың сатысы V түрінде еді. Құдайға жету үшін адам 
алдымен Иса мен Саббатай сияқты тереңге сүңгуі тиіс: «Сізге міне, осыларды 
ғана айтамын» деді Франк, «Исаның әлемді шайтанның күшінен құтқаруға 
келдім дегенін білесіздер. Бірақ мен оны барлық тыйым мен дәстүрлердің 
құрсауынан босатуға келдім. Бұлардың бәрінің күлін көкке ұшыру менің 
міндетім. Сонда ғана Мейірімді Құдай өзін көрсетуі мүмкін»
508
. Құдайды 
табуды және өздерін жын-шайтанның тұзағынан құтқаруды көксегендер ең 
киелі деп тапқан барлық тыйымдарды жойып, тозаққа дейін көсемдерінің 
ізімен кетулері керек еді: «Сізге күрескер жандардың бәрі дінсіз болуы тиіс 
деймін. Яғни олар азаттыққа өз күштерімен жетуі керек»
509

Франктың осы соңғы сөздеріне қарап, оның қараңғы көзқарасы мен 
Ағартушылық дәуірі рационалистері арасында байланыс құра аламыз. 
Оның Інжілін қабыл еткен Польша яхудилері өздері үшін қауіпті әлемде 
қорқынышты шарттарын түзету үшін өз діндерін ашықтан-ашық жеткіліксіз 
деп санайтын. Франк өлгеннен кейін франкизм анархизмнен көп нәрсені 
жоғалтып алды. Тек Құдайдың тірілуі ретінде Франкқа иланып және Шолем 
508
Бұл
да
сонда
509
Бұл
да
сонда


462
айтқандай, «құтылудың күшті, нұрлы сезімі» болып қана қалды
510
. Француз 
төңкерісін өздері үшін Құдайдың бір ишарасы ретінде көрді. Әлемді жаңадан 
құратын бір төңкерісті армандап, саяси қозғалыс үшін антиномианизмдерін 
бір шетке лақтырып тастады. Дәл осылай Ислам дініне кіргендердің көбісін 
жиырмасыншы ғасырдың басындағы ықпалды Джон түріктер құрады 
және оларды Кемал Ататүріктің зайырлы Түркиясы толығымен қабылдады. 
Сыртқы салттарға қарсы барлық саббатайшылардың дұшпандық көзқарасы 
қаланың сыртындағы лашық шарттарына қарсы бас көтеруі еді. Өткенге 
оралу, радикал дін сияқты көрінген саббатайшылық өздерін ескі жолдан 
құтқаруға және жаңа идеяларға оңай ұласуға жәрдем берді. Сырт көріністе 
Яхуди дініне адал болғандар, байсалды саббатайшылар, көп мәрте Яхуди 
Ағартушылығының (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет