келипотты
босату үшін халқының ең терең киелі сеніміне
құрметсіздік етуі тиіс болды. Ол бұл міндеттің трагедиялық жүгін қабыл
етті және Құдайсыздар әлемін ішінен жаулау үшін ең терең қатпарларға
дейін түсті. Түркия мен Грекиядағы екі жүзге жуық отбасы Саббатайға адал
күйінде қалды. Ол өлгеннен кейін жамандықпен айқасты жалғастыру үшін
оның үлгі-жолын ұстануды шешті. Сөйтіп 1683 жылы жаппай Ислам дінін
505
Гершом
Шолем
, Sabbati Sevi (
Принстон
, 1973).
457
қабылдады. Үйлеріндегі жасырын синагогаларда бас қосып, хахамдармен
жақын байланысын үзбей, жасырын түрде яхудилікті ұстанды. 1689 жылы
көсемдері Абдулла Жақып (Якоб Куеридо) Меккеге қажылыққа барып
келді. Мәсіхтің жесірі Саббатай Цвидің Жақыптың кейпінде қайта тірілгенін
жария етті. Түркияда сырт кейіпте Исламды ұстанатын, бірақ жасырын түрде
яхуди дінінің талаптарымен жүріп-тұратын шағын
Оралу
тобы әлі өмір сүріп
келеді.
Басқа да саббатайшылар бұл тәсілге жүгінбесе де, Мәсіхтері мен
синагогаларына адал болып қалды. Осы жасырын саббатайшылар бір кездері
діндарлардан да көп сияқты көрінетін. Он тоғызыншы ғасырда Яхуди дінінің
либерал бағытын қабылдаған немесе өмір салтына айналдырған бірқатар
яхудилер аталарының арасынан саббатайшылардың шыққанына ұялатын,
алайда он тоғызыншы ғасырдың алдыңғы қатарлы хахамдары Саббатайдың
Мәсіх екеніне сенетін. Шолем бұл Мәсіхшіліктің яхудилікте ешқашан кең
ауқымды халық қозғалысына айналмаса да, оған қосылғандардың аз емес
екендігін алға тартты. Испандар христиан дініне кіруге мәжбүрлеген, бірақ
аяғында яхуди дініне оралған маррандар үшін мұның айрықша тартымды
жағы бар. Бұл қылмыс пен қайғысын жеңілдететін дін өзгерту ұғымы еді.
Фас, Балқан, Италия мен Литвада Сефард қауымдастығында саббатайшылық
дамыды. Реджолық Бенджамин (Вениамин) Кон мен моденалық Авраам
Рориго сияқтылар жасырын қозғалыспен байланыста болған таңдаулы
каббалистер еді. Мәсіхші секта Балқаннан, Шығыс Еуропаның өршіген
антисемитизмінен Польшадағы қажыған және сарқылған ашкеназ
яхудилеріне жайылды. 1759 жылы оғаш және сәтсіз қағидалар пайғамбары
Яков Франк мәсіхтерінің үлгісін ұстанып, жасырын Яхуди дініне адал бола
тұра, жаппай христиан дініне кірді.
Шолем христиан дінімен сәулелі бір ұқсастықты алға тартады. Шамамен
жүз алпыс жыл бұрын басқа бір яхуди тобы Иерусалимде ауыр жазаға
тартылып, өлтірілді. Масқара кейіпте Мәсіхке деген үміттерінен де бас
тарта алмады. Әулие Павелдің айқыш масқарасы деп атаған оқиғасының әр
бөлігі қайта келген Мәсіх масқарасы сияқты ауыр тиді. Осы екі жағдайда да
қағидалар ескісінің орнына келген жаңа яхудилік түрінің туғанын білдіретін.
458
Олар қисынға келмейтін сенімді қабыл етті. Крест соғысы жеңіліске
ұшырағанда жаңа бір тіршілікке енген Христиан сенімі Саббатайшылардың
дін өзгертудің киелі сыр екендігі туралы сенімдеріне ұқсайтын. Әрбір екі
топ та бір түйір бидайдың жер бетінде жеміс беру үшін шіритіндігіне сенді.
Көне Тәураттың өлгеніне және оның орнына жаңа Рух заңы келгеніне
иланды. Екеуі де Құдайға қатысты Үштік және Тірілу ұғымдарын жетілдірді.
Он жетінші және он сегізінші ғасырлардың көптеген христиандары
сияқты, саббатайшылар да жаңа әлемнің босағасында тұрғанына сенді.
Каббалистер әрдайым Құдайдың қуғын-сүргін кезінде көзден ғайып болған
шынайы сырларын ақыретте көрсететінін алға тартты. Мәсіх заманында
өмір сүріп жатқанынан иланған саббатайшылар сырт қарағанда осы
кәпір теологияны қабыл етуге мәжбүр болса да, Құдайға қатысты дәстүрлі
идеялардан жырақтаған сайын өздерін еркін сезінді. Осылайша Маррано
деген атпен туған және христиан теологиясын зерттей бастаған Авраам
Кардазо (1706 ө.) күнәларының кесірінен бүкіл яхудилердің дінін өзгертуге
мәжбүр екеніне сенді. Оларға берілген жаза осы. Бірақ Құдай Мәсіхке олар
үшін құрбан болуға рұқсат бере отырып, халқын осы қорқынышты үкімнен
қорғаған. Қуғын-сүргінде өткен сәттерде яхудилер шынайы діннің барлық
ұстынын жоғалтып алған деген үрейлі қорытындыға келді.
Ағартушылық дәуірінің теистері мен христиандары сияқты, Кардазо дінді
барлық жалған қоспалардан арылтуға және саф Киелі Кітап сеніміне қайтуға
талпынды. Бұл екінші ғасырда әлемнің жаратылысына жауапты қаһарлы
Яхуди Құдайынан Иса Мәсіхтің Жасырын Құдайын айырып, метафизикалық
антисемитизмді тудырған христиан гностиктерін еске салады. Енді Кардазо
бейсаналы түрде осы ескі идеяны жаңғыртты, алайда түгелдей теріс кейпінде
өмірге әкелді. Ол екі Құдай бар деп насихаттады: біреуі өзін Израилға
көрсеткен Құдай, екіншісі бәрі білетін Құдай. Әр өркениетте адамдар
бір Алғашқы Себептің барлығын дәлелдеді. Бұл – барлық мәжуси әлемі
табынған Аристотельдің Құдайы. Бұл Құдайдың ешқандай діни мәні жоқ:
әлемді жаратпаған және адамзатқа қатысы жоқ. Сондықтан ол Киелі Кітапта
өзін көрсетпеген. Ол туралы кітапта мүлдем сөз етпейді. Өзін Ибраһимге,
Мұсаға және пайғамбарларға көрсеткен екінші Құдай болса, мүлдем басқа.
459
Ғаламды жоқтан жаратқан, Израилды құтқарған осы Құдай. Сонымен бірге
қуғында жүргенде Саадия мен Маймонид сияқты философтар
Достарыңызбен бөлісу: |