10
Дәлелдемелер жинау
Тест спецификациялары зерделенген тақырып немесе бөлім бойынша нақты
деректерді көрсетеді және оқу мақсатын немесе дағдыларды бағалауға бағытталады.
Бағалауға арналған тапсырманы әзірлегенде құрылым мен өлшеуге арналған
компоненттерді сақтау маңызды. Бағалауға арналған тапсырманың сәйкес болмау
себептерінің бірі оның толық анықталмағандығында/құрастырылмағандығында болады.
Тапсырма құрылымының жеткіліксіз берілгендігінің мысалы ретінде әрқайсысы жеке
немесе барлығы бірге қарастырылып бағалануы тиіс байланыстырушы ортақ
тақырыптардың болмауын айтуға болады.
Мысалы, география бойынша бағалау тапсырмасында басқа пәндер тыс қалуы
мүмкін, ал жалпы түсінік қалыптастыру және дұрыс шешім қабылдауда бір-бірімен
байланысты барлық пәндер қатар маңызды. Жиынтық бағалауда олардың біреуінің
ескерілмеуі пән бойынша оқушының оқу жетістігі туралы дұрыс қорытынды жасауға
мүмкіндік бермейді.
Поллит, Ахмед және Крисп (Pollitt, Ahmed and Crisp, 2007) бағалауға арналған
тапсырманың мазмұнына төмендегідей талаптар қояды:
- тапсырманы орындауға берілетін уақытты дұрыс белгілеу;
- тиімді жұмыс көлемін ұтымды анықтау;
- оқуға және жазуға берілетін уақытты есептеу;
- мәтін мазмұнының күрделілігін анықтау;
- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жадыға түсетін танымдық жүктемені анықтау;
- бағалауға арналған тапсырманы орындау кезінде оқушылардың күйзеліске
ұшырау мөлшерін анықтау.
Тапсырманың мазмұнына қойылатын кейбір талаптардың сандық мөлшерін
анықтау немесе бағамдау мүмкін емес. Сонымен қатар жаңадан тапсырма әзірлеу кезінде
сүйенуге болатын бұған дейін орындалған тапсырмалар бойынша талдау мен ақпараттың
болмауына байланысты мұғалім бағалауға арналған тапсырманың санын көбейту, азайту
немесе бұрынғы қалпында қалдыру туралы шешімді өз бетінше қабылдауы тиіс.
Бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптарды бағамдаудың
құрылымданған тәсілі бар ма? Әлеуметтік психологияда қолданылатын үлестіру
теориясын тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптарды бағамдау жұмыстарын
дамыту үшін де қолдануға болады. Гилберт, Пелхам және Крулл (Gilbert, Pelham, and
Krull, 1988) адам өзінің тәртіп себептеріне мұқият және дәлелді талдау жасаған кезде үш
кезеңнен өтеді деп санайды: санаттарға жіктеу, сипаттамаларды анықтау және түзету.
2-сурет. Бағалауға арналған тапсырмаларды анықтау
Адамның мінез-құлқын үлестіру үрдісі бағалауға арналған тапсырма әзірлеуден
мүлдем өзгеше болуы мүмкін, бірақ психологиялық үдерістің берілуі мен қолданылуы
бірдей болады. Гилберттің үлестіру теориясы аясында бағалауға арналған тапсырма
мазмұнын әзірлеу талаптарының бірінші кезеңі жеке көзқарас пен тосын анықтамаларға
(жоғары талап, орташа талап және төмен талап) негізделеді. Сарапшы/мұғалім осы
деңгейде жұмыс істей отырып, өзіне «Әзірленген тапсырманың деңгейі қандай?» деген
сұрақты қояды.
Санаттарға жіктеу
Сипаттамаларды анықтау
Түзету
11
Бағалауға арналған тапсырманың күрделілік деңгейі тапсырманы әзірлеушінің
өзіндік тәжірибесіне байланысты. Санаттарға жіктеу дәлдігін үлгілік тапсырмаларды
пайдалау арқылы арттыруға болады. Әрбір деңгейдегі тапсырма үлгісі әзірленген
бағалау тапсырмасының деңгейін анықтауға негіз болады.
Екінші кезеңде тапсырманың сипаттамалары анықталады, яғни әзірленген бағалау
тапсырмаларының компоненттері (мазмұны, кодтау, нұсқау, болжалды жауап пен
дистракторлар) мен тапсырманың белгіленген деңгейге сәйкестігі талданады. Санатқа
жіктеу кезеңіне қарағанда, бұл кезең мақсатты түрде, байыппен күш жұмылдыруды
талап етеді.
1-кесте. Сипаттамалардың құрылымы.
Талаптар
Төмен
Орташа
Жоғары
Мазмұны
Тақырыпқа, пәнге
қатысты базалық
білім
Оқу
бағдарламасының
мақсат-міндеттеріне
сәйкес талаптар
Жоғары және терең
зерделеу және түсінуге
қажет перифириялық (жан-
жақты) білім
Кодтау
Оқу мақсатын есепке
ала отырып
ақпаратты түсіну
Оқу мақсатына
сәйкес ақпаратты
таңдай білу қабілеті
Оқу мақсатына сәйкес
ақпаратты мұқият
техникалық талдау,
ұйымдастыру және өңдеу
Нұсқау
Әрекеттерді
қадамдап орындау,
базалық деңгей
дағдыларын жүзеге
асыру білігі
Күтілетін нәтижеге
қол жеткізуге
бағытталған қатесіз
әрекеттерді орындау,
талдау және қолдану
білігі
Сұрансқа байланысты
әрекет жасау, жоғары
деңгей дағдыларын қолдану
қабілеті, жинақтау және
жаңадан жасау
Дұрыс
жауабы
мен
дистракторлар
Болжалды
жауаптардың әртүрлі
үлгілері
Күтілетін нәтижеге
сәйкес келетін
үлгілер
Сындарлы, берілген
тапсырманың талаптарына
сәйкес келетін үлгілер
Үшінші кезең – бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына түзету жасап,
өзгерістер енгізу кезеңі. Бұл кезеңде, қажеттілік болған жағдайда, тапсырманы санатқа
жіктеу кезіңінен бастап қайта қарауға және сәйкес түзетулер жасауға болады.
Тапсырманы әзірлеуші әзірленген бағалау тапсырмасының мазмұнын талдап,
талаптардың деңгейлерімен (жоғары, орташа, төмен) және сипаттамалармен
салыстырады, өзінің әрекетін бағамдап ойланады, тапсырмаға енгізілген өзгерістердің
нақты дәлелдемесі туралы рефлексия жасайды.
Осы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау моделін бөлім,
тоқсан (оқу жылы) бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу үшін жалпы білім
беретін мектеп мұғалімдерінің пайдалануына болады. Егер өткен жылдарда
емтихандарға қойылған талаптар ағымдағы жылда да өзгермеген болса, мұғалімдер
бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу үшін сол ережелерге сүйенуіне болады.
Ағымдағы жылғы емтихан тапсырмалары өткен жылғы тапсырмалармен салыстырғанда
әлдеқайда күрделі немесе қарапайым деген мәселені болдырмау үшін сапаны
қамтамасыз ету мақсатында келесі амалдар орындалады:
- сарапшы/мұғалім былтырғы емтихан тапсырмалары мен осы жылғы емтихан
талаптары бойынша әзірленген тапсырмаларды талдайды, соңында ол екі емтихан
тапсырмалары бойынша жұмсалатын уақыт мөлшері қандай және екі емтихан
тапсырмаларына балама күш жұмсала ма деген сұрақтарға жауап береді.
- сарапшы/мұғалім белгіленген талаптар мен пән бойынша таңдап алынған бағалау
моделіне сәйкес тапсырмалардың күрделілік деңгейін көрсете отырып, екі емтихан
құжаттарының жалпы талаптарына қатысты өзінің пікірін негіздейді.
12
Әзірленген бағалауға арналған тапсырмалардың сәйкестілігі (жарамдылығы)
жиынтық бағалау өткізген кезде белгілі болады, бұл жағдайда негізі жоқ тапсырмалар
мен қатал/орынсыз бағалау критерийлері анықталуы мүмкін.
Бағалауға арналған тапсырманың жарамдылығын тест спецификациясының
талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы басқа тапсырма әзірлеуші немесе әзірленген
тапсырмаларды тест спецификациясымен сәйкестендіруші мұғалім бағамдайды.
Әзірленген тапсырмаларды басқа тұлғаның бағамдауы барысында ол 80 пайыз көлемінде
тапсырманы түзетуге қатысты ұсыныстар бере алады, мысалы:
- тапсырмада тым күрделі сұрақтардың кездесуі;
- бағалау критерийлеріне сәйкес келмейтін сұрақтардың болуы;
тапсырманың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерге сәйкес келмеуі.
Бағалауды жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс факторлар:
3-сурет. Бағалаудағы түйінді факторлар
Түйінді
факторлар
Бағалау
қандай
түрде
өткізіледі?
Осы
тақырыпқ
а қандай
әдісті
қолданға
н тиімді?
Кім
бағалайды
?
Бағалау
қай жерде
өткізіледі?
Бағалау
қашан
өткізіледі
?
Бағалау
қалай
өткізіледі?
Қандай
ресурстар
керек?
Бағалауға
қанша
уақыт
керек?
Бағалау
әдістері
біркелкі
үлестірілген
бе?
Қандай
бағалау әдісін
қолданған
жөн?
Нені
бағалау
керек?
Тест
спецификац
иясына
сәйкес пе?
Кімді
бағалаймыз?
Таңдалған
әдіске қандай
тапсырма
сәйкес келеді?
13
4. БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА ӘЗІРЛЕУ
Танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі (Блум таксономиясы)
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау үдерісінде кеңінен
қолданылады. Бастапқы және түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік
деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы
деңгейде меңгерген дағдыларға негізделеді. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы
бойынша жіктеуде бағалау критерийлерін құруда мұғалім басшылыққа алатын зат есім
мен етістіктерді дұрыс қолдану маңызды. Етістік таңдаған танымдық санатқа (деңгейге),
ал зат есім оқушының меңгеріп, көрсетуі тиіс тапсырманың түріне бағытталған болуы
керек. Төменде көрсетілген кестелерде күрделілік деңгейінің өсуіне сәйкес танымдық
үдерістің мазмұны көрсетілген.
2-кесте. Танымдық үдеріс
Білім
Оқушы ақпаратты еске түсіре ала ма?
Мысалы, тізім құру; терминдерді, даталарды, формулаларды анықтау;
ұғымдарды атау; тізімді белгілеу; теореманы айту.
Түсіну
Оқушы идеясы мен мазмұнын түсіндіре ала ма?
Мысалы, ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды түсіндіру;
әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды сипаттамаларды салыстыру.
Қолдану
Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана ала
ма?
Мысалы, қағидатты қолдану; рәсімдерді орындау немесе енгізу.
Талдау
Оқушы берілген көлемді ақпаратты құраушы бөліктерге жіктеп,
олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен
байланысын анықтай ала ма?
Мысалы, реттілігін зерделеу, нәтижені болжау.
Бағалау
Оқушы пікірді, шешім немесе мәселені шешу барысын негіздей ала ма?
Мысалы, таңдауды, шешімді, қорытындыны сипаттау; берілген бағаны,
әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін таңдау.
Жинақтау
Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?
Мысалы, зерттеу жұмысын, идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер
ұсыну; тың идеялар ойлап шығару.
2-кесте күтілетін нәтижені оқу мақсаттарына сәйкес қалай жоспарлауға және
соған сәйкес бағалауды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқу мақсаттары мен
бағалау түрі Блум таксонмиясының бірнеше деңгейін қамтуы мүмкін. Бұл оқу
мақсаттарының бірнеше танымдық деңгейге қатысты болуымен байланысты және
бағалау үдерісі де соған сәйкес жүреді.
3-кесте. Білімді меңгеру үдерісі
Фактологиялық
білім
Оқушыға таныс болуы немесе оқушы білуі тиіс негізгі терминдер мен
фактілер.
Концептуалдық
білім
Базалық фактілердің арасындағы өзара байланыс, мысалы, санаттық
жіктелімдер, модельдер, теориялар.
Процедуралық
білім
Тәжірибелік білім, дәлелдеулер мен тәжірибе жұмыстарын жасау,
өлшеу.
Метатанымдық
білім
Өзін-өзі танудан бастап басқа адамдардың ойлау үдерісін түсіну және
хабардар болу.
14
Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?
Білім алушылар үшін жақсы практикалық тапсырма құрастыру – жай ғана
техникалық жүзеге асыру емес, ол түсіну мәселесі, себебі олар алған білімін тәжірибеде
қолданатын болады.
4-сурет. Тапсырма әзірлеу кезеңдері
4-кесте. Кезеңдердің сипаттамасы.
Кезең
Сипаттамасы
Жоспарлау
Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен
міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды анықтау.
Құрастыру
Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау
критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру.
Сараптама жасау
Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау,
өзгерту енгізу.
Қолдану
Тапсырмана белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес
қолдану.
Талдау
Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгерту
енгізу.
15
Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды; оқу
мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырма әзірленеді. Тапсырма
жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы
мүмкін. Тапсырманың әр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып
саналады. Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең тараған. Мұндай
тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың
дидактикалық мазмұныны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы
әр алуан болуы мүмкін. Бұр бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық
сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы
«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық
тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы
қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол
екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге
қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; осындай
тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады.
Тапсырма әзірлеушіге (мұғалімге) мұндай тапсырмаларды құрастыру оңай және
тез болады. Сондай-ақ, тексеру мұғалімнің пайымдауына байланысты болатын
тапсырмаларға (ашық тапсырма) қарағанда, мұндай тапсырма барынша объективті,
қойылған балл көбіне сенімді болады.
Көп мұғалімдер шындықты анықтауға қатысты тапсырмалар қажетті білімді
жеткілікті бағаламайды деп есептейді, себебі бұл тапсырмада оқушы тапсырманың
дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Сонымен қатар көптеген педагогтер
оқушыларды сөзбе-сөз есте сақтауға бағыттайтын таптаурын (тривиалды) сұрақтар
құрастыру үрдісіне алып келеді деп атап көрсетеді.
Шындықты анықтау тапсырмалары нақтылауға берілген болуы мүмкін. Осындай
тұжырымның шындығын анықтау тапсырмалары асты сызылған негізгі сөз арқылы
немесе қысқа сөйлем (фраза) арқылы ұсынылады. Мұндай тапсырмаларда оқушының
шындықты дұрыс анықтағаны жеткіліксіз жағдайда әрі анық болмайды. Асты сызылған
шындық түрінде берілген тұжырымды ауыстырған кезде оқушы сұраққа толық жауап
беру үшін дұрыс сөзді немесе фразаны көрсетуі қажет.
Шындықты анықтайтын тапсырманың бұл түрі оқушы жалған тұжырымның ішінен
берілген шындыққа қатысты ақпаратты қаншалықты білетінін анықтайды. Дегенмен
оқушы тұжырымның жалған екенін дұрыс болжамдауы мүмкін, алайда ол неге жалған
болып табылатыны туралы түсінік бермейді немесе оқушы сол тұжырымды шындыққа
өзгерте алмайды. Бұл жағдайда сөйлемдердегі қандай сөз/фраза өзгеруі қажет екенін
мұғалімнің өзі шешеді. Егер оқушыларға жалған тұжырымды шындыққа айналдыру
берілсе, олардың бұл тұжырымды толық қайта жазуға мүмкіндігі болады, мұндайда
оқушының алдыңғы тұжырымда не дұрыс болмағанын түсінініп-түсінбегенін мұғалім
анықтай алмайды. Егер тапсырма асты сызылған сөзді/фразаны қарама-қарсы мағынаға
ауыстыру деп берілсе, онда мұндай сұрақ қарапайым шындық-жалған сұрақтарына
қарағанда басымдығын жоғалтады, себебі оқушы тұжырымның жалған екенін, оны
өзгерте алмайтынын білуі мүмкін.
16
«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар
Тұжырым немесе сұрақты құрастыру тілі барынша қарапайым және оқушыға
түсінікті болуы қажет.
Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды
оқуға көп уақыт жоғалтып, оның мазмұны бойынша Білімін көрсетуге уақыты
жетпей қалуы мүмкін.
Оқушылардан тұжырыммен бірге жазу/жазылымды интерпретациялау кезінде қате
жібермеудің алдын алу үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазуды сұраудың орнына,
кестеде белгілеуді немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын
сызуды ұсыныңыз.
Егер сөйлем себеп пен салдар немесе алғышарты мен қорытындысы сияқты қарым-
қатынасты көрсетсе, онда әуелі дұрыс бөлігі жазылады, ал екінші бөлігі
өзгертіледі.
Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзындығы шамалас болсын.
Жауабында қандай да бір заңдылық байқалмау үшін шын және жалған
тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз.
Кең таралған жалған пікірлер мен көзқарастарды жалған тұжырым ретінде
қолданыңыз.
Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты
көрінетіндей етіп құрастырыңыз.
Тапсырма екіұштылығы жоқ нағыз шындық немесе жалған болып табылатындай
тұжырымдарға негізделуі қажет.
Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.
Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.
Оқушының дұрыс түсінуіне жеткілікті ақпарат қосыңыз.
Мынадай сөздерден аулақ болыңыз: бәрі, әрқашан, әрбір, ешқашан, ешкім,
көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.
Мәтіннен, дәрістен немесе басқа материалдардан алынған дәйексөздерді
қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді.
Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпаратты қолданудан аулақ болыңыз.
Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.
«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері:
Жан-жақтылық. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу үшін
бейімдеуге болады.
Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің нақтылығы
жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде
есептеуге болады.
Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді
нәтижелерін беруі мүмкін.
Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы
жетілдіруге болады.
Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі
тапсырмалар құрастыруға болады.
Түсінгенін тексеру. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды
түсінуін бағалауға пайдалы.
Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқуға болатын
бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін.
17
Шынайы, жалған және басқа да тұжырымдар әдетте білу мен түсінуді бағалау үшін
қолданылады, сондай-ақ, оларды жоғары деңгей дағдыларын бағалау үшін де қолдану
мүмкін. Оқушыларға жаңа мәлімет, тың деректер ұсынылуы немесе жұмыстың
мазмұнында белгілі бір сипаттамалардың бар/жоғын анықтауға арналған жазбаша
жұмыс түрінде берілуі мүмкін.
Шындықты анықтау тапсырмасы жауапты таңдау тапсырмаларының ішінде ең
танымал болып табылады. Оларды дайындау оңай, дегенмен қолдану кезінде мұқият
болған жөн. Оқушылар мұндай тапсырмалардың осал тұсын тауып, жауабын болжауға
көмектесетін сөздерді, грамматикалық құрылымды, т.б. пайдаланып, жоғары балл алуы
мүмкін.
Мұндай тапсырмалар қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу
үшін тиімді қолданылуы мүмкін. Бұл жетілдіруді қажет ететін проблемалық тұстарын
анықтау мақсатында алдыңғы сабақтағы білімді өзектендіру үшін, оқушыларды жаңа
тапсырмаларға ынталандыру үшін, күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша
викторина өткізу үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады.
Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар
1. Алдымен контентті қамтитын ақиқат тұжырымдарды құрастырып алып,
олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз.
2. Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды
жазу кезіндегідей), толықтай теріске шығарудан аулақ болыңыз.
3. Міндетті түрде оқушыға өзінің жауабын қалай және қайда белгілейтінін
көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз.
4. Оқушылардың назарын олардың қалай жауап беретініне аударыңыз.
Мысалы, тек «Иә» немесе «Жоқ» емес; «Шындық» немесе «Жалған», «Ш»
немесе «Ж», «T» немесе «F».
5. Барынша дәл беру мақсатында шын тұжырымды әбден нақтылаудан аулақ
болыңыз.
6. Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы
қажет.
7. Барынша жоғары деңгейдегі оқуға ұмтылыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |