Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру


Пайдаланылған  әдебиеттер: 
7. Тойбазарова Н.А. Интерактивті оқыту .-Ақтөбе, 2006      
8. Нақыпова  Г.  Танымдық  белсенділікті  қалыптастырудың  мәні.  /Қазақстан 
мектебі, №10, 2009 
9. Меңжанова Ә. Мектепке дейінгі педагогика. –Алматы, 1992     
10.  Педагогика. Дәріс курсы. –Алматы, 2003 
11.  Меңжанова Ә., Исмағұлова Г., Дайрабаев Е. Мектепке дейінгі 
педагогика. –Алматы, 2002 

162 
 
12.  Қараева Т. Ойын-адам психикасын дамыту факторы.//Қазақстан мектебі. 
№5,6  2000 
13.  Бабанский Ю.К. Педагогика. –Алматы, 1996 
 
 
БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА  
РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Сайран Сымбат 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  мемлекеттік педагогикалық  
институты, Мектепке дейінгі оқыту және 
тәрбиелеу мамандығының 4 курс студенті 
                                                                                          
Жандилдина Роза Есентаевна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  мемлекеттік 
педагогикалық институты,  п.ғ.м.,АрқМПИ доценті 
 
 Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  -  жеке  тұлғаны  ұлттық,  жалпыадамзаттық 
құндылықтардың,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде 
қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру»,-деп атап көрсетілуі 
әр  дара  тұлғаның  заманауи  талаптарға  сай  білімді  де  білікті  азамат  ретінде 
қалыптасуын көздейді. 
Дана  халқымыз  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге 
болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған. 
Сондықтан 
баланың 
бойына 
жастайынан 
ізгілік, 
мейірімділік, 
қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне 
сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады[1,27б.]. 
Ұрпақ  тағдыры  –  ұлт  тағдыры  демекші,  ұлттың  болашағы  -  оның 
білімді,  талантты,  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  бойына  сіңірген  тәрбиелі 
ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп 
аталатын  еңбегінде  «Ғасырлар  бойы  әр  елдің  халықтары  осы  біз  кімбіз,  не 
үшін  өмір  сүріп,  қайда  кетеміз,  өміріміздің  мағынасы  неде,  басты  адами 
бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып, 
«тіршіліктің  осынау  мәңгілік  сұрақтарына  жауап  беру  үшін  жалпы 
адамзаттық  құндылықтарды  қайта  жандандырып, өзіміздің  бастапқы  қайнар 
көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады. 
 Атақты  педагог  Сухомлинский;  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа 
дейінгі  аралықта  әр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің  бәрін  де 
ертегіден  алады.  Ертегінің  рухани  тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани 
ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың  рухының  өсіп  жетілуіне 
қажетті  нәрсенің  мол  қоры  бар  рухани  азық»,-  деп  атап  көрсеткен. 
Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  -  ата-ана  мен 
тәрбиешілердің басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.    

163 
 
       Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы  -  халқында,  отбасында,  олардың 
өнерлерінде,  әдет-ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс  -
тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. 
Сухомлинский : «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай 
бола  алады»,  —  дейді.  Демек,  шәкіртке  жан-жақты  терең  білім  беріп,  оның 
жүрегіне  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі 
азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына,  айналасымен 
санасуына  ықпал  етері  сөзсіз.  Кім  болса  да  жақсы  өмір  сүруге  тырысады. 
Жақсы  өмір  сүру  материалдық  және  рухани  байлықтың  ара  қатынасының 
тепе-теңдігіне  байланысты.  Абайдың  «ақыл  мен  жүректі  бірге  ұста»,-деген 
сөзінен  жақсы  өмірдің  бейнесін  көруге  болады.  Тағы  бір  сөзінде  Абай 
«мінезге  бай»  болу  керектігіне  тоқталады.  Шынайы  байлық  адамдардың  іс-
әрекетінен көрінеді. 
              Халық  педагогикасы  –  нәрестенің  сезімін  ананың  әуенімен  оятатын 
бесік  жырлары,  даналыққа  толы  мақал-мәтелдер,  жұмбақ-жаңылтпаштар, 
қиял-ғажайып  ертегілері,  ойындары,  тәрбиелеп  өсіру  негіздері  адамгершілік 
ниеттерге  баулиды.  Олай  болса,  адамгершілік  тәрбие  беру  кілті  халық 
педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл-
парасатты  азық  ете  білуде  «Өзін-өзі  тану»  курсының  орны  ерекше.  Рухани-
адамгершілік 
тәрбиесінде 
алдымен 
баланы 
тек 
жақсылыққа 

қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса, 
ұстаздың,  ата-ананың  да  болашағы  зор  болмақ.  «Мен  үш  қасиетімді  мақтан 
тұтам»,  -  депті  Ақан  сері.  Олар:  жалған  айтпадым,  жақсылықты  сатпадым, 
һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз 
құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. 
          Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  қазақстандық  қоғамның  алдында  жаңа 
ұрпақтың  адамгершілік-рухани  тәрбиесі,  азаматтар  арасында  жақсылық, 
әділеттілік,  өзара  көмек,  төзімділік  орнықтыратын  құндылықтарды  іздеу 
мәселесі қалыптасты[2,57б.]. 
         Халық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  -  өзінің    бай  тарихи  тәжірибе 
мұраларына  сүйене  отырып,  келер  ұрпақты  еңбекке,  өнерге,  білім 
машықтарын  меңгеруге,  отбасы,  ауыл,  аймақтың,  отанның  ар-намысын 
қорғауға  т.б.  ізгі  адамгершілік  қасиеттерге  баулу,  ұрпақ  тәрбиесіне  ғылым 
қандай  қызмет  етсе,  өнер  мен  әдебиет,  қоғамдық  салт-дәстүр  де  сондай 
қызмет етеді. 
         Ұлттық  педагогика  қашан  да  халық  тәжірибесін  үлгі  ететін 
болғандықтан,  көздеген  мақсаттарды  іске  асыру  үшін,  оқушыларды 
адамгершілікке  тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы  –  оларды  осы  іске    көзін 
жеткізу, сенімін арттыру. Ол үлкендердің міндеті. Себебі, халық ерте бастан 
«ұяда  нені  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген.  Отбасында  алған  адами 
қасиеттерді ары қарай мектеп қабырғасында дамытып, қалыптастыру шарты 
туындайды[3,55б.]. 
Қазақ  халқының  өзін-өзі  ұғынуының  адамгершіліктік  даму  жолы  – 
оның білім алуында. «Адамға тек білім ғана күш береді. Халықтың білім алу, 

164 
 
кең жолындағы күресте білім ұлы қару болып табылады. Тек білім ғана қазақ 
халқын  еркіндік  жолына,  адамгершілік  жолына  шығара  алады,  -  деп 
Уәлиханов дұрыс айтқан. 
Ыбырай  Алтынсаринді  біз  ағартушы–педагог,  ғалым,  ақын,  прозашы, 
публицист және балалар жазушы ретінде білеміз. Осы көпқырлы қызметінің 
барлығында 
адамгершіліктің 
мәні 
туралы, 
қарым–қатынастардың 
адамгершілікті  жеке  адамды  тәрбиелеу  туралы  ой-пікірлері  кездеседі  деп 
батыл  айтуға  болады.  Ыбырай  Алтынсариннің  адамгершілік  туралы 
пікірлерінің маңызды көзі халық ауыз әдебиеті, халықтың өмірі мен тұрмыс–
тіршілігін,  қайғысы  мен  қуанышын,  патриоттылығын,  дәстүрлері  мен  әдет–
ғұрыптарын бейнелейтін халық ауыз әдебиеті болып табылады. Бұған дәлел 
ретінде «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын алуға болады. 
Ы.Алтынсарин  хрестоматиясының  басты  тақырыптарының  бірі  – 
білімге шақыру. Ол «Тарту» өлеңімен басталады, онда ғылым, білімінің күші 
және  олардың  адамның  материалдық  және  рухани  өміріндегі  мағынасы 
туралы айтылған. 
Ы.Алтынсарин  пікірінше,  адамгершіліктің  негізіне  білім  мен  тәрбие 
құрайды.  «Баланың  ең  жақсы  адамгершілік  қасиеттері  тек  ұдайы 
қалыптасады». «Жақсы тәрбиеленген бала сонан кейін де жақсы адам болып 
қала  береді».  «Адамгершілік  тәрбиесінің  басты  тәсілдері  еңбекпен  ата-
аналарының үлгісі болып табылады, - дейді» Ы.Алтынсарин . 
Ы.Алтынсарин қай қасиеттерді тәрбиелеуден адамгершілік тәрбиесінің 
мазмұнын  көреді?  Бұл  -  патриоттық  адамгершілік,  әділдік,  шыншылдық,  
жауапкершілік, қарапайымдылық. 
Абай  Құнанбаев  арнайы  психологиялық-педагогикалық  еңбектер 
жазған жоқ, профессорлық–педагогикалық қызметпен айналысқан жоқ,  бірақ 
оның  барлық  еңбектерінде  еңбекші  халықтың  адамгершілік  пен 
данышпандығына  сүйенетін  дидактикалық  және  адамгершілік–эстетикалық 
өсиеттер кездеседі. 
Кез  келген  адамның  мінез–құлқын  өзгертуге  болатыны  туралы 
А.Құрманбаев  «Егер  менің  қолымда  билік  болғанда,  адам  түзелмейді 
дегендердің  барлығының  тілін  кесетін  едім,  -  дейді.  Абайдың  пікірінше, 
еңбек  пен  халықтың  білім  алуы  –  адамгершілік  идеалына  қол  жеткізудің 
әдісі. 
Осылайша, өткен бір жағынан екіжүзділікті, әділетсіздікті, еріксіздікті, 
жалқаулықты,  жамандықты  әшкерелеп,  екінші  жағынан  еңбекке  деген 
қызығушылықты, 
халық 
үшін 
күресті, 
әділдікті, 
шыншылдықты, 
жауапкершілікті, ғылым мен оның жоғары этикалық идеалдарын жақтайтын 
моральдық нормалары қазіргі кезде өз мағынасын жоғалтқан жоқ, керісінше, 
жаңа күшке енеді. 
         Мағжан  Жұмабаев  –  ақын,  прозашы,  аудармашы  педагог.  Ол  өз 
еңбектерінде  халықтың  бақыты  туралы  жазады.  Тәрбиелеу  және  оқыту 
мәселелеріне  оның  көптеген  мақалалары,  «Бастауыш  мектептегі  ана  тілі», 
«Жазуға  үйрету»  сияқты  оқулықтар  мен  оқу  құралдар  қатар  арналған. 

165 
 
Жұмабаев  педагогикасының  басты  тақырыбы  –  «адам  мен  адамзат  игілігі 
бәрінен де жоғары». 
Жұмабаев  адамгершілік  тәрбиесінің  мақсаты  –  баланың  адамгершілік  
туралы  ойлауын,  адамгершілік  қылықтары  мен  әрекеттерін  қалыптастыру 
деп  есептейді.  «Бала  адамгершілікке  таңдау  жасай  алмағандықтан,  істеген 
әрекетінің кері нәтижелерін білмегендіктен, оның нәтижесінде не болатынын 
білмегендіктен, жаман қылықтар жасайды,  -  деп жазады педагог.    
Қазіргі    кезде  қоғамымыздың  ертеңгі  болашағы  бүгінгі  жас  өскелең 
ұрпақтың  тәрбиесімен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  мектеп  оқушы 
жастарын тәрбиелеу ісінде, оларды рухани-адамгершілікке бағыттай отырып 
жетілдіріп  дамытуға  баса  назар  аударғанымыз  жөн.  Бүгінгі  жас  өскелең 
ұрпақ  тәрбиесіндегі  басты  мәселе  –  мектеп  оқушыларын  рухани  жетілдіру, 
дамыту.  Рухани  даму  дегеніміз  -  өзінің  өмірдегі  орнын,  жауапкершілігін 
түсініп,  өзін-өзі  жетілдіріп  отыру.  Рухани  даму  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудың  негізгі  өзегі  болып  табылады.  Рухани  дамыған  тұлғаның 
көрсеткіштері:  басқаларға  жақсылық  жасау,  қамқорлық  көрсету,  жақсылық 
жасауға ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру. 
         Қазіргі уақытта республикамызда мектеп оқушыларын тәрбиелеу ісінде 
адамның  ішкі  жан  дүниесі  мен  рухани  әлемін  дамыту,  жетілдіруге 
байланысты істерді жүзеге асыруда. Халықтың діни, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, 
ырым-тыйым,  наным-сенім  рухани  мәдениет  және  ұлттық  дүниетанымдық 
негізде  жас  өскелең  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  тәрбиесін  дұрыс  жолға 
қою міндеттерін іске асыру басты нысана болып отыр[4,88б.]. 
         Тәрбиелі-мінез  адам  бойында  имандылық  қасиеттердің  бар  екендігін 
көрсетеді. 
Басқаларға 
қамқорлық, 
қадірлеу, 
сыйлау, 
құрметтеу, 
жауапкершілікпен адалдық-мінез сапасының негізгі бітістері. 
         «Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөзбен 
жақсы  ісін  қалдырып  отыруы  қажет.  Ол  үшін  әр  кез  жаман  қылықтан 
сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс»,  - деген Жүсіп Баласағұни ойлары 
бізге  жақсы  мәлім.  Ондай  болса,  келешек  өскелең  жас  ұрпақты  рухани 
адамгершілік  тәрбиесі  арқылы  толыққанды  жетілген  азамат  етіп  тәрбиелеу 
еліміздің, қоғамымыздың басты алға қойған мақсаты.          
         Әдептілік
имандылық,  мейірімділік,  қайырымдылық,  ізеттілік, 
қонақжайлылық  құндылықтары  қалыптасқан  халқымыз  осы  асыл  да 
абыройлы  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  ақыл-парасатына  азық  ете  білу  үшін, 
әрбір  тәрбиеші,  ұстаз  халық  педагогикасын,  сан  ғасырларда  қалыптасқан 
салт-дәстүрлерді,  әдет-ғұрыптарды  жан-жақты  терең  білумен  қатар,  өзінің 
бойына  адамдық  құндылықтарды  терең  сіңірген,  рухани  жаны  таза  адам 
болуы  шарт.  Ол  рухани-адамгершілік  тағылымдарды  өркениетті  өмірмен 
байланыстыра  отырып,  білім  берудің  барлық  кезеңдерінде  негізге  алғаны 
жөн.  Сонда  ғана өзінің  міндетін  айқын  сезіне білетін,  мінез-құлқы  жетілген 
саналы адам қалыптасады. 
 
Бар қазақтың ұлы данышпаны, ақыны Абай Құнанбаев өзінің көптеген 
өлеңдерінің бірінде: 

166 
 
Жүректе қайрат болмаса, 
Ұйықтаған ойды кім түртпек? 
Ақылға сәуле қонбаса
Хайуанша жүріп күнелтпек, – деген екен.  
           Шынымен, өзгермелі өмірдің түрлі соқпақтарынан жүріп өтіп, «адам» 
деген құрметті атқа кір келтірмей, керісінше өзінің игі істерімен көпшілікке 
танылып,  ақыл  мен  парасаттылықтың,  инабаттылық  пен  имандылықтың, 
мәдениеттілік  пен  әдептіліктің,  сыйластық  пен  достықтың  асыл  үлгісі  болу 
үшін  әрбір  адамның  жүрегіне  үлкен  қайраттылық  керек.  Жүрек 
қайраттылығы  адам  баласына  көздің  қызығушылығының  жетегінде  жаман 
әрекеттер  жасамауына,  осындай  қызығушылықтарға  қарсы  тұрып,  ізгілік 
қасиеттер үшін ерлік істер жасауға себеп болады. Елінің, жерінің, Отанының, 
туған-туыс, бауырларының амандығы үшін талай ерлік істерге барған батыр 
ұл-қыздарымыздың  әрекеттерінен  олардың  қайратты  жүрек  иелері  екеніне 
көз  жеткізуге  болады.  Дегенмен,  адамның  барлық  қылықтарын,  тіпті 
қайратты  да  жүректі    адамның  санасын  ақыл  басқарады.  Міне,  өмірдегі 
адамның  қолымен  жасалатын  барлық  істердің  жақсы  немесе  жаман  болуы 
осы  ақылдың  сәулелі  болуына  байланысты.  Сәулелі  ақылдың  иесі  болған 
адам  жақсылық  жасасам,  мейірім  төксем,  махаббат  сепсем,  әлемді  танысам 
деген  ойда  болады.  Осындай  ғажайып  ойдың  иесінен  барша  ғаламға 
жақсылық нұры төгілмек. 
 
Біз  педагогтар  бүгінгі  күні  болашақ  тәрбиесімен  айналыса  отырып, 
оларды  жүрек  қайраттылығына,  ақылдың  сәулелігіне  тәрбиелеп  үйретуіміз 
керек.  Біздерге  бүгінгі  таңда  болашақ  ұрпақ  өкілдерін  өмірге  дайындау 
сияқты  ұлы  іс  жүктеліп  отыр.  Бұл  іс  үлкен  жауапкершілікті,  ерекше 
шеберлікті  қажет  етеді.  Себебі,  бала  өзінің  болмысында  өте  нәзік  және 
иілгіш.  Оның  иілгіштігін  назарға  ала  отырып  өмірге  икемдеу,  адамгершілік 
тұлғасы биік адам ету біздердің қолымызда[5,49б.]. 
Болашақта  адамның  биіктігі,  асқақтығы,  өзгелерден  артықшылығы 
оның  материалдық  жағдайымен  емес,  керісінше  рухани  байлығымен, 
даналығымен,  білімділігімен,  мәдениеттілігімен  өлшенеді.  Әрине,  осындай 
ізгі  қасиеттерді  бойына  сіңірген  болашағы  бар  елдің  тасы  өрге  домалап, 
өркениетті мемлекет болатыны сөзсіз. Сондықтанда бүгінгі таңда егемендігі 
жарасқан  жас  мемлекетіміздің  аяғынан  нық  тұрып,  болашаққа  сеніммен 
қарауы жолында біз, педагогтік қауым көкірегі ашық, саналы, адамгершілік 
қасиеті биік бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолында білім саласындағы жаңашыл 
бағыттарды,  әлемдік  озық  тәжірибелерді  кеңінен  пайдаланып,  олардың 
негізінде оқу-тәрбие үрдісін іске асыруымыз керек. 
 
Қорытындылай  келе,  осылайша  адам  бойындағы  жағымды  қуаттың 
оянуы  ғана  жеке  тұлғаның  өрістеуіне,  рухани  нұрлануына,  шабыттануына, 
шаттануына мүмкіндік туғызады.  
 
    Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Алпысқызы Сара.Өмір әдебі: Әдеби эссе,толғаныстар-Алматы,2003 

167 
 
2.  Ақиқатты таны біл Ү. Алматы, 2004 ж. 
3.  Антология гуманной педагогики. Тогор. – 2005 ж. 
4.  Амонашвили Ш. «Педагогическая симфония» - 2002 ж. 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ  ҚҰНДЫЛЫҚТАР МАҢЫЗЫ  
 
Сеткереева Ғалия Аманбердиевна 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ, 
мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби  
дамуын жетілдіру кафедрасы 
 
   
Адам  бір  жылын  ойласа  -  дән  себеді,  бар  ғұмырын  ойласа  -  ағаш 
отырғызады,  ал  ғасырлық  болашағын  ойласа  -  ұрпақ  тәрбиелейді.  Иә, 
расымен  ақылдың  кені  болған  бабалар  сөзі  тегін  айтылмаған  болса  керек. 
Бірақ  не  дегенмен,  қиыны  мен  жеңілі,  қызығы  мен  қуанышы  қатар  жүретін 
білім  саласының    қазіргі   ұстанымы  –  үнемі  жаңалыққа  ұмтылып,  алдыңғы 
қатардан  көріну  және   әр  мұғалімнің  бойынан  жақсылық   тауып,  бұлақтың 
көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.   
Өйткені,  заман  да,  қоғам  да  бір  орында  тұрмайды.  Бір  сәт  жан  - 
жағымызға көз жүгіртіп қарасақ, сәт сайын өзгерген, тың идеялар мен жаңа 
инновациялық  технологиялардың  қарыштап,  ақпараттың  әр  секунд  сайын 
өзгергенінің  куәсі  боламыз.  Әлемнің  көз  ілестірмес  даму  қарқынына  орай, 
көш  бастап  келе  жатқан  дамыған  елдер  қатарынан  көріну  үшін  білім  беру 
жүйесі  мен  экономикалық,  әлеуметтік  мәдениетімізге  мейлінше  өзгерістер 
енгізу  талабы  туындайды.  Өйткені  әлем  қазіргі  күні  «білім  қоғамынан» 
«білім экономикасы» қоғамын құру бағытына қарай көш түзеуде. Олай болса, 
өзгеру, алдымен, өзім үшін қажет. Нарыққа төтеп беріп, қоғам сұранысына ие 
болу  үшін  қажет.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: 
рухани  жаңғыру»  мақаласында:  «сананың  ашықтығы  зерденің  үш 
ерекшелігін  білдіреді.  Біріншіден,  ол  дүйім  дүниеде,  Жер  шарының  өзіңе 
қатысты  аумағында  және  өз  еліңнің  айналасында  не  болып  жатқанын 
түсінуге мүмкіндік береді.    Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып 
келетін  өзгерістердің  бәріне  дайын  болу  деген  сөз.  Үшіншіден,  бұл  – 
өзгелердің  тәжірибесін  алып,  ең  озық жетістіктерін бойға  сіңіру  мүмкіндігі. 
Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада 
болуы мүмкін, бірақ осыны игерудегі басты қажеттілік адам санасы арқылы 
жүзеге  асады.  Өйткені,  бәрі  санадан  басталады».    Ғалым  А.В.Петровский:    
Сана – психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпы және 
болмыстағы  елеуліні  тану  қабілеті  сияқты  қасиетімен  ерекшеленеді.  Жеке 
адам  санасы  мен  қоғамдық  сана  диалектикалық  бірлікте  болады.  Қоғамдық 
сана  жеке  адамдар  мен  бұқара  көпшіліктің  шығармашылық  іс-әрекетінің 
нәтижесінде қалыптасады  –дейді. Олай болса мұндай қажеттілікте алдымен  

168 
 
сана  түзелуі  керек.  Сананы  рухани  жағынан  үнемі  жетілдіріп,  дамытып 
отыруға тиіспіз.    
Сана  дамуындағы  қажеттілік,  қабілет,  мүмкіндіктен  туындайтын 
нәтиже  даму  мен  ұмтылыс  арқылы  жүзеге  асады.  Олай  болса,  білім  беруді 
дамыту  процесінің  әлемдік  үрдіс  дағдарысының  кірігуі,  дамыған  елдердің 
стандартына  деген  ұмтылыс  қоғам  дамуындағы  қажеттіліктер  туындатуда. 
Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде 
ұйымдастыруды  қажет  ететіні  баршаға  белгілі.  Бұл  қажеттілікке  жетудегі 
басты    стратегиялық  мақсат  -  адамзат  жинақтаған  білімді  жай  игеріп  қана 
қою  жеткіліксіз,  соған  сәйкес  ақпарат  негізінің  артуы  мен  оның  өсу 
модернизациясына  ілесу  болып  табылады.  Оған  білім,  ғылым  арқылы  ғана 
жетеміз.  Рухани  жаңғыру  –  әрбір  жеке  тұлға  үшін  оның  тәрбиесі,  ұлттық 
сана-сезімі,  ұлттық  рухани  тамырынан  нәр  алған  құндылықтары  мен  оның 
жаһандық  өзгерістерді  дұрыс  бойына  сіңіруі.    Елбасының  руханиятқа, 
білімге,  ғылымға  мән  беруі  –  үлкен  көрегендік.  Еліміздің  болшақтағы 
келбетін  анықтайтын  –  бәсекеге  қабілеттілік  қоғамның  білім  деңгейі  мен 
интелектуалдық  әлеуеті  ұлттық  байлықтың  маңызды  құрамы  ретіндегі 
сипатқа  ие  болды,  ал  адамның  білімділігі,  кәсіби  икемділігі, 
шығармашылыққа  талпынысы  және  қалыптан  тыс  жағдайларда  әрекет  ете 
білуі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола 
алады.  Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі 
қалуға  тиіс.  Абайдың  даналығы,  Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың 
жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар 
үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана – деген болатын Ел 
басшымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар  –рухани  жаңғыру» 
мақаласында.  Олай  болса,  ұлттық  рухтың  мәңгі  қалуы  адами  қасиетіміздің 
құндылығына  байланысты.  Өйткені,  адами  құндылықтың  өзегін  құрайтын 
және  зерттейтін  саланы  –  аксиология  деп  атайды.  Аксиология  («ахіа»  - 
грекше  «құндылық»,  логос  –  ілім,  ғылым)  ғылымының  ең  басты  ерекшелігі 
оның    философиялық  сипаты  басым  келеді,  өйткені  философия  тиістілікті 
іздейді.  
Сондықтан  аксиологияның  ғылым  ретінде  қалыптасуына  үлес  қосқан 
философтар  (Гегель,  Кант,  Ницше,  Кассирер  және  т.б.)    мәдениеттің  ішкі 
құрылымынан,  жалпы  адамзаттық  құндылық  арқылы  адам  алдына  қойған 
мақсатына жету жолындағы өмір сүру негізі “мәнділік”, “еркіндік”, “игілік”, 
“жақсылық”  сияқты  ұғымдарға  ұмтылу  екенін  атап  көрсетті.  Мәселен, 
Э.Кассирер  «құндылық  –  бұл  адамның  ішкі  дүниесінен  тыс,  мәңгі  идеалды 
әлем»  –  деп  түсіндіреді.  Құндылықтар  тақырыбы  бүгінгі  күннің  мәселесі 
деуге болмайды бұл адамзат тарихында  сонау ұлы ойшылдардың әл-Фараби, 
Қожа Ахмет Яссауи, Ө.Тілеуқабылұлы және т.б. еңбектерінде – ақ түбегейлі 
орын алған,  ақыл  - өнегесі,  өсиетімен  ұштасып,  мәңгі  сақталып, ұрпақтан  – 
ұрпаққа жалғасып келеді. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік сонау антика 
заманында  өмір  сүрген  Сократтан  бастау  алады.  Сократтың  «Игілік»  деген 

169 
 
ұғымды жеке бөле отырып мән беруі, құндылықты болмысқа жақындатқаны, 
- дейді зерттеуші ғалым С.Е.Нұрмұратов. Ғалым С.Е.Нұрмұратов зерттеуінде 
анық  көрсетілгендей:  -  Платон  үшін  құндылық-  өмір  сүру,  софистер  үшін  
құндылық  -  «Адамның  өмірді  бағалауы»,  Аристотель  үшін  құндылық  – 
адамның даналығы, яғни қандай да болмасын құнды нәрсені таба білуі.  
Олай болса, Сократ заманынан негіз алған «құндылық» мәселесі  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  ғылым  ретінде  дараланып  келеді. 
Мәселен, Әл-Фараби өз заманында “Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, 
өзіне  керегін  қоғамдасқан  ортадан  ғана  таба  алады.  Жеке  жан  иесі  адамдар 
бірлестігінің  арқасында  жетіліп,  өз  қабілетін  шыңдай  түседі.  Осыдан  келіп 
олардың  өмір  сүру  мәні  қалыптасады”.Ғұлама  адам  өмірі  сан  астарлы 
құндылықтармен  тығыз  байланысты  екенін  көрсеткен.  Өйткені  құндылық  – 
адам  өмірінің  бағыт  –  бағдарын  айқындайтын  рухани  күш.  Енді  осы 
“құндылық”  ұғымының  қалыптасуына  тоқталатын  болсақ,  қазақ  тілінің 
түсіндірмелі  сөздігінде:  құндылық  –  нарқы  жоғарылылық,  қымбаттылық, 
бағалылық деген ұғымды білдіреді. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, 
мәнділігін,  пайдалылығын,  қажеттілігін,  керектігін  білуге  болады.  Мәселен, 
есептегіш  машинаның  құндылығы  адамның  оны  дұрыс  пайдалана  білуіне 
байланысты (Қ.Жарықбаев).Орысша - қазақша аударма сөздікте: “құндылық” 
–  құнды зат, мәнділік,  ғылымда құндылық қазына, байлық деген ұғымдарды 
көрсетеді.  Қазақ  совет  энциклопедиясында:  “құндылық”  –  обьектінің 
жағымды  немесе  жағымсыз  жақтарын  білдіретін  философиялық  – 
социологиялық  ұғым.  Құндылық  обьектінің  адам  үшін  қаншалықты 
маңыздылығын  анықтайды  –  деп  көрсетілген.  Әрі  қарай  құндылық  ұғымын 
тұңғыш  анықтаманы  философтар  (Лотце,  Коген)  берді.  Құндылық  екі 
компоненттен  тұрады:  пәндік  және  саналық.  Пәндік  құндылық  –  оған 
заттардың  табиғи  қажеттілігі,  еңбектен  шыққан  өнімнің  өзіндік  құны, 
әлеуметтік  игілік,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мұра,  ғылыми  ақиқаттың 
теориялық  маңызы  және  практикалық  пайдасы,  адамдардың  іс-әрекетіндегі 
жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің 
эстетикалық  қасиеттері  жатады.  Санадағы  құндылыққа  қоғамдық  ой,  баға 
беру,  мақсат,  оған  жетудің  жолдары,  түрлі  нормалар  жатады.  Пәндік  және 
субъективтік  құндалықты  философтар  адамның  дүниеге  қатынасының  екі 
жағы объектісі, әрі субъектісі ретінде қарастырады. Пәндік құндылық – баға 
берудің  объектісі.  Субъективтік  құндылық  –  олардың  өлшемі  мен  әдісі:
 
Философиялық  сөздікте:  “Ценности”  –  специфическое  социальное 
определение  обьектов  окружающего  мира,  выявляющие  их  положительное 
или  отрицательное  значение  для  «человека  и  общества  благо,  добро  и  зло 
прекрасное  и  безобразное».  Внешние  ценности  выступают  как  свойства 
предмета  или  явления  однако  они  присущи  ему  не  от  природы,  не  просто 
силу внутренней структуры, обьекта самого себя, а потому что он вовлечен в 
сферу  общественного  бытия  человека  и  стал  носителем  определенных 
социальных  отношении”  делінсе,  психологиялық  сөздікте:  “құндылық” 
түсінігі  қоғам  үшін  әлеуметтік  –  тарихи  маңызы  бар,  “жеке  адам”  өмірінің 

170 
 
болмысын  анықтайтын  құбылыс.  Басқа  жағынан  психологияда  құндылық  - 
қоғамдағы  моральдық қарым  –  қатынас.  Осы айтылғандарға  сүйене  отырып 
біз,  құндылық  біріншіден  –  жеке  адамның  адамгершілік  қасиеті,  оның 
абыройы,  әділділігі,  бақыты  болса,  екіншіден  -  моральдық  сана,  норма, 
мүдде, принцип, мұрат пен мақсат – деп білеміз. Өйткені, қай кезде де адам 
өмір сүретін ортада қызмет етіп, іс- әрекет жасаса, өз қажеттілігін өтеу үшін 
алдына  мүдде  мен  мақсат  қойып  мұратына  жетуге  ұмтылыс  жасайды.  Ал, 
мұратқа жету де білім, ақыл – ой, шеберлік, ұстамдылық пен шыдамдылық, 
яғни рухани құндылық негіздері ерекше орын алады. Адам мақсат-мұратсыз 
өмір сүре алмайды. Ал, мақсат пен мұрат өмір сүрудегі ең алдымен керекті 
құндылық.  Мұрат  дегеніміз-  күш  пен  еңбек.  Адам  үшін  өмірдегі  ең  басты 
мақсат  –  қажеттілік.  Ол  адам  өмірінің  өзегі,  ал  басқа  мақсаттар  оған 
жеткізетін баспалдақтар ғана. Ал, адамшылыққа жеткізетін қасиеттер ар-ұят, 
ізгілік,  мейірімділік,  қанағат,  әділдік,  қарапайымдылық.  Сондықтан, 
педагогикалық  сөздікте:  “құндылық”  –  адамның  ішкі  құқы,  ізгілігі, 
адамдармен  қарым  –  қатынасы,  іс-  әрекет  кезіндегі  көрсетілетін 
қайырымдылығы,  тұрақтылығы,  мейірімділік  тәрбиесі”  –  делінген.  Себебі, 
педагогикада “құндылық” тәрбие құндылығы арқылы жүзеге асады.  
 
Олай болса, адам құндылғының өмірдегі сапасы:  біліктілік, білімділік, 
имандылық,  адамгершілік  (моральдық)  эстетикалық,  психологиялық, 
өнерлілік, шығармашылық сатыларынан тұрады. 
 
Адам  құндылығының  біліктілік  сапасы  -  адамның  өмір  жолында 
көргені мен естігеніннің тиімдісін, құндысын, пайдалысын көңіліне тоқу, ал 
білімділік - тікелей ғылым негіздерімен қаруланды, яғни оқудан құралады,  - 
дейді  профессор  Ж.Наурызбай.  Сонда  біліктілік  сапасы  -  рухани  құндылық 
(өнер,  тіл,  мәдениеті  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  т.б.),  ал  білімділік  сапасы  – 
дүниетанымнан: білімдер жүйесі сезім, қабілет, мұрат, мақсат, қызығушылық 
және т.б. тұрады. 
 
Білімділік сапа - зердені байытып, ойлауды белгілі бір дәрежеге көтеру 
үшін керек, Сократ «Менің білетінім еш нәрсені де білмейтіндігім»  – дегені 
адамның әлі де ғалам құпиясынан бейхабар екенін көрсетеді. Қазіргі ақпарат 
ағыны  заманында  адам  баласы  күнде  естіген,  көрген  білгендерін  қорытуға, 
соған  білімдері  арқылы  үлес  қосуға  мәжбүр  болып  отыр.  Сондықтан  алған 
білімді жинақтаудағы сандық нәтижеден гөрі, оның сапалық жағына көп мән 
берілсе, адам өмірде өз пайдасын тигізері сөзсіз. Сонда ғана білімділік негізі 
руханилықтың баспалдағы бола алады. 
 
Адам  құндылығының  имандылық  сапасы  -  болашаққа  деген  үміт, 
адамды, табиғатпен бүкіл әлемді жан – тәнімен сүйе білуді қолдайтын сенім. 
Сонау  орта  ғасырда  өмір  сүрген  әйгілі  ғұлама  Қожа  Ахмет  Яссауидің 
заманында қайта - қайта «нәпсіңді тізгінде, жаның мен діліңді тазарт» – деген 
өсиеттерінің  түпкі  тамырында,  имандылық  жатыр.  Ол  «өмірді  қызық  көру 
үшін  сүрмеу  керек,  нағыз  жетілген  адамша  өмір  сүру  керек,  яғни  өмірде 
жіберген  қателерді  жөндеп,  күнәға  батпай  өмір  сүруге  тырысу  қажет»  ,  - 
дейді.  Қателесу  бұл  адам  білместігінің  кесірі.  Бірақ  сол  қатені  өзінің  іс-

171 
 
қимылында  барынша  «жоюға»  тырысып  қатесін  түзету,  әр  адамның  өз 
қолында екенін көбі біле бермейді, күнделікті тіршілікте «заман өзгеріп, өмір 
өз дегенін істеп, басқаларда мен сияқты жүр ғой» деген дәлелдер басымырақ 
болып жатқан кездер әлі де көп. Осыдан келіп, «өзің білме – білгеннің тілін 
алма» деген кереғар ұғым пайда болып отыр.  
 
Адам  құндылығының  эстетикалық  сапасы  –  бұл  адамның  жан 
сұлулығы  ой  тазалығы,  іс-  қимыл  мен  ниетінің  үйлесімділігі.  Мәселен,  өте 
қас  шебердің  туындысы  өз  жүрек  әмірімен  жасалған  өнер  қашанда  адам 
жанына  әсер  етеді.  Руханилық  әсемдіктің  өзара  байланысы  да  адам  үшін 
құндылық болып есептеледі. 
 
Адам  құндылығының  психологиялық  сапасы  –  бұл  адам  бойындағы 
сезім  мен  эмоция,  «жан  дүниесі»  арқылы  мейірімділікке,  жылылыққа, 
сұлулыққа  әкелетін  қажеттілік.  Бұл  физиологиялық  қажеттілік  емес,  бұл 
психологиялық  ерекшеліктерден  туындайтын  адами  қасиет.  Бірақ  бұл 
қасиеттердің  теріс  доминатты  роль  атқаратын  кезеңі  де  болады.  Олар 
қызғаныш, қорқу, ызалану, жек көру, және көре алмау  т.б. Міне, осылардан 
алыс  болу  үшін,  адам  өз  зердесі  мен  білгірлігі,  тапқырлығы  өзін  -  өзі 
тәрбиелеу арқылы жетілдіріп отырса ғана салауаттылыққа жетеді.  
Адам  құндылығының  өнерлілік  сапасы  -  руханилықтың  әлеуметтік 
саладағы ең өрелісі. Өнер арқылы адам баласы әлемге танылады. Бұл барлық 
ұлттық  мәдениетке  тән  құбылыс.  Қазір  өнер  деген  атты  желеу  етіп, 
коммерциялық  мүдделерді  ғана  көздеген  іс-  әрекеттер  адам  санасын 
лайлайтында  өнерді  жиіркенішті  тудыруы.  Жас  ұрпақ  тәрбиесіндегі  өнер  - 
бұл  адам  бойындағы  дарындылықтың  табалдырығы  деп  түсіндірген  абзал. 
Өйткені  адам  өз  қолымен  жаңа  дүние  жасап  үйренбей  өзін  жетілдіре 
алмайды.  
Адам  құндылығының  шығармашылық  сапасы  -  бұл  адамның  бүкіл 
әлемді  тануға  ұмтылысы,  оны  тек  бейнелеп  қана  қоймай,  әрі  қарай 
жетілдіріп, дамытуға тырысуы. Жалпы қандай да болмасын адам кішкентай 
кезінен өмірдің заңдылықтарына үлес қоссам, өзгертсем десе, барлық өмірін 
соған  сарп  етер  сөзсіз.  Себебі,  адам  белсенділігі,  еркіндігі,  қажеттілігі, 
қызығушылығы арқылы шығармашылыққа енгенде ғана өмір сүру мәнін аша 
алады.  Олай  болса,  білім  беруді  дамыту  процесінің  әлемдік  үрдіс 
дағдарысының  кірігуі,  дамыған  елдердің  стандартына  деген  ұмтылыс  қоғам 
дамуындағы қажеттіліктер туындатуда. Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең 
білім  беру  жолдарын  әлемдік  дәрежеде  ұйымдастыруды  қажет  ететіні 
баршаға  белгілі.  Бұл  қажеттілікке  жетудегі  басты    стратегиялық  мақсат  - 
адамзат  жинақтаған  білімді  жай  игеріп  қана  қою  жеткіліксіз,  соған  сәйкес 
ақпарат  негізінің  артуы  мен  оның  өсу  модернизациясына  ілесудегі  адами 
құндылығы  болып  табылады.  Еліміздің  болшақтағы  келбетін  анықтайтын  – 
бәсекеге  қабілеттілік  қоғамның  білім  деңгейі  мен  интелектуалдық  әлеуеті 
ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болды, ал адамның 
білімділігі,  кәсіби  икемділігі,  шығармашылыққа  талпынысы  және  қалыптан 

172 
 
тыс жағдайларда әрекет ете білуі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге шарт бола алады.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет