РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Камел Нурсулу Жаксыбаевна
Ақмола облысы Біржан сал ауданы
Еңбекшілдер орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа
тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің
жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты
қадамдарын көрсететін салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған
маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық
кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп,
225
Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті
мәселе көтеріліп отыр. Адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды
тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани
салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз –
ұлтымыздың барлық ұлттық салт – дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен
әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген ұғымға
келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға
маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам
қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты
болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені,
рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір
жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында
қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны
анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат екені
белгілі. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен
болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат
көрсетілгендігін түсіндім. Осылайша мақалада айтылған әрбір ойдың
астарында терең мазмұн мен зерделі пікір жатыр. Елімізде әлеуметтік –
экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы
рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты
тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар
бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен
жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді
сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай
білуіміз керек.
Тәуелсіз
еліміздің
болашағы
–
жастарымыздың
интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес,
сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей
байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам
басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой
жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең
адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Бірнеше
тілді
білген
адам
ештеңеден
ұтылмайды.
«Білeкке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы
қалып жүрмелік» - деп Абылай хан айтқандай, Елбасымыздың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру
керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің eндігі мақсатымыз
тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа
дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына
ену. Eлбасымыз бұл тұрғыда болашаққа қадам басатынымызды және
бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы рухани жаңғыру мақаласында
өз қөзқарасымен, алға қойылатын мақсатты айқындады. Ал осы айқын
мақсаттардың орындалуы үшін жасалатын қадамдар асқан көрeгенділікпен
жасалуы тиіс. Елбасымыз айтқандай «Жаңа тұрпатты жаңғырудың eң басты
226
шарты ұлттық кодты сақтай білу». Себебі өткеніңді білмей болашақты
болжау мүмкін емес. Ендeше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін
тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет. Елбасымыз бәсeкелeстіктің
рухани жаңғыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шынымен де
бәсекелестіксіз eшнәрсе болуы мүмкін емес. Елбасымыз айтқан тұжырымды
ойлар ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін тәжірбиеден өткен қатаң
қағидалар. Тәртіпке бағынған құл болмас дегeндей біз Елбасымыздың қадап
айтқан қатаң қағидаларын қолдана отырып, дамыған елдердің көшін
бастауымыз кeрeк.
Рухани жаңғырудың маңызы қандай?
Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын,
революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді
сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын
жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. «Рухани жаңғыруымыз
жаңғырық болып қалмас үшін» тұжырымды ойлардан, тағылымды тәрбие
алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек. Ұлттық жаңғыру дегеніміз –
ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық
бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық
береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу.
«Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық
әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді
білдіреді», -дейді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сондықтан рухани
жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимын. Осы
рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас,
бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге
қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу –
Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны
серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінемін.
Сол себепті «Рухани жаңғыру» аясында біздің Ақмола облысы Біржан
сал ауданы Еңбекшілдер орта мектебі Көкшетау қаласындағы Мәлік
Ғабдуллин атындағы мұражайға «Туған елім тұғырым» атты тақырыпта
көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеге Еңбекшілдер ауылының ашылу
тарихынан бастап, осы күнге дейінгі уақытта қандай тұлғалар өмір сүргенін
анықтап, мектептің түлектері, тарихы, еңбек ардагерлерінің өмірбаяны
қозғалып, барлық жиналған мәлімет осы көрмеге ұсынылды. Көрмеге
қатысты мәліметтерді жинақтауға менің шәкірттерім 4 «А» сыныбының екі
оқушысы Даулетбай Толғанай және Әлім Ділнәз ат салысты. Көрмеге
көптеген көне экспонаттар қойылды, сол экспонаттардың шығу тарихы
туралы мұражайға келген қонақтарға таныстырып, әңгімеледі.
227
«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын,
тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген,
озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың
идеалына айналуға тиіс.
Рухани жаңғыру өте қажетті, пайдалы деп ойлаймын, өйткені биылғы
жылы оқушыларыммен көп ізденіп, көп өз еліміз туралы мәліметтер
жинақтап шынымен рухани байыдық десем артық болмас. Рухани жаңғыру
аясында Біржан сал ауданы бойынша ұйымдастырылған көптеген іс –
шараларға оқушыларым белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп,
жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру
арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді.
«Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа
идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі
беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру
жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа
жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты
қағидасы», - деп Елбасымыз ел келешегіне үміт артады.
Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып,
жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз
бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!
228
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰЛТТЫҢ
САНАНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Касымбекова Разия Абдикеримовна
МКҚК №46 балабақшасы меңгерушісі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында ұлттың рухани дамуының жаңа бір бағыт-бағдарын айқындап
беріп, Қазақ елінің алдында тағы бір үлкен жауапты міндет тұрғандығын атап
өтті. Осыған орай ұлттық сананы айшықтайтын, жаңа рухани қоғам
қалыптастыратын, рухы биік, санасы жаңашыл, ұлттық рухта тәрбиеленген,
ұлтжанды, отан сүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігі айдан анық. Сондықтан
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы М.Әуезов айтқан
ғибратты еске ала отырып, рухани жаңғырған жаңашыл ұрпақ қана еліміздің
ертеңі, ұлтымыздың болашағы болатындығын ескергеніміз жөн. Қандай да
саяси, мәдени, тұрмыстық оқиға болса да да, соның ішінде жүретін, белсене
араласатын, халықаралық және ел ішіндегі мәртебелі жиындарда көтерілетін
бастамалардың қай қайсысын да жүзеге асыратын адамдар, яғни, сіз бен біз.
Елбасы Жолдауынан мен де, басшы, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу
мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік
мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы
білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай
тәрбиеленушілерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге,
өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан
бастау алуы қажет.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында
қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді,
жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды
сақтауды міндеттеді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Жаңа тұрпатты
жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. …Жаңғыру
атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді
табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін
қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдыретімен маңызды. …Мен
халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір
қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деп
жазды. Иә, ақиқатында этносты (халықты) анықтаушы бір белгі, ол –
этникалық мәдениет. Сол мәдениетке халықтың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі,
әдет ғұрпы, музыкасы, өнері, т.б. кіреді. Бұлар ұлттық кодтың элементтері.
Олай болса, ұлттық түп-тамырымызды, ұлттық құндылықтарымыздың бірі –
229
ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміздің озық үлгілерін атадан балаға
мирас етіп жеткізу керек. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыздың
оянуы,кемелденуі бабалардан мирас болып қалған мұраларды қайта түлете
білуімізбен де тығыз байланыста болмақ. Салт-дәстүрлерді сақтау, тілді
құрметтеу, қадірлеу ұлттық сананың кемелденгенін білдірсе керек.
Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі, зерек, білімді тұлға
тәрбиелеуі тиіс. Бәсекелестік қабілетке ие болған тұлға, яғни компьютерлік
сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдениетті, жастайынан дін мен дәстүрімізді,
тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдардың,
өзге мәдениеттің жетегінде кетпейді.
Бала кішкентай кезінен бастап, өзге тілдерді үйрене беруі керек. Ең
бастысы, сенің «Айналайын, құлыншағым, қошақаным» деген сөздерің өз
тіліңде болсын. Үйдегі тұрмыс-тіршілігің қазақ тілінде болса, ол бала өз тілін
ұмытпайды. Баланың көп тіл білуінен ата-ана қорықпауы керек. Үштілді
білім бүгінгі ұрпақ үшін қажет. Елбасымыз бізге әлемнің дамыған елдерінің
қатарында болуды меңзеп отыр. Бұл жолда бізге тек өз тілімізді біліп, өз
тереземізден қарап отыруға болмайды. Өйткені қазір әлем жаңғырып кетті,
ғасыр жаңғырып кетті. Оны ешкім тежей алмайды. Себебі, бұл - адамзат
дамуы, ғасыр дамуы. Рухани жаңғыруда айтылған ұлттық код дегеніміз -
Абайдың даналығы, Махамбеттің ерлігі, Құрманғазы мен Тәттімбеттің
ұлттың жанын тебіренетін мәңгі күйлері. Ұлттық құндылықтарды негізге ала
отырып, бала бойына қазіргі заман талабы өркениетті, озық технологиялы,
жаһандық дамудағы құрылғы, құрылымдарынан хабардар ете алатын тәрбие
мен білім беруіміз қажет. Өткеннің тәлімді тәжірибесін алмай, алға қадам
басау мүмкін емес. Төл тарихымызға,бабаларымыздың өмір салтына бір сәт
үңіліп өткен тарихымыздағы салт-дәстүр, жер және ел байлығын сақтау,
қорғау, экологиялық тәрбие беру ұлағатты ұстаздарға жүктелген міндет.
Қазақ халқында айтылған құнды нақыл сөз бар: «Дәстүрдің озығы бар,
тозығы бар». Ата-баба дәстүрін, ұлтымыздың мәдениетін сақтай отырып,
сақтап қана қоймай, «ескісі мен тозығын» жаңартып, жаңғыртып, болашақ
ұрпаққа, қазіргі жас жеткіншекке жеткізуіміз керек.
Тәуелсіздік жылдарындағы жасалынған қыруар жұмыстар, еліміздің
баянды тәуелсіздігінің жемісі. Осы тұғырлы тәуелсіздігімізді биік, еліміздің
іргесін берік ұстау үшін жеткіншек-ұрпақтарымызға жоғары деңгейдегі
университеттер, зияткерлік мектептер ашылды. Саналы тұлға жаңа
технологиялық және рухани өзгерістерге дайын болады және саналы
білімділігінің арқасында өз еліне, жеріне адамзат болашағына қызмет етеді.
Сан ғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан атамұра
өнеріміз, өзге елден ерекшеленіп тұратын салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз,
ұлттық ұстанымымыз, арысы ошағымыз, отымыздың басы ата-бабамыздан
қалған аманат, яғни ұлттық кодымыз. Осы аманатты келер ұрпаққа жеткізу
бізге ұстаздарға парыз, жүктелген міндет. Білімді мыңды жығады, білекті
бірді жығады дейді халқымызда. Білім әлемдік,тәрбие ұлттың болуы қажет.
Оған білім, ғылым арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Ал,білімді, саналы,
230
тәрбиелі ұрпақты тәрбиелеу, оқыту - қазіргі атқарылатын, жүзеге асыралатын
кезек күтпес жұмыстар.
Қазіргі уақытта жыл сайын емес, ай сайын, күн сайын өзгеріске
ұшырап жатқан өркениетті дәуірде өмір сүріп жатқанымыз белгілі. Сол
себепті, заман талабына сай болу үшін, заман ағымынан қалмау үшін білім
қашанда бірінші орында тұруы шарт. Білімді көзі ашық, санасы ояу азамат
қана өз тілін, мәдениетін, отанын сүйеді, құрметтейді. Азаматтық көзқарасы
бар, санасы толыққанды қалыптасқан тұлға ғана өткен тарихи оқиғалардан,
яғни ревалюциялық толқулардан айқын түсінік және сабақ алады.
эволюциялық даму ғана ұлтымыздың өсуіне, өркендеуіне, әсер ететін ұлттық
дамудың бағдар жолы екені анық. Өркениетті елдің іргесін бекітетін,
тұғырлы елді қорғайтын ұрпақтың санасы ашық, түйсігі терең, білімі жоғары
болуы міндетті. Сананың ашықтығы немесе ұрпағымыздың саналы болуы -
әлемдік деңгейден қалыс қалмау, жаһандық әлемге еркін кірісуі, заманауи
бағытта жұмыс істей алуы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласында, өзім ұстаз-тәлімгер болғандықтан, маған ерекше
ұнағаны, сананы мағынасыз, мақсатсыз жаңғырту турасында емес, ұлттық
болмыстан, ұлттық қабілет-қарымнан айырылып қалмай, осыны әлемдік
байлықпен үйлестіріп,еліміздің игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер
анық көрсетіліп тұр. Мақалада тарихи ғылым-білімнің, тарихи сана мен
білімнің алар орны өте жоғары бағаланған және ендігі жерде біздің
дамуымыздың негізгі бағыттарын іске асыру үшін басты міндеттер нақтылы
түрде көрсетілген. Президентіміздің тарихты ұлықтағанына төл тарихымыз
бен ғылым білімді,ұлттық білімге байланысты жаңа міндеттерді ашқаны
ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Ұрпақ үшін, еліміз үшін осы
міндеттерді атқару, іске асыру сіз бен бізге жүктелген міндет ең бастысы
өзімнің азаматтық парызым деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласы. Егемен Қазақстан 06.04.2017ж.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ
МЕКЕМЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ
ЖАҢА БЕЛЕСІ
Қорабаева Алмагүл Абдуллаевна
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, КММ №23
мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадам-
заттық құндылықтарға тәрбиелеу. Мектеп жасындағы балаларға рухани
жаңғыру аясында ұлттық төл мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді
231
насихаттау. Білім беру үдерісіндегі қолданатын жұмыстардың ерекшелігін
анықтау, «Рухани жаңғыру» идеясының сан қырлы формаларын қолдана
отырып, мектеп жасындағы балалардың бойында азаматтық, патриоттық,
өзіндік сана-сезімді және әр түрлі тақырыптарда іс-шаралар, ертеңгіліктер,
кеңестер мен дөңгелек үстелдер, кездесулер, ата-аналармен бірлесіп
атқаратын жұмыстар жобада жоспарланған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз.Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан,
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік
ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-
мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», -
деді.[1] Бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз салт-
дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін, оны көшет кезінде
баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. «Рухани жаңғыру» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса
мән берілген. Идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен
сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан
құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау
алатыны белгілі. Ендеше бұл тұрғыда отбасы мен тәрбиешінің атқарар рөлі
зор. Мектеп қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу,
салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру-ең басты
қағидат. Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға мектеп жасынан
бастап үйретсек, келешекте өз елін, жерін, өз ұлтын қастерлейтін ел
азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық. Рухани жаңғыру аясында осы
бағдарламаны қолға алып, жоспарлап жатырмыз. «Ел болам десең, бесігіңді
түзе»,-дегендей, қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан
нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт-дәстүрлері
бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық,
ұлтын, дінін, тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын тарихын мейлінше сақтап қалуға
тырысады.
Салт-дәстүр
өсіп
келе
жатқан
баланың
ой-санасын
қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін
тигізеді. Осы бағытта жұмыс жасауды мектеп ұжымы болып жоспарлап
жатырмыз. Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің
бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту
арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен
ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік әдеттерден тұтастай арылту.
Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»
қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан
бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі –
ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын
өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек»[1]. Мемлекет басшысы
232
нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай
оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен
қоғамды эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын,
яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу
идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын
бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының
мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани
саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Рухани жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп,
бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге немқұрайлы қарамауы тиіс.
Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру
елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани
жаңғыру ұлттық сананың түрлі жақсы жақтарын қиыннан қиыстырып,
жарастыра алатын құдіретімен маңызды»[2]. Адами құндылықтар, рухани
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.
Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген
асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа,
білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,
әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды
үдеріс. Рухани жаңғыру отбасынан басталады.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның
бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму
ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды
көңіл-күй
қарым-қатынасы
арқылы
адамгершілік,
рухани
және
гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи
тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады.
Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек.
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі.
Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады. Үйде тыныштық
болса, мемлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса,
әлемде тыныштық болады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға
негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын
құра аламыз. Әр адамның өмірінде отбасы, оның өзіндік санасының
қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Отбасында баланың
қарым-қатынас жасауындағы біліктілігі мен дағдысы жетіліп, оның
адамгершілік бейнесі мен кәсіби өзінің орнын табу қабілеті қалыптасады.
Ұлттың, елдің, әлемнің, адамзаттың негізі отбасында дұрыс қарым-
233
қатынас орната білу қажет. Ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық,
мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы,
сыйлы болмақ. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп
қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау -
баршамыздың парызымыз. Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты -
өркениетті елдердің қатарынан көріну, ел мен жер байлықтарын ысырапқа
салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен
саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін,
салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Адамға ең
бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, адамға ең бірінші керегі
тәрбие», - депті, Әл-Фараби бабамыз. [3]
Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге
баулып, жаманнан жирендіріп, жақсыдан үйретіп отырған. Бала тәрбиесіне
көңіл бөліп тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне де
жете көңіл бөле білген. Баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл
атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбиесін ерекше бағалап: «Ел
болам десең, бесігіңді түзе», - деген [3]. Кез келген білім ошағы ұлттық
тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп білім берер
болса, ұрпағымызды өз ұлтын мақтаныш тұтар азамат болары хақ. Өз ұлтын,
тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан
ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық
көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. ХХІ ғасыр – ақпараттар
мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай жастарымызды тәрбиелеп,
Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ояту-қоғамның бүгінгі ең өзекті
мәселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Ұрпақ тәрбиесіне селқос қарауға
болмайды. Тәуелсіз мемлектіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаттарының
бірі - еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, оның әлемдік білім
кеңістігінен орын алуы. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұруды,
нәтиже мен сапаға бағыттауды, сондай-ақ бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу
қажеттілігін міндеттейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымы
екендігі атап көрсетіліп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым
қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр»,- деген
болатын. Тәуелсіз еліміздің азаматын парасатты да білімді, мәдениетті де
саналы етіп тәрбиелеп, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде
дамытамыз десек, қалың көпшілік бірлесе күш салу керек. «Жас бала – жаңа
өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»,-дейді халқымыз. Жерге отырғызған
жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш
234
болып үлкейгенше мәпелеп, үзбей күтім жасауды керек етеді. Жаңаша білім
берудің негізігі мақсаты - еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен
мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың
білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат боп жетілуі тәлім мен
тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Өз ісіне берілген, жаңалықты
жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата
отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазға артылатын сенім жүгі салмақты.
Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ
білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. «Мектеп
бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім
жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің
көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте
жетілуіне мықты негіз салуы керек» –деген екен [4]. Оқушылардың ұлттық
құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірі – мектепішілік
жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-
өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы
жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбие басы – тал бесік» деп ұлағатты
ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Жеке тұлғаны ұлттық
құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым:
- өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан
азаматын тәрбиелеу;
- жалпы адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы
көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу;
- Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес
этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін
ұйымдастыру;
- оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы
мен білім құмарлығын дамыту, қолдау.
Ақын Мағжан Жұмабаев «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес,
келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет,» - деген ойлары арқылы
тәрбиені келер күн талабымен ұштастырады. [5] Қазақ халқының тәрбие
дәстүрі қай халықтың тәрбиесінен кем түсіп көрген емес. Бүгінгі
ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрлері негізінде
тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек.
Оқытуда ұлттық құндылықтарымызды мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді
қолданып бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау, шебер сөйлеу
дағдыларын дамытып, тіл көркемдігін сақтауға үйретемін. Халықтың тілі-
халықтың жаны, тамыры, ойы, өрісі. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды
пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін
біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер
ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-
халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы
қалыптасқан барысында «әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде
235
ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін
көрсетті. Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және өзгеден
қоғамдық қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Ұлттық құндылықтар бұл
жастардың құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді.
Қазіргі ұстазға қойылған негізгі талап бала санасында қай кезде де сапалы
білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру.
Сапалы білім алу мен ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ғана өзгеріп
жатқан өмір жағдайларына дағдыландыру. Ғасырлар бойы шектеулі шеңбер
аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің
жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды
тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағылым болары сөзсіз. Жеке
тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі - Абай Құнанбаев,
Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек
Аймауытов және т.б. шығармаларының негізгі арқауы. Әсіресе ұлы ғұлама
Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл,
жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына
байланысты қалыптасатын «Толық адамды» (білімді, адамгершілігі жоғары,
парасатты жан-жақты жетілген тұлға) тәрбиелеп жетілдіру мақсаты
көзделеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі ояу,
рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие ісі - ұзақ және күрделі үдеріс. Адамзат дамуының қай кезеңінде
болсын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі
жүзеге асыру үдерісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады.
Өйткені, мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты
мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең
басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің
мақсатын нақты анықтау болып табылады. Жалпы адамзаттық тұрғыдан
қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп
тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-
құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-
дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Мектебімізде ұлттық
тәрбие беру мақсатында көптеген іс –шаралар өткізілуде. Мәселен, жыл
сайын қыздар арасында «Көктем аруы» байқауы өткізіледі. Байқауда ару
қыздарымыз өз өнерлерін, шеберліктерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды
дәріптейді. Мектеп ұстаздары «Рухани жаңғырудың тірегі – тіл» атты тағы
да басқа аудандық байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Қорыта
келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани
құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Баланың бойына
мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, туымызды
жықпай, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің
міндетіміз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |