Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет167/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Киелілік Үйірмесі
ретінде танылған бір қауымдастық құрды. 
Қатал тәсіл мен қағидаға сүйенетіндіктен, үйірме мүшелері 
методистер 
деп аталды. 1735 жылы Джон мен Чарльз миссионер болып, теңіз жолымен 
Америкадағы Джорджия қонысына кетті; алайда Джон екі жылдан кейін өте 
өкінішпен қайтып оралды, күнделігіне былай деп жазды: «Үндістерді өзгерту 
үшін Америкаға кеттім; бірақ менің өзімді кім өзгертеді?»
484
. Сапар кезінде 
Уэслилерге кез келген доктринадан бойын аулақ салып, діни сенімді жанның 
қалауы деп түсінген морав бауырластығы сектасының миссионерлері қатты 
әсер етті. 1738 жылы Лондонның Ольдерсгейт көшесінде орналасқан бір 
шіркеудегі морав бауырластығының мәжілісінде Джонның көзқарасы күрт 
өзгеріп шыға келді. Енді ол Англияда жаңа христиандықты уағыздау үшін 
өзіне Құдайдың айрықша миссия жүктегеніне сенді. Осы сәттен бастап ол 
ізбасарларымен бірге ел ішін аралап, егіс алқаптарында және базарларда 
жұмысшылар мен шаруаларға насихат жүргізді. 
Уэслидің ілімінде «қайта туу» маңызды орын алды. Адамның санасымен 
сезінген «Құдайдың әр баласын шапағат, мейірім және бейілмен сүюін 
табиғи және бір қарағанда мәжбүрлі еткен» «Құдай үшін 
мәңгілік 
сүйіспеншілік қарыздарлығы» мен христианды толтырған «адам рухындағы 
Құдайды үнемі еске алу» тәжірибесі «шынымен өте қажет» еді
485
. Құдайға 
қатысты қағидалар жарамсыз әрі кез келген сәтте бұзылуы мүмкін. Исаның 
сөзінің діндарларды психологиялық әсерге бөлеуі діннің дұрыстығының 
ең жақсы дәлелі. Пуританизмдегі сияқты сезімге сүйенген дін тәжірибесі 
дұрыс сенім мен құтылудың жалғыз айғағы болады. Алайда мистицизмді 
484
Шервуд
Элиот
Вирттен
үзінді
, (
жар
.) Spiritual Awakening: Classic Writings of the eighteenth century devotions to inspire and help 
the twentieth century reader (
Тринг
, 1988), 9 
б

485
Альберт
С

Аутлер
, (
жар
.) 
Джон
Уэсли
: Writings, 2 
том
(
Оксфорд
пен
Нью
-
Йорк
, 1964), 194-196 
б



441
бәрі үшін қолдану қауіпті болуы мүмкін. Мистиктер рухани жолдардың 
қауіптерін әрқашан тілге тиек етіп, ескертіп отырған. Татулық пен көңіл 
тазалығы шынайы мистицизмнің белгілері. Бұл жаңадан туған христиандық 
квакерлер мен шекерлердің жантөзгісіз иләһи сезімдері сияқты құтырған 
мінезді тудыруы мүмкін. Әсіресе үмітсіздік сезіміне де жол ашты: Ақын 
Уильям Каупер (1731-1800) Құдай мені кешірмеді-ау деп сезінген кезде осы 
сезім кемшілігінің өзінің қарғыс атқандығының белгісі деп санап жынданып 
кетті. 
Жүрек дінінде Құдайға қатысты қағидалар іштегі сезімді түсіндірумен 
орын ауыстырды. Сондықтан Саксониядағы баспаналарда отырған бірнеше 
діни қауымдастықтың қорғаушысы граф фон Цинцендорф Уэслидің 
ойларына ұқсас толғамдарын алға тартты: «сенім ойларда немесе бастың 
ішінде емес жүректе, жүректе жанған бір нұр»
486
. Ғалымдар «Үштіктің 
сыры жайлы мылжыңдай» беруі мүмкін бірақ қағиданың мәні үш Кісінің 
бір-бірімен байланысы емес, «олардың біз үшін Кім екендіктері»
487

Иса «жүректің патшасы» болған кезде Тірілудің христиан кісінің қайта 
тууындағы сырын түсіндіреді. Руханияттың мұндай сезімтал түрі Исаның 
киелі жүрегі арқылы Рим католик шіркеуін де жайлады; тіпті өздерін де 
тіксіндіретіндей артық сезімталдығымен күмәндандырған иезуиттер мен 
қолданыстағы тәртіптен басқа бір жерге қоятын еді. Бүгін де бұл жалғасын 
тапты: Көптеген Рим католик шіркеуінде жалын алауы шарпыған жүректі 
көрсету үшін көкірегі ашық Иса мүсіні тұрады. Франциядағы Паре-ле-
Моньяль монах әйелдер монастырындағы Маргарет Мари Алакоктың (1647 - 
1690) алдында ол бір кездері тап осы сұлбасымен көрінген еді. Исаның бұл 
сұлбасы мен Інжілдердің батыл кейіпкерінің арасында еш ұқсастық жоқ еді. 
Өзіне өзі аяушылық танытып, ыңырсып жатқан Иисус ақылды ұмытып, тек 
жүрек лүпіліне сенген жанның басына төнетін қауіп-қатерді бейнелейтін 
еді. 1982 жылы Маргарет Мари Үлкен пост (ауыз бекіту) қарсаңында Исаның 
өзіне көрінгенін былай деп еске алды: 
486
Пеликан
, Christian Doctrine and Modern Culture, 125 
б
.
487
Бұл
да
сонда
, 126 
б



442
Жара мен ірің қаптаған. Қасиетті қаны әр жерінен ағып жатты: «Ешкім», 
деді қайғылы және мұңды дауыспен, - «Маған жаны ашымасын және мейірім 
көрсетпесін және қайғыма ортақ болмасын, әсіресе осы сәтте, күнәһарлар 
мені аянышты жағдайға түсірген кезде»
488

Жыныстық қасиетті ойлаудың өзінен жиіркенгенін мойындаған, 
ретсіздіктен азап тартқан және Киелі жүрекке деген «махаббатын» дәлелдеу 
үшін ауру мазохистік күйге түскен барынша невротик әйел Маргарет Мари 
жүрек дінінің жалғыз өзінің қалай соға алатындығын көрсетті. Киелі жүректі 
ешқашан басындан өткермеген махаббатын өтеген Исасы бір қалауға қол 
жеткізуден басқа ештеңе емес: «Мәңгілік оның сүйікті шәкірті болуға тиіссің, 
Оның зауқының ойыншығы мен қалауының құрбаны» дейді оған Иса. «Ол 
бүкіл тілектеріңнің бір зауқы; Ол сенің кемшілігіңді толықтырып, оларды 
түзетеді, саған жүктелген міндеттерді орындайды»
489

Адамды тек Исаға апарып тіреу – мұндай софистикалық ұғымдағы 
христианның невротикалық менмендікті ішіне қамаған қарапайым бір 
көрінісі. 
Ағартушылықтың тыныш рационализмінен барынша алыс екендігіміз 
ашық және жүрек дінімен, ең жақсысынан теизм арасында бір байланыс 
бар еді. Кант, мәселен, Кенигсбергте пиетистер ортасында тәрбиеленді; айта 
кетерлігі, ол Цинцендорфтың да қатысы бар лютерандық секта болатын. 
Канттың жәрдемсіз ақылдың шектері ішінде бір дін үшін кеңестері 
пиетизмнің «мәртебелі шіркеудің қағидаларында киелі болып қабылданған 
уахиден шықса, рухтың өз құрылымы ішінде құралған» дін үшін табан тіреуіне 
жақын еді
490
. Дінге радикал көзқараспен таныс болғанда Канттың пиетист 
қызметшілеріне өзінің тек «сенімге жол ашу үшін догманы жойғанын» айтып, 
оның сеніміне жаңадан ие болғаны айтылады
491
. Джон Уэслиді ағартушылық 
488
Джордж
Тикель
СЖ
-
ден
үзінді
, The Life of Blessed Margaret Mary (
Лондон
, 1890), 258 
б

489
Бұл
да
сонда
, 221 
б

490
Самуэль
Шау
, Communion with God, 
Альберт
С

Аутлерден
үзінді
, «Pietism and Enlightment: Alternatives to Tradition» 
Льюис
Дурпе
мен
Дон
Э

Салиэрс
жариялаған
Christian Spirituality: Post Reformation and Modern 
кітабында
(
Нью
-
Йорк
жəне
Лондон
, 1989), 
245 
б

491
Бұл
да
сонда
, 248 
б



443
арбап алды. Ол әсіресе еркіндік мақсатына жылы қарайтын. Білім және 
технологиямен, электр тәжірибелерімен әуесқойлықпен айналысып, 
адам құрылымы мен дамудың ықтималдығына қатысты Ағартушылықтың 
оптимизмін бөлісетін еді. Америкалық ғалым Альберт Аутлер жүректің 
жаңа діні мен Ағартушылық рационализмінің екеуінің де тәртіпке қарсы 
екендігін және сыртқы әмірлерге сенбегендіктерін көрсетті. Екеуі де өздерін 
ескілерге қарсы замандастардың жанына қойған және адамсыздыққа 
деген жеккөрініш пен адамсүйгіштік сүйіспеншілігін бөлісетін. Расымен де 
радикал діндарлық христиандар сияқты яхудилер арасында да тамыр жаюы 
үшін ағартушылықтың мақсаттарына толықтай жол ашқандай көрінеді. Бұл 
шектен шыққан әрекеттердің кейбіреулерінде назар аударуға тұрарлық 
ұқсастық бар. Бұл секталардың көбісі діни тыйымдарды құлату арқылы 
сол кезеңнің үлкен өзгерістеріне жауап берген сияқты еді. Кейбіреулері 
адасқан ағым ретінде танылды, енді біреулері расымен де ет пен сүйекке 
кіріккен Құдай екенін алға тартып, кейбіреулері атеист деп аталды. Бұл 
секталардың көбісі Мәсіхші көзқараста еді және толығымен жаңа әлемнің 
жақын екендігін жариялады. 
Әсіресе 1649 жылы І Чарльздың өлімінен кейін Оливер Кромвельдің 
Пуритан үкіметінің қол астындағы Англияда уахи толқыны бас көтерді. 
Пуритан өкілдері Құдай күнінің жақын екендігіне сенген көбісі қарапайым 
адам арасында және әскерде шыққан діни радикализмді ауыздықтаудың 
қиын екенін ойлайтын еді. Құдай рухын барлық адамдардың үстіне Інжілде 
уәде еткеніндей жаудырады және патшалығын міндетті түрде Англияда 
құрады. Бұл пуритандардың 1620 жылы Жаңа Англияда орналасқандары 
сияқты, Кромвельдің өзі де осындай үмітпен жұбаныш тапқан сияқты еді. 
1649 жылы Джерард Уинтсенли, Кобхэм маңында (Суррей графтығы) «Di
-
gger» жамағатын құрды, адамзатты Адамның Жәннат бағындағы хәліне 
жеткізуді шешті. Бұл жаңа қоғамда жекеменшік мүлік, тап айырмашылығы 
мен адам билігі болмайды. Алғашқы квакерлер Джордж Фокс, Джеймс 
Нейлор мен жақтаушылары барлық еркек пен қатындардың Құдайға 
тікелей байланыса алатындығын уағыздады. Әр кісінің ішінде бір Ішкі сәуле 
бар және ол бір рет ашылып, азық берілсе, әркім тап немесе жағдайына 


444
қарамай, осы әлемде-ақ құтылып шығар еді. Фокстың өзі татулықты, күш 
көрсетпеу мен Достар жамағаты үшін түбегейлі теңдікті уағыздады. Еркіндік, 
теңдік пен бауырластық үміті Париж халқы Бастилияда төңкеріске шықпай 
тұрып, шамамен 140 жыл бұрын Англияны шарпыған еді. 
Бұл жаңа діни рухтың ең жоғарғы үлгісінің орта ғасырдың соңғы 
кезеңінде Азат рухтың бауырлары деп танылған адасқандармен ортақ 
тұстары көп еді. Ағылшын тарихшысы Норман Конның “Мыңжылдық қуғын-
сүргіні: революционер-милленарийлер және орта ғасырдың мистикалық 
анархистері” шығармасында түсіндіргеніндей, бауырлар бірҚұдайші 
дұшпандары тарапынан пантеизммен айналысады деген айып тағылды. 
Мыналарды сөйлеуден қайтпайды: «Құдай бәрі, бәрі бұл», «Құдай қалай 
раббанидің нанында бар болса, дәл осылай әрбір тастың ішінде және 
адам ағзасының әр бөлігінде». «Жаратылған әрбір нәрсе киелі»
492
. Бұл 
Плотиностың көзқарасының жаңадан түсіндірілуі еді. Әр нәрсенің өлмейтін 
негізі Бірден шыққан, киелі еді. Әрбір жаратылыс иләһи бастауына оралуды 
көксейді және ертелі-кеш Құдайдың ішінде жаңадан суарылады. Үштікті 
құрайтын үш Кісі де ақыр аяғында Асыл Бірлікпен бірігеді. Құтылуға адамның 
киелі сипатының осы әлемде танылуы арқылы қол жетеді. Бауырлардың бірі 
жазған бір тезис Рун өзені жанындағы қылует бөлмесінен табылды: «Құдай 
заты менің затым және менің затым Құдайдың заты». Бауырлар қайта-қайта 
жаңартатын: «Әрбір ақыл иесі өзінің табиғи киесі ішінде»
493
. Бұл адамзаттың 
шегінен асуға құштар бір сағыныш ретінде мұндай философиялық қағида 
емес-тін. Страсбург епископы айтқандай, бауырлар «ешбір айырмашылық 
іздемей, туғаннан Құдай болғанын айтады, барлық иләһи пәктіктің өздерінде 
бар екеніне, ажалсыз және шексіз екеніне сенеді»
494

Конн Кромвельдің Англиясындағы квакерлер, левеллерлер мен 
рантерлер сияқты шектен шыққан үш христиан сектасының он төртінші 
ғасырдың еркін рух адасушыларының жаңадан оянуы екендігін алға 
492
Норманн
Конн
, The Pursuit of the Millenium, Revolutionary Millenarians and Mystical Anarchists of the Middle Ages (
Лондон

1970), 172 
б

493
Бұл
да
сонда
, 173 
б

494
Бұл
да
сонда
, 174 
б



445
тартады. Саналы ояну емес еді, әлбетте, бірақ бұл он жетінші ғасыр 
әуесқойлары бір-бірлерінен тәуелсіз түрде пантеист көзқарас ұстанды; 
Спинозаның дөрекі түсіндіргені сияқты, мұны философиялық пантеизмнің 
топтарға қолданылуы ретінде көрмеу қиын. Уинстенли басқа радикалдар 
сияқты, сенімін үғымдық терминдермен ашық көрсетуде құлықсыз болса 
да, ұлық Құдайдың барлығына ешқашан сенбеуі мүмкін. Бұл төңкерісшіл 
мәзхабтардың ешбірі тарихи Иса жүзеге асырған өтем үшін құтылу 
борыштары бар екеніне шынымен сенген жоқ. Олар үшін маңыздысы 
Иса, Киелі Рухтан айрылуы қалай болғанда да, мүмкін емес қауымдастық 
мүшелері арасында жайылған бір болмыс. Құдайға жақындаудың негізгі 
құралының әлі бақсылық екендігінде және Рух тарапынан келген тікелей 
шабыттың іргелі діндерді үйренуден де жоғары екендігі турасында бәрінің 
пікірі бір жерде тоғысты. Фокс квакерлеріне грек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет