Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom

иесі жоқ иен үйдей – қайқайып қара басы тұрар бір бөлмелі 
ағаш  баспананың  ауласынан  аспандап  түтін  шықты.  Ерігіп 
отырған  ел-жұртты  елең  еткізіп,  ұрыны  ұстап  берер  де  осы 
–  будақтаған  бұйра  түтін.  Бірақ  Бекзат  жасқанған  жоқ,  өз 
рақатынан  өзі  бас  тартпас  өжет  мінез,  өр  серпін  қылықпен 
есік  алдындағы  жерошаққа  кеше  бригадирдің  қатыны  әкеліп 
берген  етті  асты.  Өле  алмай  жүр  дейсіз  бе,  мұндайда  оның 
қулығына сыралғы ауылдастары аттап баспайтын; тек Бекзат 
білдірмегенсіп,  көрші-қолаңдары  байқамағанситын.  мұның 
өзі сырттай бақылаған кісіге жетесіз режиссер қойған нашар 
да  сенімсіздеу  спектакльге  өте-мөте  ұқсайтын.  Басты  рольде 
– Бекзат, көпшілік сахнада – ауыл адамдары... Күн батып, қас 
қарайды.
моншаның  әлі  жанып  біте  қоймаған  отты  шалаларын 
«сирағынан»  ұстап  далаға  бір-бірлеп  лақтырды.  Қорым  ғып 
үйген қап-қара ыс басқан тастардың үстіндегі қазанда ысыған 
суға  тау  аршасының  бір-екі  талын  тастады.  Шомылатын, 
сабаланатын  сөрелерді  ақ  жоңқасын  шығара  жуып-шайды. 
Үшқаттың қабығынан жасалған ысқышпен қайың сыбыртқы, 
хош  иісті  сабын,  сандығынан  жаңа  ғана  суырып  алған  әдемі 
гүлі бар қытайлық сүлгі әкеліп қойды. Ондық шамның білтесін 
басыңқырап еді, онсыз да қара моншаның іші қаракөлеңкеленіп, 
еркіңнен тыс маужыратып, балқытар сиқырлы үңгірге айналған. 
Сосын  өзі  ышқырына  қайыра  қыстыра  салған  етегін  түсіріп, 
қос мықынын таянып тұрып күрсінді. Іле-шала жылады.
Бұл кезде жер жарықтықтың алып түндігі іспетті қара көк 
аспанның  түбі  тесіліп,  самсам  жұлдыздар  шыққан.  ауыл- 
дың  кешкі  қарбаласы  сабасына  түсіп,  саябыр  тауып,  енді  не 
істесеңдер  де  еріктеріңде  дегендей  тұншыққан  түн  бастал- 
ған-ды. Тамыздың алғашқы аптасы өтіп, жаңа туған ай екінші 
жұманың  аяғында  ортасынан  қақ  тілген  қауындай  жарты- 
кештене семіріп келе жатқан: қазір сонау қарабарқын таудың 
үстінде  дәл,  алдында  арыстанша  аузын  ашқан,  қарабауыр 
бұлттың өңешіне жым-жырт жылжыған еді. анда-санда иесіне 
жарамсақтана шәу етіп еріншектене үрген иттің үні, ашқарақ 
па, балажан ба, қу мүйіз сиырдың озандаған мөңіренісі, үйіне 
кештетіп  оралған  ұры  машинаның  гүрілі,  енесінен  ажырап 

13
қалды ма екен – шырқырап кісінеген құлын, ойда жоқ олжаға 
батқан мотористің өз ықтиярымен ессіз шырқап салған әні – 
бар-барлығы алтай қойнауында момақан жатқан Бек-алқаның 
тіршілік тынысын, жүрек соғысын білдіргені-ай. Ендігі сәтте 
жартыкеш  ай  әлгі  арыстан-бұлттың  арандай  аузына  кірген. 
Төңіректің  жұқалтаң  жарығы  жоғалып,  түңлігін  жапқан  киіз 
үйдей қоп-қою қомағай қараңғылық меңдеген.
Осы мезетте жотадағы үйден ептеп басып, байырқалап тың-
тыңдап омарташы жігіт те, монша жағып, зарыға күтіп отырған 
әйелге мысықтабандай беттеп келе жатыр еді.
– аманбысың, азаматым! – міне... осы екі-ақ, екі ғана сөз 
ғой Ерікті жер түбінен жеткізетін... «аманбысың, азаматым!» – 
деген аһ ұрған ақ тілеуді естіген еркектің аман жүрмеуі мүмкін 
бе?! Өзекті жанға тіршілігіңнен мән-мазмұны тірнектеп жиған 
дүниең ғана емес, жаныңды жарылқар имандай сөз, тілеуқор 
көңілден  ниет,  өзіңді  өзгеден  әлдеқайда  жоғары  қойып 
–  төбесіне  қойып  бағалар  әйелдің  маздап  жанған  махаббаты 
екен-ау. рас, рас, Ерік «аманбысың, азаматым!» деген демімен 
бетіңді шарпыр шапақты лебізді тек қана Бекзаттан еститін. ал 
ол осы асыл сөзді тек қана Ерікке айтатынына көзі жете ме...
«Баған  дүкеннің  бұрышында  байлаулы  тұрған  ат  кімдікі 
екен?»
–  Терезенің  пердесін  жауып  қой,  сырттан  қараған  елге 
аквариумдағы  балықтай  көрінерміз,  –  деді  де,  Бекзаттың 
мойнына  оралған  білегінен  босанды.  Пердені  жауып  келген 
Бекзат жігітті тағы қатты қыса құшақтады да, оның түктенген 
бетіне өз бетін құшырлана үйкеп-үйкеп жіберді.
Сағындым ғой, сағындырдың ғой, ара баққан арыстан.
–  Сағынбасам  іздеп  келер  ме  едім  алыстан!  –  Осы  бір 
екіжақты  есендесудің  барысында  өз-өзінен  туып  қалған 
болымсыз  ұйқасқа  жарыса  күліп,  мауықтарын  баса  алмай 
тұрып қалды.
– Есіктің ілгегін салдың ба? – деді өзімсінген Ерік.
– Жоқ. Әлі ерте... моншаға түсіп ал.
– Баста, ендеше...
Екеуі құшақтасқан күйі тас моншаға кірді. Есікті ашқанда, 
қамалып  тұрған  құп-құрғақ  ыстықтың  аптабы  бетті  шарпи 
сыртқа ұмтылған.
– Өртеп-ақ жаққан екенсің.

14
– Сенен немді аяйын. Сағыныштан шығар...
–  ыстыққа  күйіп  өлсін  дегенің  бе?  –  деп  Ерік  әзілдеген 
болды. Бірақ басқа-басқа, бұл жігітке әзіл айту жараспайтын. 
Балшықтан  төртбұрыштап  қолапайсыз  соға  салған  секілді, 
төртбақ  денесі  селкілдеп  рақаттана  күлгенін  естіген,  суық 
та  сұсты  ақ  сұр  бетінің  жайсаңдана  жадырағанын  көрген 
пенде жоқ-ау, әй, жоқ. Қытықсыз, қылаусыз жартастай болып 
жаратыла салған Ерік, өзге өзекті жан ішек-сілесі қатып күліп 
жатқанда, миығынан ғана сәл жымиып тұрып жүре беретін.
асықпай шешіне бастады.
– мен дастарқан жасай берейін, – деп шегіншектене шыға 
берген Бекзаттың иығынан ұстап, өзіне тартты. 
– Қалсаңшы.
– Түу, қолыңның қаттысы-ай. Әуелі сен жуынып шық, содан 
соң...моншаның табына қайта келерміз, қазір тым ыстық қой. − 
Есікті жауып, ептеп басып шығып кетті.
«мұның перінің қызы екені рас, – деп ойлады өне бойынан 
тер  сорғалап,  рақаттанып  отырған  омарташы.  –  Сұлулығы 
айнаның  ширегіне  де  келмейді,  бірақ  өзіне  магнитше 
тартар  сиқырлы  ма  екен.  Егер  ондай  құдірет  қолынан  келсе, 
біржола  өзіне  басыбайлы  байлап  алмас  па  еді.  Бәлкім,  «қыз 
қылығымен» деген сөз рас шығар. Не алыстамайды, не тым-
тым жақындатпайды. Бұл не сонда...»
–  менің  сенен  басқа  ешкімім  жоқ.  Қазақтың  «көзімді 
ашып
көргенім, аузымды ашып өпкенім» дейтіні осы шығар. Екі 
көзім
төрт болып бір жыл бойы күтемін. Тәңірім-ау, неге ғана екі-
үш рет келмейді екенсің жылына...
–  Жер  шалғай,  әйтпесе  аптасына  ат  сабылтар  едім.  – 
Тыныштық.  Сыбырласып,  сырласқан  төсектегілерден  басқа 
күллі әлемнің жүрегі тоқтап қалғандай тым-тырыс. моторист-
майдангердің әләулайы таусылған ба, әлдебір бұрышта ұйықтап 
қалды ма екен – әйтеуір байғұс сап болған.
– Жасым ұлғайған сайын саған деген құштарлық құлпыра 
түскені несі екен?..
– махаббат жас талғамайды, бақ бас талғамайды деген...
–  Бұл  өзің  шығарған  мақал  ма?  –  Еркелей  күліп  Еріктің 
мұрнынан шымшыды.

15
– мен шығарған мақал көп, әттең, жинап жүрер адам жоқ.
–  Есіңде  ме,  Ерік,  мен  сені  алғаш  көргенде  «көзің  неге 
шегір, біз секілді көре аласың ба, әлде саған көгеріп көріне ме» 
дегенім.
– Иә, сөйтіп қатырғансың. Ол кезде сен қыз едің...
– Кәрі қыз де... – Жігіттің кеудесіне басын қойды.
–  Жүрегің  аспай-саспай  соғады,  ал  менікі  тарсылдап 
аузымнан атып кеткелі тұр. менің бір байқағаным: сен қатты 
қуана  да,  қатты  қорқа  да  алмайтын  секілдісің.  Қанша  құмар 
қандыра аймаласаң да, тұла бойыңнан салқындық сезем. Кез 
келген уақта бастап кез келген уақта аяқтай алатын...
– мүмкін, – деді ендігі сәтті есінеп, көзіне ұйқы тығылып, 
маужырай бастаған Ерік. – Биыл бал сұраушылар көп пе?
Бекзат әңгіменің ауанынан ауа жайыла суық сұрақ қойған 
«арысына» сәл өкпелеп қалды, үндеген жоқ, мұрны пысылдап 
сұлық жата берді. 
– Екі сума бал әкелдім – екі фляга шығатын шығар. Таза 
әрі  мөлдір.  майский  деп  килограмын  бес  сомнан  айда.  Кім 
тексеріп, біліп жатыр.
–  Тым  болмаса  жалғыз  түніңді  есеп-қисапар  аластырмай 
қисаң еді. Дүниеде балдан да тәтті, балдан да қымбат нәрселер 
бар емес пе... Бал дегеніміз – араның боғы емес пе? – Жылады. 
Долылық қысып емес, нәзік өкпемен егіле булығып жым-жырт 
жылады. Оның жасқа толы жанарын аюдыкіндей алақанымен 
сипап  сүртіп,  тамағынан  иіскеп  мекіренген  болды,  бәрібір 
алғашқы  сәттегідей  күйіп-жанған  жоқ,  уату  ырымы  үшін 
жасалған жасанды да жарамсақ әрекет екенін Бекзат та сезген. 
Дегенмен,  бұдан  ары  тоң-торыс  болып,  іргесін  аулақ  салуға 
дәті  құрғыр  шыдамаған,  әйелдік  әлсіздік  жеңіп,  өксіген  күйі 
құшағына кіре берген. Еркегінен айырылып қалу – Бекзат үшін 
өліммен бірдей еді. ал Ерік болса, әдеттегі салқын сабырымен 
асықпай,  арпалысып,  аптықпай,  бүйірінде  бүлкілдеп  жатқан 
әйелді өзіне икемдеді.
Ертеңінде ерте тұрып кетуге ыңғайланған омарташы кеше 
кештен  бері  сары  масадай  ызыңдап,  миын  шаққан  сұрағын 
қойды:
– Кеше дүкеннің алдында байлаулы тұрған шабдар аттың 
иесі кім?
–  Білмеймін,  –  деді  жиылмаған  төсектің  үстінде  шашы 

16
дудырап,  ұйқылы-ояу,  мең-зең  отырған  сатушы.  –  аузы-
басынан арақ сасыған біреу мініп келді де, менен бір шөлмек 
«Портвейн»  сұрады.  Бейшараның  45  тиыны  жетпей  қалды. 
Үсті-басы  адам  қарағысыз  кір  және  жағымсыз  иіс  шығып 
тұрды. Тезірек құтылайын деп, ақшасы жетпесе де бере салдым. 
ат байлаулы қалды. Өзі жоқ болып кетті. Қылығына қарағанда 
көрші ауылдан міне қашып келген-ау.
– Қисынды айттың.
– Сенбегенің бе?
– Не нәрсеге де күмәнмен қарау – әдетім.
– Сен баяғыдан осындай едің, ешкімге сенбейтінсің.
– Баяғымды баяндап беретіндей, төсек стажың толған жоқ 
еді ғой. Келгеніңе үшінші жаз.
–  Білем  деген  кісіге  ол  аз  уақыт  емес...  Неге  сондай 
екенбіз?
– Қандай?
–  Тойғаннан  соң  тоқтының  еті  топырақ  татитынын  айта- 
мын да...
–  Жә,  тәжікелесіп  қалармыз,  үйіңе  не  сатып  аласың, 
соны  айт,  –  деп,  орнынан  тұрып  киіне  бастады.  Осы  шағын 
ғана аласалау үйдің дәл ортасында тіреуі секілді тұрған Ерік 
Бекзаттың  жұмыр  денесін  жаңа  көргендей  қадала  қарады. 
– Немене, бір түннің ішінде арықтатып тастадым деп тұрсың 
ба? 
–  Ей,  осы  жалт-жұлт  мінезің,  орып  түсер  тілің-ау  менің 
дегбірімді алатын.
Екеуі екі босағаға сүйеніп, бір-біріне телміре тесіліп тұрып 
қалды.
–  мен  енді  сені  қайтып  көре  алмайтын  секілдімін.  Бұл  – 
ақырғы жолығуымыз ба деп қорқамын.
–  Тұрмысқа  шықпақсың  ба?  Әлде  бұл  ауылдан  қашқалы 
жүрсің бе?
–  мен  күйеуге  тиген  күні  Бұқтырма  теріс  ағар.  ал  қашу 
жағына келсек... мен өзіңнен сұрайын деп едім: осыншалық мол 
ақшаның керегі не, мүмкін, сен қашқалы жүрген шығарсың.
Бекзаттың сұрауы түйеден түскендей болды ма, Ерік жауап 
берместен түйіле ойланып тұрды. Тұрды да: «ақша мен әйел 
ер азаматқа ешқашанда артықтық жасаған емес», – деп есікті 
оқыс ашып шыға жөнелді.

17
* * *
Ерік  ауылдағы  барлық  шаруаларын  тындырып,  керек-
жарағын түгендеп болған сон, түнде тоғай арасына арқандап 
қойған  көкбестіні  жетектеп  өз  үйіне  келді.  Қараса,  қақпасы 
ашық қалған екен. Қайран қала, атын жетектеген күйі аулаға 
кірді. Көкбесті құлағын тіге қорс ете түсті. Тура есік алдында 
бүк  түсіп  ұйықтап  жатқан  алба-жұлба  адамды  енді  ғана 
байқаған Ерік те сескене тұрып қалды. Көкбестіні байырқалата 
арқасынан қағып діңгекке байлады да, жетім балаша қол-аяғын 
бауырына ала бүрісіп жатқан маскүнемнің жанына жақындады. 
Үсті-басы адам көргісіз кір-қожалақ, ұзын болып өсіп кеткен 
шашы  құйын  ұрғандай  дудырап  білтеленген,  кір  басқан 
аяғына әбден тозығы жеткен бәтеңкені шұлықсыз сұға салған 
және  өмірбақи  шешпейтін  болуы  керек,  бауы  шиеленген, 
ауының,  өңірінің  бірде-бір  түймесі  салынбаған.  Ең  сұмдығы 
сол  –  жатқан  жері,  жамбасы  су,  астына  жіберіп  қойғанын 
сезбеген-ау,  жазған.  Көгеріп,  көзінің  асты  көлкілдеп  кеткен 
беті кісі танығысыз. Ерік тосырқап, әрі жиіркене қарап біраз 
тұрды да, аяғымен түрткілеп: «Ей, тұр, давай; әкеңнің төрінде 
жатқан жоқсың», – деді. маскүнем оянған жоқ. Еңкейіп барып 
алқам-салқам жағасынан жұлқылады – былқ етер емес. «мына 
нәлеттің түрі таныс» деп ойлады. Әсіресе, құс қанатындай иіле 
біткен қап-қара қасын көрген секілді. Үңіле жақындап еді, тұла 
бойынан мүңкіген жағымсыз иістен тыжырына шегініп кетті. 
«Қайдан  көрдім?»  маскүнемнің  оянар  түрі  жоқ.  Үстіне  сар 
еткізіп құя салатын маңайда су жоқ, амалсыз тағы да тепкілеп 
еді, болар-болмас ыңырсыды. «Е, әйтеуір, бойында жаны бар 
екен, әйтпесе мен өлтірді деп, пәле жабар еді».
Әрең  дегенде  басын  қалқайтып  отырғызды.  Белгісіз 
адам  әуелі  «қайда  жатырмын»  дегендей  жан-жағына  кіржие 
қарады, содан соң ғана желкесін есіней қасып, жанарын Ерікке 
қадады.
– Құдай берді! – деп орнынан қуана тұрды. – Іздегенім сен 
едің!  «Өлмегенге  өлі  балық»  деген  осы,  Ерік.  аманбысың, 
кластасым?
Өзін  құшақтағалы  ұмтылған  маскүнемнің  кеудесінен 
жақтырмай  итеріп  қалғанда,  ол  тәлтіректеп  барып  тыраң  ете 
түсті.
Көтерем сиырдай орнынан әрең көтерілген. Көтерілген соң 
буынын мықтап тұрып бекіте алды да: 

18
–  Танымай  тұрмысың,  Қарабауыр.  Баяғы  кезім  болса, 
аяғыңды аспаннан келтірер едім, – деді. Оның әбден арақ өтіп 
лайланған көзі кең ашылып, қанталанып кеткен қарашығынан 
болар-болмас от – әлі де мүлдем сене қоймаған ашу ұшқыны, 
бәлкім, намыс шоғы жылтырады. Қара нардай қайқайып тұрған 
омарташының жұлындары дір етіп, бір түрлі сескеніп қалды. 
Осы сескеніс он шақты жылды араға салып барып, іздеп тауып 
алғанына  қайран  қалудан  туған-ды.  Қайран  қалмасқа  амалы 
жоқ  еді,  өйткені  ол  «Қарабауыр»  деген  намысын  шабақтар 
сөзді жалғыз-ақ адамнан еститін және кек қайтаруға шамасы 
жетпей,  бейамал  күй  кешіп  іштей  кектенетін  және  де  анау 
иілген құс қанат қастың астындағы аялы қара көзде әмбе жылт 
еткен ұшқынды да бір-ақ жігіттен көрген, көрген сәтте ғана бас 
бермес асау мінезі пәс тартып, мысы басылатын. «Сол, – деп 
дауыстап  жіберді.  –  Соның  өзі.  Таған  ғой  мынау!»  Иә,  оның 
алдында адамдық сиықтан айырылып, ербиіп тұрған маскүнем 
мектепте он жыл бойы бір партада отырған, алматыда бес жыл 
қатар  оқыған,  аспирантураны  тауысқан,  ешкім  жауырынын 
жерге  тигізіп  көрмеген  жігіттің  сұлтаны,  қыз-келіншектің 
сырттаны  Таған  еді!  «Құдай-ау,  бұл  қайдан  жүр?  Өлмеп  пе 
еді?».
– Иә, мен әлі тірімін, Қарабауыр!− деген сөзден селк етіп, 
сасқалақтап ойын жинап алды.
– мықты екенсің онда. – Басқа еш нәрсе аузына түсе қойған 
жоқ.
–  менің  мықты  екенімді  білмеуші  ме  едің.  Өлмегеніме 
қуансаң, басымды жаз, – деді ыржалақтап. Еріктің ес-ақылын 
жинаған осы сөз болды.
«Е, бәсе, неғып күшейіп кетті десем».
–  Басыңды  жазбақ  түгіл,  астауға  құйып  шомылдырайын. 
Тек айтқанымды істейсің, айдағаныма жүресің, айтақтағаныма 
үресің.
−  Көк  есегің  болайын,  көкетай.  –  Шөге  түсіп  аяғынан 
құшақтады. – Зекетіңмін. Құлыңмын.
«Әбден біткен екенсің, Қарабура» (Бұл Тағанның бір кездегі 
лақап аты еді. Бүгінде оны ешкім де бұлай атап, әспенсітпейді). 
адамдықтан кері азып, маймылға айналып-ақ кеткен екенсің».
Қолы-басы  дірілдеп,  аш  аруақ  секілді  еңбектеп  жүрген 
мүскін, расында да, орангутанға өте-мөте ұқсап кеткен.

19
–  Жә,  тұр  енді.−  Тері  қоржынды  ақтарып,  вертолетпен 
оқта-текте  ұшып  келіп  тұрар  бастықтарға  арнап  ала  салған 
көкмойын шөлмектің бірін күнге шағылыстыра суырып алғанда, 
мойын  тамыры  білеудей  маскүнем  тобықтай  жұтқыншағы 
бүлкілдеп,  көзі  бағжаң  ете  қалды.  Кеберсіген  быт-шыт  ернін 
жалап, жараның орнындай үдірейген ұясына кіріп кеткен көзі 
жыпылық қағып еңіреп жіберген.
− Құлың болайын, Ерікжан.
Сұқ саусағымен бір нұқып қаңылтыр тығынды ішіне кіргізе 
ашып лақтырып жіберіп Тағанға: – аш аузыңды, – деді. анау 
бөбежігі  көрінгенше  адырайта  аузын  ашты.  Жуылмай,  аттың 
тісінше  түбі  қарайып  кеткен  тісін  ақсита,  қып-қызыл  болып 
үнірейте ырситқан өңешіне бүлк-бүлк құйып еді, ашырқанған 
да, шашалған да жоқ. Ерік таң қалды.
– Тағы да, – деді Таған тамсана ұмтылып. – Тағы да бірер 
тамыз. ағынан гөрі қызылы тәуір еді.
 «Иттің ішіне сары май жақпайды» деген-ау. Дегенмен, осы 
Қарабураны өзі айтқандай көк есек ретінде пайдалансам қайтер 
еді». Омарташы өз ойына өзі қуанды. «Бич! Иә, иә, кез келген 
бичті жұмысқа бишіксіз-ақ салар күш – арақ-шарап. анамның 
ағаш  күбісіне  бал  сыра  ашытып,  күніне  бір  литр  жұтқызып 
қойса, бар жұмысты осы атқармай ма? Табылған ақыл».
–  Ей,  Қарабура,  сен  маған  еріп  жүр.  аузыңнан  арақ, 
алдыңнан тамақ кетпейді.
 – рас айтасың ба, алдамайсың ба? – деді екі көзімен Еріктің 
қолындағы  шөлмекті  ішіп-жей.  –  Иен  таудың  басында  арақ 
заводың бар ма?
– арақ заводы жоқ болса да, сыра заводы бар. Шырмауық 
салып  қайнатқан  алтайдың  бал  сырасы  грузиндердің 
виносынан кем деп кім айтты.
–  Да,  да,  –  деп  тамсанды.  –  медеуха...  ішкенмін...  айда, 
ердім  соңыңнан,  милициясы,  дружиннигі,  он  бес  тәулігі  жоқ 
бостандыққа аттанайық. Тек анауыңнан тағы бір жұтқыз.
– Жұтасың, осының бәрі сенікі, мен ішіп жатқам жоқ. Ол аз 
десең, мына сумканың іші толған сенің горючиің...
– Құлдығың болайын, Ерікжан. Білемін, сен бала кезіңнен 
ішпейтінсің.  мен  дайынмын,  бірақ...  Көрші  ауылдан  мініп 
кеткен атты иесіне қайтару керек еді...

20
«Құлым болатының рас, − деп ойлады көкбестіні шығарып, 
қақпаны  мықтап  жауып  тұрған  Ерік.  –  Сасық  сары  сырамен 
суара берсем, Қатын суына көпір салып берерсің».
–  ауыл  арасы  жақын,  атты  өздері-ақ  іздеп  тауып  алады, 
сайтан  алады  дейсің  бе,  сойып  жейтін  сорпалығы  да  жоқ. 
Кеттік,  –  деді.  Шөлмектегі  аштыдан  тағы  бір  ұрттатты  да, 
ауызын тығындап, қоржынына салды. атқа қонды. «Шашты» 
деп  аталатын  асуға  қарай  желе-жорта  жөнелгенде,  маскүнем 
жігіт аңшының соңынан ерген тазы иттей жаяу сүмеңдеп еді. 
Ол  қалжырап  қалыңқырап  қойғанда,  басын  шұлғи  аяңдаған 
көкбестінің  тізгінін  тартып  аялдатады  да,  енді-енді  құйрық 
тістесті-ау  деген  кезде  тақымын  қыса  сау  желе  жөнелтеді. 
асудың дәл алқымына тақалғанда, аттан түсіп, жан тері шыға 
ентіккен бала кезгі досына, қазіргі «құлына» арақтан молырақ 
ішкізді.
– Сені аттың артына мінгестіре алмаймын. Жол ұзақ, тау 
биік,  жас  мал  еңгезердей  екі  жігітті  көтере  алмай  қызылмай 
болып, өкпесі күйіп кетеді. Біздер қайбір қаңбақтай жеңіл едік. 
Екеуіміз  де  бұрынғы  палуанбыз.  Қазақша  күрестен...  –  деп 
мысқылдады.  Оның  жатыпатар  әжуасын  ұғар  шама  Тағанда 
жоқ  еді.  Көз  алдында  көлбеңдеген  арақ-сайқал  ғана  ежелден 
қалмай  келе  жатқан  көңілдесіндей  қылмыңдап,  көзін  қысып 
жымыңдап  жетелейді-ай,  дедектетті-ай.  Әлсін-әлі  өз-өзінен 
шөлдеп,  құрғап,  өз-өзінен  жыбырлап  жоқтан  өзгені  дәметіп 
тұрар өңеш, құлағына «іш-іш» деп сыбырлап тұрар азғырынды 
«ақсайтан»,  тамырынан  қан  емес,  әбден  ішімдікке  айналып 
кеткен  ап-ащы  бір  нәрсе  жүріп,  шаршаған,  жүдеген,  тозған 
жүрек – бар-барлығы кейде істеп, кейде істемей қалар милау 
бастың  басқаруымен  екі  аяқты  сорлатып  келе  жатыр  еді; 
Тағанның он екі мүшесі,бүкіл адамдық ағзасы азып, басшысы 
есалаң да есерсоқ шашылып кеткен шаруашылық сынды кетеуі 
кете, әбден шамасынан айырыла шалдыққан еді; бұл шақтағы 
оның  организмі  Гитлер  тұсындағы  Германия  секілді  зобалаң 
зорлықтан, орынсыз шабуылдан, жындысүрей қатыгез жүріс- 
тен  титықтаған  еді;  егер  аттың  құйрығына  бір  шөлмек  арақ 
байлап артыңнан ертіп отырсаң, Таған сияқты маскүнемдердің 
етпеттеп  түсіп,  жер  тырмалап  қалғанша  салпақтары  сөзсіз 
еді...

21
Көкбестінің  төс  айылын  тартып,  өмілдірігін  тарылтып 
болған соң, Ерік атқа қайта қонды. Жағасы жайлауда, мойны 
сорайып,  эрозияға  ұшыраған  даладай  сортаңданған  бетінен 
айғыз-айғыз  тер  сорғалаған  Қарабура  да  ербиіп  орнынан 
тұрды.
– менен көз жазып қалма, – деді артына бұрылып Ерік.
– Қап тауын асып кетсең де, іздеп табамын, – деді Таған.
– Сенің иісшіл ит екеніңді баяғыдан білемін, – деді Ерік.
–  Сенің  атақты  аңқос  екеніңді  мен  де  білемін...  Бірақ 
екеуіміз де жетісіп келе жатқан жоқпыз. Бірдейміз.
– Неге? – деп таңырқай сұрады ерге бір жамбастай артына 
қарап отырған омарташы.
–  Былтыр  лТП-да  емделгенім  бар  еді.  Сонда  деймін-ау... 
Сонда  қоршауда  жүрген  маскүнемдер  де,  сол  маскүнемдерді 
сырттай бақылап күзететіндер де қашып та, ешқайда ұзап та 
кете алмайтын. айырмасы біреу – іште, екіншісі – сыртта.
Ерік ләм деп жауап берген жоқ. «мына иттің ақылы азбаған 
ба, – деп ойлады. – Оны омартаға барғанда тексеріп көрерміз. 
Дегенмен, намысын орынсыз найзаламай, алдап жұмсау керек-
ау. мұндайлар артына қарамай кекшіл келеді. ашуланған күні 
үйімді  өртеп  кетіп  жүрер»  арттан:  –  Өзегім  өртеніп  барады, 
– деп қурайға қақалғандай қарлыққан үн естілді.
– асудың үстіне шыққан соң, тамақ жібітеміз. Шыда, – деді 
де, атын сипай қамшылады.
Шаштының  үстіне  алдымен  шыққан  Ерік  сонау  етекке  
таман  бір  отырып,  бір  жүріп,  әйтеуір,  жансебілділікпен  өрге 
қарай  ілби  тырмысқан  мүсәпірге  қарап  басын  шайқады: 
«Қандай сор екен айдап келе жатқан. Биік мансап, ұлы мақсатқа 
өрлеп келе жатқандай жанталасуын бейшараның...»
Таудың үстінде желемік бар. Осы өңірдің «Үстіне шапқан 
жолдың шыға келсем, алдымнан самал салқын соғады-ай жел» 
деп,  өлеңге  қосар  сабырлы  самалы  осы.  Бұдан  былай  жасыл 
түсті  жайлаудың  шыбынсыз  жазы  басталады:  не  дірілдеп 
жаурамайсың,  не  пысынап  ыстықтамайсың,  «ойхой,  дүние 
–  серуен,  адам  бір  көшкен  –  керуен»  деп,  қымызға  қызған 
қазақтардың  мұңсыз-қамсыз,  қарқ-қарқ  күліп,  малдас  құрып, 
кеңес  ашып  отырар  жұмағы  да  осы;  әзірше  техниканың  иісі 
тимей,  құйқасы  тың,  ағашы  асқақ,  шалғыны  жайқалып,  хош 
иісті гүлі бұрқырап, бұлақтары сарқылмай сарқырап тұрған да 

22
– осынау кең қонысты, бейбіт өрісті Шабанбай жайлауы еді. 
Омарташы  жігітті  алтыны  қалғандай  асықтыратын,  алыстау 
ұзап кеткенде, үзілмес сағынышпен өзіне шақыратын да анау 
көкке шоқтығы тиіп, үстінен қарға ұшырмай жатқан көкмұнар 
таулар,  көз  қытықтар  көркем  көріністер  еді.  Туған  жерінің 
қайталанбас әдемілігі, бейне бір, ән салып тұрғандай жаныңды 
жаңғыртар  әулиелігі  әсте  жалықтырған  емес,  қайта  мың 
жылда да тізгін үзіп кетпес ынтызар сиқырмен байлап-матап 
тастағандай еді. Еріктің табиғи қалпын сақтап, жараған аттай 
жайсаң қуат берген алтайдың тылсым тыныштығында қаздай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет