Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Лекции

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы 
қорғау. 
Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен
 
бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. өйткені, 
халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сай, азаматтардың өз 
мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі – істі дұрыс шешудің ең әділ жолы 
ретінде қаралады.
Жеке адамның абырой мен қадір-қасиетін құрметтеу. 
Қазақстан
 
Республикасы Конституциясының 17-бабында былай деп жазылған: адамның 
қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық 
жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір 
көрсетуге болмайды. Осы конституциялық ереже қылмыстық процестегі жеке 
адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің негізін құрайды.
Адамның жеке басына тиіспеушілік. 
Бұл принциптің мәні адамның жеке
 
басының бостандығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы принципке арналған 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында оны қамтамасыз етудің 
мынадай кепілдіктері көрсетілген:
ҚРҚІЖК белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де 
қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде 
бас бостандығынан айыруға болмайды.
ҚРҚІЖК көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа 
шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың санкциясымен ғана қамауға алуға 
және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам прокурордың санкциясынсыз жетпiс 
екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған 
адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге 
мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. Күзетпен 
ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық 
мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесе соттың санкциясы 
бойынша жол берiледi.


әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен 
стр. 7 из 62
Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк 
келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу 
хабарланады.
Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға 
алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе 
үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға 
мiндеттi.
Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, 
қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекет жасауға болмайды.
Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу 
әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына тиiспеушiлiктi 
бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы 
ҚРҚІЖК тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi 
мүмкiн.
Өзiне қатысты жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, 
сондай-ақ қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның 
өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс. 
Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайда 
ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген зиян ҚР ҚІЖК-мен 
көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет