Пайдаланылған әдебиеттер
1.Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы.
12.04.2017 ж.
М.МОНТЕССОРИ ТЕХНОГЛОГИЯСЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ҰЙЫМДАР ТӘЖІРИБЕСІНЕ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Жусанбаева Гүлшат Бейсеновна
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
«Ақбота» бөбекжай- бақшасының әдіскері
Итальяндық дәрігер және педагог М.Монессори (1870-1592) алғаш рет
өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды
1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кішкентай балаларға еңбек сіңірмей-
ақ білім мен дағдыларды сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты,
олар, тіпті дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше
дамытатын ортаны жасай алды. Қазір М.Монтессоридің педагогикалық
жүйесі - әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл
жүйемен көптеген балабақшалар, дамыту орталықтары, тіпті, мектептер
жұмыс атқарса, солардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар. Мектеп
жасына дейінгі балалар үшін ақпарат алу қажеттілік болып табылады. Бұған,
дәстүрлі педагогикадан біраз ерекшеленетін және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы келмейтін
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі едәуір көмегін тигізеді.
Балаларды М.Монтессори бойынша тәрбиелеуде тәрбиешінің алдына
екі мақсат қойылады: биологиялық және әлеуметтік. Биологиялық мақсат
баланың жеке тұлға табиғи дамуын жеңілдетеді және психофизикалық
дамуына ықпал етеді. Әлеуметтік мақсат-келесі жас кезеңіне баланы жеке
141
тұлға ретінде дайындау, баланың күш рухын, тәуелсіздігін және еркін ой
қасиеттерін тәрбиелейді. Яғни, мықты, тәуелсіз азат адам тәрбиелеу.
Монтессори жүйесінің негізгі міндеті - балаларды ынталандыру және
қабілетін өз еркімен айналадағы дүниені тануға жағдай жасаудан құрылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дамуының сенситивтік кезеңдерін,
қажеттіліктерін, дамудың дербес қарқынын ескеретін арнайы дайындалған
орта балаларды өзін - өзі тәрбиелеу идеясы - осының барлығы замануи
педагогтар мен ата-аналарды өзіне тартады.
Қателерді өздігінен бақылау көздейін дамытушы Монтессори
материалдарынан айналыса отырып, балалар іс-қимылды,оның орны мен
жұмыс ұзақтығын таңдау еркіндігіне ие болады. Оқу үрдісіндегі белсенділік
ортасының педагогтан балаға ауысуы, оның ерекшелігінің бірі болып
табылады. Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешінің түсіндіргенін енжар
қабылдайтын тыңдаушысы емес, керісінше өздік «экпериментік» іс-әрекеттер
барысында жеке базистік қажеттіліктерге сәйкес оқып үйренеді. Монтессори
- педагогтың рөлі тәрбиеленушілерге материал беруден, оны қалай
пайдалануды және онымен қалай жұмыс істеуді көрсетуден тұрады.
Тәрбиеші үнемі жұмыстың оңтайлы тәсілін көрсетеді, қасиеттер мен қарым -
қатынастарды ашуға арналған әрекетттердің үлгісін береді. «Көмек» түсінігі
бұл арада өзекті болып табылады. Тәрбиеші үнемі баланың қасында жүреді,
қажет болған жағдайда көмектеседі, алайда бұл ретте тәрбиеленушіге өзінің
дербес іс - әрекетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Әр бала, осылайша
оған қажетті жылдам және жедел көмекті ала отырып, өзінің «білім алу
бағытымен» өзі үшін қолайлы жылдамдықпен қозғалады. Осылайша
балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісін бүгінгі талаптарды ескере отырып
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. М.Монтессори үшін адамның рухани
дамуы оның психофизикалық дамуымен тығыз байланысты. Монтессори
үнемі интелект, ойлаушылық қабілеттердің, жалпы дамуы үшін қабылдау
және сезім мүшелерінің, қимылдық аумақтық дамуы маңызды рөль
атқаратынын көрсетіп отырады. Бұл әдіс әрбір жеке баланың қажеттілігіне,
қабілетіне, дарынына негізделеді. М.Монтесссори әдісімен тәрбиеленген
бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсініп, өзі киінуге (түйме, кнопка,
сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, ілмектер, сияқты заттар салынған
рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді; ұқыпты бір нәрсені құюға, ыдыс
жууға, айна сүртуге, киім-кешек жууға, тіпті аяқ-киім тазалай алады.
Монтессори педагогі – бұл балаға өзінің іс-әрекетін ұйымдастыруға,
өзінің әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін мұғалім. Монтессори
бойынша тәрбиеші бала мен тәрбиелеуші орта арасын байланыстырушы
болып табылады. Соны ортада бала өз бетімен жұмыс жасап, дидактикалық
материалдардың көмегімен дамиды. Монтессори – педагог балаға тікелей
емес, мұғалім дайындаған бағдарлама бойынша бала жұмыс істейтін
дидактикалық материалдардың көмегімен әсер етеді. Дәстүрлі мектептің
педагогынан Монтессори – педагогының айырмашылығы, соңғысы
сыныптың орталығы болып есептелмейді. Педагог үстелде отырмайды,
142
баламен кілемде не болмаса үстелшеде отырып, жеке сабақтар өткізеді.
Монтессори - педагог өте байқампаз бақылаушы болуы керек және әр
баланың жеке даму деңгейі жайлы анық түсінігі болуы тиіс. Ол осы кезде
балаға қандай материалдар қажет екенін біліп, шешім қабылдауы керек.
Педагог баланың ісіне тек оған көмек керек болған жағдайда ғана араласа
алады. Ол тәрбиеленушіге көмек көрсету үшін адекватты әдістер таба алатын
жағдайда болуы керек. Нәтижесінде балаларда білім алумен қатар назарын
шоғырландыру, есту, есте сақтау қабілеті, тағы да басқа маңызды қасиеттері
терең де берік қаланады. Монтессори әдістемесі бойынша педагогикалық
үдерісті ұйымдастыру ерекшелігі сол - белсенділік ауырлығының орталығы
педагогтан балаға ауысады. Бала тек тыңдаушы, педагогтың айтып жатқанын
енжар қабылдап отырушы емес, ол жеке қызығушылығы мен ойларына
қарап, өз бетімен жұмыс істеу арқылы белсенді түрде білім, дағды
жинақтайды. Ол өзі таңдаған материалмен айналысады. Айналысатын
ортаныда өзі таңдап, қанша уақыт керектігін де өзі шешеді. Ең алдымен,
Монтессори - педагог баланың дамуына бағытталған заттық - кеңістік орта
жасайды, сондай-ақ, ол ортада тәртіп болуын қадағалайды, жаттығулар
орындалып, болған соң материалдардың өз орнында жиналып тұрғанына
көңіл бөледі. Тәртіпті сақтауға балалар да қатысады, осы арқылы олар
ұқыптылыққа қатысысады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайтуға
арналған жағдайлар:
Адамның қабілеттері мен, мінезі туғаннан пайда болмайды, олардың
көбісі өмірінің үш жылында дамиды. Үш жасқа дейінгі бала
логикалық ойлары жоқ, өзінің инстинкт пен интуиция сына жүгінетін
жануарларға жақын келеді.
Ерте жаста музыкалық есту қабілеті, физикалық қабілеттері
этетикалық қабылдау-сенсорлық реакция дамиды.
Бала ашуланғанда не жылағанда, оның неге өйткенін анықтау керек.
Егер сіз тек ұрсып не көңіл аудармай қойсаңыз, бұл баланы одан
сайын эгоист және қырсық етеді.
Қызығушылық - бұл тәрбиенің және бала дамуының жақсы
стимуляторы. Бірақ та бұл жерде бір мәселе бар: баланың бір нәрсеге
қызығушылығы тез жоғалып кетеді, себебі оның көрсем, білем деген
ұмтылысы шексіз. Баланың қызығушылығы әлемді тануда маңызды
шарт және ол оның ақыл-ойының дамуына керек болады.
Қайталау - баланың қызығушылығын ынталандыратын ең жақсы әдіс.
Баланың есте сақтау қабілетін ол қайталаудан рахаттанатын болғанша
жаттықтыру керек. Баланың тамағы оның басқа да сезімдері секілді
бір мен үш жас арасында дамиды.
Баланы шынайы өнегемен таныстырыңыз. Егер оның таза ақ парақ
сияқты миында Матисса и Пикассо суреттері мен Моцарт және
Бетховен музыкасы қалатын болса, олар оның талғамына да әсер етуі
мүмкін.
143
Бала үшін бір нәрсеге назарын аударып отырғаннан гөрі өзінің
күштерін әр түрлі істерде байқап көрген пайдалы. Бір жағынан, ол
белгілі бір аумақта жақсы жетістіктерге жетеді, бұл оған күш қосады,
ол басқа істерде де табысты болады.
Ойыншықтардың көптігі баланың назарын алаңдатады. Көптеген
психологтардың ойынша, баланың айналасында ойыншықтар көп
болса, олар баланың бір ойыншыққа назар аударып, сонымен
ойнауына кедергі жасайды. Бала бір ғана ойыншықпен ойнаса, соған
байланысты әр түрлі ойындар ойлап табады.
Әр бала, оның дарындылығының деңгейіне қарамастан, өзіне деген
мұхият қары-қатынасты, марапаттауды, көмекті күтеді. Сонда ол
өзіндегі барлық жақсыны барынша дамытатын болады.
Өзіне ала алатын тұлға болып өседі. Бала басқалардан ақылды бола
тұрып, адамдарға сенбейтін болса, ол өмірде көп нәрсеге қол жеткізе
алмайды.
Бала үшін қауіптің барлығын алысқа тығып тастаудың керегі жоқ. Бұл
тәжірибеде баланың айналасында вакум жасайды да, оның сипап сезу
сезімдерінің дамуына кедергі болады.
Қорыта келгенде М.Монтессори әдісі ұлттық, діни, мәдениеттілік
дәстүрлерін
жалпы
физиологиялық
тұжырымдамалық
«космостық
тәрбиемен» жарастыра біріктіретін, сондай-ақ, баланың субъективті
позициясын мойындауға және бала табиғатының ересек адам табиғатынан
ерекше екенін жариялауға негізделген әдістемелік базасы бар, мәні бойынша
тұтас, ұтқыр эволюцияландырушы авторлық жүйе болып табылады.
«Монтессори-педагогикасының» әлемдегі көптеген елдерінің білім беру
саласындағы
бейімделуінің
жалпы
және
жеке
заңдылықтары
М.Монтессоридің өзінің жүйесінің негізін сақтауды анықтауға мүмкіндік
береді, бұл замануи қазақстандық педагогиканың дамуы мен байытылуының
перспективаларын
қамтамасыз
етеді.
М.Монтессори
әдістемесімен
тәрбиеленген баланың оқуға деген ынтасы, жұмыста ықпал көрсету қабілеті
артады, балада дербестік пайда болады, қарым-қатынастардың жақсы
әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгереді. Әдіс ерік-жігерді жаттықтырады,
саналы білім, сапалы тәрбие, ашық жоғары сезім, еңбек сүйгіштік жәнек өзін-
өзі жетілдіруге, шығармашылық қабілетін дамытуға белсенділігін
қалыптастырады. Баланың назарын дамытуға, шығармашылық және
логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын, моториканы
қалыптастыруға көмектеседі деген тұжырым жасауға болады. Бұл әдістемеде
айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін тигізетін
ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ баланың
дербестігін дамыту үшін күнделікті өмірдекгі әдеттерді меңгеруіне көңіл
бөлінеді. Ойыншықтар арқылы баланың ұсақ қол моторикасын дамыту,
логикалық ойлау қабілетін дамыту, денсаулығын ерте жастан қолға алу.
М.Монтессори жүйесі мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын
нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Атап айтсақ, жүйке жүйесінің, көру
144
мүшелерінің жақсаруын, ұсақ қол моторикасының, сипап - сезу мүшелерінің
дамуына т.б жағдай жасалған.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. М.Монтессори «Балалар балалар үйінде балар тәрбиесінде
қолданылатын ғылыми педагогика әдісі» 1993ж
2. Сокров Д.Г. «Даму психологиясы негіздері» 1997ж
3. М.Монтессори «Бастауыш мектептегі өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі
оқыту» 1993ж
ІІ БАҒЫТ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ
ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ
ЖАС ҰРПАҚҚА РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жандилдина Роза Есентаевна
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
п.ғ.м., АрқМПИ доценті
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында
«Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында
алған терең білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге,
өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны
қалыптастыру» делінген. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас
ұрпаққа адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу,
рухани бай адамды тәрбиелеу мен қалыптастыру оның туған кезінен
басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған[1,58б.].
Сондықтан жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Рухани-адамгершілік тәрбие екі жақты процесс. Бір жағынан, ол үлкендердің,
ата-аналардың педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан,
тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен
қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске
асыруда, адамгершілік ықпалдын әр түрлі әдістерін пайдалана отырып,
педагог
істелген
жұмыстардың
нәтижелерін,
тәрбиеленушілерінің
жетістіктерін зер салып талдау керек.
Жас ұрпақ бойында жалпыадамзаттық құндылық қасиеттерін
қалыптастыру жолдары бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын,
145
тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиеті мол
терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам
қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы жас ұрпаққа жан-жақты
білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын
айқындап берді. Олар: Қазақстан Республикасының барлық азаматының
білім алуға тең құқылы, әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психо-
физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің
барлық деңгейін кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім
алуға құқықтығын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық
құндылық
қасиеттерін
қалыптастырып,
құрметтеуге
тәрбиелеуде
дидакикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үдерісін
жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды және
жалпыадамзатық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық
мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелер.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қалың елім Қазағым» атты жинағында
мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай
деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен
қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім»-деген.
Олай болса, қазіргі кезеңдегі білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие
жұмыстарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін қоғам дамуына қосқан
үлесін айтып түсіндіру арқылы жас ұрпақтың рухани адамгершілік құндылық
қасиетін қалыптастыра аламыз.
Жас
ұрпақтың
жалпы
рухани-адамгершілік
қасиеттеріне
меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік,
кеңпейілдік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік,
ақынжандылық сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы
ерекшелінеді.
Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа
дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де
ертегіден алады» деген. Ал, руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық
көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-
ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі
мейрімділікке, ізгілікке шақырады. Олар адамды құметтеу, оған сену,
әдептілік, кішіпейілдік, қайрымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық,
қарапайымдылық т.б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке
адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттердің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан да ескірмейді. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың
басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет. Адамгершіліктің
қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.
146
Әр адам адамгершілікті күнделекті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған
табиғаттан бойына сіңіреді[2,67б.].
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-
міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,
саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-
ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз.
Ата-ананың болашақ жас ұрпақ алдындағы тәрбиесі үшін
жауапкершілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген
жұмысы-балаға үлкен сабақ.
Жас ұрпақ тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден,
ұстаздан насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана
алады.Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың
қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік
бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасатыны белгілі.
Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырылады. Әсіресе еңбекке деген
тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының
мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен
мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат
қалыптасады.
Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол
сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Жас ұрпақтың сезіміне әсер ету
арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік
қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне
асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
-тәрбие үдерісі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерді игеруіне
бағытталса;
-жас ұрпақ рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында
әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
-жас ұрпақтың бойында әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік
қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу
мүмкіндігін ерікті таңдаса. Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты
мәселе жас ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан, әрбір жас ұрпақ өзін-өзі рухани
жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін
түсінуі тиіс деп ойлаймын.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге
айналған. Ата-бабаларымыз баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған.
«Үлкенді сыйла», «Сәлем бер», «Жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты
сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі
иман жүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық
147
«Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Жас ұрпақты имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу үшін олардың ар –ұятын, намысын оятып,
мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық көрсету, адалдық,
ізеттілік қасиеттерін бойына сіңіре білсек, осы қасиеттің берік ірге тасын
қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен,
адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез-
құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде
ғана даритын құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып
табылады[3,84б.].
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған
мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор
бола білетін, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру. Рухани-
адамгершілік тәрбиесінде алдымен жас ұрпақты тек жақсылыққа тәрбиелеп,
соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да еңбегінің жемісі зор болатыны
сөзсіз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа -
адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай
адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,
ал үлкен
ағаш болғанда
оны
түзете
алмайсың»
деп
бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Рухани-адамгершілік
тәрбие
-
екі
жақты процесс.
Бір
жағынан
ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын,
екінші
жағынан
-
тәрбиеленушілердің
белсенділігін
қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Сондықтан, белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың
әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың
нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен
тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді,
моральдық
өзара
қарым-қатынастарды
басқарады.
Отанға деген
сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ
қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл - сананың, сезімдердің,
мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың
негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке,
еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты
ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
148
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен
танысу
кезінде,
балаларға арналған шығармаларымен,
суретшілер
туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке,
ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині
өз қолымен
жасай
алуды
және жасалған дүниеге
қуана білуді
дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік
жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір
нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының
қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады[4,95б.]. Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы
үшін қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы. Оның
тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін
үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы
қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін
жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына
ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы
бала-бақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан
сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті
орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар,
адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер
еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі
сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына
жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен
үлкендер
арасындағы
саналы
қарым-қатынас
жақын
адамдарға
қамқорлықпен қарау, ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-
қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі
ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі
қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі
үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым
әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен
әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның
ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты
педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің
рухани
тәрбиелік
мәні
зор.
Ол балаға рухани
ляззат
беріп,
149
қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің
мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның
негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-
құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары
дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады[5,81б.].
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен
тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді,
моральдық
өзара
қарым-қатынастарды
басқарады.
Отанға
деген
сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ
қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл - сананың, сезімдердің,
мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың
негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке,
еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты
ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен
мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің
құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен,
суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа
бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен
патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды
және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін
бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір
нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының
қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық
жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың
күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие
бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың
мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты
ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-
қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді,
баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса,
баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін
жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы
балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан
сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті
орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды
150
әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады,
еңбекте-еңбек
сүйгіштік,
үлкендер
еңбегін
құрметтеу,
сондай-ақ
ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі
міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу,
балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың
қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын
адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың
өзара
ұжымда
қарым-қатынасын
қалыптастыру,
Отанға
деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау.
Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда
болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға
мүмкіндігі жасалмайды[6,79б.].
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының
нормалары,
ұйымдағы қарым-қатынас
мәдениетінің
тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының
дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын,
қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың
өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге,
мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті
екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Достарыңызбен бөлісу: |