«Биология» оқу пәні
Биологиялық
ғылымдар
тірі
организмдердің
құрылымы
мен
функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен ӛзара қарым-
қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы кӛзқарастар бойынша ӛмір – бұл ірі
органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен
заттармен алмасу нәтижесінде ӛз ӛмірін сақтап қалуға және ӛзін-ӛзі қалпына
келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің ӛмір сүру процесі.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық
дүниенің кӛптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен
заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның
153
ажырамас бӛлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін ӛмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың
негізгі патшылықтары ағзаларының кӛбеюі мен дамуы, экожүйе,
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты ӛмір салты
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология,
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1)
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2)
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3)
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бӛлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың кӛптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) кӛбею, тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған
тақырыптар:
Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
Аэробты және анаэробты тыныс алу
Дүниежүзілік Тұқым қоры;
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда
алынатын ӛнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар
тақырыптар берілген:
Ӛкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
Контрацепцияның маңызы;
Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға
бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.
154
Мҧғалімдер назарына!!!
Оқу
бағдарламасы
бойынша
7-9-сыныптарда
қарастырылатын
зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі
тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары
білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу
жұмыстары білім алушының ӛзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған
болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты
айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу
бағдарламасы
бойынша
қарастырылған
демонстрациялық
жұмыстар
бағаланбайды. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген
ақпарат кӛзін пайдалана алады.
7-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу қарастырылған.. (54-
кесте)
54-кесте. 7-сыныпта зертханалық жұмыстар саны.
Зертханалық жұмыстар
Модельдеу
Демонстрация
1-тоқсан
3
1
-
2-тоқсан
4
1
-
3-тоқсан
2
-
-
4-тоқсан
5
2
-
Барлығы
14
4
-
8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік
жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан –
3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 8-сыныпта
ӛткізілген зертханалық жұмыстар саны тӛменде 55-кестеде кӛрсетілген.
55-кесте. 8-сыныпта ӛткізілген зертханалық жұмыстар саны.
Зертханалық жұмыстар
Модельдеу
Демонстрация
1-тоқсан
5
1
1
2-тоқсан
3
-
-
3-тоқсан
6
1
4-тоқсан
-
1
Барлығы
14
2
2
9- сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу, 7 демонстративтік жұмыс
қарастырылған.
56-кесте. 9-сыныпта ӛткізілген зертханалық жұмыстар саны.
Зертханалық жұмыстар
Модельдеу
Демонстрация
1-тоқсан
5
1
155
2-тоқсан
1
2
3-тоқсан
2
3
1
4-тоқсан
-
1
Барлығы
8
7
Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына
ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»,
«Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы
математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық»,
«Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи
ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі
біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны
(7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің
қолымда»,
«Тірі
жасуша
жұмбақтары»,
(Тұқым
қуалаушылықтың
заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй
іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы»,
«Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».
Мұғалімдердің ӛздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік
бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім
алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия
сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және
ұйымдастырудағы рефлексияның рӛлі», «Биология сабақтарында білім алушы
тәрбиесіндегі
экологиялық
бағыт»,
«Сабақта
білім
алушылардың
шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін
белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық
тәсіл», «Білім алушының белсенді ӛздік жұмысы арқылы проблемалық
жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс
уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Білім алушыларды
олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында
сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».
Тақырыптар
мұғалімдердің
мүмкіндіктері
және
жағдайларына
байланысты ӛзгертілуі мүмкін.
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 57-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
57-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
3
3
3
3
8-сынып
3
2
3
3
9-класс
3
3
3
3
156
«Химия» пәні оқу
Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне
айналуы туралы ғылым.
Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың
құрылымын,заттардың ӛзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық
энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға ӛту құбылыстарын
зерттейді.
«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны бес бӛлімді қамтиды:
1) заттардың бӛлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиядағы энергетика;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және ӛмір.
7-сыныпта
жаңартылған
мазмұндағы
бағдарламаға
«Заттардың
агрегаттық күйінің ӛзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің
ӛзгеруін бӛлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет
енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында
себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге
ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген
ақпаратты құруға кӛбірек кӛңіл бӛлу керек, білім алушыларға физика мен
математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе
барысында температураны ӛлшеп және ӛздерінің бақылауларын жинақтап,
тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды ұсынуға болады.
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бӛлімі химия пәні
бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бӛлімде қоректік заттар, адам
ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық
элементтердің тірі және ӛлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро-
макроэлементтердің биологиялық рӛлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі
ұғымдары берілген.
Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған
зертханалық
және
практикалық
жұмыстарды
орындау
қарастырылған:
- «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық
жұмысы;
- «Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе.
Бұл жаңа бӛлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды
шынайыӛмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық
тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім
алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда сондай-ақ
адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп,
салауатты ӛмір салтын ұстануға бағыттауға кӛңіл бӛлу қажет.
157
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан
қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бӛлімі де жаңадан енгізіліп отыр.
Бұл жаңа бӛлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи
ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды
ӛндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды
ӛндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.
Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен
минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және
«География» пәндерікурсынан ӛз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері
бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл ӛндіру негіздері
мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта ӛтіп
жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-ақпатриоттық
сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.
8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық
реакциялардағы энергиямен танысу» бӛліміндетиісінше экзотермиялық және
эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы
мен энергиясын бӛлуі, кинетикалық бӛлшектер теориясы тұрғысынан энергия
ӛзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді.
Жану – ол, жылу мен жарықты қоса бӛле отырып оттегімен жоғары
жылдамдықта ӛтетін реакция.
Жанатын бӛліктің басты ӛнімі кӛміртек, ол кӛп мӛлшерде жылу бӛліп
шығарады. Кейде кӛміртек қосылыстары шала жанған кезде ӛмірге қауіпті улы
газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.
Термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазуға кӛңіл бӛлу маңызды.
Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен
белгілеуге назар аудару қажет, мысалы:
Н
2
(г) + Cl
2
(г) =2HCl (г) +184 кДж
N
2
(г) + О
2
(г) = 2NO(г) -180 кДж
Жаңартылған
мазмұндағы
бағдарламада
практикалықіс-
әрекеттердағдыларын қалыптастыру әлдеқайда кӛп дәрежеде қарастырылған.
Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рӛл атқарады.
8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе
берілген,оның ішінде 3-уі жаңа:
- «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық
тәжірибе;
- «Энергияның ӛзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4
зертханалық тәжірибе;
- «Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе.
«Әрекеттесуші
заттар
массасының
арақатынасы»
зертханалық
тәжірибесінде білім алушылар әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік
жолмен анықтайды.
«Энергияның ӛзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» зертханалық
тәжірибе 2-ші тоқсанда ӛткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар
экзотермиялықреакциялар жылуды бӛле отырып, ал эндотермиялық
158
реакцияларжылуды ӛзіне сіңіре отырып ӛтетінін танып біледі.Тәжірибені
оындаған кезде білім алушылардың қорғаныш кӛзілдірік кигендігін қадағалау
керек.
№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су» бӛлімін
ӛткенде ӛткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды және оны
жою тәсілдерін түсіндіреді.
Жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламасы бойынша
қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда 7-8-сыныптар үшін зертханалық
жұмыстар саны кӛбейді.
58-кесте. «Химия» оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар
Жұмыс түрлері
7-сынып
8-сынып
9-сынып
Демонстрациялар
-
4
16
Зертханалық тәжірибе
11
10
16
Практикалық жұмыстар
4
7
6
Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне
тӛмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:
Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді
жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер.
Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту.
Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және
интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.
Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру,
ӛзін-ӛзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім
алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру.
Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, ӛзін-ӛзі бағалау,кері
байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді
жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы химия пәнін оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту
және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан
тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту
құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау,
бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу
үшін қолдану
дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып
химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).
Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына кӛшу
жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар
Академияның сайтына орналастырылған.
159
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 59-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
59-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
2
2
2
2
8-сынып
3
3
3
3
9-сынып
3
3
2
3
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» және «Ӛзін-ӛзі
тану» оқу пәндерінде іске асырылады.
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда
«Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар
бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталады.
«Қазақстан тарихы» және «Дҥниежҥзі тарихы» оқу пәндері
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, ӛз елі және басқа
елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет кӛрсетуді, ғасырлар бойы
қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды
қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;
білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне
тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен
ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға
бағытталған.
2019/2020 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дҥниежҥзі
тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ҧйымдастыруда келесі оқу
бағдарламалары қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
«26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру
деңгейінің
5-9-сыныптарына
арналған
«Қазақстан
тарихы»
пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
«26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру
деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен
160
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жаңартылған
мазмұндағы
үлгілік
оқу
бағдарламалары
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында
орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы.
Дүниежүзі тарихы)
2019-2020 оқу жылында тарих пәндері бойынша негізгі орта білім
беру деңгейінің 5-9-сыныптарында жаңартылған мазмҧндағы оқу
бағдарламалары енгізіледі.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (кӛне
дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы,
мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бӛлімдерін
қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
-
тарихи пәндер мазмұнының қӛлемі тақырыптық бӛлімдерді біріктіру
арқылы ықшамдалған;
-
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу
материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи
процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
-
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу,
талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
-
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше
кӛңіл бӛлінген.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи
ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан
сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін түрлі әдіс- тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері,
зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» ӛткен
заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған
және кейінгі тарихи оқиғалармен ӛзара байланысында кӛру, анықтау, бағалау,
талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы ӛткен тарихқа
қатысты білім мен түсінікке негізделген ӛзіндік дәлелді ұстанымды
қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп
кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан
тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту
ұсынылады:
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
1) ӛзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам
қаншалықты ӛзгеріске ұшырады)
161
2) себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3) дәйек (белгілі тарихи кезеңнің ӛнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) ҧқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтар);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи
маңызы неде);
6) интерпретация
(мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі
зерттеушілер қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл
пәннің мағынасын терең түсінуге кӛмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері,
сұрақтарды құрастыру және дереккӛздермен жұмыс жасау процесінде мәселені
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккӛздерді сыни бағалауы,
зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді
тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін
зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді
жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның
басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және
оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, ӛздігінен
талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бӛлімдер мен тақырыптар бойынша
анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу
мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда
пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан
тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа
құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бӛлу) ұсынылады:
5 - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)
6 - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);
7 - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);
8 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);
162
9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге
дейін).
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес
2017-2018 оқу жылынан бастап 5- сыныпта «Қазақстан тарихынан
әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің
жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен
байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық
тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы
(дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы
және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |