РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ
БЕРУ
Рахимжанова Шолпан Серікқызы
№23 жалпы орта мектебі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында
«Мәңгілік ел- ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу шыққан,
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік
ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-
мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік
ел», -деді. Сондықтан да, біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған
бай
мұрамыз салт-дәстүрлерімізбен,мәдени
құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде
баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән
берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен
сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан
құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау
алатыны белгілі. Ендеше, бұл тұрғыда ата-ана мен ұстаздың атқарар ролі зор.
Осы мақсатта мектебіміз 2018-2019 оқу жылына Тәрбие жұмысы
жоспарын бекітті. Жоспарда өскелең ұрпақты ұлттық идеяның
құндылықтарымен тәрбиелеудің негізгі тұжырымдары берілген. Олар
әлеуметтік құндылық, тәрбие ұстанымдары мен ойларын біріктіру, халықтар
мәдениетін үйлестіру және сақтау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Арнайы кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат міндеттері мен күтілетін нәтижесі
анық көрсетілген осы жоспар аясында біздің мектебімізде белгілі бір
міндеттер құрылып, жұмыс жасалуда. Мақсатымыз - «Мәңгілік ел»
жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға
үйрету. Оқушыларға рухани жаңғыру аясында ұлттық төл мәдениетімізді ,
салт-дәстүрлерімізді насихаттау. Міндетіміз - білім беру үдерісіндегі
қолданатын
жұмыстардың
ерекшелегін
анықтау,
инновациялық
технологияларды қолдана отырып өзгерту, «Мәңгілік ел» идеясының сан
қырлы формаларын қолдана отырып, педагогтың шеберлігін көтеру. Сол
360
арқылы оқушылардың бойында азаматтық, патриоттық, өзіндік сан-сезімді
қалыптастыру. Жоспар аясында орта білім беру ұйымдарында білім беру
саласын басшылыққа ала отырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға
байланысты әр түрлі тақырыптарда сыныптан тыс іс-шаралар, кеңестер мен
дөңгелек үстелдер, ата-аналармен бірлесіп атқаратын жұмыстар жобада
жоспарланған. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі
мұғалімдері Солтүстік өңірінің көрнекті жазушысы, ақыны, публицист
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай 6 - шы сынып оқушылары
арасында «Мен жастарға сенемін» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кейін
мектептің тәрбие ісі жоспарына сәйкес мектеп оқушылары ақынның туып-
өскен жері Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы,
Сартомар ауылына экскурсияға барып, ақынның кіндік тамған жерімен
танысты. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас
құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні,
ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ
Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Осы ісшараныңң негізгі
мақсаты - дені сау, рухы таза, ойы жетік, шешен де шебер болашақ ұрпақты
тәрбиелеу. Осы ісшара негізінде балаларды тәрбиелеу мен оқытуда халық
педагогикасын кеңінен пайдалана отырып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді осы
бастан ақ бала бойына сіңіру болып табылады.
Бұл
Тәуелсіз
Қазақстанның
болашақ
патриотын
тәрбиелеу
шарттарының
бірі болып табылады. «Мәңгілік ел» идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін
екенін ескерсек, еліміздің мәңгілік болуы жолында халқымыздың
гүлденуі басты орында тұр. Оған ең алдымен ұрпақтың құнды тәрбиесі мен
сапалы білімі жол ашады. Сондықтан да , балабақшадағы барлық танымдық
іс-шаралар осыған бағытталған. Төл тарихымыздың ақтандақ тұстарын
балабақша тәрбиеленушілеріне жасына сай түсіндіріп,бойына сіңіріп отыру
қажет. Тарихи тұлғалар жайында айту, көрнекі құралдар арқылы көрсету,
осы тарихи оқиғаларға байланысты сұрақ—жауап арқылы ойларын білу,
баланың қиялын шарықтату - Отаншылдыққа баулудың мағыналы жолы деп
есептеймін. Тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай атамыз айтқандай
«болмаса да, ұқсап бағуға» тырысуға бағыттау қалай болғанда да өз
нәтижесін берері анық. Біздің мектеп ұстаздары өз Отанын сүюге, өз елінің
тарихын білуге және сол арқылы бойларында патриоттық рухты
қалыптастыруда көптеген тәрбиелік іс-шаралар жүргізіп, мерекелік
ертеңгіліктерде де тағылымы мол шағын қойылымдар өткізіп келеді.
«Баланың жас ерекшелігіне байланысты білім беру салаларын сабақтастыру,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу» біздің мектеп алдындағы басты мәселе. Қазіргі
таңда күрделі мәселелердің бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл
қасиет екенін ұқтыру да баршамыздың міндетіміз. Елбасы айтқан ана тіліміз
Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды іс-шараларды
жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз керек.
361
Жалпы мектеп ұстаздары оқушылар арасында патриоттық
тақырыпқа арналған әндер байқауын, өлеңдер жинақтарын әзірлеп, еліміздің
көрікті жерлері мен табиғатының ерекшеліктеріне арналған буклеттер жасап,
балалардың қызығушылығын арттырып отыр. Қай бала болмасын әр нәрсеге
қызығушылықпен қарайды. Осыған байланысты баланы ұлттық қасиеті
жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның
мағынасын ашатын іс-шараларды да өткізіп отырамыз. Мысалы, «Қош
келдің, Әз-Наурыз !» мерекелік ертеңгіліктерде мектеп ұстаздары мен ата-
аналарын қатыстыра отырып, салт-дәстүрден көріністер қойып, бір –бірінің
өнерін тамашалап, бағалап қана қоймай, дәстүрді жаңғырта отырады.
Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға
байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты іс-әрекет жасауға
тырысамыз.
Ұлттық мерекелерді өткізу барысында тәрбиешілер балаларға ұлттық
киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы
өмірмен байланыстыру жұмыстарын қатар жүргізіп отырады. Балаларды бір-
біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру, ынтымақтастық орта
қалыптастыру, олардың келешек білім алуға даярлауға ықпал етеді. Әсіресе,
мұндай жұмыстарда екеуаралық кері байланыс міндетті түрде болуы шарт.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, әрі қызығушылығы
артады. Өзіне не қажет екенін пайымдайды. Нәтижесінде балалар ұлттық
мәдени мұраларымызбен қолөнер туындыларымен танысады. Міне, осы
мақсатта біздің мектебімізде Елбасының Жолдауындағы «Рухани жаңғыру-
болашаққа бағдар» аясында «Ата-баба дәстүрі-бүгінгі ұрпаққа өнеге»
ауқымды бағдарламаны жобалаудамыз. Мұндағы мақсатымыз - қазақтың
салт-дәстүрлері арқылы балалардың бойына мәдени, рухани–және
адамгершілік құндылықтарды
дарыту. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәдени бай
мұрамызды бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Осы бағдарлама аясында балаларды
ұлттық негізде тәрбиелеу үшін ұлттық нақыштағы қолөнер туындыларымен
таныстыру және балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
болып табылады. Сонымен қатар халық педагогикасын кеңінен насихаттап,
сол арқылы балабақшадағы өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие берудегі
маңызын көтеруді жоспарлап отырмыз. Ата-бабамыздан қалған мол
мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз
ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық. Сондықтан
да рухани жаңғыру аясында осы бағдарламаны қолға алып, жоспарлап
жатырмыз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - дегендей қазақ халқында жаңа
өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет
көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт-дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану
үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық,ұлтын, дінін,тілін, мәдениетін,
тарихын мейлінше сақтап қалуға тырысады. Олай болса салт-дәстүр өсіп
келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде
362
өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді. Сондықтанда осы бағытта жұмыс
жасауды балабақша ұжымы болып жоспарлап жатырмыз.
Қорыта келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие
мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан
баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді
сіңіріп, туымызды жықпай, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты
тәрбиелеу біздің міндетіміз болып табылады. Жалпы мектептің
педагогикалық ұжымы күш-жігері Отанды, халқымызды, туған-туысты
құрметтейтін шығармашыл және талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағыталуы
тиіс. Алдымызда осы құндылықты бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен
жерінің қамы үшін аябайтын, білімді иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу,
оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз
керек.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа
тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің
жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты
қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге
құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен
үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер
туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен
ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады:
«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге
шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу
қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол
адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі
полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».
Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы
нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.
Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген
асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа,
білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің
363
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,
әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды
үдеріс.
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай
қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты
толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті,
бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы
оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ
ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік
сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің
алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті,
«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және
конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша
қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп
ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім,
ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне
көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»
бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге
қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшу бойынша білім ордамызда арнайы
ақпараттық тақта орнатылды.
«Рухани жаңғыру» аясында мен өз күнделікті сабақтарымды
мектептің тәрбие жұмысы жоспарын және де Елбасымыздың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын міндетті түрде тәрбие
мен білім беруде басшылыққа аламын. 21 ғасырда тәрбие және білім
параллелді түрде берілуі қажет. Мақсаты: оқушылады Отанды сүюге, өз
елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең
көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыру. Сабақта мен
қолданатын білім беру құндылықтары: әріптестік, азаматтық жауаптылық,
ашықтық. Көрнекліктер: интеративтік тақта, бейнебаян, түрлі түсті
парақшалар. Сабақ кезеңдерін жаңартылған білім беру бағдарламасымен
ұштастырамын: сергіту сәті, тақырыпқа сәйкес стартерлер, белсенді оқыту
тәсілдері арқылы топтық, деңгейлік жұмыстарды орындау (постер қорғау,
синквейн құру, жоспар арқылы мәтінді мазмұндау, тірек сөздер арқылы
сөйлем құру, түрлі сурет карточкалар арқылы топтарға бөліну, сурет салу,
тірек сөздер арқылы коммуникацияға түсу, жағдаяттық оқиға құру,
креативті ойлау, интервью, ыстық орындық, сиқырлы сандық, балық
қаңқасы стратегиялары, рефлексия, кері байланыстың бағдаршам, қоқыс
жәшігі, бес бармақ түрлерін ) қолданамын.
Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие
керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның
364
өміріне қауіп әкеледі»,- деп бекер айтпаған. Ендеше, бүгінгі таңда жас
ұрпаққа тәрбие мен білімді қатар беріп, бәсекеге қабілетті, жан-жақты,
ашық санасы бар, білімді, білікті, рухани жаңғырған тұлғаны дайындау –
біздің парызымыз.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН
БІЛІМ БЕРУ
Нариман Анар
Қазақстан – Ресей медициналық колледжі
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын
көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт
руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы
деуге болады. Шынында да ол бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден
келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық
кодымыз.
Сондықтан
Елбасының
Қазақстанның
үшінші
жаңғыруына
байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы
бәсекеге қабілеттілік деуге болады. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді
болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. Себебі тәрбие мен білімді қатар
жүргізу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. ұрпақ тәрбиесі, қай уақытта
болсын, күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі екені
баршаға аян. Бұл мәселе қазіргі күні де айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы
тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму
қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа
емес. Оларға ұлттық тәрбиені дарыту одан да күрделі. Осы тұрғыдан алғанда,
біздің халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлы мұрасын оқу-тәрбие
ісінде пайдалану – кезек күттірмейтін мәселе.
Тәрбие мен білім беру – егіз үрдіс. Қос егіздің бірі ақсаса, ешбір оң
нәтижеге қол жеткізе алмасымыз хақ. Әлемнің ең дамыған отыз елінің
қатарынан көріну мақсатына жұмылған қазіргідей жауапты шақта тәрбиег
ісіне берілер басымдылықтар көбейді. Білімнің салтанат құруы үшін, шәкірт
ұлттық тәрбие алуы шарт. Ал егемен еліміздің ертеңін жарқын ететін тек
қана білімді ұрпақ екені даусыз. Осы тұста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру ісінің негізгі қағидаттары
қалыптасып, шырайлы шындық болып өрілуде.
Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім беру ұйымдарында
тәрбие бағытында осындай басты бағыттарды бағдарға алып, шындыққа
айналса құба-құп.Ол ұстанымдардың бірегейі – ұлт тарихынан тамыр ала
отырып, тәрбие беру ісі екенін тағы да ерекше атағым келеді. Білімі терең,
тәрбиесі текті, рухы биік ел баласы Қазақстанды жарқын болашақта әлемнің
365
ең дамыған үштік елінің қатарына шығарарына сенім артамыз. «Рухани
жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде жоғары
мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда.
Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің,
мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз
жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде
уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы
жатыр. Рухан жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ
пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді.
Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде
қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты,
халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді,
керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны
нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір
ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол
жеткізетін жетістігі. Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ
болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып,
өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге
ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар
игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының
жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне
елдің қолын жеткізу деп түсінеді. Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің
болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи
қажеттілік.
Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын
сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің
мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекеті,
халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан
өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға
жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі
тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі
қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай
ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін
атқарып отырған. Мәселен түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы
ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет басшысы мақалада атап
көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен
өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.Сондықтанда ұлттық
сана қашанда рухани жаңғырудың негізі болып қала бермек.
Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және
мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен
жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық
танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра
алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының
болмысына күш беру. Елбасы айтқандай, «Ұлт немесе жеке адам нақты бір
366
межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі,
елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады». Уақыт бір
орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман
болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне
тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай
білген ұрпақ қана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға
табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық
құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық
қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру
ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара
басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық
рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай
ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.
Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасеттері мен рухан құндылықтарға
тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және
табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген.
Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың білім алуына, рухан
деңгейінің қалыптасуына ықпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының
заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі
ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және
ғылым туралы кемел түсінігі.
Ұлттық тәрбедедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын
құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді,
ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш
зиялыларының болмысына, тархи қызметтеріне қарайтын болсақ рухан
Жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік
қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы.
Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманында
алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт
игілігіне айналдыра алады. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып
кеткендей, «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен,
шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген
мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой,
қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» Рухани жаңғыру жаңашылдыққа
қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік
ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған
тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы
тежеліп отырады.
Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу
туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып,
елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес.
Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт
болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ. Ұлттық рух бар
жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап
367
көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың
негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі,
еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар
бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына,
еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Елбасымыз атап айтқандай, «табыстың кілті – білімде». Қай кезеңде
болсын, қай салада болсын, біз «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы
білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі,
құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жететінін» түсінетін уақыт келді. Бүгінгі байлық, бүгінгі мақтан тек қана
білімнің, білімдінің айналасында салтанат құрады. Аталмыш бағыттардың
бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап
береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен
құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық
ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті
болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи
байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады…
Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты
қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет
тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына
сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім»
сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге
қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни
барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани
жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы
әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық
тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Қорытындылай келе алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар
мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес.
Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын
асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар
білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді
ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін
бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі
ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере
білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын
Абай атамыздың сөзімен сөзімді аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |