Пайдаланылған әдебиеттер:
1. О.К.Трубецкая «Балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалай
жетілдіруге болды».
2. Л.Омарова «Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері»
3. А.А.Калюжный «Роль учителя в духовно-нравственном воспитании
школьников».
4. Л.И.Божович, Т.Е.Конникова «Нравственное формирование личности
школьника в коллективе».
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН САҚТАУ АРҚЫЛЫ
ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТІН ТАНЫТУ
Мұхтарова Гүлжайнар Қабдолдиновна
Астана қаласы, №45 жалпы орта мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Өз заманында Алаш ардагері Міржақып Дулатұлы «...балаларды оқыту
өз алдында бір ғылым. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес,
біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деп айтып кеткен.
Қазіргі кезде
тәрбие ісінде баланың жан қуатын өсіру үшін, заман талабына сай бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатқа ие. Мектепте болсын, отбасында
болсын берілетін тәрбиенің нақты мақсаты- алдында отырған жас
жеткіншекті өмір жалғасы, қоғам негізін құраушы, ұлт болашағы деп танып,
оларға айқын ақын көзқарасты қалыптастыру. Бұған жетудің бірден бір жолы
– ұлттық тәрбие. Әрбір ұлттық бала тәрбиесінде ескіден келе жатқан сара
жолы бар. Ол -халықтың ғасырлар бой жасалған ұлттық құндылықтары,
тарихтың қатал тезінен өтіп, уақыт елегінен өтіп, бүгінгі бізге жеткен асыл
мұрамыз. Ата – бабамыз ұрпағын ұлттық тәрбиенің тұнығына қандыра
отырып, талай тар кезеңде қазақтың бейнесін жоғалтпаған. Қазіргі кезде біз
үшін тәрбиенің кілті ұлттық сана мен ата дәстүрді адал сақтай отырып,
халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан әрекет етуге ұрпақты тәрбиелеу.
Нағыз өз ұлтының ұлы бола білген Ж.Аймауытов: «Мен халыққа
кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан
келмейді» - десе, халқының қас батыры Сырым Датұлы: «Мен ағайынды
екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Елбасымыздың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ХХ ғасырдағы батыстық
жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?
Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен
283
тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей,
бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің
тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа
тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу...»
деп айтылды. Міне, осы жерде ұлттық кодты сақтау қалай жүзеге асырылуда
деген сұрақ туындайды.
Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді ұрпақ санасына қалай
жаңғыртуға болады? Батыс мәдениетіне еліктеп кетпес үшін, ұрпақ
Ж.Аймауытов айтқандай «халыққа кіндігімен байлануы» үшін, яғни
ұлтжанды, халықтың баласы болып өсер келешек тәрбиелеу үшін біз
ұландарымызға қандай жолмен тәрбие, білім беруіміз керек?
Ұрпақ тәрбиесі туралы айтыла бастағанда дін мәселесе бой көтереді.
Біз мектепте оқушыға дін туралы қысқаша ғана мәлімет береміз. Оның өзі
жоғары сыныптарға барған кезде оқытылады. Ал мектеп табылдырығын енді
аттаған жас балдырған хиджап киіп дәстүрлі емес ағымдағы дінмен санасы
уланып жатады. Ахмет Яссауи зерттеп, қазақ халқының болмысына келетін
дінмен неге сусындатпасқа?
Халқымыз ежелден «Жаным арымның садағасы» деп, бар мал-
мүлкімен қоса жанын да ары мен ұяты үшін пида еткен қазақ емес пе едік.
Осы қасиетті бала бойына дарытып жатырмыз ба? Егер жастарды осы ұлттық
санада тәрбиелеп жатқан болсақ, елді неге жемқорлық жайлап жатыр? Демек,
біз жемқорлықтан сақтана алмай жатырмыз... Мейлі мектептен он жерден
«Адал ұрпақ» ерікті клубын құрайық, барлық жерге «Парасатты азамат»
туралы жазып, айтайық бәрібір аз!
Жаһандану үрдісі бізге не беріп жатыр? Батыстың жаңа технологиясы
жастар санасына еш тосқауылсыз еніп жатыр. Интернетке тәуелі болу, ана
тілін ұмыту, ана тілін күнделікті өмірде қолданбау - осының нәтижесі.
Осылырдың бәрі ұлттық құндылықтың әлсіреуіне себебін тигізіп жатыр. Осы
мәселе бойынша мектептер аз жұмыс жасап жатқан жоқ, бірақ нәтиже аз.
Мектеп нәтиже шығарсын десе, қоғамда мұғалім мәртебесін арттыру керек.
Қазір мұғалімнің үлкенге де, кішіге де беделі жоқ. Ата- аналарды жинап, осы
мәселенің шешімін табайын десе, ата- ана жиналысқа келмейді. Сондықтан
құқықбұзушылықтың алдын алу, жемқорлықпен күрес жолдары, діни
сауаттылық пен тіл мәртебесі, интернет қауіпі туралы дәрісті сол саланың
мамандары әр мекемеге барып оқыса. Мекемеде кімдер жұмыс жасайды?
Мекемеде қазіргі ата- аналар мен болашақ ата- аналар қызмет етуде. Әйтпесе,
Республикалық жалпыата- аналар жиналысы болсын, басқа жиын болсын
мектепке баласы үшін келетін ата- ана ілеуді біреу ғана. Ұрпақ тәрбиесімен
жалғыз мектеп емес қоғам боп біріге жұмыс атқармасақ, кейін өкінетін
боламыз. Ұлттық кодты мектеп қана сақтай алмайды, ұлттық кодты жалпы
халық боп сақтау керек. Ұстаздар қауымы, ел тағдырына алаңдайтын бір де
бір жан. Тәрбие мен білім үрдісінде ұлттық құндылықты, ұлттың қасиетті
қазынасын бала санасына сіңіріп- ақ жатыр. Мәңігілік ел ұрпағының ұлттық
284
болмысын жаңғырту үшін көптеген шаралар ұйымдастырып, сабақтың әр
сәтінде айтып, қолдануға тырысып жатыр.
Мен тәрбие жұмысын басқарғандықтан өз жұмысым бойынша мынадай
үлгі ұсынғым келеді. Білім басқармасы мен қалалық қосымша білім
орталығы бекітіп берген жұмыс жоспарына, мектептің тәрбие бағыты
бойынша жасалған жылдық жоспарына қосымша «апталық» жұмыстар. Оған
тек тәрбие бөлімі ғана емес, оқу бөлімі де, жалпы барлық ұжым да
атсалысатын жұмыс түрі. Бір оқу жылында 34 апта бар. Әр аптаға атау
қойып, бағыт белгілісек. Мысалы «Отбасы» апталығы, «Спорт және
денсаулық» апталығы, «Енбек» апталығы, «Тілдер» апталығы, «Кітапхана»
апталығы, «Театр» апталығы, «Туған жер» апталығы, «Қазақтың 100 әні»
апталығы, «Салт- дәстүр» апталығы, «Адалдық борышың» «Қауіпсіздік –
қорғаның» апталығы, «Әдептілік» апталығы, «Мамандық апталығы»,
«Қайырымдылық» т.б өз қалауларымен апталық атауын қойып, 34 жұмыс
түрін өткізуге болады. Апталық жұмысқа жауапты мұғалімдер жоспар құрып,
барлық оқушының атсалысқанын бақылайды. Апта соңында рейтинг
жүргізеді. «Отбасы» апталығанда отбасы құндылықтарын насихаттайтын
шаралар мен отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтайтын
жұмыстар жүргізуге болады. Бастауыш сыныптарғы оқушылар ата-
аналарымен бірлесе «Бақытты отбасы» макетін жасаса, орта буын
оқушылары ата- аналарымен «Мерейлі отбасын» ұйымдастыруға болады.
«Бақытты отбасы ол...» тақырыбында жоғары сыныптарға жоба жұмысын
жасатуға болады. Мектеп дәлізінде «Бақытты отбасылық сәт» айдарымен
отбасылық фотолар көрмесін жасауға болады. «Спорт» апталығына спорт
жан- жақты насихатталады. Спортшы отбасылармен кездесу, отбасылық
сайыстар, спорттан жетістігі бар оқушыларға арналған стенд жабдықталуы,
бастауыш сыныптар арасында көңілді спорттық жарыстар, қазақтың
палуандары туралы хабарламалар, газеттер шығаруға болады. «Еңбек»
апталығында оқушылардың қолөнер бұйымынан көрме, адал еңбек маңдай
термен келген еңбек нәтижелерімен таныстыру, қызығушылығын арттыру.
Қазіргі таңда балаларымыз тіпті қалалық сенбілікке шықпайды, ата- аналар
рұқсат етпейді. Көше жинаушылар мен мектеп тазалығын сақтаушылардың
еңбегін бағаламайды. Осыны ата- анамен бірлесе отырып, саналарына сіңіру.
«Кітапхана» апталығында «Менің тағдырымды өзгерткен бір кітап», «Менің
сүйікті кейіпкерім» т.б. атаумен барлық сыныптарда сабақ өткізуді ұсынар
едім. Тәлімі мол сабақты ата- аналар мен балалар өткізсе ғана өз нәтижесін
береді. Кітап оқитын отбасының өткізген сабағы кітап оқымайтын
отбасының қызығушылығын оятады. Жоғары сынып оқушылары үшін қоғам
қайраткерлерімен, жазушы, ақындармен кездесу өткізу. «Театр» апталығында
сахна майталмандары туралы мол ақпарат берілсе, мектеп дәлізі театр
қырандарының плакатымен безендірілсе, балалар мектепке емес, театрға
келгендей сезімде болуы керек. Өнерлі отбасылардың қатысуымен мектеп
сахнасында театрландырған қойылым көрсетіліп, аптаның соңында барлық
мектеп оқушыларын театрға апаруды ұйымдастыру. «Туған жер»
285
апталығында Қазақстанның бар аймағы бойынша толық деректер берілу.
Халық саны, экономикалық жағдайы, пайдалы қазбалар мен табиғи
ресурстары туралы ақпараттандыру. Жоғары сыныпқа барғанда түлектер
мамандық таңдауында, қайда және немен айналысатыны туралы алдын –
ала жоспар алатын жағдай жасау. Бастауыш, орта буын оқушыларына
осындай керемет мекендері үшін мақтаныш сезімін ояту, елге, жерге қамқор
патриот тәрбиелеу. «Қазақтың 100 әні» апталығында халық әндері туралы
дәрістер өткізу, қазақ халық әндерінен байқау ұйымдастыру, ата- аналарды да
қалыс қалдырмай, ән байқауына шақыру, үзіліс кезінде қазақтың халық
әндерін қосып қою, әр тыңдалған әнге қосымша мәлімет беріп отыру
жұмыстарын жүргізуге болады. «Салт- дәстүр» апталығында мектепте қанша
ұлт өкілі оқиды, сонша халықтың- салт- дәстірін көрсетуге болады. Салт
көрсетуге әр ұлттың өкілдері шын ынтасымен қатысады. Оны өз
тәжірибемнен білем. Бірінен- бірі асып түсуге тырысып, тәрбиелік мәнін
ашып насихаттайды. «Мамандық» апталығында НЗМ ұсынған «Ата-анамның
жұмысындағы бір күн» жобасын кіргізуге болады. Сонымен қатар, қызықты
маман иелерімен кездесу өткізуге, «Ата- анамның мамандығы»
тақырыбында ата- аналармен сұхбат өткізуге болады. «Адалдық борышың»
апталығында «Жаным арымның садағасы» атты тәрбие сағаттары өтіп,
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс нәтижесі тыңдалады. Бұл аптада
заңгер ата- аналармен ақыл-кеңес өткізудің де артықшылығы болмас еді.
«Қайырымдылық » апталағында барша балаға қайырымдылық таныту
жолдарын көрсете білсек. Табиғатқа қайырымдылық жасау, қарттарға
қайырымдылық жасау, жетімдер үйіне қайырымдылық жасау жұмыс
түрлерін ұйымдастыру ұрпақ санасының қалыптасуына оң нәтижесін береді.
Ата- аналарды игі шараға тарту арқылы, балаларға үлгі етеміз. Апталықтарға
әр мектеп өз оқушы санына, мүмкіндігіне қарай атау беріп, жыл сайын
өзгертіп отыруға болады. Жұмыс оқу жылының басында бекітіліп, жауапты
тұлғалар бір жыл бойында атқаратын жұмысымен таныс болса, әрі тиімді
ұйымдастырып, әрі жақсы жетістіктерге жетер еді. Сөзімді қорытындылай
келе:
«Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы
Қайтер дейсің қара бастың толғағы
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны» - деген Мұқағали ақынның бір ауыз
өлеңімен аяқтай отырып, жеке тұлғаны ұлттық дәстүрге, ұлттық құңдылыққа
негізделеген бағдарламамен тәрбиелеп, оқытуды жүзеге асырсақ нұр үстіне
нұр болар еді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Елбасы мақаласы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» 2017 жыл, сәуір
2. Кенжеахметов С. «Ұлттық әдет ғұрыптың беймәлім 220 түрі», Алматы,
«Санат» баспасы 1998ж.
286
3. Дана Қарабай «Ауыл жаңалығы» газеті, «Ел қуаты- бірлікте»
4. Сұлтанғали Бейсебаев «Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап
оқыту» мақаласы, 2017ж.
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ДӘСТҮРЛЕР
АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Курмангалиева Марал Адилбеккызы
Астана қаласы №38 мектеп-лицейі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де
өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді
елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан.
Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.
Қазіргі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа
тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,
педагогика
ғылымында
ұлттық
сананы
қалыптастыру
көкейкесті
мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты
ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие
берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық
өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды
бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының
пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның
мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы
жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі
қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп
тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен
адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай
отырып тәрбиелеу, ерекше дәстүрлерімізді жаңғырта отырып, рухани
жаңғыру.
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық
мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие
беретін орын». Ұлттық мектеп бірнеше ғасырларға созылған халық
тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы
адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеуде. Халық педагогикасының
негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, тәжірибелері т.б. жатады.
Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген
ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының
287
құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін
анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді. Ұлттық тәрбие қазір
елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын,
ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын»
балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған
жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып,
болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді,
ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да
ұлттық тәрбие - ел болашағы
[1]
.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып
келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет,
этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны
арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың
рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт
ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын-жырауларының
мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады.
Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін
ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-
санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін
қалыптастырады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның
халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген.
Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып
қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып,
халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған.
Дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық,
құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие
түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу
болды. Ұлттық ойындардың мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын
нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға,
салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ отбасында адам
зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ,
ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше
көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің
шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер
жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз
содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық,
елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген.
Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын
288
жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі
етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды
мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз
алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен,
екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын
дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас
ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге,
құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың»
демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.
Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат
құралдарын баса пайдаланып келеміз. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері
Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта
тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын
пайдалы азамат шықпайды».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл
бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың
ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-
тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз
болып қала бермек. Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл
қазынамыз. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің
алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас
жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани
өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы.
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес,
өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана
тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың
парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін
еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей
аламыз
[2].
Сонымен, қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп
төмендегілерді айтуға болады:
1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
2. Отанды, халқын, жерін, елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын»
тәрбиелеу.
3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным
арымның садағасы».
4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
5. Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт,
отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе
бастайды.
Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда
қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру
289
сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы:
математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй
сабақтарында түрлі әуендермен, дене шынықтыру сабағында ұлттық
ойындармен ойындармен танысады
[3].
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың «Халықта ең
бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын
болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы
оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, ерекше
дәстүрлеріміздің тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре
білуіміз керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу
мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты
болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші –
мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен
жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе дей келе мектебімізде
ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізіледі, атап айтсақ соның
ішінде салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне
байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында, ұлттық ойындардан
жарыстар, үйірме жұмыстары өткізіліп тұрады.
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген
түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде
пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше
ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік
мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі
қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ
серек-көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран»,
«Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.
Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының
көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи
тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы,
көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп,
адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі
пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан
қамтылған. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың
саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін,
қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен
өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай
бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игілікті істің бастауы деп санауға
болады. Мәселен: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Алтыбақан»,
«Ақсүйек», «Шаңырақ», «Бастаңғы», «Айтыс», т.б. бағдарламалардың тәлім-
тәрбиелік құндылығы өте зор
[4].
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын
адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі
халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына
290
Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық
сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені
мәлім. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да
«Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар
жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық
тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне
тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты
туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші
сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке
отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр
көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер,
түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу,
қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін,
қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден
сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.
Тұрмыс-салтқа
байланысты
туған
әдет-ғұрыптар
мен
салт-
дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа
айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен
ұлттық құндылықтарымыз, ерекше дәстүрлеріміз арқылы сонау өткен
ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан
халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің
талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі
оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі
мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға,
рухани жаңғыруға бір кісідей атсалысайық!
Достарыңызбен бөлісу: |