Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет176/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Хаскалах
) жетекшісі болды. Әсіресе он тоғызыншы 
ғасырда Реформашы Яхудиліктің пайда болуында белсенді рөл ойнады. 
Осы жаңашыл 
маскилимдерде 
ескі мен жаңаның оғаш қоспасы ретінде 
көрінетін идеялар бар. Осы себептен шамамен 1800 жылдарда жазған 
прагалық Джозеф Вехте, Моисей Мендельсон, Иммануил Кант, Саббатай Цви 
және Исаак Лурияның өз қаһармандары болғанын айтты. Барлығы ғылым 
мен философияның бұралаң соқпағынан өтіп, өз жолын таба алмай жатты. 
Радикал христиан және яхудилердің мистикалық сенімдері бір кездері 
рухтың ең терең, ең алғашқы қатпарларына бойлағандықтан, жиіркенішті 
деп тапқан зайырлы ұстанымға қатысты еңбектерін жеңілдетті. Жаңадан 
енген кәпір Құдайы идеяларымен уланған балалары оларды толығымен 
тәрк етуін жеңілдетті. 
Яков Франк нигилистік Інжілін жетілдіріп жатқан кезде басқа Польша 
яхудилері өзгеше бір Мәсіхті тапты. 1648 жылдың сойқырғынынан 
бері Польшалық яхуди халқы Испаниядан сефардтардың сүргінге 
ұшырағанындай ахлақи құлдырауды бастан кешірді. Польшаның ең сауатты 
және рухани мәйегі яхуди отбасыларының көбісі өлтірілді немесе Батыс 
Еуропаның қауіпсіз жерлеріне көшіп кетті. Он мыңдаған яхуди жерінен 
айрылды және көпшілігі қаладан қалаға көшкен кезбелер болды. Әрдайым 
510
Бұл
да
сонда
, 136 
б



463
көз түрткі болып, жер аударылды. Қалған хахамдардың көбісінің сапасы 
төмен еді және сыртқы әлемнің шірік шындығынан қорғау үшін «жұмыс 
үйлеріне» [бет хамидраш] рұқсат етілді. Кезбе каббалистер Құдайдан 
айрылған Қарсы Жақтың, 
акхра ситра 
әлемінің шайтани қараңғылығын сөз 
қылған еді. Саббатай Цви оқиғасының да түңілу мен дағдарысқа үлес бар 
еді. Кейбір Украиналық яхудилер Ресей православ Шіркеуінде жайылған 
христиан пиетист қозғалысынан әсерленді. Яхудилер харизмалық діннің 
ұқсас түрін қалыптастыра бастады. Уәжд хәліне түскен, ойына келгенде өлең 
айтатын және дуа қылғанда қолдарын бұлғайтын яхудилердің хикаяларын 
түсіндіретін. 1730 жылдары осы уәждпен жаннан кешкен жандардың бірі 
осы жүрек діні яхудилерінің даусыз көсеміне айналды және хасидизм деп 
танылған мектепті құрды. 
Исраэль бен Элиезер ғалым емес-тін. Орманда қыдырғанды, өлең 
айтқанды және балаларға ертегі айтқанды, Талмұдты зерделеуді ұнататын. 
Әйелімен бірге Оңтүстік Польшаның Карпат тауларындағы бір лашықта 
кедей тұрмыс кешіп жатты. Бір кездері әк шығарып, көрші қыстақтың 
халқына сатты. Сосын әйелімен бірге керуенсарай ұстады. Соңында отыз 
сегіз жасында иман күшімен сырқаттарды жазатынын және жындарды 
қуатынын айтты. Шөп дәрілер, тұмарлар мен дұғалар арқылы ауыл мен қала 
тұрғындарының дерттеріне шипа тауып, Польшаның ауылдарын аралап 
жүрді. Осы кезде Құдай үшін сырқат емдейміз деп таласатын көптеген 
құшынаштар бар еді. Израил осылайша Баал Шем Тов, Киелі Есімнің Иесі 
болды. Ешқашан ресми дін қызметкері болмады. Жақтастары оны Хахам 
Израил Баал Шем Тов немесе жай ғана Бешт деп атай бастады. Бақсылардың 
көбісі сиқырмен жақсы таныс-тын, алайда Бешт сонымен бірге мистик те 
еді. Саббатай Цви оқиғасы оны Мәсіхшілікпен біріктірген мистицизмнің 
қауіпті екеніне сендірді және таңдаулылар үшін емес, керісінше, әркімге 
бірдей Каббализмнің ең ескі түріне қайтарды. Иләһи ұшқындардың жерге 
түсуін пәлекет санаудың орнына Бешт хасидтеріне оптимист жаққа қарауды 
үйретті. Бұл ұшқындар әлемнің әр бөлшегінде бар және бұл бүкіл әлемнің 
Құдайдың болмысымен толғанын білдіретін. Діндар яхуди күнделікті 
өмірдің ең ұсақ әрекетінен Құдайды ести алады. Тамақ ішіп-жегенде немесе 


464
әйелімен сүйіскенде Құдайдың күбірін сезеді. Өйткені иләһи ұшқындар 
барлық жерде бар. Сол себептен адамдар әрбір ескен желде немесе 
өсімдікте көрінген бір Құдаймен бірге жасайды. Яхудилердің өзіне сенім 
мен қуанышпен жақындауы Құдайдың қалауы. 
Бешт Лурияның әлемнің құтылуына қатысты үлкен жоспарларын бір шетке 
ысырып тастады. Хасидке тек қана адамның дара әлемінің бөлшектеріне – 
әйеліне, қызметшілеріне, заттар мен тамақтарға сіңген ұшқындарды қайта 
біріктіру міндеті жүктелген. Бешттің шәкірттерінің бірі Гилель Цейтлиннің 
түсіндіргеніндей; Хасидтің жалғыз өзінің адамдық ортасына қатысты 
жауапкершілігі бар. «Әр адам өз еншісіндегі әлемнің құтқарушысы. Нені 
көруі тиіс болса, оны көреді және тек жеке-дара нені сезінуі тиіс болса, 
соны сезінеді»
511
. Каббалистер мистиктерге айналып, әр жерде Құдайдың 
барлығын айыруға жарайтын бірігу тәртібін қалыптастырды. Он жетінші 
ғасырда Сафед каббалисінің түсіндіруі бойынша мистиктер жалғыз 
өздері отыруы тиіс, Тәураттан бастарын көтеруі тиіс және «басқаларының 
үстінен Шехинаның нұрын көруі тиіс. Бұл сәулені көз алдына бүкіл жерге 
жайылып бара жатқандай және соның ортасында отырғандай күйде 
елестетуі керек»
512
. Бұл иләһи сезім оларға бір тітіркену, масаңдық ішінде 
ләззат береді. Бешт жақтастарына бұл уәжд хәлінің айрықша жасырын 
таңдаулыларға тән емес екендігін, бірақ әр яхудидің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет