34
ГЛОССАРИЙ
Ашық тапсырма
дайын жауап үлгілері берілмеген тапсырма; білім алушы ойланып, өз
жауабын ұсынады.
Бағалау
білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқудан
күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру
процесі.
Бағалау критерийі білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Бағалауға
арналған
тапсырма
білім алушы тексеру кезінде орындайтын әртүрлі жаттығулар/
тапсырма. Көптеген тапсырмалар теориялық, тәжірибелік дағдыларды
көрсетуге бағытталған кешенді сипатта болады.
Балл
тапсырманы орындау нәтижесін белгіленген шәкіл бойынша
бағамдаудың шартты бірлігі.
Балл қою кестесі
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша
бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Блум
таксономиясы
1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған танымдық
саладағы оқу мақсаттарының жіктелуі. Ол ойлау дағдыларының алты
деңгейін қамтиды: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Білім алушының
оқу жетістігі
деңгейі
бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін
дамыту деңгейі.
Дескриптор
тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін
сипаттама.
Дистрактор
(distractors) жабық тапсырманың дұрыс жауабына ұқсайтын, бірақ оның
кілті болып табылмайтын жауап нұсқасы.
Жабық тапсырма
дайын жауап үлгілері ұсынылған тапсырма; білім алушы олардың
ішінен дұрыс жауабын таңдап көрсетеді.
Жақын арадағы
даму аймағы
(ЖАДА)
Л.Выготский енгізген ұғым; «баланың өз бетінше орындай алатынын
дағды, қабілеттерімен анықталатын нақты білім деңгейі мен оның
әзірше өз бетінше орындай алмайтын, бірақ үлкендердің немесе
құрдастарының көмегімен жете алатын әлеуетті даму деңгейінің
арасындағы аралық» дегенді білдіреді.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу
бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып
аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі.
Жоғары деңгейлі
ойлау дағдылары
Блум таксономиясына сәйкес талдау, жинақтау және берілген
ақпаратқа байланысты қорытынды жасау сияқты дағдылар.
Кері байланыс
белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп,
келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы
пікір, баға беру, жауапты реакция.
Кері дизайн
бұл білім беру үдерісіндегі арнайы педагогикалық жобалау
технологиясы, негізгі критерийі мазмұн (контент), емес оқудың
жоспарланған нәтижелері болып табылады.
Критериалды
бағалау
белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол
жеткізген нәтижелерін оқудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру
үдерісі.
Күтілетін
нәтижелер
оқу үдерісі аяқталған кезде білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете
алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
35
Қалыптастырушы
бағалау
сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім
алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту
барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара
байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз
етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді
.
Модерация
бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін
балл қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі.
Ойлау
дағдыларының
деңгейлері
әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға
бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы
жүйесі.
Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен
дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың
тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген құжат.
Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім беру
стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
Оқу мақсаттары
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу,
түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді
қалыптастыратын тұжырым.
Ортақ тақырып
нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында
білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны
бірыңғай ортақ компонент.
Педагогикалық
өлшеулер
білім алушылардың оқу жетістігін өлшеу және бағалау әдістері мен
құралдарын әзірлеп, қолданумен шұғылданатын педагогика саласы.
Реттілікті анықтау
тапсырмасы
көрсетілген әрекеттер мен амалдардың, оқиғалардың дұрыс реттелген
тізбегін анықтауға берілген тапсырма.
Рефлексия
қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі
тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика
бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері
деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Салыстыру және
сәйкестендіру
тапсырмасы
берілген екі жиынның (тізімнің) сәйкес элементтерін анықтап,
көрсетуге берілген тапсырма.
Скаффолдинг
(көпіршелер тұрғызу), мұғалімнің білім алушының жақын арадағы
даму аймағында жұмыс істеуіне және оның өз бетінше орындай
алмайтын тапсырмаларды орындауына интерактивті қолдау көрсетуі.
Тапсырманың
кілті
тапсырманың дұрыс жауабы.
Тест валидтілігі
(ағыл. validity of test), тапсырманың бағаланатын нысанды дәл
өлшейтінін көрсететін жарамдылығының маңызды белгісі.
Тест сенімділігі
(ағыл. reliability of test), тапсырма бойынша тексеруді бірнеше рет
қайталап өткізгенде алынған өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен
тұрақтылығының көрсеткіші.
Тест
спецификациясы
тестілеудің мақсат-міндеттері мен құрылымы, негізгі талаптары мен
өткізу ережесі көрсетілген құжат.
Тестілеу уақыты
тексеру тапсырмасын орындауға берілетін уақыт.
Тоқсандық
жиынтық бағалау
спецификациясы
тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын
құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Түрлі деңгейдегі
тапсырмалар
білім алушының қабілетін есепке ала отырып, сараптауды
ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі
тапсырмалар.