Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет180/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

херкестің 
Құдайды көңіл көзімен көре алатынына иланды. Хабад 
мистикалық таңдаулы топқа арналмаған. Адамдар рухани қабілеттен ада 
сияқты көрінсе де, ағартушылық дәуірін жүзеге асырды. Бұл өте қиын іс. 
Лубавичтік хахам Дов-Бердің (1773-1827) Залманның ұлы 
Tract on Ecs
-
tasy 
(«Уәжд туралы рисала») кітабында айтқандай, адам өз кемшілігін 
қайғымен түйсіне бастады. Жалғыз рационалистік идея жетпейді. Өзінің 
жан дүниесінің шешімін табу, Тәуратты оқу және дұғамен жүріп отыруы 
тиіс. Әлемге қатысты интеллектуалдық және креативті соқыр сенімімізді 
тастау оңай емес. Көп адам ескі әдеттерін тәрк етуге құлықсыз. Бір рет осы 
менмендіктің ар жағына өткен Хасид Құдайдан басқа шындық жоқ екенін 
түсінді. 
Фәна 
хәлін бастан өткерген сопы сияқты, Хасид уәждті меңгере 
алады. Баер жанынан кешкен хәлін былай деп түсіндірді: «Бүкіл болмысқа 
қараса, артта бір нәрсе қалмас және өзінің санасы да жоқ»
522
. Хасидке өзінің 
мәйегіне жеткенге дейін бірте бірте өзінің жан дүниесінің ең тереңіне түсуді 
үйреткен Хабадтың қағидалары Каббаланы психологиялық шешім мен өзін 
тану құралын жасады. Ондағы жалғыз ақиқаттың Құдай екендігін ұқты. Сана 
ақыл мен символды қолданып, Құдайды таба алады, бірақ бұл философтар 
мен Ньютон сияқты ғалымдардың объективті Құдайы емес, толықтай өзінен 
бөлінген субъективті ақиқат еді. 
Он жетінші және он сегізінші ғасырлар саяси және қоғамдық саланың 
теңселісін көрсеткен барынша ащы және тебіреністі рухани кезең болды. 
Бұл кезде мұсылман әлемінде салыстыруға болатын еш нәрсе жоқ еді
шынайы Батыстық үшін бұлай деп сенімді сөйлеу қиын. Өйткені он сегізінші 
ғасырдағы ислам философиясы көп зерттелмеген. Батыс зерттеушілері 
тартымды емес деп, оны бір жаққа ысыра салды. Еуропа ағартушылық 
дәуіріне аяқ басқанда ислам діні арта қалды деп ұйғарды. Соңғы кездері 
522
Бұл
да
сонда
, 196 
б



471
бұл көзқарас салмақсыз деп сынға ұшырады. Англия 1767 жылы Үндістан 
билігін қолға алса да, Батыстың жекпе-жекке шақырып жатқаны мұсылман 
әлемінің әлі қаперінде емес еді. Дели сопысы Шах Уалиуллаһ (1703-1762) 
бәлкім, жаңа рухты түсінген алғашқы адам еді. Ол мәдени жаһандануға күмән 
келтірген, дегенмен мұсылмандардың мирасын қорғау үшін бірігетініне 
сенген ықпалды ойшыл еді. Шиитларды ұнатпаса да, сүннилермен ортақ бір 
жол табуы керек деп санайтын. Үндістанның жаңа шарттарымен үйлестіре 
түсу үшін шариғатты жаңартуға тырысты. Уалиуллаһ отаршылдықтың соңы 
немен бітетінін сезіп білгендей еді. Оның ұлы Англияға қарсы 
жиһадқа 
бастайтын еді. Діни ойлары өте радикал және Ибн әл-Арабиді жан-тәнімен 
қолдайтын. Адам Құдай жәрдем етпесе, бүкіл жасырын күшін жетілдіре 
алмайды. Мұсылмандар діни мәселеде бай тарихынан әлі қуат алатын және 
Уалиуллаһ сопылыққа шабыт бере алатын үлкен идеал еді. Сонымен бірге 
әлемнің бірқатар өлкесінде суфизм іріп-шіріп бара жатты. Арабстандағы 
реформист қозғалыс он тоғызыншы ғасырда мұсылмандардың Құдайды 
танытқан мистицизмнен жырақтағанын білді. Батыс исламды жекпе-жекке 
шақырды. 
Он алтыншы ғасырдың христиан реформистері сияқты Араб түбегінде 
Нәждтен шыққан құқықты Мұхаммад ибн әл-Уаххаб (1784 ө.) Ислам дінін 
бастапқы саф күйіне әкелуді және кейінгі қоспалардан арылтуды көкседі. 
Ол мистицизмнің бітіспес дұшпаны еді. Сопы ерендері мен шиит имамдары, 
тірілу теологиясының бүкіл кеңестері күресінге атылды. Ол Мәдинадағы 
пайғамбардың мазар культіне де қарсы еді. Ешбір адам қанша нұр шашып 
тұрса да, Құдай махаббаттын өзіне бағыттамауы тиіс. Әл-Уаххаб Орта 
Арабстанда ұсақ бір князьдықтың билеушісі Мұхаммед ибн Саудты сеніміне 
енгізіп, екеуі бірге пайғамбар мен сахабаларының алғашқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет