Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру


Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994. 
2.  "Мұстафа  Шоқай.  Тандамалы"  (аударып  құрастырған  Айтан  Нүсіпхан),  1-2 
том, Алматы, "Кайнар", 1998-1999. 

302 
 
3.  Тарихи  тұлғалар.  Танымдық  -  көпшілік  басылым.  Мектеп  жасындағы 
оқушылар  мен  көпшілікке  арналған.  Құрастырушы:  Тоғысбаев  Б.  Сужикова 
А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009   
4.  М.С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің  
қызметі». Астана, 2008 ж. 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Оралбаев Канатбек Амантаевич 
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы 
Көктас ауылының жалпы білім беретін № 4 орта мектебінің 
базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты 
қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге 
құрылған  маңызды  құжат.  Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық 
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен 
үйлестіріп,  Қазақстанның  игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат-мүдделер 
туралы  өзекті  мәселе  көтеріліп  отыр.  Онда  ел  Президенті  Қазақстан  үшін 
қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі  үдерісі  –  саяси  реформа  мен 
экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас  Ұлт  болу  үшін 
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні 
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. 
Мемлекет  басшысы  аталмыш  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады: 
«Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге 
шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық 
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу 
қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол 
адасуға  бастайды.  Сонымен  бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі 
полюстерін  қиыннан  қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды». 
Саяси,  экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы 
нәтижелерге  қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани 
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 

303 
 
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды 
үдеріс. 
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың 
санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағытына  жеке-жеке  тоқталады.  «Сананы 
жаңғыртудың»  мазмұнын  негіздей  отырып,  Президент  жаңғырудың  алты 
бағытын белгілейді: 
1. Бәсекеге қабілеттілік
2. Прагматизм; 
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
5. Білімнің салтанат құруы; 
6. Сананың ашықтығы. 
Аталмыш  бағыттардың  бәрі  барынша  өзектендірілген  және  уақыттың 
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай 
қажетті  қасиеттер  мен  құндылықтардың  қайнары  тоғысып,  ақыл-парасаты 
толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, 
бәсекеге  қабілетті  болатыны  ақиқат.  «Болашақта  ұлттың  табысты  болуы 
оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен 
айқындалады…  Сондықтан,  әрбір  қазақстандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ 
ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,  компьютерлік 
сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің 
алға  басуына  сөзсіз  қажетті  алғышарттардың  санатында.  Сол  себепті, 
«Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және 
конфессияаралық  келісім»  сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша 
қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,  –  деп 
ашып  көрсетеді.  Бәсекеге  қабілеттілік  саясат  пен  экономикада,  білім, 
ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде 
әрбір  тұлға  өзінің  ең  сапалы  қызмет  түрін  ұсынады.  Білім  мен  тәрбиесі 
ғажайып  түрде  үндескен,  ұлттық  идеологиясы  темірқазығына  айналған 
табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, 
саналы  түрде  барлық  қасиеттерімізді  ізгілендіріп,  сананы  рухани  жағынан 
үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. 
Болашаққа  бағдар  еліміздің  барлық  мектептерінде    білім  алып  жатқан 
жастарымыз  Елбасының  осы  сөздерін  өздерінің  алға  қойған  өмірлік 
мақсаттарына  енгізе  отырып,  еліміздің  рухани  тұрғыдан  дамып, 
интеллектуалдық  дәрежесінің  жоғарылауына  үлесін  қосады  деген 
сенімдемін.  Тәуелсіз  еліміздің  болашағы  –  жастарымыздың  интеллектуалды 
көрсеткіштері  олардың  тек  білім  деңгейімен  ғана  емес,  сонымен  бірге 
олардың  ұлттық  тәрбиесімен,  рухани  жаңғыруымен  де  тікелей  байланысты. 
Ұлттық  кодтың  өзегін  сақтай  отырып,  болашаққа  қадам  басуымыз  қажет. 
Білім  –  рухани  жаңғырудың  басты  алғышарты.  Өйткені,  ой  жүйесі  терең, 
алыстан  пайымдап,  тереңнен  тамырланған  дүниетанымы  кең  адам  ғана 
бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. 

304 
 
Мен  Елбасының  осы  сөздерін  толық  қолдай  отырып,  рухани 
мәдениеттің  дамуы  үшін  тағылымды  ұлттық  тәрбиенің  қайнарынан 
сусындап,  биік  адами  құндылықтардың  кемелдену  барысында  әрбір  маман 
иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін. 
Ел  Президентінің  рухани  жаңғыруға  қатысты  ұстанымдары  бүгінде 
бірауыздан  қолдау  тауып,  ұлттың  кемелденіп  дамуына  әсер  етуші  ең 
маңызды фактор деп санаймын. Жастарымыз басымдық беретін межелердің 
қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп 
есептеймін. 
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның 
түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім 
үйлесе  отырып,  ұлттық  береке,  бірлік  салтанат  құрған  бәсекеге  қабілетті, 
табысты  ел  болу.  «Сонымен  бірге,  жаңғыру  ұғымының  өзі  мейлінше 
көнерген,  жаһандық  әлеммен  қабыспайтын  кейбір  дағдылар  мен  әдеттерден 
арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру 
үдерісін  дер  кезінде  қабылданған  оң  шешім  деп  танимыз.  Осы  рухани 
жаңғырудың  жүзеге  асырылуын  біз  және  сіз  болып,  «Бір  жағадан  бас,  бір 
жеңнен  қол  шығарып» бірлікте  орындауымыз  аса  қажет. Бәсекеге  қабілетті, 
әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу  – Елбасының 
асыл  арманы.  Ендеше,  мемлекет  басшысының  жастарға  соны  серпін,  тың 
бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз. 
Ел  Президенті  аталмыш  тұғырнамасында  білім,  ғылымға  ерекше 
басымдық  беріп  отыр.  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі»,  –  деген 
Н.Ә.Назарбаев  «Мәңгілік  ел»  болуға  қадам  басқан  тәуелсіз  Қазақстанның 
ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын 
сақтаған,  терең  білімді,  бәсекеге  қабілетті,  ұлттық  құндылықтарын  бойына 
сіңірген  ақыл-ойы  кемел  тұлға  болуына  маңыз  береді.  Осы  бағдарда  ол 
бабалар  ұлағатымен  астасып  жатқан  зерделі  ойы  мен  парасатты  пайымын 
білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда 
бар  қасиет.  Тәуелсіздік  жылдарында  қыруар  жұмыс  жасалды.  Білімнің 
салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері 
бар». Осылайша мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең мазмұн мен 
зерделі пікір жатыр. 
Қазіргі  таңдағы  мектептердегі  білім  мен  тәрбие  жүйесі  Елбасының 
парасатты пайымдарын негізге ала отырып, қарқынды түрде жүзеге асыруда. 
Ал  идеология  мәселесіне  келер  болсақ,  кестелі  сөз,  кесек  ойлары  көрініс 
тапқан  ой-толғауында  Президент  елес  идеологияларға  ермей,  заманға  сай 
амал  етуге  үндейді:  «Өкінішке  қарай,  тарихта  тұтас  ұлттардың  ешқашан 
орындалмайтын  елес  идеологияларға  шырмалып,  ақыры  су  түбіне  кеткені 
туралы  мысалдар  аз  емес.  Адамның  да,  тұтас  ұлттың  да  нақты  мақсатқа 
жетуін  көздейтін  осындай  бағдарлар  ғана  дамудың  көгіне  темірқазық  бола 
алады.  Ең  бастысы,  олар  елдің  мүмкіндіктері  мен  шама-шарқын  мұқият 
ескеруге тиіс».  

305 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
бағдарламалық  мақаласында  тарихтың  өткеніне  көз  жүгіртіп,  жаңа  тарихи 
кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа 
деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен 
өліара  шақта  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және  жаңа  идеялар  арқылы 
болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен 
барша  қазақстандықтар,  әсіресе,  жас  ұрпақ  жаңғыру  жөніндегі  осынау 
ұсыныстардың  маңызын  терең  түсінеді  деп  сенемін.  Жаңа  жағдайда 
жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -
деп ел келешегіне үміт артады. 
Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын 
болашаққа  деген  сенім  мен  үмітті  үндестіре  отырып,  баршамыз  бірлік  туы 
астында бақытқа бірге жетейік! 
Жалпы, «Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге  жоспарланған жоба. 
Елбасы    осынау  жобаны  жүзеге  асыру  арқылы  халықтың  санасын 
жаңғыртып,  өркениетті  қоғам  құруды    көздеп  отыр.  Бұл    ретте  жастарға 
үлкен  жауапкершіліктің  артылып отырғанын айта кету керек. Атадан қалған 
мына  жерді,  тіл  мен  дәстүрді,ұлттық  құндылықтарымызды  сақтап  қалу  өз 
алдына,    қазіргі    ұрпақ    Қазақстанды  әлемдегі    ең    дамыған    елдердің 
қатарына қосуы тиіс.  
          «Рухани    жаңғыру»    болса  осы  міндетті  жүзеге  асыруға  сеп  болатын 
басты  құралға  айналмақ.  Ұлттық  құндылықтарымызды  насихаттауға  қай 
пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол.  
«Рухани  жаңғыру-  болашаққа  бағдар»  жобаға  үлес  қосуда  технология 
сабақтарында  қолөнерге  үйрету  арқылы  тәлім  –  тәрбиедегі,  оқу  —  тәрбие 
процесінде 
арқау 
ету 
қажеттігі 
күн 
санап 
сезінілуде. 
         Қолөнер  бұйымдарын  заманауи  саласында  дизайнді  меңгертуде 
келешекте  табиғи  материалдардың  бірі  жүнді  пайдалану  арқылы  қолөнер 
бұйымдары:  киіз  басу,  сырмақ  сыру,  текемет,  алаша  және  ұлттық  киімдер 
мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан 
сондай  дәстүрлі  колөнер  үлгілерін  жаңаша  әдіс  —  тәсілдерін  үйрету  — 
оқушыны  еңбексүйгіштікке,  әсемдікке  талпындырып,  халқының  тарихын 
біліп,  мәдени  мұрасын  қадірлеп,  дәстүрін  жалғастыра  білуге  баулыса  нұр 
үстіне нұр болары сөзсіз. Оның үстіне  ұлттық колөнер өзінің тарихы терең, 
мазмұны  сан  қилы    ерекшеліктерімен  болашақ    жастарға  рухани, 
эстетикалық,  эмоционалдық,  интеллектуалдық  тұрғыда  әсер  етіп,  олардың 
тұлғалық 
және 
сапалық 
қасиеттерін 
дамыта 
түсері 
сөзсіз. 
             Оқушыларға  тәрбиелік  мәні  бар  халықтық  мұралар  аз  емес.  Қазақ 
халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі 
заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, 
ұлттық  енерді  сүюге,  кұрметтеуге  баулу,  бүгінгі  шәкірттерді  ертеңгі 
еңбеккер,  жан  —  жақты  жетілген  азамат  етіп  тәрбиелейді,  оқушылардың 
жүрегіне  жол  тауып,  олардың  бойында  еліне,  жеріне,  ұлттық  өнерге  деген 
сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, 

306 
 
қазақ  колөнерін  жас  жеткіншектердің  санасына  жеткізудің  құралы. 
Әлемдік  өркениетке  бет  бұрған  еліміз  үшін  ұлттық  құндылықтарымызды 
сақтауда  жас  жеткішектерге  тәлім-тәрбие  беру  басты  парызымыз  деп 
ойлаймын. 
 
Осы  орайда  мектебімізде  оқушыларға  қолөнер  бұйымдарын  үйретуде 
үйірмелер  жұмыс  жасап  келеді.  Үйірмелер  барысында  ши  тоқу,  ілмек  біз 
арқылы  тоқу,  кесте  біз  тоқу,  арқылы  ұлттық  құндылықтарымыздың  қыр  –
сырын  тереңінен  меңгеріп,  оны  жетілдіру  жұмыстарын  қолға  алу,  болашақ 
ұрпақты  әсемдік  пен  шеберлікке  баулу.  Атқарылған  жұмыстардың 
нәтижесінде  оқушыларымыз  ғылыми  жобаларға  қатысып,  нәтижелі 
жұмыстарымен ерекшеленіп келеді.  
 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру:» мақаласы 2017 жылғы 24 сәуір 2017 ж. 
2. Қазақстан тарихы  әдістемелік журнал.  2017 жыл  №7  28 бет 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ БАСТАУЫШ 
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ РӨЛІ 
 
Садыкова Берикзат Сайдыгалиевна 
Алматы облысы, Іле ауданы, №1 орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі
 
 
Бүгінгі  жаһан  қарыштап  дамыған  кезеңде    ең  басты  құндылығымыз  – 
рухани  байлығымыз  назардан  тыс  қалып  қоймағаны  абзал.Әсіресе  жас 
ұрпақтың  көбінесе  ғаламтор  мен  әр  түрлі  әлеуметтік  желілерді 
тізгіндеп,ұлттық  болмысына  көз  сап  та  қарамайтыны  қатты  қынжылтады.
 
«Цифрлы Қазақстан»,  «Үш  тілді  Қазақстан»  -  бәрі  де  керемет  .Өткен 
тарихымыз  бен  мәдени  ескерткіштерімізді,  туған  жеріміздің  шүрайлы 
жерлерін көзбен көріп,оның сиқырлы сырларын терең меңгергенге не жетсін. 
Өткен тарихымызды білмесек,болашағымыз да  бұлыңғырлана түседі. 
 Осы  орайда  біздің  басты  рухани  байлығымызды  оқып  үйренуде 
Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламаының  алатын 
орны ерекше болып тұр. Алдымызда  отырған жас үрпақ өкілдеріне тәуелсіз 
елдің  азаматы,  ұстаз  ретінде  осы  бағдарламаны  жүзеге  асыруда  не 
береміз.Бүгінгі  күні  олар  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарынан  ажырап 
қалған жоқ па деген заңды сауал өзінен өзі туындайтыны рас. 
Елбасы  өскелең  ұрпақ  бойында  туған  тіліміз  бен  мәдениетіміз, 
тарихымыз  бен  салт-дәстүрлеріміз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  кодымызды 
сақтау  керектігін  айтты.Ұлттық  коды  болмаған  халықтың  болашағы  жоқ 
екенін атап көрсетті. Осындай ұлттық құндылықтарымызды бастауыш сынып 
оқушыларының  бойына  терең  сіңдіріп  оқыту  екендігін  біз  аса  жауапты 

307 
 
міндетіміз  бен  жас  ұрпақ  алдындағы  қасиетті  борышымыз  деп  білеміз. 
Сондықтан,  Отан  отбасынан  басталатындықтан  туған  жеріміздің  көркем 
табиғатын,оған  деген  сүйіспеншілікті  сурет  көрмесін  ұйымдастыру  арқылы 
өткіздік.  «Менің  туған  елім»  тақырыбында  ұйымдастырылған  бұл  сурет 
көрмесі  балалардың  балғын  қаламдарына  ерекше  бір  қуаныш  сыйлады. 
Олардың пәк көңілдеріне қанат бітірді. 
Елбасы  туған  жердің  мәдени  мұраларын  зерттеуді,елін  сүйген  ерлерді 
насихаттауды да өз мақаласында тапсырды.Аулымызда көптеген елге еңбегі 
сіңген еңбек ,соғыс ардагерлері мен ауыл ақсақаалдары тұрады.Олардың ерен 
еңбектерін  жас  ұрпақ  біліп  өсуі  үшін  олармен  жақын  танысып,еңбек 
жолдарын  оқып  ұйреніп  жүрміз.Ұлы  Отан  соғысының  ардагері  Алибаев 
Жұмағали  ата  бәрімізге  ұлгі  тұтар  батыр  атамыз.Оның  баға  жетпес  ерлігін 
тек  ауыл  адамдары  үшін  емес,барлық  жастар  үшін  мақтан  етіп  айтамыз. 
Батыр атамыздың ерлігін паш етіп бастауыш сынып оқушыларымен кездесе 
отырып,респубикалық  «Егемен Қазақстан » газетінде  
«Аға  ұрпаққа  бас 
иеді Қоянқұс» деген мақала жарияладық. Мектебімізде әдістемелік жұмыстар 
өте  жақсы  жолға  қойылған.Бірнеше  жыл  бойы  «Жеті  жетекші  »танымдық 
бағдарламасы  нәтижелі  еңбек  етіп  келеді.  Бағдарлама  жетекшісінің 
басқаруымен  халқымыздың  төл  кәсібі  –  төрт  түлік  малды  оқып  зерттеп, 
оқушыларға үйретіп жүрміз. Соның нәтижесінде жылқы малы туралы зерттеу 
ғылыми  жобасы  жүзеге  асырылып,облысытық  деңгейде  қорғалды.Ал  4-
сынып  оқушылары  мен  ата-аналары  бірлесе  отырып,  «Түйе  –  төрт  түліктің 
төресі» 
тақырыбында 
республикалық 
деңгейде 
зерттеу 
сабағы 
ұйымдастырылды.Оқушылар 
тек 
қана 
ғаламтор 
желісі 
арқылы 
емес,ауданымыздағы Ақши аулына қарасты   «Тахир 
Болат» 
түйе 
шаруашылығына  барып,қасиетті  түйе  малымен  жақын  танысты.Түйенің 
боздағанын,оның 
түрлерін 
көзбен 
көрудің 
өзі 
ерекше 
әсер 
қалдырды.Болашақта  осы  бағдарлама  аясында  төрт  түлігіміз  бен  қатар 
ұлттық  киім,салт-дәстүрлерімізді  оқып  үйренуді  жалғастырамыз  деген 
ойдамын. 
Біз  қазақ  деген  қасиетті  де  қадірлі  елдің  үрпақтарын  тәрбиелеп 
отырмыз.Ендеше  біздің  атқарған  ісіміз  де  соған  лайықты  болуы  керек. 
Елімізге  рухани  дүниесі  бай  ,жаны  таза  адамгершілікті  азаматтарды 
тәрбиелеу – біздің  ең басты міндетіміз деп санаймын. 
Ұлттық  рухты  үнемі  ұлықтап  жүретін  қазақтың  тәлім-тәрбиесінің 
қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, 
ақылды,  білімді,  ұлтжанды,  еңбекқор,  кішіпейіл  болып  өседі.  Халықтың 
өмірін,  рухын  және  тілдерінен  тұратын  ішкі  заңдары,  оның  ұлттық  мінезін, 
болмысын  таныту  бүгінгі  таңда  жастарымыздың  тәрбиесіне  берер  пайдасы 
мол.  Ұлттық  тәрбие  берудегі  негізгі  тетіктерін  айырып,  білім  беру  үрдісіне 
ендіру  жолын  дұрыстау  –  бүгінгі  күндегі  елеулі  мәселелердің  бірі.  Ол 
тетіктерге  біріншіден  –  мемлекетшілдік  нышандарды  дамыту,  оны  ұлттық 
тәрбиемен  ұштастыру,  сөйтіп,  алдымен  отаншылдық  рухын  ояту  керектігін 
айта кету қажет. Ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа бағынбайтындығында 

308 
 
және  ұлттың  мәңгілік  болуы  халқын,  жерін,  елін  сүйетін  азаматтарды 
қалыптастырып,  тәрбиелеуде  болмақ.  Сондықтан  да,  жаңа  ғасырды  жақсы 
қарқынмен бастап келе жатқан егеменді еліміздің болашағы үшін саналы да, 
ұлтжанды  ұрпақты  тәрбиелеудің  ұлттық  сипатын  жандырып,  дамыту 
жолында  ұлттық  болмысты  қалыптастыру  жолын  нақтылағанымыз  жөн.     
Өркениетке  қадам  басқан  тұстағы  оның  алғы  шарттарының  бірі  ұлттық 
тәлім-тәрбие  мен  сапалы  білім  беру  болып  табылады.  Себебі,  жастарға 
ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты тәрбие беру – сол өркениетке жету 
жолындағы мұратымыздың кепілі. Біз – жаңадан аяғына тұрып келе жатқан 
дамушы  мемлекетпіз.  Егер  де,  қазіргі  жағдайымыз  бен  күш-қуатымызды 
білім-білік  пен  рухы  биік  жастарды  отаншыл  етіп  тәрбиелер  өнегелі  білім 
беру  жолына  негіздегеніміз  жөн.  Бұл  жайында  еліміздің  ертеңі  – 
жастарымыздың  өмірден  өз  орнын  тауып,  қарым-қабілеттерін  шыңдап, 
әлеуетін  анықтап,  танытуына  барынша  жағдай  жасау  керек  екендігі  туралы    
Елбасы  өзінің  халыққа  жолдауында  да  ашық  айтқан  болатын.  Мұның  өзі 
жастарды  қоғамда  белсенділігін  арттыруға,  олардың  бойында  ұлттық  сана 
мен отаншылдық қасиеттердің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін 
ашылған  ақ  жол  тәрізді,  рухты  демеп  отыратынына  септігін  тигізбек.  Біз 
жастарды  тәрбиелегенде  шынайы  отаншылдарды  тәрбиелеуді  естен 
шығармағанымыз  жөн,  себебі,  солар  ғана  еліне  игілікті  істер  тындырып 
ауқымды  үлес  қоса  алады.  Жалпы,  келешек  ұрпақтың  қамын  бүгін  ойлау  – 
аға  ұрпақ  борышы.  Ұлттық  тәрбиелік  білім  беру  болашағымыздың  рухани 
дамуын қамтамасыз етеді. Оның тарихи қырын қарастыру туралы мәселенің 
қажеттілігі осы тұрғыда айқындалады. Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты 
әсемдікті  игеруге,  сұлулықты  сезініп,  қастерлей  білуге,  оны  өз  бойына 
дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму 
сипатына  жетелейді.  Ұлттық  тәрбиелік  білім  беру  арқылы,  жас  өскелең 
ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі 
сезімін,  жан  дүниесін  түсіне  білуге  бағыттауға  ұмтыламыз.  Жастардың 
айнала қоршаған ортадағы сұлулыққа ерекше әсерленуін, көз алдында болып 
жатқан  түрлі  құбылыстар  мен  табиғат  сұлулылығын  сезінуін,  түсінуін,  оны 
бағалап, 
танымдық, 
қызығушылық 
көзқарастарын 
қалыптастыруға 
негіздейтін  –  осы  ұлттық  тәрбие.  Жас  ұрпақты  елжандылыққа  тәрбиелейтін 
тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.  
Ұлттық  рухта  білім  алған  жеткіншек ұлттық  тұлға  болып қалыптасып 
шығады.  Ұлттық  білім  берудің  өзі  –  ұлттық  қауіпсіздік  пен  мәдениеттің 
құрамдас  бөлігі.  Ал,  ұлттық  білім  берудің  құндылығы  толығымен  саяси 
күрес,  қалыптасқан  дәстүрлермен,  әлеуметтік  дамумен,  отандық  және 
батыстық ғылымның бірігу дәрежесінен көрініп, анықталған. Халқымыздың 
сан  ғасырлардан  келе  жатқан  ұлттық  мұрасын  оқу-тәрбие  ісімен 
сабақтастыра  отырып  тәрбиелеу,  ұмыт  қалған  салт-дәстүр,  ұлттық 
ерекшелігімізді  насихаттап,  олардың  бойына  ұлттық  психологияны 
қалыптастыру – әрбір оқытушың міндеті. 

309 
 
Ұлттық  тәрбиені  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпты  дәріптеп  оқыту  арқылы 
білім  алушының  бойына  күнделікті  өмір  тұрғысындағы  тәрбие 
нақыштарының  сан  белесінен  хабардар  етеміз.  Сол  дәстүр  нақыштарымен, 
әдет-ғұрыптардың бүгінгі таңдағы ролін айқындай отырып, жастардың халық 
үрдістеріне деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздеу. Жалпы, салт-
дәстүр,  әдет-ғұрып  адам  психологиясымен  етене  байланысып,  замана 
жаңаруына  сай  өзгеріп  отыратын  құбылыс.  Қазақ  –  салт-дәстүрге  бай 
халықтардың  бірі.  Жалпы  адам  өмірі  салт-дәстүр,  той-томалақ  рәсімге, 
ырымдар  мен  наным,  ән  мен  күйге  толы.  Салт-дәстүр  халықтың  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  бір  саласы.  Ол  адамдармен  бірге  туып,  дамып 
қалыптасқан.  Адам  дүниеге  келген  күнінен  баста  өмірінің  соңғы  демі 
шыққанға  дейін  салт-дәстүрдің  ықпалында  болады.  Ол  бір  адамның 
шығарған  ой-түйсігі  емес,  халықтық  сана-сезімнің  қалыптасқан  үрдісі 
іспеттес.  
Халықтың  сан  ғасырлар  ұлттық  тағылымына  қатысты  өзіндік 
ерекшеліктерінен  туындаған  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптары  мол.  Салт-
дәстүрлер  қоғамның  дамуына  орай  толысып  немесе  қолданыстан  шығып 
қалып  отыратын  құбылыс  болғандықтан,  біз  ұлттық  тәрбиені  оқыту 
барысында  оларды  шығу  тарихын,  қолдану  заңдылықтарын  ескере  келіп, 
адам  тәрбиесіне  өзектілігіне  көңіл  бөлуіміз  қажет.  Оқыту  барысында 
қамтылатын  материалдардың  ұлттық  тәрбие  жүйесін  жетілдіруде  оның 
тарихи  мәнін  ғана  ашып  беру  емес,  қазіргі  заман  жетістіктеріне  сүйене 
отырып, өмір тынысына сай келетінін жаңғыртып пайдалана білуге үйретуді 
мақсат  еткен  орынды.  Арнайы  пәндер  бойынша  бағдарламада  берілген 
бөлімде 
салт-дәстүр,әдет-ғұрып 
туралы 
теориялық 
жүзінде 
қарастырылады.Оның өзі толық түрде оқып,ұғынуға тәжірибеде іске асыруға 
(театрландырылған қойылым,көрініс арқылы ) мүмкіндік жоқтың қасы. 
Әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлерді  ұлттық  тәрбие  бағдарламасымен 
сабақтастыру  мәселесінде  ұлттық  мерекелер  мен  ұлттық  қонақжайлықты 
дәріптеу  саясатын  негізге  алу  қажет.  Адам  баласына  күнделікті  өмір 
тіршілігінде  қоғамдық  жайттардағы  кез-келген  мәселе  тек  тәрбиеге 
бағытталуы тиіс. Біз сонда ғана болашақ ұрпағымызды саналы да білімді етіп 
тәрбиелей  аламыз.  Жастардың  санасына  ұлттық  тәлім-тәрбиені  қандай 
жолмен  сіңдіріп,  тағылымдық  тәрбиесі  мол  дәстүрден  сусындатуды  қалай 
жүзеге  асырамыз?  Бұл  сұрақтар  жалпы  бізді  ғана  емес,  бүкіл  иісі  қазақ 
баласын  толғандыруға  тұрарлықтай  мәселе  болу  абзал.  Сонда  ғана  бұл 
мәселе мейлінше алға жылжып, жоғары дәрежеде қоғамға өзіндік үлесін қоса 
алады.  «Адамға  ең  бірінші  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  – 
адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекке  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі»,  – 
депті  әл-Фараби  бабамыз.  Бүгінгі  таңда  белең  алған  жастар  арасындағы 
келеңсіз  жайттардан  арыламыз  десек,  ұлттық  тәрбиеге  баулитын  салт-
дәстүріміз  бен  әдет-ғұрпымыздың  маңызының  тереңде  екендігіне  көз 
жеткіземіз.  Жалпы  жастарды  қадір-қасиетін  жоймаған  салт-дәстүрлермен, 
әдет-ғұрыптармен,  жыраулық  қисса-дастандар,  шешендік  және  нақыл 

310 
 
сөздермен,  эпостық  және  батырлар  жырымен,  мақал-мәтелдер,  ұлттық 
ойындар  арқылы  тәрбиелеуге  де  болады.  Оқу  орындарымен  қатар,халықты 
тәрбиелейтін  мәден  орындардың  мамандары  да  осындай  мағыналы 
тақырыптармен  жоспарларын  қолға  алар  болса,  тәрбиенінің  түйіні  – 
адамгершілік,  имандылық,  ибалық,  ақыл-ой,  отбасылық  мәселелер  шешімін 
табар еді. 
Бабаларымыздың  ұлттық  тәрбиесін  отбасы  тәрбиесі  мен  білім 
ошақтарында жалғасын тауып оқыта білсек, жастарымыздың ертеңіне деген 
сенім дұрыс жолда болар. Бүгінгі білім алушы жас – ертеңгі ана немесе әке. 
Ол  алған  ұлттық  тәрбиелік  білімін  өз  санасында  қалдырып  қана  қоймай, 
отбасында  балаларға  құйып  елітер  болса,  егеменді  еліміздің  жарқын 
болашағы айқын ұлттық мәдениетіміз өркендері анық. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет