Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақтың ұлттық ойындар. Е. Сағындықов 1993ж Алматы “Рауан”.
2. Қазақтың ұлттық ойындары Б. Төтенаев Алматы қаласы “Қайнар”
1994жыл.
3. Қазақтың салт дәстүрі – Сейіт Кенжахметов. Алматы. Ана-тілі 1994жыл.
4. Қазақтың ұлттық ойындары. Р.Н. Нұрғалиев Алматы – 1990жыл.
5. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері – Алматы “Атамұра” 2005ж.
6. Ұлт тағылымы №6 2000жыл.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА
ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Оспанбаева М.П.,
пс.ғ.к., қауым.профессор, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПК БАИ
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген
іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Дүниежүзілік экономикалық форум
XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап
көрсетті.
Олардың
ішінде
бастамашылық,
көшбасшылық
қасиет,
командадағы жұмыс дағдылары, қаржылық және азаматтық сауаттылық, IT-
құзыреттілік атап өтуге тұрарлық [1].
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әлемнің жаһандық
сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын негізге ала отырып, қазіргі
уақытта ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенетінін, оны жаттаудың мүмкін
еместігін және пайдасыздығын анықтады. Мысалы XVII ғасыр адамының
бүкіл өмірінде алған ақпаратты қазіргі заман адамы 1 айда ғана алады және
өңдейді екен. Мұндай жағдайда оқушыны өмір сүруге дайындау үшін
академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-
40
қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа –
метабілімділік, метақұзыреттілік, адамгершілік метафизикасы (оймен ғана
пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамалар; өмір сүру мағынасы) қажет.
Бұл ретте тәрбиелеу жүйесін басқарудың жаңа қағидалары – адамгершіліктің
жоғары ұстанымы, қадыр-қасиет заңын орнатуға қадам басу керек. Ол үшін
өзара сыйласым шеңберінде әр педагогтың өзін-өзі бағалауы, қайталанбас
даралығын ұғынуы, өз-өзіне сенімі, өзіндік пікірі, тәуелсіз көзқарасы, еркін
ойлауы, рух күші, иманы берік болуы тиіс. Оқушыларды табиғатпен
үндестікте тәрбиелеу үшін педагогтар кеңістік заңдылықтарын ұстана өмір
сүре отырып, жеке басының ұлағатымен үлгі болуға ұмтылулары қажет [2].
Қазіргі таңда Қазақстандық мектептер жаңа бастау сатысында тұр.
Инфрақұрылымдық даму және жаңартылған мазмұнға көшу басты
басымдықтар қатарында. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру
аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын
көтеруге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырыла бастады: жоғары
сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді
ынталандыру жүйесін құру; мектеп бағдарламасына «Мәңгілік ел»
құндылықтарын енгізу. «Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезімі жоғары,
жауапкершілігі мол, табысты адам қалыптастыру стратегиясы. Оны орта
мектеп жағдайында жүзеге асыру пәндердің мазмұнын толықтыру,
зерттеушілік іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар, сыныптан тыс іс-
шаралар және жобалар арқылы жүреді. Оқушыға осылай кең ауқымды,
кешенді ықпал ету нәтижелі болатыны сөзсіз. Міне, осыдан келіп, білім
мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жүйесін басқарудың жаңа ұстанымы –
оқу-тәрбие үрдісінің бірлігі туындайды [3].
Оқыту және тәрбиелеу бірін бірі толықтыра отыра, бір мақсатқа –
оқушы тұлғасының біртұтас дамуына қызмет етеді. Білім берудің тұлғалық
парадигмасына сәйкес, кез-келген пәнді оқытудағы тәрбиелік мақсат – оның
мазмұнынан оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру
болып табылады. Оқыту үрдісінде тәрбиелеу – білімге мағынаны қоса беру
қабілеттерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен
әрекеті. Бұл ретте мұғалімге қойылар талап – әр сабақтың тәрбиелік әлеуетін
аша білуі және оны оқушыға сезіндіре алу іскерлігі. Әдістемелік тұрғыда
дұрыс құрылған сабақтың әр кезеңі тәрбиелейді. Мұғалім оқу материалының
өзектілігін арттырып, оқушыны қызықтыру арқылы оның пәндік
құзыреттіліктерді игеруімен қатар, кісілік келбетінің де қалыптасуына ықпал
етеді. Сондықтан, балаға тәрбие беруде мұғалімге зор жауапкершілік
жүктеледі.
Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға
бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:
– тұлғаның жалпыадамзаттық гуманистік құндылықтарға бағдарлануы;
– демократиялық және толеранттық;
– космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;
– тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;
41
– шығармашылық әлеуетті көркеюге бағыттау.
Пәнді жоспарлау барысында мұғалім ең алдымен, сабақтың тәрбие
міндеттерін белгілеуі тиіс. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Ол үшін
мұғалімге сыныптың және ондағы әр оқушының тәрбиелік деңгейінің
диагностикасы қажет. Бұл проблемалы тұстарды анықтауға және тәрбие
мақсаттарын саналы түрде құруға мүмкіндік береді. Сабақ барысында
тақырыпқа сәйкес тұлғалық қасиеттер талқылануы міндетті. Ол әр
оқушының тұтас педагогикалық үрдіспен қамтылғанын сезінуі, мұғалімнің
тәлімгерлік мәртебесін түйсінуі және оның тәрбиеші рөлін ұғынуы үшін
қажет. Ал мұғалім тарапынан оқушыны қолдау, турашылдық және ашықтық
сипаттары сыныпта сенімділік және жайлылық ахуалын тудырады. Мұндай
жағдайда оқушы өз іс-әрекеті мен мінез-құлқына жауапкершілікті сезінетін
болады және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету оңайға түседі.
Қойылған тәрбие міндеттеріне сәйкес, сабақтың әр кезеңінде оқушы әрекетін
ойластыру маңызды (бұл – қысқа мерзімді жоспарлау алгоритмінде
қарастырылған алғышарт) [4].
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу-тәрбие үрдісі оқушының
белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайда мұғалім баланың танымдық
іс-әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде болады. Жаңа стандарттар
құзыреттілік
тәсіліне
негізделген,
соған
сәйкес
білім
беру
бағдарламаларының құрылымы өзгерді: меңгерілуі тиіс материалдан,
күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім беру парадигмасымен
қатар, оқушы қабылдауының да өзгергенін, яғни авторитарлықтан
ынтымақтастыққа көшуді білдіреді.
Оқушыға берілер материалдың тәрбиелік әлеуетін күшейту үрдісінде
көзделеді:
– материалдың өмірмен, баланың жеке және келешек (кәсіби)
жоспарларымен байланысы;
– пәннің вариативтік бөлімін аймақтың, нақты социумның мүддесі мен
қажеттілігін, балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін, ата-аналардың
әлеуметтік тапсырысын ескере отыра анықтау;
– материал мазмұнын аксиологиялық тұрғыдан іріктеу, оның
құрамдастарының құндылықты және адамгершілік аспектілеріне көңіл
аудару;
– оқу-тәрбие міндеттерін шешуде өз елінің, қаласының, ауылының
тарихи және мәдени мұра материалдарын және деректерін пайдалану;
– пәнді оқытуда өлкетану материалдарын қолдану, жергілікті дәстүрлер
мен мәдени құндылықтарды ескеру;
– сәйкес тақырыпты қарастыру үрдісінде оқушыларды елдің өзекті
проблемаларын, жергілікті мәселелерді шешуге және талқылауға тарту [5].
2018-2019 оқу жылында мектеп тәрбие жұмысының ерекшелігі «рухани
жаңғыру» идеясының қоғамдық сипатын тұлғалық бағдарға ауыстыру.
Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімқұмарлық, зердені дамыту, сананың
ашықтығы, эволюционизм, ұлттық сана сынды стратегияларды жалпы
42
насихаттай отырып, жеке оқушы бойында қалыптастыру формалары мен
тәрбие тәсілдерін ойлап, табу қажет. Ол үшін жаңа оқу жылында педагогтар
(сынып жетекшілері, тәлімгерлер, тәрбие меңгерушілері) арасында байқаулар
ұйымдастырып, оларды ынталандыру тетігін жасаған жөн. Мектеп
ұжымында «тұрмысты сана билейді» концепциясын ендіру арқылы
саналылықтың жоғары шыңына ұмтылу алгоритмін құру керек.
Адамгершілік
және
көшбасшылық
қасиеттері
жоғары
азаматты
қалыптастыру ғаламдық маңызы бар оқиғаларға арналған іс-шараларды
кеңінен өткізуді міндеттейді. Осыдан келіп, білім мазмұнын жаңарту
жағдайында, тәрбие жүйесін шығармашылықпен басқару ұстанымы
туындайды.
Сынып
сағаттарын
өткізу
кезінде
тәрбиенің
жаңа
технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады.
Ресурс ретінде классикалық шығармаларды, отандық әдебиеттерді, ұлттық
поэзияны, фольклорды, кинематографты, публицистиканы т.б. кеңінен
қолданған жөн [6].
Бала тәрбиесінде түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарымен, жоғары
оқу орындарымен, ата-аналар қауымдастығымен, мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдармен ынтымақтастық орнату арқылы, олармен тығыз қарым-
қатынаста болған жөн. Кәсіби шеберліктің шыңындағы жандармен, халық
қалаулыларымен,
қоғам
қайраткерлерімен,
ұлт
көшбасшыларымен
кездесулер ұйымдастыру; өндіріс орындары мен мекемелердің қызметімен
танысу экскурсиялары оқушының өз болашағын бағдарлауына, кәсіби таңдау
жасауына оң ықпал етеді. Бұл – балалардың бойында жаһандану жағдайында
табысты өмір сүрудің бірден бір шарты – дербестік, еркін ойлау және
тәуелсіздікті қалыптастырады. Осы ретте «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДБҰ, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмыстарының тәжірибесін ендіру
тиімділігі жоғары. Мәселен: «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған
елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, әлеуметтік практикалар,
еріктілер қоғамы (волонтерлық бастама), әлеуметтік акциялар, зияткерлік
ойындар және т.б. Бұл іс-шаралар баланың талабы, бейімі, ынтасына қарай
сараланады. Нәтижесінде, оқушыны ортаға бейімдеуден, ортаны оқушыға
ылайықтандыру қағидасына ауысамыз. Міне, осы іс-әрекеттердің
жиынтығынан тәрбие жүйесін тиімді басқарудың келесі шарты – оқушыны
психологиялық-педагогикалық қолдау ұстанымы шығады. Айналасының
қолдауын сезінген бала қиялымен ғарыштарға самғап, жайлы ортадан оңай
шығып, тәуекелшіл болады; сондай-ақ, жоғары мақсаттар қойып, ұлы істерді
атқаруға дайын болады. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала өсер» деген
халық даналығын білім беру ұйымдарында жаппай қолдану – қазақстандық
патриотизмді қалыптастырудың маңызды қадамы болуы тиіс.
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие үрдісінің гуманизм,
жалпыадамзаттық, этникалық, табиғисәйкестік, мәденисәйкестік, тұтастық,
үздіксіздік сынды қолданыстағы қағидаларын негізге ала отырып, тәрбие
жүйесіне жоғарыда анықталған жаңа ұстанымдарды енгізу 2018-19 оқу
жылының басқару стратегиясы ретінде белгіленді. Тәрбие жұмысының
43
басым бағыттары: қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,
құқықтық тәрбие; рухани-адамгершілік тәрбие; ұлттық тәрбие; отбасы
тәрбиесі; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті
және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет
тәрбиесі; дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тұтас педагогикалық үрдістің
өзегі болғанда оң нәтиже береді. «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»
концепциясында (2015) оны іске асыру тетіктері және критерийлері
ұсынылған. Мәселе – тәрбие бағыттарының тиімділігін өлшеу құралдарының
жасалмағандығында. Өзектілігі жоғары осы іс-шара орта мектептің тәрбие
жүйесін басқару мамандары командасының шығармашылығы мен
бастамашылдығын
және
ғылыми-әдістемелік
қауымдастықтың
ынтымақтасуын күтуде [7].
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жүйесін басқару оның
тұжырымдамалық негіздерін іске асырумен шартталады. Ол нормативтік-
құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлық
қамтамасыз ету және ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз етуді
құрайды. Орта білім беру ұйымдарының басшылығына жаңа оқу жылында
келесі іс-шараларды нәтижелі және толыққанды жүзеге асыру жүктеледі:
-
тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау,
-
сыныптардың тәрбие қызметін үйлестіру,
-
негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру негізінде біртұтас
оқу-тәрбие кеңістігін құру,
-
тәрбие үрдісіне мониторинг жүргізу, оған қатысушылардың пікірін
зерделеу,
-
тәрбие жұмысының тиімді тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату,
-
инновациялық қызметті қолдау,
-
отбасы тәрбиесінің әлеуетін күшейту.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдарының
типтеріне сай тәрбиелеу жүйесін басқару ерекшеліктеріне тоқталайық.
Инклюзивті тәрбие беруді басқару. Ерекше білім қажеттігі бар оқушыларды
тәрбиелеу үшін педагогикалық ұжым инклюзивті білім беру қағидаларын
меңгерулері тиіс: адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне
байланысты емес; әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті; әр адамның
қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар; барлық адамдар бірін-бірі
қажет етеді; шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас
жағдайында ғана жүзеге асуы мүмкін; барлық адамдар құрдастарының
қолдауы мен достығына мұқтаж; барлық оқушылардың табысты болуға
ұмтылуға қақысы бар; адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте
түседі. Мектеп әкімшіліктері жылына бір рет әр параллель, сыныптарда
инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіру, адамгершілікке,
толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында ата-аналар жиналысын өткізулері
міндетті. Жиналыс тақырыбы мен өткізу форматын әр мектеп өзі анықтайды.
44
Қашықтықтан тәрбие беруді басқару Білім беру ұйымдары ҚР БжҒМ
Экстернат нысанында оқыту ережесі (2016ж., № 61 бұйрық), Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздері (2015), Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік
бағыттылығын дамыту (2013) негізінде оқу-тәрбие үрдісін қашықтықтан
тәрбие беру технологиялары (ҚТБ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.
ҚТБ қағидалары барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала
кезінен мүгедек болып табылатын балалар үшін қолданылады. Оларды
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандар командасы арқылы
жүзеге асырылады және ҚТБ өзіндік ерекшеліктері болады.
Шағын
жинақты
мектептерде
тәрбиелеу
жүйесін
басқару
ерекшеліктері. Тірек мектептерінде магниттік мектептердің оқу-тәрбие
жоспары негізінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспары әзірленеді
және жүзеге асырылады. Жаңартылған білім мазмұны жүйесіне көшкен
шағын жинақты мектептердің және тірек мектептерінің (ресурстық
орталықтардың) мұғалімдері келесі жұмыстарды жүргізе білуі керек:
оқушылардың тұлғалық-белсенділік бағытта ілгері дамуына жағдай жасау;
білімін өз бетінше жетілдіруге, қабілетін ашуға және өз мүмкіндіктерін
пайдалануға
дайындау;
психологиялық
жайлылық
және
қолдау
атмосферасын қалыптастыру; қойылған мақсатқа жетуге бағытталған аралық
нәтижені бағалау.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында тәрбиелеу жүйесін
басқару ерекшеліктері. Қоғам өмірінің барлық салаларындағы жаһандық
өзгерістер, ақыл-ой қабілеттері жоғары, жаңа заман талабына жауап бере
алатын, шығармашыл, дарынды адамдардың қажеттілігін күшейтіп отыр.
Қазіргі мамандандырылған мектептер балалардың әлеуетін барынша ашу
үшін оларға жағдай туғызу, табиғи дарынын дамытуды көздейді.
Оқушылардың әлеуетін ашу үшін жағдай жасау, шығармашыл тұлға
тәрбиелеу және дарындылығын ересек өмірде іске асыру, білім мазмұнын
жаңарту жағдайында мамандандырылған білім беру ұйымдарының кезек
күттірмес міндетіне айналады. Дарынды балалармен атқарылатын жұмыс
мазмұны әрбір оқу пәндері аясында анықталады, алайда бұл мазмұнды
айқындайтын оқу бағдарламаларын іріктеудің жалпы талаптары, мектептің
ерекшелігіне бағдарламаның сәйкестігі болып табылады. Жарияланғандар
арасында
мұндай
бағдарлама
болмаған
жағдайда
қолданыстағы
бағдарламаларға түзетулер енгізілуі немесе авторлық бағдарламалар жасалуы
мүмкін. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында жеке және топтық
жұмыс формасы негізіндегі проблемалық, ізденушілік, эвристикалық,
зерттеушілік, жобалау жұмыстары қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс
түрлері мен әдістері арасында оқушылардың сабақтан тыс зерттеушілік
жұмыс жүйесі, түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға тарту,
интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым
академиясы, үйірмелер, түрлі факультативтер дарынды оқушыларды
дамытуда кең мүмкіндіктерге ие. Мамандандырылған мектеп қызметтерінің
45
үлгілік ережелері (2013, №289 бұйрық) негізінде қосымша сағаттар
белгіленген:
-
оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір
бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат;
-
оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту
бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді;
-
дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары
білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы
төлеу үшін қаражат бөлінеді;
-
ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді
ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде
қаражат бөлінеді;
-
ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді;
-
білім алушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10
сынып-комплектіге психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет
құрылады, егер сынып-комплектінің саны көбейтілсе, психологтың ставка
мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты
көбейтіледі.
Кешкі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының тәрбиелеу жүйесін
басқару ерекшеліктері. Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы
кешкі бөлімдерде күндізгі оқу (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім
алушы), сырттай оқу (10-15 білім алушы) және сырттай жеке оқу тобы
(сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда
және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан
оқыту технологиясы жүзеге асыруы мүмкін. Қатаң және ерекше тәртіптегі
жабық мекемелер жанындағы кешкі мектептерде сыныптағы оқушы саны 10
адамнан аспайды, топқа бөліп оқыту жүргізілмейді.
Кешкі мектепте технология, бейнелеу, дене тәрбиесі сабақтарын оқыту
қарастырылмағандықтан, бұл олқылықты пәндердің мазмұнымен толықтыру
көзделеді. Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі – «қиын» балалармен
жұмыс. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының
болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді. Тәрбие жұмысының басым
бағыттары: қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу,
құқықтық тәрбие, тарихи таным, ұлттық дәстүр мен мәдениет, әлеуметтік
әрекеттестік дағдыларын дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы
негізінде азаматтық және құқықтық жауапкершілікті дамыту; рухани-
адамгершілік тәрбиесі; салауатты өмір салты; ұлтаралық толеранттылық пен
қоғамдық келісімге құрылуы тиіс. Кешкі мектепте оқу-тәрбие үрдісін
жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер,
психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың
қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы
заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың
заманауи тәсілдері қолданылады. Мектеп әкімшілігі осы тәсілдерді
46
педагогикалық ұжымның толық білуіне, қолдануына ықпал етуі және озық
тәжірибелерді таратуды қамтамасыз етуге мүдделі болуы тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б.
2. Кант И. Основы метафизики нравственности. http://modernlib.net/ от
14.08.2018., – 27 стр.
3. Оспанбаева М.П. Жаңа дәуір адамын қалыптастырудың кешенді
психологиялық стратегиялары. «Қытайдан Адриатқа дейін» III Халықаралық
симпозиум материалдары. – Түркия, Анталья. 2016. – 196-202 бб.
4. Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту.
Әдістемелік құрал. – Астана, 2013. – 80 б.
5. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары / Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы //
ресми мәтін. – Астана, 2012. – 20 б.
6. Оспанбаева М.П. Рухани жаңғыру жобасы аясында ұлттық код –
қазақы сананы дамытудың әлеуметтік-психологиялық тетіктері. «Білім KZ»
Республикалық педагогикалық журнал. – Тараз, №9 (73), 2017. – 3-6 бб.
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жандилдина Роза Есентаевна
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты, п.ғ.м., АрқМПИ доценті
Жақсылық Ақсауле Маратовна
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты, мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу мамандығының 4 курс студенті
Ойын технологиясы дидактикалық категория ретінде балалардың оқу
машықтарын жетілдіруге өз көмегін тигізеді. Ойын элементтерін сабаққа
енгізе отырып,балалардың сабаққа деген қызығушылықтары мен
белсенділіктерін танытады. Ойын технологиясының әдістемелік мәні. Ойын
жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату аяқ астынан болғандықтан,
ойламаған жерден ойынға кірісу қызығушылықты тударады. Ойын ойнау
барысында оқушы ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді де,
белсенділік пайда болады, бала лидерлік танытады. Тілді үйренгісі келмейтін
адамның өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Ойын қатысымдықты
қалыптастыратын әдіс болғандықтан, оны оқытудың ешбір әдіс-тәсілімен
47
салыстыруға
келмейді. Математика
сабағын
ойын
арқылы
оқыту
барысында баланың пәнге деген көзқарасы өзгеріп, өзге және өзінің досын
басқаша көруге мүмкіндік туады. Ойынды қолдану оқу үрдісінің басқа
аспектілеріне де жақсы әсер етеді[1,33б.].
Сөйтіп, ойын - дұрыс сауатгы сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін
жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады.
Ол білімгерлердішет тілінде сөйлету құралы. Сабак сөйлеу әрекетіне
негізделуі керек. Математика сабағында ойын ойнату басты мақсат
емес. Математика пәнінің басты мақсаты - ойын арқылы \логикалық
қабілеттерін дамыту болып табылады. Ойынның кұрылымын оқу әрекетіне
салғанда оқу үрдісін мақсатты қатысым үрдісіне айналдырарымыз хақ.
Мәселен, балаларға бірдей екі нәрсені, не болмаса суретті көрсетіп, осы екі
нәрсенің арасындағы айырмашылықтарды атап беріңіз деген кезде,
дидактикалық міндетін шешпейді. Сабақ мақсатына жету құралы болып
табылады. Және сөз соңында айтарымыз кез келген тақырыпқа сабақта
рөлдік ойындар ойнатқызуға болады.
Ойын
технологиясының
ерекшелігі
ойындық
іс-әрекеттің
психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді.
Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша
түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы
дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың
ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.Ойын-әлеуметтік
қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге
құштарлығын арттырады.
Танымдық белсенділік дегеніміз – баланың білімге деген ынта–
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі [2,17б.].
Балалардың танымдық белсенділігі аз кезеңінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу
барысында балалардың таным белсенділіктерін арттыру олардың өз бетінше
танымдық ықылас ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп
ұйымдастырылады. Балалардың қабылдауы, негізінен тәрбиешінің сабақты
жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Балалардың жаңа материалды
қабылдауына арқау болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Олардың
оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске
асады. Баланың өзіндік сезімдік танымын (қалауы, ынтасы, құштарлығы,
әсерлесуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі,
әрі жемісті болады. Мектепке дейінгі балалардың әсерленгіш, эмоционолды
болып келетінін ескере отыру – тәрбиешінің оқу әрекетінде ерекше назар
аударуы тиіс.
Танымдық белсенділік – жалпы белсенділік феноменінің маңызды
саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады,
қоршаған әлемді тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтік мақсатта
ғана тану емес, сонымен қатар, адамның әлемге деген ең мәнді қарым-
48
қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге ұмтылуымен, санада жақсы
жақтарын бейнелеуімен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар,
қайшылықтармен түсіндіріледі.
Танымдық белсенділік мәселелік сұрақтар, берілген тапсырманы өз
бетінше талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжам жасату арқылы
туындайды. Осылайша, танымдық белсенділігі мәселесі – тұлғаны оқыту,
білім алуында ең бір негізгі проблема есебінде болады.Онда көптеген
сұрақтар пайда болады, білімді меңгеруге арналған қажеттіліктер, ойлау мен
оқуға үйрену, танымдық қызығуларын, жауапкершіліктерін дамыту,
білімдерінің тереңдігі мен беріктігін, баланың ақыл-ой деңгейінің дамуын
анықтау және т.б.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігінің қалыптасуы
көптеген факторларға байланысты. Солардың ең маңыздысы – тәрбиешінің
педагогикалық шеберлігі болып табылады. Американдық және ағылшын
педагогикалық әдебиетінде танымдық белсенділіктің қалыптастырылуын
тәрбиешімен, оның тұлғалық қасиеттерімен тікелей байланыстырады.
Танымдық әрекет – баланың бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой
әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекеттiң негiзiнде балаларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық
қалыптасады. Танымдық iзденiмпаздық ұғымы және оны қалыптастыру
проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп,
ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне
замандардан бастау алады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп
отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В.Занковтың
идеясын негiзге аламыз. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен
еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын
шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай
дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын
ескеруіміз керек.
Танымдық іс-әрекеттің нәтижесі – білім. Танымдық іс-әрекет өз
кезегінде болжауды, мақсат пен міндеттер қоюды, жоспарлауды, мақсатқа
жетуге әдіс-тәсілдер мен құралдарды таңдауды және қол жеткізген нәтижені
талдай алу біліктерін қажет етеді. Ал білікті субьектінің алдын алу
жинақтаған білімі дағдыларына негізделіп, қажетті мақсатқа бағытталып
реттелінетін игерілген күрделі психикалық әрекеттер жүйесі деп
қарастырылған жөн. Сондықтан педагог өзінің кәсіби іс-әрекетінің
нақтыланған жағдайында шығармашылық танытып, оқушылардың
танымдық іс-әрекеттерін белсендіріп отыру қажет.
Танымдық іс-әрекет – баланың ізденіп, білім алуына бағытталған
белсенді ақыл-ой қызметі[3,85б.].
Танымдық әрекеттің негізінде балаларда танымдық белсенділік
қалыптасады. Танымдық белсенділік – баланың оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: тәрбиешінің
49
баяндап тұрғанын түсіну үшін, баланың оны зейін қойып тыңдауы. Өйткені
жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде
белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни баланың белсенділігі оқу үрдісінің барлық
кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында баланың бойында танымдық
белсенділік пайда болса, балалардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай
элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі.
Балалардың оқу үдерісіндегі танымдық іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру
үшін не істеуіміз қажет деген сұраққа Л.Жақыпов өз еңбегінде «сабаққа
әртүрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты-графикалық
құралдарды қолдану керек. Осы аталғандар балалардың оқу үдерісіндегі
танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны
меңгертуге төзімділігін арттырудың бірден-бір негізгі тәсілі болып
табылады»,- деп жауап береді. Демек, танымдық белсенділікке байланысты
оқыту әдістері: жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, біліктілік пен дағдыны
қалыптастыру
тәсілдерін
мейлінше
ұтымды
пайдалану
ұстаздың
психологиялық білім даярлығына байланысты.
Балалардың танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу
барысында баланың танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше
танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп
ұйымдастыру қажет.Баланың қабылдауы, негізінен тәрбиешінің сабақты
жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Балалардың оқу-танымдық қызметін
арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Балалардың өзіндік
сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде
қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Балалардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық
әрекеттің негізінде танымдық белсенділік артады. Олай болса, танымдық
белсенділік дегеніміз – баланың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының,
қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылды.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан-жақты
жетіктігін аңғарту қажет. Балалардың өзіндік ынта-ықыласы болмаса, ол сол
пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік
танытқан бала ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Мектепке дейінгі баланың танымдық іс-әрекеті ойын барысында жүзеге
асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады.
Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер тәрбиешінің бүкіл оқыту – тәрбиелеу
жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс түрі – ойын
болып табылады. Осы ойын арқылы олардың танымы дамиды[4,64б.].
Балалардың
танымдық
іс-әрекет
құрылымы
танымдық
қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және
шығармашылық іс- әрекеттен тұрады. Бала қоғам өмірінде маңызды іс-
әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу-танымдық әрекеті болашақ
кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан баланың іс-
50
әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның
өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады
Сонымен қатар, балалардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен
нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің
дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты; бала іс-әрекетінің жоспарлы
жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы –
кітаптар, лабораториялық құрал – жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі
модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары интеллектуалды жүктеме
(емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігі ойын үрдісінде
қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі,
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету
қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі балалардың
алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, балалардың
танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі
шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне
айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар
дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, баланың берілген
тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол
алдында саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін
бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болу керек.
Танымдық
белсенділіктің
қалыптасуының
осы
анықталған
сипаттамаларының негізінде балалардың танымдық белсенділігі үш
деңгейге бөлінді: төменгі, орташа, жоғарғы [5,34б.].
Танымдық белсенділік деңгейлері
Төменгі
Белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық
еместігімен,
күрделі
емес
тапсырмалады
игеру
дәрежесімен, үлгі бойынша тапсырмаларды орындауда
өз бетінше жұмыс істеумен оқушылардың оқуға тиісті
көңіл қоймау.
Орташа
Білім негізінің болуы оқушылардың білімге, өзіндік
жұмысқа құштарлығының қалыптасуы,орта дәрежедегі
тапсырманы игеру оны орындай алу қабілеті
Жоғарғы
Терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген
қажеттіліктің қалыптасуы
1-сурет.Танымдық белсенділік деңгейлері
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар.
1-дәреже - жаңғыртушы белсенділік - баланың материалды жадылап,
қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен
51
сипатталады. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш-баланың бойында
білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-дәреже - түсіндіруші белсенділік-баланың оқығанын зерделеуге, оны
өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда
пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән
көрсеткіш баланың бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан,
қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын
үлкен дербестігі.
3-дәреже-белсенділіктің шығармашылық дәрежесі-баланың тапсырманы
шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл
дәреженің ерекшелігі-мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның
негіздері мен әр алуандығы.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі баланың әр түрлі
тапсырмаларды орындау барысындағы қабілетінен, деңгейінен анықталады.
Танымдық белсенділігі төмен балалар білімдерінің төмен екіндігін
көрсетеді, олар игерілетін материалдардың негізгі мәнін ашып бере алмайды;
логикалық байланысты таба алмайды. Бұндай балалар заңдар мен
заңдылықтарды формальді түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана
алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес
үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барысы,
шарттық жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісінің жасау үшін
тәрбиешінің көмегі қажет болады.
Оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан балалар жалпы
заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра тақырып
мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және
стандарттық емес біраз қиындығы бар тапсырмаларды тәрбиешінің
көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау
үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан мұндай тапсырмаларды
орындауда балаларға үнемі көмек қажет. Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие
балалар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Әр түрлі тапсырмаларды
орындауда теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылықты
танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді.
Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды.
Шығармашылық тапсырмаларды не өзі, не үлкендердің көмегімен
орындайды. Осындай деңгейге ие балалардың білім дәрежесі жоғары, олар өз
білімін тәжірибеде еркін қолданады, тапсырма орындаудағы және мазмұн
игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді[6,29б.].
Тұлғаның танымдық белсенділігінің жоғары деңгейінің қалыптасуы
мектепке дейінгі мекемелердің білім беру мен тәрбие үдерісінің тиімділігінің
көрсеткіші болып саналады, өйткені:
А) балалардың дербестігінің дамуы білім беру мазмұнын меңгеруде
шығармашылық бағыты ынталандырады;
В) тәрбиешілер өздігінен білімін жетілдіруге, білім берудегі жоғары
нәтижелерге қол жеткізу жолдарын іздестіруге түрткі болады.
52
Бұдан шығатын қорытынды, берілген тапсымалар балалардың білім
дәрежесіне сай болуы тиіс. Біздің зерттеуіміз бойынша, танымдық
белсенділігін жоғары балалар күрделі тапсырмаларды таңдайды. Осыған
байланысты балаларға берілетін тапсырмалары әр түрлі болып келеді.
Балалардың білім, білік және дағдылар қалыптасуының деңгейін ескере
отырып, ойын элементтері арқылы олардың танымдық белсенділігін
арттыруға, әрқайсысының шығармашылық бастамасын дамытуға себеп
болады. Сондықтан интерактивті оқыту элементттері балалардың танымдық
белсенділігін қалыптастырудың неғұрлым тиімді әдісі болып табылады.
Балалардың танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын арттыру үшін оқу
үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет.
“Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық”деп бекер айтылмаған. Соңғы
кезде теледидардан беріліп жүрген “Не, қашан, қайда?”, “Брейн-ринг”,
“Ғасыр көшбасшысы”, “Интеллектуалдық казино”, “Жұлдызды сағат”, т.б.
бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспа сөз бетінен
орын алып отыр. Осы озық тәжірбелерді әр тәрбиеші қолдана білсе,
балаларды өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін
дамытады.
Танымдық қабілет әркімге тән. Тек оны дамыта білу - әр тәрбиешінің
міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді
беріп қоймай, балаларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін
тұжырымда алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге
тәрбиешімен балалардың арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне
деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.
Қорыта келе, танымдық белсенділік – жалпы белсенділік феноменінің
маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып
табылады; қоршаған әлемді тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтік
мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар, адамның әлемге деген ең мәнді
қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге ұмтылуымен, санада
жақсы жақтарын бейнелеуімен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар,
қайшылықтармен түсіндіріледі[6,41б.].
Адам өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып
білу барысында олардың ішкі қасиеттерін анықтап, даму заңдылықтарын
біледі, ондағы өзінің орнын біліп, басқа адамдармен қарым-қатынасын
анықтайды. Осылардың негізінде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, өзінің
сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады. Таным барысында адам өзін
қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның
заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып,
жүйелі шынайы білімге айналады. Олай болса, танымды адамның жаңа әрі
тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Мектепалды даярлық топ балаларының танымдық белсенділігін
дамытуда дидактикалық ойын арқылы білімдік-тәрбиелік, көрнекілік, сөздік,
іс-әрекеттік міндеттер атқарады. Бірақ оның өзіне тән жолдары бар:
53
• Дидактикалық ойындарды өткізгенде тәрбиеші ойын мақсатын сақтай
отырып балаларды оқытады. Бұл үшін алдымен тәрбиешінің өзі көңілді,
қызықты ойға ықыласпен араласып, қуаныш сезімінде болуын ұмытпауы
керек. Тәрбиеші тек ұйымдастырып қана қоймай ойынға өзі де қатысуы
керек. Талап ойынның мақсаты мен міндетіне қарай құрылады.
• Дидактикалық ойынды ұйымдастыруда тәрбиеші алдымен ойынға
баланы қызықтырарлықтай мүмкіндік жасайды. Сол негізінде баланың
таным белсенділігі артады.
• Тәрбиеші белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етеді. Бұл
баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді. Қатаң сақталған
тәртіп баланы тәртіпке баулиды.
• Барлық бала ойынға белсенді түрде қатынасса ғана ұжымдық
интерактивті оқыту алдына қойған мақсатына жете алады.
Танымдық белсенділікті дамытатын интерактивті оқыту сабақ кезінде
өтетіндіктен оқу жүйесіне саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |