Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер
кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан
халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.).
2.Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (12.04.2017ж).
3.Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы (15.12.2017 ж.)
4.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы Жол -
болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы
5.«Егемен Қазақстан» газеті. 12.04.2017ж. №70 (29051)
6.«Айқын» газеті
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ - БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ
Байғараева Айжан Кулжабаевна
Алматы облысы, Іле ауданы
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін,
тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін
шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-
құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-
дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
184
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен
айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән
зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық
рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер
рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары
мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге
бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық
құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған
асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды
сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа
баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын
тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың
бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе
алмаймын.Үзу қолымнан келмейді»-дейді. Сырым Датұлы: « Мен ағайынды
екеумін: бірі-өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық
ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды
ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды
тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы
адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени
құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның
ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін
айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру
үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты
дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашылық түрін жасау қажет, яғни
шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу
материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін
ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет
арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз
көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы,
қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды
үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері
мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру
негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-
білімді игеруі – тәрбиеге, өскен араға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.
185
Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”,
“Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей
өсиет еткен.
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен
төмендегідей мақсаттар қойдым.
- Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын
Қазақстан азаматын тәрбиелеу.
- Жалпы адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы
көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.
- Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес
этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін
ұйымдастыру.
-
Оқушыларды
табысты
іс-әрекетте
бағыттау,
олардың
шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау.
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде,
халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай
таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен
әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыздың ұлттық
психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан барысында
«әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде ұйымдастырған мақал-
мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін көрсетті. Тұлға бойында
қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық сезімдердін туғызып
тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз әдебиетінің
құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға
жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді оқыту
көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз байлығының баға жетпес
інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің
мол қорын алдым. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті
сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі
ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің
қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша
сөз өнері атқара алады» деген.
Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және өзгеден
қоғамдық қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Ұлттық құндылықтар бұл
жастардың құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді.
Қазіргі ұстазға қойылған негізгі талап бала санасында қай кезде де сапалы
білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру.
Сапалы білім алу мен ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ғана өзгеріп
жатқан өмір жағдайларына дағдыландыру. Қазақ халқының поэтикалық
өнерінің бала бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына
ықпалы мол. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын
қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап,
еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқандай, ақынның өлеңдері
туған жердің сұлу табиғатын, қазақ ауылының көріністерін, ақ көңіл ауыл
186
адамдар бейнесі сан алуан сезімдерімен ұласып отансүйгіштік қасиеттерін
қалыптастырады.
Ендеше, бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз
жайттардан арыламыз десек, ұлттық тәрбиеге баулитын салт-дәстүріміз бен
әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы
баланы қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен,
жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және
батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де
болады.
Халықтың мақсат-мүддесінен, арман-тілегінен, ізгі ойларынан, талап-
тілектерінен пайда болған тәрбие нақыштары барша халыққа ортақ, оларды
тәрбиелеудегі бірден-бір баға жетпес құралы болмақ. Жер бетіндегі әр
халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұралары бар. Ол – халықтың рухани
қазынасы. Рухани қазына ата-бабамыздың мұрасы, тәрбиесі, бір сөзбен
айтқанда жан дүниесіндегі адамгершілік құндылықтары.
Қазақстан Республикасының жаһандану, рухани жаңғыру сипатын
дамыту жолында, қоғам алдында ұрпақты заман талабына сай
интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылықпен ұштасқан ұлтжанды
етіп тәрбиелеу жолын дұрыс жолға қою міндеті тұр. Елбасы Н.Назарбаев
«Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де
мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» - деп нақтылағанындай, ата-
бабамыздан қалған ұлттық тәлім-тәрбиені болашақ ұрпаққа ұғындырып,
түсіндіруді мақсат тұтқанымыз жөн. Этномәдени дәстүрлеріміздің өткені мен
бүгінгісін саралап,тәрбие беретін тиімді жолдарын қарастыра,қолға алуды
ойластыру ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне қосар үлесіміз болар еді.
Ә.Табылдиевтің сөзімен айтсақ: «Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті
өркендетудің бірден-бір жолы болып табылады. Ұлттық салт-сананың
үрдістері рәсім, рәміз, кәде, жөн-жоралғы, ырым, тыйым тағы басқа өмір
қолданыстары арқылы іске асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық
мәртебенің мәдени-рухани деңгейі өмірден көрініс табады. Ұлттық тәрбие
осылай өз нәтижесін береді»,-деп, ұлттық тәрбиенің қажеттілігіне түсінік
береді. Атадан балаға сан ғасырлар бойы мұра болып жеткен салт-
дәстүрлеріміздің халық педагогикасында жастарға саналы тәрбие беруде
таптырмас құрал болатынына ешкім де шүбә келтіре алмайтыны анық.
Өйткені, туған халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тіршіліктің сан алуан
қағидалары, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан алыстап бара жатқан
кейбір бүгінгі ұрпақ үшін маңызы айрықша болмақ.
Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарай қарыштап
өркендеуінің негізгі тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын
парасатты,бiлiмдi тұлғаларды дайындауда жастар арасында ұлттық тәлiм-
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды. Озық жетiстiктерге
негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына
сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын
барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны ақиқат. Қазақ елі – салтқа,
187
дәстүрге, ырым мен тыйым, әдет-ғұрыптарға өте бай халық. Халқымыз
олардың әрқайсысының өзіндік орны, ерекшелігі бар екенін ескере отырып,
қажетіне қарай пайдаланған. Ол бізді басқа халықтардан оқшаулап,
айшықтап, ерекшелеп тұратын халықтың жүрегі, тамыр соғысы тәрізді. Ол
тоқтаса халықтың өмір сүруі де тоқтайтыны белгілі. Дәуірлер бойы
қалыптасып, дамып, жаңару үстінде келе жатқан салт-дәстүр, әдет-
ғұрпымыздың көмескіленіп, қолданудан шыққан немесе шыққалы тұрған,
жаңадан енген тұстарын ашу және заманға сай қолданысқа енгізу жағын
қарастыру – өте керек дүние. Сол себепті, ғасырлар қойнауынан келе жатқан
асыл қазынамызды тәрбие үрдісінде дұрыс қолдана білуде осы тәріздес
тағылымы мол тәрбиелік құралдарды пайдаланып,мәдени орындар мен
тәрбие беретін оқу орындары да көптеп қолға алса екен деген ой мазалайды.
Әсіресе, қазіргі жаһандану дәуірі өрлеп тұрған тұста елдігімізді сақтап,
мемлекеттігімізді нығайту, ұлттығымызды көркейту үшін дәстүрге бай қазақ
халқының жас ұрпаққа ұлттық рухтағы тәрбие беру мәселесі қашан да ең
басты орында тұруға тиіс. Қазақи қасиеттеріміз бен салт-дәстүр, әдет-
ғұрпымыз арқылы жастардың жүрегін тербей отырып, ой-санасын
адамгершілікке, парасаттылыққа, адалдыққа, рухани ізгі қасиеттерге баулып
өсіруге бағыт-бағдар беретін оқу орындарында тәрбиелік орны ерекше
болатыны
даусыз.
Жастар – Қазақстанның болашағы десек, яғни, бізді басқа халықтардан
ерекшелейтін тектілігін, дарындылығын, дархандығын, қонақжайлығын ары
қарай қалыптастыра отырып, жоғарыда талданған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар
арқылы сол құндылықтарды құрметтеуге, өз ана тілінің мәртебесін
арттыруға, тарихын тереңнен біліп, дінін, ділін берік ұстануға тәрбиелеуде
және осы тәріздес халқымыздың асыл қазыналарын сақтауға, сонымен бірге
қорғауға үйретуді біз тек сәби, мектеп кезінде ғана оқытып қоймай, ары
қарай арнаулы орта, жоғары оқу орындарында да оқытуды негізге алуы
керек-ақ. Мұндай қолға алынатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арқылы
тәрбиелеу шараларының нәтижесі – қоғамда қазір кең етек алатын әр түрлі
кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тыйылуға және
әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсілі болмақ.
Ұлттық тәрбиедегі адам баласын тәрбиелеудегі маңызы мен мәні салт-
дәстүрлік
нақыш
тұрғысынан
сараланып,
тәжірбиелік
қырымен
байланыстыра
талданылады. Ата-баба
мұрасындағы
салт-дәстүрдің
қолданылу аясы мен пайда болу негізін, тәрбиелік мәнін білу жастарды өз
елінің ұлттық қадір қасиетін терең меңгеруге септігін тигізеді.
Ұлттық сана-сезімді жастарға өз ұлтының әлеуметтік мәнін түсінуі,
ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат
дамуында қандай үлесі бар екендігін ұғындыра отырып, әрі өзге халықтармен
бірдей бостандықта өмір сүруін және т.б. жағдайларды жете түсіндіру
қарастырылады. Сонымен бірге, қазір жаһандану жағдайында жастардың
мінезінде бұзылу қаупі бар, олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық
психологиядан ауытқып бара жатқандары байқалады. Сезім адамның
188
тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты түрлі формада
көрінетінін сезіндіріп, оның түрлерін, ұлттық сезімді, адамның бір-біріне
деген сүйіспеншілік сезімдерін жастарға кең түрде мағлұмат бере отырып
тәрбиелеу
қарастырылады.
Көңіл-күй адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң
беретін біршама ұзақ эмоциялық күй екендігі белгілі. Жалпы, қазақ халқына
тән өзіндік көңіл-күйдің қыр-сырларына жете тоқталып, оның басқа
халықтардан ерекшелеп тұратын қасиеттерін ашып көрсету қарастырылады.
Жастардың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғалық
дамуының негізгі параметрлері – оның жалпы адамзаттық құндылықтарға
бағытталуы, ізгілік, зиялылық, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-
пікіріндегі тәуелсіздігі т.б. тұлғалық кәсіби сапаларды түсіндірумен қатар,
оның әлеуметтік деңгейі мен біліктілігін қалыптастыратын сапалардың мәнін
ашу. Әр адамды басқалардан айқындап, ерекшелеп тұратын жеке болмыс-
бітімінен бөлек, тұлғалық ерекшеліктері болады. Ондай ерекшеліктерге
сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам,
көзқарас тағы басқа қасиеттер жатады. Ұлттық өзіндік сана ұлттық
дүниетанымға негізделеді. Ал, ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік
арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз
ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші – ұлттық сана-сезімнің қалыптасу
деңгейіне байланысты. Жастарға ұлттық сана төмен болса, халық халықтық
қасиетінен айрылып, мылқау тобырға айналатынын түсіндіре отырып, оның
алдын алу жайы және оны болдырмауға тәрбиелеу көзделеді.
Бүгінгі таңда біздің еліміздің көркейіп, өркениетті елдердің қатарына
қосылып, халықаралық деңгейге шығуымыз үшін ұлтжанды, отансүйгіш
ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Басты міндетіміз – рухани және әлеуметтік,
адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен
ұлттық дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру.
Сондықтан
да,
Отанымыздың
болашақ
дамуына
үлес
қосатын
ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлтжандылық дегеніміз –
адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік
ортасына, Отанына деген аса терең сезімі. Ұлтжандылыққа тәрбиелей
отырып, жастардың азаматтық санасын қалыптастыру, оқушылардың саяси
білімдерін жетілдіруге, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін, туған
жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін қалыптастыра білуге
тәрбиелейміз.
Отансүйгіштік-азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Жастардың
азаматтық санасын біліммен қаруландыра отырып, аға ұрпақтың қалдырған
мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-
материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре отырып, ақыл мен
парасаттылығы жетілген, ұлтжанды, саналы азаматты тәрбиелеу жолға
қойылады.
189
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ж. Қоянбаев, Педагогика. –Алматы, 1998, 2000ж.
2.Е.Сағындықұлы, Педагогика. –Алматы, 1999ж.
3.
Метепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырымдамасы, 1995ж.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰЛТТЫҚ
САНАНЫҢ ЖАҢАРУЫ
Бекжанова Бағдат Алтынбековна
Бостандық ауданы КМ Санаториялық №68
бөбекжай-балабақшасы меңгерушісі
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе-
оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»
Абай
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің
бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен
тұжырымдамалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
жүзеге асырудың тиімді жолдары "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы
желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына
Жолдауында айқындалған.
Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың
біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-
техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындайды.
Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да
сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім
кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім беру кеңістігінен
жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез
бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын
тұлғаны даярлау.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік
қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп
тұжырымдалса, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп
отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және
190
өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген.
Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік
және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты.
Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші - адам, оның тәрбиесі мен білімі,
шеберлігі, еңбектегі табандылығы, санасы, ойлауы мен адамгершілік
қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның тәрбиесін, білімін,
психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты ескеріп, соған
сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Адамның жан
дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеп жүрген мамандар,
психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін қажет екенін айтады.
Қазіргі тәрбие мен білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың
басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу, дамыту
және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі
қойылған. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық
жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін
пайдалануға негізделіп құрастырылады. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктер
ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның жан-
жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың да мазмұны өзгеруде.
Психолог кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуда және жеке тұлғаның
барлық жақсы қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықтаудың объективті
дамуына көмектеседі.
Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір
адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас
барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі
тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай
білу- баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып,
үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап, қадірлей біледі.
Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде
қалыптаса алады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы - ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты
қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге
құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен
үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер
туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, біртұтас ұлт болу үшін
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен
ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады.
Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың
191
маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің
ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Ол адами
құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына
патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің
қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық
салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді,
ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың
рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен
көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын
қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз
келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел
болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған
қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев біртұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың
санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы
жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты
бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік
2. Прагматизм
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы.
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай
қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты
толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті,
бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы
оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
айқындалады. Әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға
лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық,
шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына
сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім»
сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге
қабілеттілік саясат пен экономикада, білім мен ғылымда, технологияда, яғни
барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы
қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық
идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін
жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық
қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп,
дамытып отыруға тиістіміз.
192
Болашаққа бағдар ретінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің
қызметкерлері Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған өмірлік
мақсаттарына енгізе отырып, еліміздің рухани тұрғыдан дамып,
интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген
сенімдемін. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды
көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге
олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты.
Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет.
Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең,
алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана
бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Ұлттық жаңғыру ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі
мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім
үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті,
табысты ел болу. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған
рухани кемел ел болу - Елбасының асыл арманы.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім мен ғылымға ерекше
басымдық беріп отыр. «Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген
Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның
ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын
сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына
сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына мән береді. Осы бағдарда ол бабалар
ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді:
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар
қасиет».
Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің атқаратын
тәрбие жүйесі Елбасының парасатты пайымдарын негізге ала отырып,
қарқынды түрде жүзеге асыруда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи
кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа
деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен
шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын
баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.Мен барша
қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау
ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда
жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -
деп ел келешегіне үміт артады.
Рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын
болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы
астында бақытқа бірге жетейік!
Бүгін біз Тәуелсіз Еліміздің, Қасиетті Отанымыздың ХХІ ғасырдағы
рухани даму жолын жан-жақты, терең талдап көрсеткен Елбасымыз,
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
193
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық маңызы бар
мақаласын талқылау үшін жиналып отырмыз. Елбасы өз мақаласында
Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және
бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз қажет деген сүбелі ойларын ортаға
салып отыр. Елбасының бұл мақаласы биылғы Жолдауда жарияланған
Қазақстанның үшінші жаңғыруы идеясымен сабақтас. Мақсат: қазір елімізде
жүргізіліп отырған екі процесс – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру
процесі қатар жүргізілуде. Бұл процестердің негізі – Қазақстанды әлемдегі ең
дамыған 30 елдің қатарына қосу. Қазір жаһандану кезеңі. Әлемде үлкенді-
кішілі 258 мемлекет бар. Оның 194-і Тәуелсіз мемлекеттер. Аталған
реформалар ойдағыдай іске асу үшін ең алдымен рухани жаңғыруды іске
асыруымыз қажет. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «ХХІ ғасырдағы ұлттық
сана» мәселесі, екінші бөлімде «Таяу жылдардағы міндеттеріміз» атап
көрсетілген.
Қазақ халқы тарихи баламаның екі жолын да бастан кешті. ХV ғасырдың
екінші жартысында дербес мемлекетін құрған бабаларымыз елдің аумағын
кеңейтті, шекарасын бекемдеді, аз халықтың көп болуына қол жеткізді. ХХ
ғасыр – әлемдегі ұлы өзгерістер ғасыры болғаны белгілі. ХХ ғасырдағы
батыстық либерализмнің әлемнің көп елдеріне мүлдем сай келмейтіні, ол
құндылықтарды күшпен енгізуге деген әрекеттердің салдары ауыр болғаны
бүгін баршаға аян. Өйткені олар әлемдегі түрлі халықтарға өз ұстанымдарын,
өз дәстүрлерін күштеп мойындатпақ болды. Нәтижесінде қаншама халықтар
жер бетінен мүлдем жойылды, отарланып, жеке ұлт, жеке этнос болудан
қалды. ХХ ғасырдағы мұндай саясаттың зардабын қазақ халқы басқалардан
артық тартпаса, кем тартқан жоқ. Елді жайпаған ашаршылық, қуғын-сүргін
зардаптары, 20-30 жылдардағы күштеп ұжымдастыру және жерден, тілден,
діннен, ділден, ұлттық мәдениеттен ажырап, демографиялық жағынан
мүлдем құрып кете жаздадық. Империялық билік ең алдымен қазақтың
болмысын өзгертіп, ұлттық санасын жоюға тырысты. Жер-су атаулары, елді
мекендердің аты отаршылардың қалауымен өзгертіліп, қазақ халқының
ғасырлар бойы қастерлеп келген қасиетті мекені ойрандалды. Қазақты
жерден айыруды патша өкіметі аса қатыгездікпен жоспарлы түрде жүргізді.
Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы дағдарысқа ұшырап, еркінен айрылған
халық рухани дағдарысқа түсті. Отарлық саясаттың нәтижесінде қазақ
халқының ортасында өз тілі мен тарихын, мәдениеті мен дәстүрін жек
көретін, тарихи жадтан, тарихи санадан жұрдай болған, өз ұлтынан басқаның
мәдениетін жоғары қоятын мәңгүрттенген топ пайда болды. ХХІ ғасырдағы
Қазақ Елі мұндай жолмен жүре алмайды. Қазақ еліне жаңа тұрпатты ұлттық
жаңғыру жолы керек. Жаңа тұрпатты ұлттық жаңғыру жолы дегеніміз –
ұлттық кодыңды сақтай отырып даму деген сөз.
Ұлттық кодты сақтамай дамуға болады дегендер адасады. Ұлттық кодты
сақтамай даму ұлттың жойылуына алып келеді. Біз әлемдік озық
технологияны, жаңалықтарды қабылдай отырып, өз ұлтымыздың тарихи
194
тәжірибесі мен дәстүрлерін сақтау арқылы дамуымыз керек. Біз озық
елдермен иық теңестіруіміз үшін бәсекеге қабілетті болуымыз керек, дейді
Елбасы өз мақаласында. Бұл басты мәселе. Қазақтың болашағы еліміздің
табиғи байлығымен емес, ұлтымыздың бәсекелік қабілетімен айқындалады.
Қабілетті ұлт болуымыз үшін қазақ халқы да өз бойындағы жаман
қылықтардан арылып, түлеуі тиіс. Біз прагматик болуымыз керек. Қанымызға
сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды
өзгертпейінше,
біздің
толыққанды
жаңғыруымыз
мүмкін
емес.
Елбасымыздың бүгін талқыланып отырған мақаласында атап көрсетілген аса
маңызды жайт – таяу жылдарда қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшетіндігі
туралы жариялауы болды. Қазақ қарпі өз дамуында бірнеше дүркін өзгеріске
ұшырағаны белгілі.
Ата-бабаларымыз сақ, үйсін, қаңлы, ғұн дәуірлерінен бері-ақ өз жазуы, өз
қарпі бар өркениетті ел болатын. Бұл адамзат тарихындағы ең көне
әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия
құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен,
Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары
негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін
қабылдаған соң Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін Қазақстан аумағында араб
әліпбиі қолданылды. Латын әліпбиі 1940 жылға дейін қолданылып, кейін
кириллицаға ауыстырылды.
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси
себептермен айқындалып келді. 2012 жылғы желтоқсан айында қабылданған
«Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу
керектігі мәлімделді. Енді әлемнің басым бөлігі қолданып отырған латын
қарпіне көшу уақыт талабына айналды. Мақалада айтылған келелі ойдың бірі
- Ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі. Ұланғайыр даланы мекендеген қазақ
халқының тілінде, мәдениетінде, салт-дәстүрінде ғасырлар бойы қалыптасқан
біртұтастық, бірегейлілік сақталған.
«Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен
Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар
біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана», – дейді Елбасы.
Ұлтымыздың бұл бірегейлігі көпэтносты Қазақстан халқына да оң ықпал етіп
отыр. Елбасы болашақта қарыштап дамуымыз үшін бойымыздағы жақсы мен
жаманды саралауға, әр нәрсені байыбына барып талдауға шақыра отырып,
ешқашан бұлжымайтын мынадай екі ережені есте сақтауды ескертеді: оның
алғашқысы – ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтамай ешқандай жаңғыру
болмайтындығын, екіншіден, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі
болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартуымыздың қажеттілігін атап
көрсетеді.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар
қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең
түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім
195
әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді
бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Елбасы мақаласында Қазақстан болашақта революциялық емес,
эволюциялық даму жолына түсу керектігін баса атап көрсетті. Өйткені, қазақ
үшін аса ауыр болған ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл
ғасырда қазақтың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән
жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз
таңылды; ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды;
қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады; еліміздің көптеген
өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Елбасының пікірінше,
өкінішке қарай, революциялар дәуір әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен
мазмұны түбегейлі өзгерді.Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни,
мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде,
қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Біздің
кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың
өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Қазақ халқы әлемнен іргесін аулақ салып, жеке отыра алмайды. Біз де
әлемдік өркениетке араласып, әлемдік үрдістерден шет қалмауымыз керек.
Бұл біздің өмірлік қағидамыз болуы тиіс. Жер жүзіндегі миллиардтан астам
адам сияқты біз де туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ағылшын
тілін жаппай және жедел үйренуіміз керек.
Осы мақсатта Елбасымыздың бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарының өзінде «Болашақ» бағдарламасын қабылдап, талантты
жастарды ағылшын тілін, заманауи кәсіптерді игеруге жұмылдырды. Бұл
бағдарлама аясында қазіргі таңда 10000-нан аса жастарымыз шетелдерде
білім алып, экономиканың барлық саласында табыспен еңбек етіп жатыр.
Егер біз үйден шықпай отыра беретін болсақ, онда әлемде, құрлықта, тіпті
іргедегі елдерде не болып жатқанын түсіне алмайтын едік. Елбасы өз
мақаласының екінші бөлігінде осы мақсаттарға жету үшін қандай міндеттерді
шешуіміздің қажеттілігін рет-ретімен атап көрсетеді. «Жаңа гуманитарлық
білім» сериясы бойынша таяу жылдары қазақ тілінде 100 жаңа оқулық жазу
жобасы. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең
жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аудару. Бұл шара 2018-
2019 оқу жылында іске асырылуы тиіс. Болашақтың негізі білім
ордаларының аудиторияларында қаланады. Біз білім саласында жаһандық
бәсекеге төтеп беретін мамандарды даярлаумыз керек.
Елбасы «Туған жер» бағдарламасын ұсынып отыр. Туған жер – әркімнің
шыр етіп жерге түскен, қаз басқан қасиетті мекені, өмір-бақи тұратын өлкесі.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен
атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жерді
аялау, атамекенді қастерлеу – қазақтың ұлт ретіндегі мәдени-генетикалық
кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы Атамекеннің қарыс
қадамын да жатқа бермей, ұрпағына мирас етті.
196
Елбасы «Туған жер» бағдарламасын енгізе отырып, барлық іскер
адамдарды, кәсіпкерлерді, отаншыл жастарды туған жердің өркендеп-өсуі
үшін атсалысуға, еңбектенуге шақырып отыр. «Туған жер» бағдарламасы
өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді
мекендерді абаттандыруды, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды
қалпына келтіруді көздейді. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен
өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай
аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая
болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін
жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
«Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланған жоба. Елбасы
осынау жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып,
өркениетті қоғам құруды көздеп отыр. Бұл ретте жастарға үлкен
жауапкершіліктің артылып отырғанын айта кету керек. Атадан қалған мына
жерді, тіл мен дәстүрді,ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу өз алдына,
қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы
тиіс. «Рухани жаңғыру» болса осы міндетті жүзеге асыруға сеп болатын
басты құралға айналмақ.
Ұлттық
құндылықтарымызды насихаттауда мүмкіншіліктер мол.
Қолөнер бұйымдарын заманауи саласында дизайнді меңгертуде келешекте
табиғи материалдардың бірі-жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары:
киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу
сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай
дәстүрлі колөнер үлгілерінің жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету; балаларды
еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени
мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулысақ деймін. Ұлттық
колөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ
жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер
етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.
Өз ойымды іске асыруда сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі
шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін
көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне
апарып, балалардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту қажет деп санаймын.
Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және
еңбек етуге үйренеміз.
Балаларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының
өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен
бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық
енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жан-
жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, балалардың жүрегіне жол тауып,
олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін,
балабақшада оқып, үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ
колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.
197
Әлемдік өркениетке бет бұрған еліміз үшін ұлттық құндылықтарымызды
сақтауда жас жеткішектерге тәлім-тәрбие беру басты парызымыз деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |