Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет181/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

үмбетін 
жаңадан 
құруға тырысқан бір әрекетке кірісті. Кедейлік, жетім-жесірдің ауыр хәліне 
назар аударған жоқ. Ахлақсыздық пен пұтпарастықты аяусыз жаныштауды 
мақсат қылды. Мұсылмандарды түріктер емес, арабтар билеу керек деген 
ұранмен үлкен билеушілері Османларға қарсы 
жихадқа 
шықты. Хижаздың 
үлкен бір бөлігін Осман билігінен тартып алды. Түріктер бұл аймақты тек 
1818 жылы қайтара алды. 


472
Бірақ жаңа ағым ислам әлеміндегі бірқатар адамның санасын жаулап 
алды. Меккеге келген қажылар енді сопылықтан да таза әрі жанды көрінген 
жаңа діндарлықтан әсерленді. Он тоғызыншы ғасыр бойы уаххабилік 
ислам рухына үстем болды және сопылық бірте-бірте оғаш және бос сенім 
жағдайына түсті. Яхудилер мен христиандар сияқты мұсылмандар да 
мистикалық қиялдан кері шегіне бастады және діндарлықтың рационалистік 
түрін қабыл етті. 
Еуропада бірқатар кісі Құдай бізден жырақтап кетті деген сарында ой 
толғай бастады. Үлгілі өмір сүріп келген бір елдімекеннің діндары Жан Мелье 
1729 жылы атеист болып өлді. Артына өмірбаянын жазып қалдырды. Кейін 
оны Вольтер жұртқа таратты. Бұл өмірбаян Джонның адамзатты жек көріп, 
Құдайға иман келтірмегенін баяндайды. Мелье Ньютонның ұшы-қиырсыз 
кеңістігінің өлмейтін шындық екеніне сенді. Материалдан басқа еш нәрсе 
жоқ. Дін байлардың кедейлерді басып-жаншу мен оларды әлсірету үшін 
қолданылған құрал ғана. Христиандық Үштік пен Тірілу сияқты барынша 
күлкілі қағидалармен танылған. Құдайды жоққа шығару философтарға оңайға 
соқпайды. Вольтер әсіресе атеистер саласын бөліп алды және папаны теист 
деп санады. Ғасыр соңында шағын азшылық болып қалғанына қарамастан, 
өздерінің атеистігін мақтан тұтқан бірнеше философ бар еді. Бұл толықтай 
жаңа бір уақиға болды. Ол кезге дейін «атеист» дұшпанымызды айыптайтын 
жиіркенішті әрекет, балағат сөз ретінде айтылатын. Ал қазір мақтаныш 
қайнары ретінде көрініс тапты. Шотландия философы Дэвид Юм (1711 - 
1776) жаңа эмпиризмнен қисынды нәтижелерге қол жеткізді. Ақиқаттың 
ғылыми түсініктемесінің ар жағына үңіліп, сезімімізден тыс жатқан бір 
нәрсеге сену үшін философиялық себепке жүгінудің түкке де қажеті жоқ. 
Dialogues Concerning Natural Religion 
(«Табиғи дін туралы сұхбаттар») 
кітабында Юм жеміссіз тартыстарға сүйенгенін алға тартып, әлемдік тәртіп 
Құдайдың барлығын көрсетіп тұр деген дауға нүкте қойды. Табиғи әлемнен 
түйсінген мінсіз тәртіптің саналы бір Иені меңзеуі талқылауға тұрарлық, 
бірақ бұл жағдайда жамандық пен көзге ұрып тұрған жүйесіздік себебін 
қалай түсіндіре аламыз? Мұның ақылға қонымды бір жауабы жоқ. 1750 
жылы «Сұхбаттарды» жазған Юм қайта бұларды жариялаған жоқ. Шамамен 


473
жиырма ай бұрын француз философы Дени Дидро (1713 - 84) 
A Letter to the 
Blind for the Use of Those who See 
(«Көретіндердің пайдасына көрсоқырлар 
жайлы хат») еңбегінде осы сұрақты қайта қойғаны үшін түрмеге жабылды. 
Бұл кітапта ол халыққа атеизмді егжей-тегжейлі түсіндірді. 
Дидро өзінің атеист екенін жоққа шығарды. Тек Құдай ғана бар немесе 
жоқ деген ойдың өзін қызықтырмайтынын айтты. Вольтер кітабына қарсы 
шыққан кезде былай деп жауап берді: «Мен Құдайға сенемін, сөйте тұра 
атеистермен де араласа беремін... Ақжелек пен балдырғанды шатастырмау 
өте маңызды, бірақ Құдайға сеніп-сенбеудің еш мәні жоқ». Дидро мұқият 
назармен негізгі мәселеге таңбасын басты. Бір рет Құдай субъективті 
тәжірибе болудан қалса, «Ол» бар бола алмайды. Дидроның хатында 
ескерткені сияқты, дүние ісіне мүлдем араласпаған философтардың 
Құдайына сенуде мағына жоқ. Жасырын Құдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет