Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер
кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Қазақстан халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.).
2. 2016 жылдың 1 наурызындағы №205 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы.
3. Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласы (12.04.2017ж).
4. С.Мұқанов. Ұстазға //Таптым-таптым! Эврика! // Алматы. – 2005. —
№2.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Бутимбаева Жанаткуль Мошановна
Еңбекшіқазақ аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және
экскурсия орталығы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани
жаңғыру: болашаққа бағдар» атты халқымыз үшін стратегиялық мәні зор
бағдарламалық еңбегінде бірқатар маңызды міндеттерге, қазақ елінің
болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге баса назар
аударылғаны мәлім. Басты мақсат - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу үшін санамыз ісімізден озық жүруі, яғни ой-сана күнделікті өмір
талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін, бұл еліміздегі
саяси және экономикалық жаңаруларды толықтырып қана қоймай солардың
өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті. Елбасының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мағынасы терең еңбегіндегі туған жер патриотизм, өз
елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне елжандылықпен атсалысу, Қазақстанның
қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» жобасын іске асыру жұмыстарын білім беру ісі мен ғылым
саласы өкілдерінің қызметінсіз көзге елестету еш мүмкін емес дер едік.
Сондықтан да мұны ел Президенті: «...бұл білім беру саласында ауқымды
өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді
мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи
ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан
көрініс тапса игі» деп орынды ескертеді. Аталған игілікті шараларды
198
орындау жұмысы білім беру саласының қызметкерлеріне, жергілікті
жерлердегі билік өкілдеріне үлкен міндеттер жүктейді. Қорыта айтқанда,
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын
жүзеге асыру жұмысы оқу-біліммен, ғылыммен тығыз байланыста
атқарылатын жүйелі үрдіс. Аталған игілікті шараларды орындау жұмысы
білім беру саласының қызметкерлеріне, жергілікті жерлердегі билік
өкілдеріне үлкен міндеттер жүктейді. Мұны күнделікті өмір тәжірибесі
көрсетіп келеді. Елбасы Н.Назарбаев айтпақшы: «Сынаптай сырғыған уақыт
ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін
процесс... Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру
және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи
мүмкіндігі беріліп «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің
дана сөзінің маңыздылығы күннен күнге артып келеді. Өйткені әрбір білім
алушы өз жері мен оның байлығының иесі болу үшінұлттық құндылықтарын
сақтай отырып, жаңа технологияларды меңгеріп,жаңаша өмір сүрге
үйренудің жолдарын да білуге тиіс.. Егер қоғамның дамуы білімді де білікті
адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл
болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беретін ұстаздарымыз тың
идеялармен қаруланған, жаңашыл болуы керек екені сөзсіз. Білім мен тәрбие
жүйесі қоғам дамуымен бірге жаңарып келеді.Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік
революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында
еліміздің бүгіні мен жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін
алға қойған маңызды міндеттерді нақтылап берді. Білім берудің жаңа
сапалық көрсеткіштерінің нақты бағдарламасы ретіндегі Жолдаудың «Адами
капитал - жаңғыру негізі» білім саласындағы жетінші міндеті білім беру
саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді айқындап берді.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз
беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен
жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен
алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Елбасы рухани жаңғырудағы
ұлттық сананың роліне баса назар аударып,бірнеше міндеттерді айқындап
берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тари хынан бастау алатын рухани
ұстынды
сақтап
қалу.
Тарихтың
белестерінен
сүрінбей
өткен
құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғыртудың алғы
шартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан
мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі
қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», − екенін атап көрсетті. Президент
рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің
басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі - ұлттық код, ұлттық мәдениет
сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі – алға басу
үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас
тарту. Мұндағы басты идея - болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра
білу. Озығын алып, тозығын тастау. Елбасының идеясы тарихқа деген
көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің
199
көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Рухани байлықтың кемел болғаны бұл
жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған
еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.Ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту
арқылы жас ұрпақтың санасына патриоттық тәрбиені сіңіру руханирухани
жаңғыруға негіз болады. Яғни замана сынынан сүрінбей өтіп, ата-
бабамыздан жеткен озық дәстүрлерді ұрпақ санасына сіңіре отырып,
жаңғырта білуіміз қажет. Бұл қажеттілік адами құндылықтар, рухани қазына,
жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігінен туындайды. Жас
ұрпаққа патриоттық тәре берудің негізгі идеялары Елбасының “Қазақстан-
2030” стратегиялық Жолдауында: «Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз
елінің патриоттары болады»,-делінсе, ҚР-ның «Білім туралы» Заңында «Білім
беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны
ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін
қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ
халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру»
делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке
тұлға талабы, қоғам қажеттігі. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар
жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот етіп
тәрбиелеуде мектептің орны ерекше.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-
сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. «Жаңғыру» атаулыға бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз.
Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Бұл – тарлан
тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле-
сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Бұл ретте, тұтас
қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағы-
тын атап өтуге болады.
1. Бәсекекеге қабілеттілік
2. Прагматизм
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы
7. Таяу жылдардағы міндеттер
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана
емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге
қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласы аясында
«Туған жер» бағдарламасы – ұлтқа бағытталған ұран, мемлекеттік идеология
өзегі ретінде аса құнды үндеу болып табылады. Қоғамдық санаға рухани
сілкініс беріп, ұлы мұрат-мақсаттардың түйін-тұжырымын мәйелі ой-
200
толғаумен саралаған жоспарлы жобаны халық жылы қабылдады. Рухани
үндестік үйлесім тапқан, мәдени-рухани құндылықтарға басым мән берілген
жаңғыру бағдары жұртшылықтың жігерін жанып қамшылады. Елге мұра,
ұрпаққа үлгі болатын, ұлттық сананың кемелденуін көздеген, табысқа жету
тетіктері тізбектелген бұл толғауды елім деген барша азамат қолдап,
қуаттайды. Мұндағы терең ой қозғаған нақты әлеуметтік жобалар ұлтты
ұйыстырып,
ұлы
мақсаттарға
жетелейтініне
сеніміміз
мол.
Ал, басты бағыты – ұлттық патриотизмге негізделген. Таяу жылдардағы
міндеттер бөліміндегі «Туған жер» бағдарламасы — уақыт талабынан
туындаған
идеология
жинағы.
Ауқымды үш мәселені қамтыған жоба жалпыұлттық сипатта
жаңғырудың тиісті тетіктерін анықтап берді. Осылайша, ой-санада жаппай
жаңғыру үдерісі басталды. Тағылымды туған жерге тағзым етіп түлету –
перзенттік парызымыз. Ұлттық бірегейлік темірқазығы саналатын туған жер
жобасы патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі болмақ. Ұлы дала өркениетіне
өрнектеп жол салған жобада ұлттық дара қасиеттеріміздің жоғалмауы,
жаңғырып жоғарылауы қарастырылған. Ұлттық бірегей сана-сезімге ұлттық
игі мүдделер арқылы әсер ететіні ақиқат. Себебі, терең тарихтан өнеге, қуат
алған халықтың ұрпағымыз. Тар жол, тайғақ кешу нәубаты таңбаланған, ата-
бабаларымыз көздің қарашығындай қорғаған жердің қадір-қасиетін түсінеміз.
Теңдесі жоқ туған жердің тас, топырағына дейін тағзым ететін тәуелсіз елдің
рухты, өжет азаматтарымыз. Бүгінгі күн — Атажұртқа адал әр азаматтың
жеке жауапкершілігі сынға түсетін сарабдал уақыт. Бір қуантарлығы, осы
сын-межеде суырылып алға шығып, отансүйгіштігін нақты істермен
дәлелдеп жүрген қайраткерлер, қарапайым жандар да бар. Мысалы, туған
жерге деген ерекше құрметтерін адам жанына жылулық сыйлайтын
қайырымдылық шаралар жасау арқылы білдіріп жатқандар бар. Сондай-ақ
ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын «Туған жер» бағдарламасын сәтті
жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар білдіріп, жобаларды қолға алуда.
Жүрегі елім деп соққан әр азамат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге
асыруға үлес қосуы керек. Туған жерге деген ерекше құрмет – туған жердің
тарихын,салт-дәстүрін тереңірек оқып білу,дәріптеу. Туған жерді қастерлеп
сүюге, туған жер қадірін арттыруға, заманауи озық өркениет үлгілерін
дамытуға деген шамшырақ ұранның күштілігі осында. Жаhандану заманында
жұтылап қалмай жаңаша жаңғыруға, рухани жұтаңдықты болдырмауға
шақырады. Ұлт бірлігі – ұлы байлық. Ұлттық дамуда мызғымас ұлт бірлігі
аса маңызды. Рухани дүниелер арқылы қоғамға үлкен маңыз берген бастама
— ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған. Ұлттық рухымызды
көтеру үшін, әлбетте төл тарихымызды, тәрбиенің түп қазығы –
құндылықтарымызды дәріптеу қажет. Рухани өрлеудің алтын арқауы –
ұлттық код ерекшеліктерін сақтау арқылы жаңғыру. Отаншылдық рух туған
жерге, туған елге деген махаббаттан басталады. Бағдарлама неге «Туған жер»
деп аталады? Адам баласы-шексіз зерденің ғана емес,ғажайып сезімнің иесі.
Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында қаз басқан қасиетті
201
мекені. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-
дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды
көріністерінің бірі» деген қанатты сөздері осының дәлелі. Туған жерге деген
сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы бағдарламаның мәні неде? «Туған жер»
бағдарламасы бойынша алынған іс-шаралар үш бағытты қамтиды.
Бірінші бағыт: өлкетану жұмыстары
Атап айтсақ: білім беру, экология, мәдени-тарихи ескерткіштерді тарихи
қалпына келтіруді зерделеу.
Екінші бағыт: туған жерді қолдау, өзің оқыған алтын ұя мектептің тарихын
зерттеу, болашақ жас патриоттармен жұмыс.
Үшінші бағыт: ақпараттық қолдау.
Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында Еңбекшіқазақ
аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм жіне экскурсия орталығы да
келелі үлес қосуда. Жүрегі елім деп соққан әр азамат «Туған жер»
бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы керек. Туған жерге деген
перзенттік парызым ретінде, бағдарламадағы бағыттарды қамту мақсатында
«Ұлы дала тұлғалары» экспедициясының тәжрибесін негізге ала отырып,
ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын «Тарихы терең, табиғаты көркем-
туған өлкем!», «Туған жер. Алтын ұя-мектебім!» атты жобаларды қолға
алдым. Жоба аясында атқарылатын жұмыстар жоспары түзілді. Жобадағы
зерттеу нысаны ауданымыздағы Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов
атындағы орта мектебі. Мектеп тарихын зерттеп, болашақ жас
патриоттармен жұмыс істеуге негізделген жобаның мақсаты патриотизм
арқылы әлеуметтік жауапкершілік, болашақта өз мектебін қамқорлыққа алу,
ұрпақтар сабақтастығы өнегесін көрсету. Талай ел ағаларын,дүлдүлдерді
тәрбиелеп шығарған қасиетті қара шаңырақ бай тарихқа ие. Мектептің
түлектері кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде қарқынды еңбек етуде.
Жоба аясында Қ.Орымбетов орта мектебінде «Туған жерге тағзым» атты
мектептің әр жылғы түлектерімен кездесу откізілді. Кездесуге ҚР Білім
министрлігі жанындағы «Жас патриоттар» Академиясының Президенті
Битуова Тілдаш Рысқұлбековна, «Балдәурен» РОСО Қапшағай қаласындағы
филиалының директоры Баржақсымов Берік Қадырбекұлы, мектепті әр
жылы түлектері қатысты.
Ақмола облысы, Щучинск қаласы «Балдәурен» РОСО өткен
Республикалық «Жас патриоттар» Академиясының «Патриотизм – рухани
жаңғырудың берік іргетасы» атты кезекті II форумында осы жобаның
презентациясын жасады. Форумға Қ.Орымбетов орта мектебінің «Жас
қыран» патриоттық клубының жетекшісі Б.А.Балтешов, клубтың екі мүшесі
де барды. Тәжрибелі ұстаздың еңбегі жоғары бағаланып, форумда
қабылданған резолюциямен іс-тәжрибесі республика көлеміне таратылды.
Жоба бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қ.Орымбетов мектебінің
патриоттар клубының жұмысы да насихатталып, таратылатын болды. Форум
делегаттарына сертификаттар табысталды.
202
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУДЕГІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Жаримбетова Махабат Малгаждаровна
Астана қаласы, №13 жалпы орта мектебі
Қазақ халқы – дәстүрін ұмытпаған, салтын жоғатпаған халық. Үлкенді
құрметтеп, кішіні ізеттеген халық. Қаншама жаңа сілкіністер келсе де, өзегін
жоғалтпаған халық. Алғашында, ұрпақты сақтау міндеті, кейіннен тілді
сақтау міндеті тұрды. Ендігі кезекте, болашақты ойлайтын кезек келді.
Елбасымыздың енгізген жаңа бағдарламасы осы кезеңнің бастамасы болып
тұр. «Болашақ – жас ұрпақ» демекші, келешекті жетектейтін жас өспірімдер
мен жас мамандарды қолдау керек. Ол үшін, бірінші кезекте, сана мен білімді
дамыттыруымыз керек. Халық санасы жоғары болса, білімге деген
құштарлық жоғарылайды. Әр бір бала сауатты болып, болашағын жоспарлай
алатын, бәсекеге қабілетті болады.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның
түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім
үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті,
табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше
көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден
арылу дегенді білдіреді» -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру
үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.
Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара
байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастырады.Осыған байланысты
патриотизм ұлттық мемлекет стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады
және оның негіздері өзінің кіші отанына, атамекені – Туған жеріне деген
махаббатқа қаланады."Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты -
өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген
махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш, Отан алдындағы
борыш, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде
қалыптастыру.
"Рухани
жаңғыру"
бағдарламасының
төрт
Кіші
бағдарламаларының бірі «Тәрбие және білім» – жан-жақты және үйлесімді
дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Саяси,
әлеуметтік және экономикалық салалардың дамуы қоғамдық сананы
жаңғыртуымен қатар жүреді. Қоғамдық сананы қайта құру үшін, жаһандық
сын-қатерлері жоқ және салт-дәстүрлерді сақтайтын жобаларды іске асыру
мүмкіндігін қарау керек.
Патриотизм өз жеріне, кіші Отанына деген махаббаттан бастау. Кіші
отанымызға деген махаббаттан үлкен отанымыз – туған елімізге деген
махаббат басталады.
Бұл кіші бағдарламаның мақсаты – бәсекеге қабілетті, прагматикалық,
мықты, жауапты, шығармашыл тұлғаларды тәрбиелеп, біртұтас ұлттың
жетістік іргетасы болып білімге деген табынушылықты күшейту. Білім беру
203
ұйымдарын, отбасы және басқа да институттардың тәрбие мен оқытудың
күшін жұмылдыру арқылы Ұлттық жүйені дамыту.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі жобасы ретінде «Жаңа
гуманитарлық білім. «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» қарастырылады. Оның
орындалуы келесі нақты қадамдарды қамтиды:
Еліміздің
барлық
жоғары
оқу
орындарында
гуманитарлық
кафедралардың қалпына келтірілуі;
Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемнің жүз үздік
оқулықтарын қазақ тіліне аудару;
Мемлекеттік емес аудару бюросын құру;
Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарына болашағына
ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан, оған
әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де.
Білім және ғылым саласындағы әр түрлі өткізіліп жатқан іс-шаралар
мақсаты – білім деңгейін көтеру. Олардың орындалуын толығымен
қадағалау, қатысушылардың ішінен қабілетті жастарды жоғалтпай, көпшілік
ішінен көзге түспей қалудан сақтау керек. Өткізіліп жатқан жарыстар мен
олимпидалар талаптарын бір қайта қарап, ерекше оқушыларды тани алатын
дәрежеге жету керек.
Сана мен білімді дамытатын, ол – кітап. Қазақ тілінде оқылатын
кітаптар санын көбейтіп, шет елдердің рухани құндылықтардың қадірін
көрсеткен кітаптарды қазақ тіліне аударып, сонымен қатар, қазақ халқынан
шыққан ұлы ойшылдар мен жазушылардың кітаптарын өз елімізде жетік
меңгерту керек. Өз халқынан шыққан білм сәулесін жарқын шашқан
ғалымдар мен жазушыларды, классиктер мен реалисттерді өз ұрпағы оқу
және ұстану, сана мен ішкі патриоттық сезімдердің алғышарттары.
Елбасының бағдарламалық мақаласында елдің рухани жаңғыруы
мемлекеттік тіл мен салт – дәстүрі, әдебиеті мен мәдениетін сақтай отырып,
патриоттық тәрбие беру арқылы жүзеге асырылуы тиіс делінген. Қазіргі
заманғы жағдайда қазақ тілі әлемдік қауымдастықтан өзіндік орнын
қалыптастыруы қажет. Рухани бай әрі білімді адамзат қана тарихты өзгерте
алады. Себебі білімді, сауатты адамдар ХХІ ғасырда адамзат дамуының
негізгі қозғаушы күші болмақ. Мемлекеттік тілдің ұстанымдарын білім және
ғылым саласында күшейту, сонымен қатар қазақ тілінде оқитын
студенттердің тенденциясын өсіру – қазақ тіліндегі оқулықтардың
гуманитарлық білімнің барлық бағыттарын объективті факторлармен
анықтайды. Сонда да, мемлекеттік тілде оқитын студенттерді оқу
әдебиеттерімен қамтамасыз етуде қиындықтар бер. «жаңа гуманитарлық
білім. 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулықтар» жобасы, әлеуметтік-гуманитарлық
пәндердің оқытушыларын есептемегенде, кумулятивті жарқын әсер
көрсететін болады. Академиялық ғылым саласында әлеуметтік –
гуманитарлық пәндерді қазақ тілінде дамуына аудармашылық жобасы
көптеген үлесін тигізеді. Қазақ тілінде ғылымы айналымдағы замануи,
204
әлеуметтік процесстерді түсіндіретін жаңа теориялар, концепциялар
енгізілетін болады.
Қазақ Елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді,
сауатты адамдар ғана табысқа жетеді. Ел жастарында осындай қасиеттер
болса, кез-келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық. Ел Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында осылайша Қазақ Елінің болашағын білікті жастармен
байланыстарынын ерекше атап өтті. Кез-келген елдің болашағы қашан да –
өсіп келе жатқан ұрпағына байланысты Сол себепті де, Қазақстан бәсекеге
лайықты, білікті жастарды дайындауға баса назар аударып келеді. Мәселен,
тоқсаныншы жылдардың басында «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып,
бүгінге дейін оң мыңдаған ел жастары әлемнің маңдайалды оқу орындарында
білім алды, тәжірибе жинақтады. Ел аумағында жоғары деңгейдегі
университтер ашылып, зияткерлік мектептер қалыптасты. Десе де, мұнымен
тоқтап қалуға болмайды. Заман жаңарған сайын, білім беру саласын да
жетілдіріп отыру қажет.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен
ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады:
«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге
шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу
қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол
адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі
полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».
Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы
нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.
Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген
асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа,
білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,
әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды
үдеріс.
Жаңашылдықты ескі әдістермен оқытуға болмайтыны аян. Сондықтан
да бағдарламаны жүзеге асыру аясында жобаның әдістерін оқу-тәрбие
үрдістеріне кеңінен енгізуге бағыт алынды. Біздің таңдауымыздың негізінде
прагматизм қағидасы тұр. Жобаның қызметі сөзден iске көшiп, қажеттi
қолданбалы икемдiлiктерге ие болуға мүмкіндіктер туғызу.
205
Ұлы Абайдың философиясындағы танымдық-ағартушылық ойлардың
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында көтерілген мәселелермен үндесіп
жатқанын байқауға болады. Абай философиясы еш уақытта ескірмейтін,
замана сұраныстарына лайықты жауап табуға болатын жауһарлардың
қатарында. Сондықтанда гуманитарлық саладағы білім беру және тәрбие
ісінде Абайдай ойшылдарымыздың еңбектері де қолға алған тағдырлық
маңызы үлкен осы ұлы іске септігін тигізері анық. Осы мәселелерді іске
асыру үшін ең бірінші қажеттілік - жастарды Елбасының еңбектерімен кең
ауқымды танысуға мүмкіндіктер туғызу.Бүгінгі таңдағы ең маңызды
мәселеге көңіл аударуымыз керек. Рухани жаңғыру бағдарламасы, шын
мәнінде қоғамдық сананы өзгерту бағытындағы гуманитарлық ғылымдағы
инновациялық серпіліс. Алайда кез-келген ашылулардың ғылымилығы оның
методологиялық дайындығымен анықталады. Сондықтан да бүгінгі таңдағы
жоғары мектептің, гуманитарлық ғылымдардың алдыңдағы маңызды міндет -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының методологиясын негіздеу болып
табылады. Методологияның өзін, күрделі теориялық және тәжірибелік
міндеттерді жүзеге асыру мен қолданудағы дүниетанымдық қағидаларының
жиынтығы деп, кең мағынада түсінуіміз керек.
«Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент
жаңғырудың алты бағытын белгілейді: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм,
ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның
революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге
ауадайқажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-
парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз
өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.
Заманауи әлемде мемлекет пен ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – тек қана
экономикалық детістіктер мен маңызды халықаралық бастамалар емес,
сонымен қатар бәсекеге қабілетті мәдениеттің қалыптасу, жеке мәдени
жетістіктердің арасындағы бастамалар. Бұл байланыста маңыздысы мәдени-
әлеуметтік қарым-қатынастың тиімді құрамасы. Жалпылама бірдей
қабылданғаны – білімдер мен ойларды еркін алмаса алу. Бұл алмасулар, көп
жағдайда, кітап арқылы жүреді, соған байланысты, білім саласы мен
ғылымның да қатысы бар.
Білім берудегі заманауи талаптар - нәтижеге жетудің негізгі белгісі,
соңында біз қандай дәрежеде дайындалатынымызды, қандай бір бітірушіні
дайындайтынымызды, ол бәсекеге қабілетті бола ма, жоқ па, соны қоғамда
елеулі түрде көрсете ала ма. Білім беру студенттердің әлеуметтік әлемге
кіруін қамтамасыз етуге және ондағы өнімді бейімделуге бағытталуы керек.
Дифференцияланған білім беру студенттің білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, олардың қабілеттерін ашуға және дамытуға, оқу процесін
жеке тұлғаға бейімдеуге, өзін-өзі тану процестерін ынталандыруға және жеке
тұлғаның өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.
206
Модульдік оқыту –студентті оқыту үшін субъективті негізде және өзін-
өзі оқыту мен танымдық қызметін жүзеге асыру үшін өз мотивациялық сала,
интеллект, тәуелсіздік, командалық жұмыс, қабілеттермен студенттерді
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технология. Модульдік оқыту тренинг
мазмұнының нақты құрылымын болжайды.
Инновациялық саясатты қалыптастыру жоғары білім берудің
инновациялық қызметін ұйымдастыратын және ынталандыратын және
жоғары білімнің ғылыми-техникалық кеңістікте интеграциялануына ықпал
ететін жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі іс-шаралар кешенін дамытуға
ықпал етуі тиіс. Инновациялық даму стратегиясын және тактикасын
қалыптастыруға негіз болатын интеграцияның бұл үрдісі.
Атап айтатын болсақ, «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы»
және «100 жаңа есім» жобалары сәтті жүргізілуде. Осы жобаларды іске асыру
барысында әлеуметтік инфрақұрылым дамытылуда, мәдениет ескерткіштері
қалпына келтірілді. Қазақ тілінің жаңа әліпбиін қолданысқа енгізу бойынша
нақты қадам жасалды. Осындай маңызды бастаманың тағы бірі – «Жаңа
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша
аударылған алғашқы 18 кітап көпшілікке таныстырылды.
«Ғылыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты
шарты. Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады.
Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды. Осыған
орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бес жылға арналған жалпыұлттық
білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», деді Мемлекет басшысы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Тұрар Ә.[Электронды ресурс]: «Рухани жаңғыру» - білім саласының жаңа
көкжиегі. («Qostanai» арнасы )
2. Бітік Д. [Электронды ресурс]: Рухани жаңғыру: Кемел білімнің көкжиегін
ашқан кезең. («Егемен Қазақстан» газеті)
https://egemen.kz/article/167419-rukhani-zhanhghyru-kemel-bilimninh-
koekzhiegin-ashqan-kezenh
Достарыңызбен бөлісу: |