Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласы
2. https://egemen.kz
3. https://www.zakon.kz
4. http://workking.ru
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰЛТТЫҚ
САНАНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Даулетова Роза Кабышевна
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің дана сөзінің
маңыздылығы күннен - күнге артып келеді. Өйткені, әрбір білім алушы өз
жері мен оның байлығының иесі болу үшін ұлттық құндылықтарын сақтай
отырып, жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің
жолдарын да білуге тиіс. Егер қоғамның дамуы білімді де білікті адамдардың
жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл болашақ қоғам
мүшелеріне білім мен тәрбие беретін ұстаздарымыз тың идеялармен
қаруланған, жаңашыл болуы керек екені сөзсіз. Ұстаздарға тың идеяларымен
серпіліс беретін оны ұйымдастыратын мектеп басшысы. Білім мен тәрбие
жүйесі қоғам дамуымен бірге жаңарып келеді.
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің бүгіні мен жаңа әлем
көшбасшыларының қатарына қосылу үшін алға қойған маңызды міндеттерді
нақтылап берді. Білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштерінің нақты
бағдарламасы ретіндегі жолдаудың «Адами капитал - жаңғыру негізі» білім
саласындағы жетінші міндеті білім беру саласын дамыту бойынша маңызды
міндеттерді айқындап берді. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа,
білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің
122
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып,
бірнеше міндеттерді айқындап нақтылады. Оның ең негізгісі ұлттың терең
тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Тарихтың
белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді
табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы
«Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,
− екенін атап көрсетті. Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім
көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі –
ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың
болмайтындығы. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын
өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея – болашақ
пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау.
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті
сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Рухани
байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке
тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Ұлттық
құндылықтарымызды жаңғырту арқылы жас ұрпақтың санасына патриоттық
тәрбиені сіңіру рухани жаңғыруға негіз болады. Яғни, замана сынынан
сүрінбей өтіп, ата-бабамыздан жеткен озық дәстүрлерді ұрпақ санасына
сіңіре отырып, жаңғырта білуіміз қажет. Сондықтан, рухани жаңғыру елдің
ұлттық-рухани құндылықтарынан, әдебиеті мен мәдениетінен нәр ала алу
керек және ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз
бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту екені анық.
Бұл қажеттілік адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу,
олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға
басымдық берудің қажеттілігінен туындайды. Сол жастарымызға тәлім-
тәрбие мен білім беретін ұстаздарымызға жаңаша идеялар ұсынып, олардың
жұмыстарына бағыт – бағдар беріп отыру барысында биылғы 2018-2019 оқу
жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін
мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хатты түсіндіріп, талдау барысын енгіздім. Әдістемелік
нұсқау хат кез келген ұстаздың басты қаруы болмақ. Ұстаздарымыз өз
қызметіне қатысты басты құжатпен неғұрлым жақсы таныс болса, соғұрлым
олардың жұмыстарының нәтижесі көрінбек. Әдістемелік нұсқау хаттың
2018-2019 оқу жылыныа арналған ерекшеліктерін тек оқып қана қоймай, оны
жұмыс барысында қолдану, бір – біріне түсіндіру, талқылау мақсатында
мектепішілік бұйрық шығарып, сол бұйрық негізінде әр бірлестіктер ұжым
алдында тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып ұжымға таныстырды, бір
- бірін үйретті, тәжірибе алмасты.
Әдістемелік нұсқау хатты таныстыруды бастауыш сынып
мұғалімдерінің бірлестіктері бастады. Олар үшін ол күн –табысты күн болды.
Мұғалім үнемі ізденістегі тұлға болса, соның дәлеліндей етіп бастауыш
123
сынып бірлестіктері коучинг жұмысын сәтті өткізе алды. Олардың
«Басқаларды үйрете отырып, өзіміз де үйренеміз» қағидасын басшылыққа
алғанын аңғардым. Талдау
жұмысындағы
іс-әрекет 3
кезеңнен
(диагностикалық, негізгі, қорытынды) жоспарланып, әдістемелік нұсқау
хаттың бастауыш сыныпқа қатысты ерекшеліктері, басшылыққа алынатын
құжаттар, сағат бөлінісі, өзгерістер, бағалаудағы маңызды тұстары толық
қамтылып, топтарда жұмыс әрекеттері арқылы түсіндіріліп, өзекті сұрақтарға
жауап алынды. Нәтижесінде ұстазға ең қажетті мәселені талқылаған кәсіби
сұхбат жүзеге асты. Өзге бірлестік мүшелері тыңдай отыра, қоржынына
қажетті ақпараттарды ала алды. Сол күннің басты сыйы - бастауыш сынып
мұғалімдерінің ізденіспен, қызу тартыспен өткізген іс-әрекеттері болса,
алдағы міндет сол ұққанды тәжірибеде іске асыру екенін өздері ұғына алды.
Осы бағыттағы келесі іс – шараны қазақ тілі мен әдебиеті, орыс
сыныптарындағы қазақ тілі, ағылшын тілі пәні бірлестіктері «Табысты күн
гипотезасы» тренингімен ашуы да жаңашыл мұғалімдерге тың серпіліс
сыйлай алды. Семинар жұмысы алғашқы сәттен-ақ позитивті орта
қалыптастырды. Шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі
«Кезбе журналист» әдісін тиімді пайдаланып, әдістемелік нұсқау хаттағы
ерекшеліктерді, өзгерісті, тиімді тұстарына қатысты түсінікті кәсіби сұхбат
жүргізе білсе, орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріндегі
өзгерісті өзіндік пайымымен бірлестік жетекшісі «Нақты 6 ақпарат» әдісімен
атап ерекшеледі. Ағылшын тілі пәні бірлестігі «Радио желісіндегі тікелей
эфир» әдісі түрінде телефон қоңырауын шала отырып тікелей эфирде пән
мұғалімдерімен талдап, қоңырау сұрақтарына жауап берді. Екінші күні
өткізіліп отырған биылғы оқу жылының әдістемелік нұсқау хатын түсіндіру
мақсатындағы семинардың кері байланысында әріптестер «өзі оқып
танысқаннан гөрі» осы бағыттағы өткізілген іс әреткеттен үйренетіні басым
екенін жеткізді. Нәтижесінде өзің оқи отырып, өзгені үйрете аласың. Жұмыла
көтерген жүк жеңіл екенін, әр жұмыстан соң өзіңе баға беру қажеттілігі
туындағанын аңғардым.
«60
минуттық»
аналитикалық
танымдық
алаңында
қазақ
сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы орыс тілі
пән
бірлестіктері
шараны
жалғастырды.
Аналитикалық
алаңның
тележүргізушісі өз жұмыстарын нақты сұрақтар төңірегінде өрбітті. Өз
пәндеріне қатысты өзгерістермен қатар пән мұғалімдері бағалау процесін,
ата-анамен байланыс мәселесін, ортақ тақырыптардың барлық пәндері
бойынша байланысын, инклюзивті оқыту мен үйден оқыту өзгерістерін, үй
тапсырмасының ерекшеліктерін назар аударта талдап, жетік жеткізді. Ата-
аналардың жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша видео сұрағына жауап
берілді. Әр өткізілген шара соңында кері байланыс беріліп, талдау жасалып,
жаңа форматтағы шаралардың жағымды орта сыйлай алғандығына
қатысушылар баға беріп отырды. Әр коучинг, семинардың өзіндік үйретері
бар. Сабақ алам деген ізденістегі мұғалімге тәжірибе алаңының берері мол
екеніне куә болуға болады.
124
Келесі кезектегі іс –әрекетті жаратылыстану бағытындағы бірлестіктер
«Домино» ойынымен бастады. Бірлестік жетекшісінің жүргізген алғашқы
жұмысы семинарға қатысушы тосын сыйлыққа ие болған мұғалімдермен
«Коhoot» программасы арқылы нұсқау хаттың жалпы бөлімін ұялы
телефонымен тест арқылы тексергені жаңашылдық ақпарат көздерін орынды
пайдалануға болатынын көрсетті. Жұмыс рефлексиясы гүл күлтешелеріне
«ақпарат», «интуиция», «позитив», «креатив», «басқару» іс-әреткеттері
бойынша кері байланыс алынды. Семинар жұмысының түйініне келер
болсақ, әрбір тапсырылған іс-әрекет адамды жауапкершілікке, жинақылыққа,
ізденіске үйрететіні ақиқат екендігін көрсете алды. Ал бала тәрбиелеуде
жауапкершілік - ең жауапты міндет екені даусыз.
Тағы бір жаңаша тың жұмыстың кезегін мектептегі тарих, география,
биология пәні бірлестіктері одан әрі өрбіте алды. «Баспасөз брифингі»
түрінде өткізген олар газет-журнал тілшілерін қатыстыра отырып, сауалдарға
жауап алды. «Атырау», «Дендер», «Егемен Қазақстан» газеттерінің
«География және табиғат», «Биология анықтамалығы» әдістемелік
журналдарының тілшілері өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдап,
өзгерістер мен толықтырулар бойынша жауаптарын алды. «Сиқырлы ыдыс»
тренингі қатысушыларға оң әсер сыйлады. Сондай-ақ, ұстаздар әдістемелік
нұсқау хатты талдап түсіндіру, тәжірибеде нақты ережеге, бұйрыққа сүйене
қызмет ету еңбектегі басты талап екенін білді.
Бұл - М.Әуезов атындағы орта мектепке келгендегі алғашқы
жұмысымның баспалдағы. Осыдан бастау алған жұмыстарым нәтижесіз
қалмай, әр бірлестіктерде өз белсенділіктерімен танылған ұстаздарды
мектептің педагогикалық кеңесінде бұйрық негізінде бірлестіктердің
ұсынуымен марапаттау ұйымдастырдым. Бұл олардың алға қарай ізденіспен
еңбек етулеріне жігер береді деп есептеймін.
Қазақтың «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Оқу –инемен
құдық қазғандай» деген дана сөздері халқымыздың әуелден білімді
шамшырақ етіп ұстағанын білдіреді. Қазіргі ғылым мен технология
заманында қазақ ұлтының білімді болуы - оның табиғи міндеті.
Мектепте қоңырау естіліп, сабақ басталған сәттен екі апта бойы
мектепті жан–жақты зерделей отырып, мектеп ұстаздарының әлі де 40 минут
сабақтың уақытында өзі көшбасшы, өзі орындаушы екендіктерін байқадым.
Міне, осы мәселені қалай өзгертсем деген сауал менің көкейімде тұрды. Мен
«оқушы үнін» естігім келді. Осы мақсатта мұғалімдердің сенбі күнгі
әдістемелік күнінің коучинг тақырыбын «Аудитория үні» деп атадым.
Мектеп ұстаздары орыс сыныбының тобы, қазақ сыныптары тобы, бастауыш
сыныптар тобы болып үш топта бір мезгілде коучинг жұмысын бастады.
Коучтар үшін мақсат аудитория үніне құлақ түру, жетектеу, бағыттау болды.
Барлық топтарда да проблема тақырыбы ақ қағазға сурет салу,
бейнежазбадан ой түю, жұпта тапсырма орындау арқылы анықталды. Екі топ
отбасы тәрбиесіне қатысты болса, бір топта мейірімділік қасиетіне
байланысты жүрекке әсер етер шынайы жұмыстар орындалды. Негізгі
125
бөлімде тақырыпқа сай топтық, жұптық жұмыс негізінде проблеманы шешу
жолдарын қарастырған іс-әрекеттер орындалды. Жұмыс өзара талқылау, қызу
пікір, тақырыптағы мәселені өздері шешу арқылы жүзеге асты. Мұғалім әр
сабақта «Оқушы үніне» құлақ түріп, өзіне аса салмақ салмай, оқушының өзі
шешуіне бағыт - бағдар беруі керек екенін тағы бір мәрте түсінді. Негізгі
мақсатым да осы жұмыстарға идея ұсыну арқылы мектеп ұстаздарының
кәсіби шеберліктерінің шыңдалып, ойларына ой қосып, ұстаздардың
жұмысының нәтижесін өздеріне көрсету еді. Бұл ұйымдастырған жұмысым
да сәтті өтті.
Өлкетану, елінің тарихын білу бағытымен Индер ауданының 90
жылдық мерейтойына қарсаңында мектептегі әр оқушының туған өлкесіне,
туған жеріне деген сүйіспеншілігін, оның қадір - қасиетін сездіру мақсатында
15 минуттық үзіліс кезінде жергілікті бард ақын, сазгер Табылды
Досымовтың «Сәйгүлік», «Мен қазақ» және ауданымыздың әнұранына
айналған «Дендерім-байтақ мекенім» әндеріне флешмоб ұйымдастырып
отырмын. Бұл М.Әуезов атындағы мектептен бастау алып, келесі көрші
мектептерге сәлемдеме ретінде жолдау. Осы жолдауымыз іске асса, келесі
мектептер жалғап алып кетсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Оқушылар тек
жаңғыртып қана қоймай Табылды Досымовтың кім екенін біледі,
шығармашылығын жатқа айтады, туған өлкенің қадір - қасиетін ұғынады
деген ойдамын. Қазақ қашанда өзінің ұлттық өнерімен ұлық. Ендеше, бұл
жолдағы ізденіс пен жаңа шығармашылық көкжиектер мектептің мәртебесін
әркез асқақтата беретіні анық. Елбасымыз атап айтқандай, «табыстың кілті -
білімде» қай кезеңде болсын, қай салада болсын, біз «Табысты болудың ең
іргелі, басты факторы білім екенін әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана
табысқа жететінін» түсінетін уақыт келді. Бүгінгі байлық, бүгінгі мақтан
тек қана білімнің, білімдінің айналасында салтанат құрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мектеп директоры» әдістемелік журналы.
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы.
3. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы.
4. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
5. «Егемен Қазақстан» газеті.
6. «Атырау» газеті.
ЖАҢАРТЫЛҒАН ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМДЕГІ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІК
Исабаева Мадина Ахметовна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, № 193 ЖББМ-нің
химия-биология пәнінің жоғары санатты оқытушысы
126
«Адам – бүгін адам, ертең топырақ,
Жылтылдап бұл дүние алдар бірақ
Ертең қайда боларсың білермісің
Өлмек үшін туғансың ойлан шырақ!»
Абай
Қазіргі таңда жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесін іске асыру
үшін оны жаңашыл технологияландыру қажеттігі туып отырғаны баршаға
белгілі.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-
жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру
қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым
қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын
әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс» - деп,
атап көрсетті.
Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін
ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының
негізгі кепілі екендігін көрсетіп отыр. Олай болса қазіргі заманның ақпараттық
және телекоммуникациялық технологиясын игеру әрбір мұғалімнің басты
міндеті болып табылады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды
міндет — талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп
шығару. Қазіргі кезеңде мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты
міндеттің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Жаңа технологияларды
күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді
жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген
технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға
бағытталған. Заманымыздың білім жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде технологиядағы
түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше
көңіл бөлудің себебі неде?
Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға
қажеттіліктің тууы.
Екіншіден, оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру.
Қорыта айтқанда,технологияны жобалау — оқушы мен ұстаз арасындағы өзара
қатынасты қалыптастырып, білімге қызығушылығын арттыруды бір жүйеге
келтіру,әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, осы педагогикалық жүйені
дамыту, оны практикада пайдалану шарт.Бұл жетістіктерге арнайы курс,
тәжірибе алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру
мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту бүгінгі күннің
обьективті заңдылығы.
2.1) Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі мақсаты
127
– Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы
–коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға
үйрету.
2) Ақпараттық технологияларды қолданудағы негізгі міндеттері:
– Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология
туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
– Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық
техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.
– Компьютерлік және саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту
үрдісіне енгізу негізінде:
а) Химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген
сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.
б) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып
оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.
в) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып
оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.
3) Зерттеу әдістері:
Бақылау алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, бағалау.
Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына
тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық
өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу-
химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын,
құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар
практикалық
қызмет
үшін
тиянақты
білім
алуы
тиіс.
Осыған
байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық
оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлікбағдарламалар, интерактивтітақта);
-анықтамалықмәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректерқоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін
қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу
тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте
көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде
белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақтылы
жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің
жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылық пен қолдану
сабақтың сәтт іөтуінің кепілі.
Мұғалім күнделікті әрсабағына шығармашылықпен дайындалуы керек.
Өйткені, сабақ мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әрсабақты тиімді
128
ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай
туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім
сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты
арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман
ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе,
оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша
материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып
қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын
дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң
нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс
жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды,
химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс
пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп
ақпарат алуға болады. Химиялық формула химиялық тілдің ең маңызды бөлігі
болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өзжұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және
жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін
сабағының түрін дұрыс таңдай білуі, бүгінгі заман талабына сай білім беруі
қажет. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне,
тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншід
ен, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл –
күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер
қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты
қажет етеді. Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғы шарттары бар.
Олар:
-
Сабақтың
тақырыбына
сайсабақ
жоспарын
жасау.
Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс
құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
-Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпеніріктеп ала білу
Дидактикалық,
техникалық
құралдарды,
электрондық
оқулықтарды
мақсатқа
сай,
оқушы
сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технология-
ларды пайдалану.
Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға,
қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп
отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге оқушының бастапқы
білім деңгейін,жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім
алып шыққанын,не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру керек.
129
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында
интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Өзім жұмыс жасайтын колледжде
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.
Интерактивті тақтаны, электронды оқулықты қолдану арқылы оқушылардың
қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.
Сабақ барысында, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген
кезде жиі қолданамын. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы
бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық – бұл
дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға
негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының
оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана
оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да
болып табылады.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын
жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және
ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының
жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау
қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары
болмақ. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор
көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану
оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар біртестілеуден
жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Келесі бір маңызды жағдай
уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын
сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп,
бекітіледі.
Химия
сабағында
жаңа
ақпараттық
технологияларды
қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу,
шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді
қолға алдым.
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында
оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз
бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға
машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын
қалыптастырамын,
сабаққа
ынтасынарттырып,
тапсырманы
орындау
барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге
мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды, есте сақтау қабілеттерін
дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін,
ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан
тыс жұмыстар: «Химиялық сөзмерген», «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?»,
«Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик»
сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты
басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-
130
өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға
қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін
өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушыкұзырлығын дамытамын. Осындай
тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін,
шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы:
1-курс студенттеріне «Темір», «Алюминий және оның қосылыстары»
тақырыбындағы сабағымда тірексызба, семантикалық карта толтыру,
эстафеталық сұрақтар арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып,
оқушылардың есте сақтау, ойлауқабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін
шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын
арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық
сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін
сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай химиялық
ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту
арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пәнаралық байланысты
нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы»
деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын
молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру
кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әртарауды өткенсоң, химиялық
диктант, өздікжұмыс, тақырыптық есеп, бақылаужұмыстары, тестік
тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп,
тақырыпты толық меңгере алмаған студенттермен қосымша сабақтар,
сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге
қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен
оқушылардың уақытын үнемдеуге оқужұмысын ұйымдастыруға жағдай
жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты
құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Оқушы
білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өзбетінше іздену
дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай
сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Бағалау
парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын
шығарып отырамын.
3.ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы
дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай
білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық
ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық
технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша
ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен
заңдылықтарды
табуға
итеріп,
нәтижесінде
–
өздерінің
кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
– Егер Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді
пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі,
зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
131
– Жаңа ақпараттық технологияны қолданса әрбір оқушы оқу процесінің
субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы
артады.
– Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті
талаптарды сақтамаса оқушыныі білім сапасына танымды белсенділігі мен
денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау
қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары
деп есептеймін. Егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтын қолында десек, неге
оларды заман талабына сай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатпасқа. Оқытушы
қауым химияны оқыту әдістерінде жаңа ақпараттық технологияның тиімді
жағын пайдаланады деген оймен сөзімді аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |