Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет186/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Phenomenology of Mind 
(«Рух феноменологиясы») (1807) атты еңбегінде әлемнің тіршілігіне қуат 
берген Сана идеясын дәстүрлі Құдайдың орнына қойды. Бірақ Каббаладағы 
сияқты Сана шынайы рух мен өз зердесімен өмір сүру үшін шектеулілік 
азабы мен қуғын-сүргінге де дайын. Тағы да Каббаладағы сияқты, Сана өз 
қуаты үшін әлем мен адамдарға тәуелді. Осылайша Гегель ескі таухид діндері 
– христиандық пен ислам дінінің де ерекше түсініктерін қорғап шықты. Бұл 
бойынша «Құдай» күнделікті шындықтан бөлек, жалғыз өзі әлемге артық 
етпейтін еді. Бірақ адамдар оны құпия күйге жеткізді. Блэйк сияқты ол 
да адамзат пен санасы шектеулі және шексіз құбылысты, өзін жетілдіру 
үрдісінде бір-бірлеріне тәуелді және түсіну оңай емес бір шындықтың екі 
жартысы ретінде көріп, бұл түсінікті диалектикалық сипатта түсіндірді. Бөтен, 
қалаусыз заңға бас иіп, жырақ Құдайды үйлестіруге талпынбай-ақ, Гегель 
Құдай негізінде адамзаттың бір қыры деген тұжырымға келді. Шындығында 
Гегельдің Сана әлемде көрініс тауып, әр жерде әзір-нәзір болу үшін өзін 
кенозиске 
босатады деген көзқарасы үш дінде жетілдірілген көрініс табуға 
қатысты ілімдермен барынша ортақ болып шығады. 
Гегель романтик, сонымен бірге ағартушы еді. Сол себептен елеске 
қарағанда, ақылға көп мән беретін. Сонымен бірге өзі аңғармастан, тарихи 
түсініктерге жүгінді. 
Файласуфтар
сияқты ақыл мен философияны ойдың 
символикалық сипатын артық санайтын діннен жоғары көретін. Тағы 
файласуфтар
сияқты диалектикалық үрдісті қолға түсіру ретінде көрсеткен 
дербес сана қызметінен Жаратушы туралы қорытынды шығарды. 


487
The World as Will and Idea 
(«Қалау мен идея сипатындағы әлем») кітабы 
жарық көрген 1819 жылы Берлинде дәрістерін Гегельдің дәрістерімен бір 
уақытқа қойған Артур Шопенгауэр Гегельдің философиясын оптимистік 
деп тапты. Шопенгауэр әлемнің функциясында Жаратушының да, ақылдың 
да, Құдай мен рухтың да үлесі жоқ деп сенетін. Инстинктіге сүйенген 
хайуани тіршілік қалауынан басқа ешнәрсе жоқ. Бұл керітартпа көзқарас 
романтизм қозғалысының ең қараңғы рухтарына қатысты айтылды. Бүкіл 
діни түсініктерден сонда да теріс айналмайды. Шопенгауэр Үнді діні мен 
Буддизм (және әр нәрсенің бос екенін тілге тиек еткен христиандардың) 
әлемдегі әр нәрсе бір иллюзия екенін алға тартқан кезде тұтас ақиқатқа 
ұласқанына сенді. Бізді құтқаратын Құдай болмағандықтан, тек қана өнер, 
музыка, бас тарту қағидасы мен махаббат бізге тыныштық сезімін дарытады. 
Шопенгауэрдің яхудилік пен исламды сынайтын уақыты болмады. Өйткені 
ол бұл діндерді қарабайыр және бір мақсатқа негізделген тарих көзқарасы 
деп санады. Осы арқылы өзінің жорамалын дәлелдеді. Осы ғасырда 
яхудилер мен мұсылмандар Құдайдың көрінісі ретінде қалыптастырған 
ескі тарихи көзқарастарын енді қорғаудың мүмкін емес екенін аңғарды. 
Көпшілік тарихтың иесі болған Құдайды енді мақұлдай алмайды. Бірақ 
Шопенгауэрдің құтылу көзқарасы яхуди мен мұсылмандардың адамдардың 
өздері үшін абсолютті бір мән сезімі тудырды деген түсінікке жақын еді. 
Адамдардың өз құтылуы жолында үлес қоспаған, бірақ өздерінен тыс 
бір Құдайға толығымен тәуелді деген мәнге келетін Құдайдың абсолютті 
үстемдігіне сүйенген протестанттық идеясымен де ешқандай ортақ тұсы 
жоқ еді. 
Мұндай ескі Құдай қағидалары қате және кемшін деп бірте-бірте 
жойылды. Даниялық философ Серен Кьеркегор (1813-1855) ескі наным-
сенімдер пұтқа айналғандығын алға тартты. Олар өздері үшін мақсат 
болып, Құдайдың киелі ақиқатының орнын алды. Шынайы христиан 
сенімін беймәлім бір әлемге, қаусаған сенімдер мен күні өткен мінез-
құлықтан жыраққа, әлемнің бір түкпіріне лақтырып тастаған. Сонымен 
қатар басқалары осы ғаламда адамзатты көгерту мен үлкен таңдау идеясын 
бітіруді қалады. Неміс философы Людвиг Фейербах (1804-72) танымал 


488


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет