Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет158/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Les 
Meteores 
(«Аққан жұлдыздар») атты зерттеуінің алғысөзінде «басымыздан 
өтіп жатқан нәрселерге біздің деңгейімізде немесе төменгі жағымызда 
болғандардан да артық таң қалудың
466
» біз үшін табиғи екендігін тілге тиек 
етті. Сол себептен шайырлар мен суретшілер бұлттарды Құдайдың тағы 
деп бейнеледі, Құдайдың өз қолымен бұлттардың үстіне шық себелегенін 
немесе қия жартастарға найзағай атқанын қиялымен сипаттады. 
Бұл мен бұлттардың құрылымын сипаттасам, оларда көрінетін нәрселерге 
немесе олардан түсетін нәрселерге таңғалуға себеп қалмайтындығы, 
сол сияқты жердің үстіндегі таңданыс сезімін ең қатты оятатын нәрсенің 
себептерін табу мүмкіндігіне оңай сену үмітіне әкетеді. 
Декарт бұлттарды, желдерді, шық пен найзағайды айтқаны сияқты, 
«қандай да бір мұғжиза себебін» жою үшін маңызы жоқ табиғи құбылыстар 
деп сипаттайды
467
. Сонымен қатар Декарттың Құдайы дүние істеріне 
араласпайтын философтардың Құдайы болатын. Ол Өзін қасиетті мәтіндерде 
сипатталған мұғжизаларда емес, өлмейтін заңдарда көрсететін еді: 
Les Me
-
teore 
шөлде көне Израил қауымын тойдырған рухани азықтың шықтың бір 
түрі екендігін де түсіндірді. Осылайша әртүрлі мұғжизалар мен мифтерге 
рационалистік түсіндірме беріп, Інжілдің растығын «дәлелдеуге» тырысқан 
мағынасыз бір теология саласы дүниеге келді. Мәселен, Исаның бес мың 
кісіні тойдыруы, адамдарды топтың ішінде ұялтып, сырларын әшкере қылуы 
әркім қалай ұғынса, солай түсіндіріліп келді. Игі ниетпен жасалса да, мұндай 
көзқарас Қасиетті Кітап түсіндірмесінің маңызды қыры ретінде танылған 
символикалық сипатын талдай алмайды. 
466 Rene Descartes. Discourse on Method, Optics, Geometry and Metereology, 
ауд

Паул
Ж

Ольскамп
(
Индианаполис
, 1965), 263 
б

467
Бұл
да
сонда
, 361 
б



422
Декарт Рим Католик шіркеуінің ережелеріне мойынсұну мәселесіне 
әрқашан мұқият қарайтын және өзін православ христианмын деп санады. 
Сенім мен ақыл арасында қайшылық көрмеді. «Әдіс туралы пайым»
 
кітабында 
адамзаттың 
бүкіл 
ақиқатқа жетуіне жол ашқан бір жүйенің бар екендігін 
алға тартты. Одан тыс түсіндірілетін бір нәрсе жоқ. Ең керегі, әр ілімге тәсілді 
қолдану еді. Осыдан кейін ғана шатасу мен надандығы сейілтетін жарамды 
білім шоғырының бөліктерін бір жерге әкелуге мүмкіндік туар еді. Құпия 
тылсым шым-шытырық жағдайға келді және бұрынғы рационалистер басқа 
құбылыстардан бөлуге тырысқан Құдай енді адам дүниетанымының ішіне 
кірді. Мистицизм шынымен де Реформацияның догмалық дағдарысынан 
бұрын Еуропада тамыр жаятын уақыт таппады. Сондықтан мистика мен 
мифологияда бой көрсеткен руханилықтың бұл түрі және атынан да көрініп 
тұрғандай, олармен құрған терең байланысы Батыстағы көп христиан үшін 
жат еді. Декарттың шіркеуінде де мистиктер аз болатын және олар туралы 
халық жағымсыз пікірде-тұғын. Болмысты діни тәжірибеге апарып тіреген 
мистиктердің Құдайы пікірлерді толығымен ми еңбегінің нәтижесі ретінде 
түсінген Декарт сияқты адамға барынша жат болатын. 
Құдайды өз механикалық жүйесіне дейін төменшіктетіп көрсеткен 
ағылшын физигі Исаак Ньютон (1642-1724) да христиан дінін мистикадан 
құтқару мәселесінде дәл осылай уайым шекті. Оның әдепкі сүйенгені 
математика емес, механика еді; өйткені бір ғалым геометрияны меңгермей 
тұрып, қатесіз сызуды үйренуі тиіс еді. Содан кейін өзінің, Құдайдың 
және табиғи әлемнің барлығын дәлелдеген Декартқа, керісінше, Ньютон 
физикалық дүниені түсіндіруге талпынысын жүйенің қажетті бір бөлігі 
ретінде Құдайдан бастады. Ньютонның физикасында табиғат толықтай 
ырықсыз еді: Құдай әрекеттің жалғыз қайнар көзі еді. Осылайша 
Аристотельдің түсіндіргені сияқты, Құдай тек қана табиғи, физикалық тәртіптің 
жалғасы еді: Атақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет