Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 1998ж,
II том.
2. Білім туралы Қазақстан Республикасының №319-III Заңы. 2007ж.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту
туралы ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы.
4. Философиялық сөздік Р.Н Нұрғалиев; Ғ.ҒАқмағамбетов. Алматы -
1996ж.
263
5. Д.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. Алматы., 2002ж
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БӨБЕКЖАЙДАН БАСТАЛАДЫ
Убишева Айжан Султановна
№ 49 «Ақ Ниет» бөбекжайы МҚКК директоры
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз
ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын
жаңғырып отыруы тиіс.
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Рухани жаңғыру:
Болашаққа бағдар» атты бағдарламасында «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ
басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең
дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі
жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз
және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды
ортаға салуды жөн көрдім»-деген болатын. [Айқын, 1-бет]
Білімге ұмтылу, жақсыға үйрену, жаманнан жиренуді ата-бабаларымыз
айтып кеткен болатын. Бұл енді ұлттық идеологиямызға айналып отыр.
«Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа
тұстарынан бас тарту керек» деп мақаласында қадап айтты Мемлекет
басшысы. [Айқын, 2-бет] Ал ұлттың рухани коды дегеніміз не? Ол – сан
ғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан атамұра төл
өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз,
тілдік ерекшелігіміз бен діни ұстанымымыз, білім-ғылымымыз бен қоршаған
ортамыз.
Елбасы халқының тағылымы мен мол тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерін
алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын,
болашаққа сеніммен бет алуын мақсат қылды. Бұл ретте, тұтас қоғамның
және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын
дайындады. Атап өтетін болсақ:
Бәсекелестік қабілет - Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың
өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Прагматизм - Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын
ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр
нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі.
Ұлттық бірегейлікті сақтау - Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық
рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
264
Білімнің салтанат құруы - Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жетеді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуыға ұмтылу
Сананың ашықтығы - Адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және
өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Ол
жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу
деген сөз.
Қазақстанның ревалюциялық емес, эволюциялық дамуы - Біздің кешегі
тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа - эволюциялық даму ұлттың өркендеуіне
мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.
Таяу жылдардағы міндеттер - бұл екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар
ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі.
Мақала рухани байлықты нығайту жөнінде жазылған. Рухани
байлықтың кемел, күшті болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, жеке
азаматтардан жасақталған еліміз үшін де өте маңызды. Ақыл-ойы толысқан,
ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге
қабілетті болатыны анық. Осынау құндылықтарды қалай игеретініміз және ол
арқылы қайда жететініміз жан-жақты талданған. Бұл мақаланы аса маңызды
стратегиялық құжат деп қабылдауға болады. Осыны жүзеге асыру үшін
қандай іс қолға алынуы тиіс және қандай қадамдардан өтетініміз нақты
көрсетілген.
Біз - Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №49 «Ақ ниет»
бөбөбекжайының педагог мамандары мектеп жасына дейінгі жастағы
бүлдіршіндерді тәрбиелей отырып, ұлттық мәдениетімізді сақтап қалуға
аянбай еңбектеніп келеміз. Біздің бөбекжайда 5 жасқа дейінгі жастағы 420
бала тәрбиеленеді. Оның ішінде 6-бірінші кішілер тобы, 5-екінші кішілер
тобы, 5-ортаңғы тобы жұмыс жасап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламасын
бүкіл Қазақстан халқы осы бағдарламаны аңсап күткендей оң қабылдаған
болатын. Осы бағдарламаны біз де өз ұжымымызда қызу талқыға салып,
танысып өттік. Бағдарлама аясында жоспар құрылды. Бөбекжайымызда
стенд, банерлер орнатылды. Жоспарға сәйкес жауаптылар бекітіліп, іс-
шаралар бөбекжайымызда үнемі өткізіліп тұрады.
Атап айтсақ, «Рухани жаңғыру» аясында «Ұлттық ойындар», «Алтын
қақпа» ойын-сайысы ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар іс-
шараға қатысып белсенділік танытты. Абай атамыз өз дәуірінде «Адам бол»
деп айтып кеткен. Бұл – қазақтың ұраны іспетті сөз. Елбасымыздың осы
жұмысында Абайдың ұранының көрінісі бар секілді. «Білімді мыңды
жығады, білекті бірді жығады» дейді халық. Таяу жылдардағы міндеттердің
ішінде латын әліпбиіне көшуіміз де жан-жақты талдап айтылған. Бұл –
ғаламдық ақыл-ойға, ғылымға жақын, бәсекеге қабілетті болуға бастайтын
үлкен қадамның бірі. Бөбекжай педагогтары латын әліпбиін педагогикалық
сағатта талқылап, өз ойларын білдіріп, Елбасының тапсырмасын қолдап өтті.
Елбасы тәрбие, білім беру саласына үлкен мән беріп отыр. Әсіресе,
үштілділік мәселесі басты назарда. Ағылшын тілі – әлемдік тіл. Бүкіләлемдік
265
тіл болғаннан кейін біз одан сырт қала алмаймыз. Дегенмен қазақ тіліне
басымдық беруге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп,
дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз.
Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген
бірнеше республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Атап өтетін
болсақ Айтас Алан, Сыйлыбай Дана, Камал Арлан, «Әсем-ай» би тобын
айтуға болады. Білім - әлемдік, тәрбие - ұлттық болуы керек. Ата-
бабаларымыздың баяғыдан келе жатқан үлкен құндылықтар жүйесі
жастарымыздың да санасына еніп, олар әр нәрсеге сын көзбен қарап, жақсы
үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр болар еді.
«Рухани жаңғыру бөбекжайдан басталады» тақырыбында отбасылық
бөбекжайішілік
іс-шара
ұйымдастырылды.
Іс-шараға
ата-аналар
белсенділікпен қатысып, топ-топқа бөлініп, балаларға ұлттық ойындарды
ойнатып, салт-дәстүрлерді көрсетіп, халық әндерін шырқады. Соңы спорттық
шараға ұласты. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» тақырыбында бөбекжай
холлында көрме жасақталды.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі
дамып отыратын тірі ағза тәрізді. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы
түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен
сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес
жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған
уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса
беретін процесс. Екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру
және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи
мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –
біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Демек, әр адам осы жаңғыруға өз
үлесін қосуға міндетті. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Сол мақсатта
бөбекжай педагогтары өз үлестерін қосып аянбай еңбек етіп келеді, және осы
бағдарлама аясында ұрпақ тәрбиелеу жолында ізденіспен әлі де талай
шыңдарды бағындырары сөзсіз, деп сөзімді аяқтағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев.
«Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты
бағдарламасы. (https://aikyn.kz/2017/04/13/9894.html)
2. Интернет ресурстары.
266
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ - ТӘРБИЕ
НЕГІЗІ
Утепова Арайлым Оразкызы
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, №23 жалпы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында
Қазақ Елінің мықты әрі біртұтас ел болуы үшін болашаққа қалай қадам басуы
қажет екендігін көрегендікпен айқын көрсеткен. Соның ең бастысы
бұқаралық сананы өзгерту мәселесіне жете көңіл бөліп, оны өзгертуге қол
жеткізу жолдарын қадам-қадаммен айқындап беруі бәріміз үшін ертеңгі
күнге жасалған жоспар, жарқын болашаққа деген үміт, әрі сол жолда
жүктелетін міндет екені сөзсіз. Елбасы өз мақаласында жаңғыруды жүзеге
асыруда біріншіден, ұлттық рухани код, ұлттық мәдениет сақталмаса
ешқандай жаңғыру болмайтындығын, екіншіден, алға басу үшін ұлттың
дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартып
«өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі- қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу,
басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл табыстың кілті
екендігін баса айтты. Сондай-ақ, Президентіміз бағдарламаға құрылған
мақаласында ел боламыз, дамыған елдердің алдыңғы қатарына шығамыз деп
талпынсақ, адамдардың бәсекелестік қабілеттерін қалыптастыру,тәрбиелеу
қажеттігін айтты. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа
аманат етіп, сақтап келген құндылықтарды, ұлттық прагматизм санаулы
жылдарда ас та төк ысырапшылдыққа ұласқанын айтып, қазақстандықтарды
серпілуге, реализим мен прагматизмді ту етіп ұстап, ұлттық бірегейлікті
сақтауға, болашаққа сеніммен қадам басуға шақырады.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше
басымдық беріп отыр. «Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі», деген Н.Ә.
Назарбаев «Мәңгілік ел болуға» қадам басқан тәуелсіз қазақстанның ендігі
жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын
сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына
сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді.
«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты І бөлімнің «Бәсекелік
қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат
құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы»,
«Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер»
атты екінші бөлімдегі «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру», «Жаңа
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық», «Туған жер»
бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» , Жаһандану
заманауи мәдениет «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларындағы ойлар
мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты
көрінісі.
267
1.2017 жылдың 26 қазан Елбасымыз «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан
латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Әлемдегі
техникалық ақпараттың 70 проценті, электронды тасымал құралдардағы
ақпараттың 80 проценті ағылшын тілінде.Дүнижүзі халықтардың 70 проценті
латын қарпіне көшкені белгілі. Сондықтан да латыншаны қазіргі
коммуникацияның, ғылымның және білімнің тілі деп нық сеніммен айтуға
болады.
2.Елбасымыз өз мақаласында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық
білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әр
түрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүнижүзіндегі таңдаулы
үлгілердің негінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын.
Осыған байланысты «Bilim Media Group» ЖШС компаниясының негізін
қалаушы және басшысы Рауан Кенжеханұлы 20-ға жуық оқулық аударып
жатқанын атап өтті.Оның айтуынша бүгінде алғашқы оқулықтарды жазуға
90- ға жуық маман тартылыпты. Бұл оқулықтардың басым көпшілігі бұрын
соңды қазақ тіліне , тіпті орыс тіліне аударылмаған жаңа басылымдар.
3. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары.
4. Жаһанданғы заманауи Қазақстандық мәдениет.
5. «100 жаңа есім» жобасы. Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына
жерлесіміз белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Ақсақалұлы еніп
қаламыздың мәртебесін тағы да бір асқақтатып биікке көтерді.
6. «Туған жер» арнайы жобасы. Мектепте осы «Туған жер» арнайы
жобасының 4 кіші бағдарламалары негізінде жұмыстар жүргізілуде.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы білім
саласы қызметкерлері үшін тәрбие жұмысындағы бағытымызды айқындап
берген басты құжат болып табылады. Бұл құжат мектептің тәрбие
жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Осы мақсатта «Туған жер»
арнайы жобасының «Тәрбие және білім», « Рухани қазына», «Атамекен» кіші
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары
бекітіліп,бұл бағдарлама ұжымға, ата-аналарға таныстырылып, насихаттау
жұмыстары жүргізілді. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында көрме ұйымдастырылып,стенд пен логотивтер жасалынды.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының Өлкетану базалық бағыты
бойынша«Алтын адам» кіші жобасы негізінде оқушыларды туған өлке
тарихын білуге, зерделеуге ынталандыру мақсатында директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Е. Нарымбетов Ержанұлы мен мектеп мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен 5-8 сынып аралығындағы 150-ге жуық оқушылар
Шымкент қаласындағы Мәдени-тарихи өлкетану мұражайында Елбасымыз
Н.Назарбаев «Дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесіне, «Ай» ойын-сауық
кешеніне, хайуанаттар саябағына саяхатқа апарып, оқушылардың ықыласына
бөленді. Оқушылар өздерінің керемет әсерде сезінгендерін қуанышпен
жеткізсе, ата-аналар да өз алғыстарын айтты.
«Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы аясында тарих-география
пәнінің мұғалімдері оқушыларды туған өлке тарихын зерделеуге
268
ынталандыру, өлкетанулық білімнің рөлі мен маңызын арттыру мақсатында
каламыздағы Жеңіс саябағына және Арыстанбаб кесенесі, «Отырар»
мемлекеттік археологиялық қорық музейіне, Домалақ ана, Бәйдібек би
кесенелеріне, Ақмешіт әулие үңгіріне сяхатқа апарып келді. «Тарих мұрасы»
кіші жобасы аясында «Туған жерге туыңды тік» атты керемет кеш өткізілді.
«Ұстаз - өзгеріс жаршысы» кіші жобасы аясында «Тұнық жырдың
тұмары - Фариза ақын» атты қалалық байқауда Ізетілләева Құттықыз 3
орынмен марапатталды. «Білім шыңы» атты педагогтер мен оқушыларға
арналған республикалық ғылыми –әдістемлік, танымдық, мәдени- рухани
журналына Қуанышбаева Гұлнұр, Ыдырысова Ақбота және бастауыш сынып
мұғалімдерінің «Рухани жаңғыру –жастарға жарқын бағдар» атты тақырыпта
атқарған жұмыстары жарық көрсе, Ізетілләева Құттқызбен 5-сынып
жетекшілерінің «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында іс-
шарасы жарияланды. 9-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Білгірлер
отауы»сайыс сабағы мен география пән мұғалімі Бохаева Мадинаның
«Өңіріміздегі жел энергетикасы»атты ғылыми жобасы жарияланды.«Өрле
Қазақстан!» кіші жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер,оркестрлер мен
ансамбльдердің шеруіне қатысып мектебіміздегі «Дала сазы» аспаптық
ансамбль клубының ансамбль құрамымен облыстық байқауға қатысып, ІІ
Дәрежелі диплом иеленді.
«Дарынды ұрпақ – ел болашағы» кіші жобасы аясында дарынды,
талантты, шығармашыл балаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар
негізінде 28.09.2017 ж. күні қалалық байқаудан 11 «Ә» сынып оқушысы
Айсекенов Асылтай «Ауыл шаруашылықта техникаларды қолдану»
номинациясы бойынша облыста І орынмен марапатталып, 4.11.2017ж күні
Қарағанды қаласында өткізілген Республикалық байқаудан сертификатпен
марапатталып келді. 7 «Г» сынып оқушысы Жұмабай Нұрасыл қалалықта
ұйымдастырылған «Ұлы өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» -атты байқауда
«Баламалы энергетика» саласы бойынша ІІ орынмен марапатталды. 8 «Б»
сынып оқушысы Амангелды Ұлдана «Авиация» саласы бойынша ұшақ
құрастырып, Алғыс хатпен мараптталды. 8 «А» сынып оқушысы
Алтынбекова Айгерім «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру»
номинациясы бойынша қалалықтан І орынмен, 11.04.2018ж күні облыстан
ІІІ орынмен марапатталды. Сондай-ақ «Туған жер-алтын бесік» атты қалалық
өлкетану сайысында 7-10 сынып оқушылары 1 орынды иеленді.
«Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» бағдарламасының
қоғамдық ұйымдар және балалар мен жасөспірімдер қозғалысы іс-шаралар
жоспарына сәйкес мектеп оқушылары аймақтық «Айбын» әскери –
патриоттық жастар жиынына қатысып марапатталды.
«Кітап - білім бұлағы» кіші жобасы бойынша ата-аналар жиналысы
өткізілді. «Лидер Reader- ON» іс-шарасының жоспары мен ережесіне сәйкес
бір тоқсан көлемінде кітапханаға келген білім алушылардың ішінен ең үздік
13 оқырман анықталып, берілген 4 кезең бойынша 28 ақпанда іс-шара
ұйымдастырылды. Сонымен бірге оқушыларға арналған «100 кітап» атты
269
тақырыпта сайысы өтілсе, мектепте «Құнды сыйлық» акциясы
ұйымдастырылып, BOOKROSSING көрмесі жасалынды. Мектебімізде оқу
жылында әр сенбі «Кітап оқу күні» болып белгіленген.
2.«Отаным - тағдырым» бағыты негізінде «Абай даналығы» жобасын
іске асыруда қазақ мен әдебиеті мұғалімдері, сынып жетекшілері Абай
мұрасын талдау жасау арқылы баланың ойына қозғау салу шығармашылық
жұмысқа баулу мақсатында күнделікті сабақ жоспарына ендіріп, кіріктірілген
минуттар мен сынып сабақтарын өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
М.Шерниязданованың жетекшілігімен 8-9 сынып оқушыларынан «Абай
әлемі» клубын ашып, мақсат, міндеттері таныстырылып, жоспар бойынша
жұмысын жалғастыруда.
3.Саналы азамат бағыты негізінде «Кәсіптік білім беру», «Мен таңдаған
мамандық» атты тақырыптарда 9-сынып жетекшілері А. Құрманбекова мен Р.
Жоранова ашық тәрбие сағаттарын өтті.
«Отбасы әлемі» кіші жобасы бойынша «Ұл мен қыз-ұлт намысы»
кешенді іс-шарасы негізінде «Әжелер тәрбиесі» тақырыбында 9-11 сынып
қыздарының 100 пайыз қатысуымен жиналыс өткізілсе, 10 «А» сыныбында
осы тақырыпта ашық тәрбие саты өтілді.
4. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде Рухани жаңғыру
бағдарламасын насихаттауға және Алғыс айту күнінің маңыздылығын одан
әрі нығайтуға ықпал ету, мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында
«Алғыс айту-парызым!» атты мерекелік кеш өтіліп, осы тақырыпта тілек
бұрышы жасалынды. 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған
«Сиынар ем, Ана деген тәңірге» атты кешімізді қаламыздағы Этномәдени
орталығында өткізіп Алғыс хатпен марапатталдық.Қыздарды халқымыздың
ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізде
тәрбиелеу, әр қыз баланы парасатты, жан-жақты болуға, сұлулық әлемін
түсінуге тәрбиелеу, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу
мақсатында «Көктем аруы-2018» байқауы өтілді. Тұрғындар мен жастар
арасында көше атауларының тарихын және тұрғындардың көше атауына
деген құрметін арттыру мақсатында «Сіз тұратын көше» атты танымдық
шара, 1 мамыр -Қазақстан халқының бірлігі күні мен Отан қорғаушы күнін
және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар
ұйымдастырылды.
Рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын бүкіл ел болып «Бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет!
270
ІІІ БАҒЫТ. БАСТАУЫШ БУЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Жамантаева Карашаш Қалшеновна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»
Атакулова Гульнур Садвокасовна
Петропавл қ. «С.Шаймерденов атындағы
классикалық қазақ мектеп-гимназиясы»КММ
Тәрбиесіз берілген білім - халықтың қас жауы
Әбу Насыр әл-Фараби
Жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі
республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ой салуда. Ғылыми
педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың
ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін
дарытудағы халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері
қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатқанын айтамыз.
Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ.
"Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген
ақиқат". Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің
ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды
айтады. Ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған қазына, тәрбие
өрнектері: ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-
мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар,
халықтық ойындар, мерекелер, тойлар баға жетпес қайнар көзі.
Ертегілер баланың қызығушылығын тудырады, сөзді тыңдай білуге
үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып,
жан-дүниесін,
мінез-құлқын
қалыптастыруға
ықпал
етеді.
Аңыз әңгімелер шыншылдыққа, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге,
зұлымдықпен күресе білуге үйретеді. Жаңылтпаштар баланың тілін
ұстартады, жаңылтпаштың дүние танымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары
әрі баланың тілін ширатып, әрі ой өрісін кеңейтеді.Санамақтар баланың
ойлау жүйесін жетілдіріп, дүние танымдық ойлауын кеңейтіп, оның сюжетті
нұсқалары тапқырлық танытуға құштар етеді [2, 126].
Бүгінгі
таңда
Қазақстан
Республикасында
қоғам
өмірін
демократияландыру
мен
ізгілендіру
бағытында
болып
жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты, білім мен тәрбие беру
жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. Бастауыш буында сабақ өткізу
барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп,
оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді
түрлендіретін заманға келдік. XXI ғасырда жаһандану мен ұлттық
271
тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың,
жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар- намысын жаңа
қырынан саралауды талап етіп отыр.
Академик Г.Н. Волков «батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды
аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек.Ол әр халықтың ғасырлар
бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың
бай
тәжірбиесіне
сүйенген
халықтық
педагогика
болмақ»,-деп
тұжырымдайды. Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді
қатысушысын, яғни жеткіншектердің адамгершілік қасиеттерін жоғары
болуын қамтамасыз етіп, азамат тәрбиелеудің жаңа бағыттарын
ойластырудың қажеттігі туындаған сияқты.Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі
ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болғаны абзал.Ұлдың батыр, қыздың
әдепті болып қалыптасуы осыларға байланысты. Қазақ энцеклопедиясында
«адамгершілік
тәрбиесі
–
тәлім
тәрбиенің
ықпалды
әсері
мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті,
адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы»-деп ұғындырылады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты және жас ерекшелігіне
қойылатын
талаптардың
көлемі,
мазмұны,
тізбегі
жөніндегі
түсінік негізінде анықталады
[3, 145 б.]. Адамгершілікке баулитын
халқымыздың сан ғасырлық тәлім-тәжірбиесіне болашақ жастар тәрбиесіне
пайдаланудың берері мол екендігін халқымыздың зиялы азаматтары
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтар атап көрсеткен. Демек, ұлт
тағдыры ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген халқымыздың мол мұрасын
бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін қазақ мектептерінде өтілер әрбір
пәнге арқау етудің жоғарғы нәтижеге жеткізері даусыз. Этнопедагогика
ғылымының білгірі С.Қалиев: «Ұлттық тәлім тәрбиені іске асыратын ұлттық
тіл»,-деп жазды.Олай болса «жаным арымның садағасы» деген халық
даналығын жас ұрпақтың санасына сіңіруде қазақ тілі пәндерінің алатын
орны ерекше. 12 жылдық білім беруде әдебиеттік оқыту пәні бойынша
бастауыш сыныптарда оқушыларға білім берудегі басты құрал оқулық екенін
ескерсек, оның мазмұны балалардың ғылыми танымын дамытудағы білімін
кеңейтуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз.
Л.Х.Салимованың
айтуынша:
«Адамгершілік
тәрбие
–
жеткіншектердің адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруде, оларда
адамгершілік сезімдерді дамытуға, адамгершілік сана мен сенімдерді
қалыптастыруға,
мінез-құлық
дағдылары
мен
әдеттерді,
іскерліктерді шындауға бағытталған педагогикалық үрдіс. Бұл үрдістің
негізгі мақсаты –жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі» [4, 185 б.].
Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің
іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан
мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып,
қолдап алып кету білім ошағында қызмет атқарып жүрген тұлғалардың
бастапқы міндеті. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану
жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді
272
абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер
мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең
жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі іс.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.
Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде
сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған
қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым
өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл — қалыпты және
шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай,
керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер»
бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алунуы тиіс. Бұл
жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс
түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің
түрлі жолдарын табуға болады. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы
қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті
жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын
байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы
жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген
сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады»,
деп назар аударады Ел Президенті Н.Назарбаев.
Үкімет тарапынан шыққан білім-тәрбиеге байланысты сұрақтарды іске
асыратын дүние жүзілік елдер қатарына енуге үлестерін қосатын құзіретті
педагогтер. Мәселең, Петропавл қ. қалалық классикалық мектеп-
гимназиясында «Туған жер» бағдарламасының өзегі «Ұлттық рухымыз
бойымызда» атты бастауыш сынып пән апталығының жоспары боынша 3-4
сыныптар арасында «Мәдени мұра» атты сахналық қойылымдар байқауы
өтті. Іс-шараның мақсаты Абылайхан, С.Шәймерденов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин сынды ұлы тұлғалардың өмірінен, шығармашылығынан
сахналық қойылым көрсету арқылы оқушы бойында ұлттық тәрбие негізін
қалыптастыру болып таблады. Ал 1-2 сынып жас ерекшеліктерін ескере
отырып, «Ана мен бала» ток шоуы жүргізілді. Бұл ток-шоуға оқушылар өз
аналарымен қатысып, мағынасы зор әңгімелерді тыңдауына жақсы
мүмкіндік болды. Іс-шараның мақсаты отбасы тәрбиесін нығайту болып
табылды. Жалпы бағдарлама барысында мектеп-бала-отбасының тиімді
моделін іздестіру оймен өте тартымды, әрі қызықты өтті. Үш кезеңнен
тұратын: ситуациялық сұрақтар, жағдаяттар және «Бала тілі – бал айдары» іс-
шара ата-аналар ұжымының алғыстарымен аяқталды. Аталған іс-шаралар
келешек ұрпақтың сана сезімінде халық педагогикасының негізгі қағидалар
арқылы тұлғаның бойында ерекше орын алып, ұлкен өмірге өзіндік пікірі
бар, үлкен-кішіні сыйлайтын, жаны таза, ақыл-ойы дұрыс бағытталған тұлға
аттанады.
273
Халық педагогикасының бағыттарын ескеруге жаңартылған білім беру
бағдарламаның тәрбиеге байланысты астарлы тұстары өте жақсы мұмкіндік
береді. Себебі, бағдарламаның тәрбиелік бағытына «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісінің аспектілеріне байланысты кез келген сабақтарға
жергілікті жердің тарихи материалдарын қолдануға болады. Сондықтан
бастауыш сынып мұғалімдері «Әжелер мектебі», «Аталар мектебі» атты
үйірмелік сабақтарда туған жерінің халық ауыз әдебиетімен, тарихи
тұлғалармен таныстырады.
Халықтық педагогика құралдары нәтижелі болады егер:
1. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іріктелсе;
2. мазмұны қызғылықты және құнды болса;
3. өмірмен байланысты болса.
Ғасырлар қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде
жас бауын жанына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті
тәсілдері тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса
халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік
материалдар тәрбие ретінде пайдалыналады. Демек халықтық педагогика
- тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Достарыңызбен бөлісу: |