Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет182/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Deus Otiosus 
болды: «Құдай 
болсын-болмасын, Ол ең ұлық және жарамсыз шындық арасында тізімге 
кіреді»
523
. Дидро басында Паскальдың пікірін өте маңызды санап, салғырт 
қарау мүмкін емес десе, кейін оған кереғар көзқарасын жайып салды. 
1746 жылы жарық көрген 
Pensees Philosophiques 
(«Философиялық ойлар») 
кітабында Дидро Паскальдың діни тәжірибесі өте субъективті деп жоққа 
шығарды: Олар Құдай туралы жанталаса ізденеді. Бірақ оған қатысты алуан 
түрлі ойлары бар. Таңдауды қалай жасайды? Мұндай Құдай 
temperamentтен 
(мінез)
 
басқа дәнеңе де емес. Бұл мәселеде 
Соқырларға хат 
жазылмай 
тұрып, үш жыл бұрын Дидро ғылымның, тек қана ғылымның атеизмді 
құрдымға жіберерлік қауқары барына сенетін. Жүйеге қатысты шыққан 
дауға жаңа бір әсерлі түсініктеме берді. Әлемнің ауқымды қозғалысына 
қараудың орнына адамдарды табиғат құрылымының астындағы нәрселерге 
қарауға шақырды. Бір дәннің, көбелектің немесе бір шіркеудің организмін 
кездейсоқ туынды деу өте қиын. 
Pensees 
шығармасында Дидро ақылдың 
Құдайдың барлығының айғағы екеніне әлі сенетін. Ньютон діннің бүкіл 
бос сенімі мен бос сөздерінен құтылды. Мұғжизаға айналған Құдай типінің 
балаларымызды қорқытатын күштерден айырмашылығы жоқ деді. 
523
Майкл
Ж

Баклиден
үзінді
, At the Origins of Modern Atheism (
Нью
Гаван
мен
Лондон
, 1987), 225 
б



474
Әйтсе де, Дидро үш жылдан кейін Ньютон сияқты күмәнге түсті және 
сыртқы әлем Құдай үшін бір дәлел бола алады деген сеніміне селкеу түсті. 
Жаңа ғылымға Құдайдың ешбір қатысы жоқ екенін айқын көрді. Бірақ 
мұндай төңкерісшіл және арандатушы идеяны тек әдеби-қиялы сөздермен 
сипаттауға болады. 
Көр соқырларға хатында 
Дидро «Холмс мырза» деп 
атаған Ньютон ілімінің ойдан шығарылған жақтаушысы мен сәби кезінде су 
қараңғы соқыр болған Кэмбридждік математик Николас Саундерсон (1682 
- 1739) арасында өтті деген бір пікірталасты қағазға түсірді. Саундерсон 
Холмстан кейбір «жыртқыштар» мен өзі сияқты апат құрбаны болған, бірақ 
ақыл мен жақсылықтан басқа нәрсе көрсетпеген жандармен жүйе туралы 
көзқарасын қалай бітістіре аламын деп сұрайды: 
Холмс мырза, осы бір шым-шытырық, үнемі құртып-жоюға бейім өзгеріс 
шеңберлеріне тәуелді әлем дегеніміз не нәрсе өзі? Бірінен кейін бірі көрініп, 
зуылдап өте шығатын тізбекті жаратылыс жалт етіп шығып, көзден ғайып 
болып жатыр. Бұлар тек өткінші жүйе мен бір сәттік тәртіптің көрінісі ғана
524

Ньютонның Құдайы мен қисапсыз дәстүрге тәуелді христиан Құдайы 
болып біткен барлық нәрсе үшін толықтай жауапты, жындылық қана емес, 
қорқыныш себетін бір идея. Қазір де түсіндіруге тіліміз жетпеген нәрселерді 
тәпсірлеу үшін Құдайды әкелеміз. Бұл оған мойынсұнуымыздың сәтсіздікке 
ұшырағанын білдіреді. Дидроның Сондерсоны «Сүйікті досым Холмс мырза, 
надан екеніңізді мойындаңыз» деп бітіреді. 
Дидро бір Жаратушының керегі жоқ деген көзқарас ұсынады. Материя 
Ньютон мен протестанттар ойлағандай ырықсыз, құнсыз нәрсе емес. Оның да 
ережеге бағынған динамикасы бар. Көзбен көргенімізді ойлай алсақ, демек, 
санаға сәуле бітірген иләһи механизм емес, бұл материяның қағидасы. 
Дидро Спинозадан бір қадам алға шықты. Жүйені жүргізген Құдай емес, 
табиғат демей, Құдай жоқ, табиғат қана бар деп жариялады. Бұл мәселеде 
ол жалғыз емес-тін. Абрахам Трэмбли мен Джон Турбевилл Нидхем сияқты 
ғалымдар биология, микроскопия, зоология, табиғат тарихы мен геологияда 
524 «A letter to the Blind for Those Who See», (
ауд

жар
.) 
Маргарет
Йордайн
, Diderot’s Early Philosophical Works (
Чикаго
, 1966), 
113-114 
б



475
жорамал ретінде айтылып жүрген көбеюші материя принципін тапты. Сөйтсе 
де, Құдаймен байланысын үзуге талпынғандар саны әлі аз еді. Гольбах Поль 
Гейнрих (барон д’Ольбах) (1723-1789) салонына келушілер, яғни философтар 
да емін-жарқын сұхбат құруды ұнатқанымен, атеизмді ашық қолдаған жоқ. 
Осы тартысты идеяның жемісі ретінде Гольбахтың атеизм материализмінің 
Інжілі ретінде танылған «Табиғат жүйесі немесе табиғи және рухани әлем 
заңдары туралы» (1770) кітабы жарық көрді. Табиғат таңғажайып қасиеттен 
ада. Гольбах айтқандай, «бірақ толассыз бірінен екіншісіне өткен себеп пен 
салдардың шексіз тізбегі бар»
525
. Бір Құдайға илану – абыройсыздық және 
шынайы тәжірибемізден бас тарту деген сөз. Бұл – әсіресе үмітсіздіктің де 
қайнары. Адамдар бұл дүниедегі тіршілік трагедиясына басқаша жұбаныш 
таба алмағандықтан, дін Құдайларын жаратты. Адамдар қорқыныш пен 
қазадан құтылу үшін шымылдық артындағы «төрешіге» ұнауға тырысты. 
Жаңсақ бақылайтын сезімді орнату үшін философия мен діннің көрсеткен 
тәтті түсіне жұбанды. Аристотель жаза басты. Философия білімге деген 
құштарлықтың қорытындысы емес, қайғыдан қашу үшін жүгінген қорқақ 
бір сағыныштың нәтижесі ғана. Осы себептен кемел, көзі ашық адам діннің 
босағасынан, яғни надандық пен үрейден аулақ тұруы тиіс. 
Гольбахтың өзі Құдай баянын жазып көрді. Алғашқы адамдар табиғат 
күштеріне табынған. Ілкі анимизмде бұл дүниенің арғы жағы, яғни ақырет 
жайы сөз болмайды. Адамдар сол себептен оны қабыл еткен болуы мүмкін. 
Олар күнге, жел мен теңізге адами сипат беріп, кісі бейнесінде Құдайлар 
жасай бастаған кезде құлдырай берді. Ақырында осы Құдайлардың бәрін 
қайшылық пен елеске толы бір Құдайға тоғыстырды. Ғасырлар бойы ақындар 
мен дінтанушылар үш қайнаса сорпасы қосылмайтын нәрселерді дию 
сияқты бір жерге жинап, ақылға сыймайтын адам қиялын жаратты. Адамдар 
Құдайды мүлдем көре алмайды. Бірақ ақыр аяғында адам кейпіндегі 
болмысты өсіріп, өсіріп келіп, санадан тыс бір бейнені жасап шықты. 
Тарих Құдайдың құдіреті мен мейірімін бітімге келтірудің мүмкін емес 
525
Поль
Генрих
Дитрих

Барон
де
Гольбах
, The System of Nature: or Laws of the Moral and Physical World, 
ауд

Х

Д

Робинсон
, 2 
том
(
Нью
-
Йорк
, 1835), 
i
, 22 
б



476
екендігін көрсетті. Өйткені бұл идея енді жарамайды. Құдай идеясын 
бөлшектеп тастау керек. Философтар мен ғалымдар оны қорғау үшін қолдан 
келгенінше жанталасты, бірақ ақындар мен теологтардан асып түсе алмады. 
Декарт дәлелдеген 
«hautes perfections» 
(кең көзқарас) оның өз қиялының 
жемісі ғана. Ұлы Ньютонның өзі «сәбилік сенімінің тұтқыны» ғана. Ұшы-
қиырсыз кеңістікті ашқан және тек 
«un humme puissant» 
(Қадыр) құлдарына 
үрей сепкен, оларды тұтқын етіп ұстаған иләһи деспот, іске алғысыз бір 
Құдайды жасап шықты
526

Қалай болғанда да, ағартушылық адамзатқа өзін осы сәбиліктен 
құтқаруға мүмкіндік берді. Ғылым діннің орнына жайғасты. «Егер табиғатқа 
қатысты надандық Құдайларды тудырса, табиғат ғылымының оларды жоқ 
қылуын күтеміз»
527
. Ұлы ақиқат та, белгілі үлгілер де, үлкен түсінік те жоқ. Тек 
табиғаттың өзі ғана бар. 
Табиғат жаралған нәрсе емес; өз-өзінен бар болған құбылыс. Барлық 
нәрсе соның қойнауында өтеді. Ол құрал-сайман толы үлкен бір зертхана. 
Өзінің қозғалысы үшін қажетті жабдықтарды жасайды. Оның барлық нәрсені 
өзінің энергиясынан жаратып, әрекет берген. Сондықтан себептердің 
нәтижесі сол ғана
528

Құдай іске алғысыз ғана емес, түбегейлі зиянды. Ғасыр соңында Пьер-
Симон де Лаплас (1749-1827) Құдайды физикадан алып тастады. Ғаламшар 
жүйесі бірте-бірте суынған күннен шыққан сәулеге ие. Наполеон одан 
«Мұны кім жаратқан?» деп сұраған кезде Лаплас жай ғана 
«Бұл болжамға 
мұқтаж емеспін» 
деп қысқа қайырды. 
Таухид діндері ғасырлар бойы Құдай бөлек болмыс емес деп табандап 
тұрды. Ол бастан кешірген басқа құбылыстар сияқты емес. Сонымен бірге 
Батыста христиан теологтары Құдай туралы айтқанда, ол шынымен де бар 
деуді әдетке айналдырған еді. Олар Құдайдың қандай да бір нәрсе сияқты 
сыннан өткізуге немесе сырын ашуға болатын объективті шындық екенін 
526
Бұл
да
сонда

ii
, 227 
б

527
Бұл
да
сонда

i
, 174 
б

528
Бұл
да
сонда

ii
, 232 
б



477
дәлелдеу үшін жаңа ғылымның жалына жармасты. Дидро, Гольбах пен 
Лапластың бұл әрекеті тек зиянға шықты. Олар шектен шыққан мистиктермен 
бірдей қорытындыға келді. Сыртта ешқандай нәрсе жоқ. Басқа ғалымдар 
мен философтардың «Құдай өлді!» деп жеңімпаз адамдай жаһанға жар 
салған сәтіне де жуықтап қалған сәт еді бұл. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет