Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата27.10.2019
өлшемі0,68 Mb.
#50719
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 МАН География-1


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға кеңес 

1)   


Тұжырымның  шындыққа  жанасымдылығын  анықтау  үшін  сұраққа 

қалай жауап беруді білмей отырсаңыз, тұжырымды шындық деп есептеңіз, 

себебі мұғалімдер шын тұжырымды қолданғанды жақсы көреді.

 

2)  . 



Егер  тұжырымда  нақтылаушы  түсініктемелер  берілген  болса,  бұл 

шынайы тұжырымның бір көрінісі болуы мүмкін. Мысалы, «Бүкіл әлемде 

жойылып  кетудің  алдында  тұрған  980  түр  бар»  деген  нақтылау 

түсініктемесін көрсетеді және бұл тұжырым  шындық болып табылады.

 

3)   


Әрқашан, ешқашан, көпшілігі және т.б. сияқты сөздерді іздеңіз, себебі 

олар тұжырымдаманың жалған екенінен хабар береді

 

4)   С


ебебін көрсететін тұжырым әдетте жалған болып табылады

 

5) 



Тұжырымдағы  ақтайтын  дәлел  немесе  себеп  туындататын  сөздер 

(сондықтан,  солайша,  сол  кезде,  егер)  тұжырымдаманы  жалған  ететін 

үрдістен  тұрады,  себебі  олар  дұрыс  емес  немесе  толық  емес  болып 

табылатындай себептерді келтіреді



18 

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы

 

Сәйкестендіруге  қатысты  сұрақтар  оқиға,  мерзім,  атаулар  мен  оқиға  болған 

жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді 

тәсілі 


болып 

табылады. 

Сәйкестендіру 

тапсырмалары 

көптеп 

жасалған 



эксперименттерді,  олардың  нәтижелерін,  арнайы  терминдер  мен  анықтамаларды  есте 

сақтауды қажет ететін жаратылыстану ғылымында да қолдануға ыңғайлы. 



Сәйкестендіру түрлері: 

1)  Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру; 

2)  Географиялық құбылыстар мен олардың сипаттамасы; 

3)  Себебі мен салдарын сәйкестендіру; 

4)  Географиялық үдерістер мен олардың ролін сәйкестендіру; 

5)  Мәліметтер мен географиялық құбылыстарды сәйкестендіру. 



 

5-кесте. Сәйкестендіру тапсырмаларының артықшылығы мен кемшіліктері 

Артықшылықтары: 

Кемшіліктері: 

Білу  және  түсіну  деңгейлерін 

бағалау үшін қолайлы 

 

Орындауға көп уақыт жұмсалады 



Фактілері көп материалды тексеруге 

қолайлы 


Жоғары  деңгей  дағдыларын  бағалауға 

келмейді 



 

Сәйкестендіруге  арналған  тапсырмалардың  түрлері  көп.  Оның  қарапайым 

түрлерінің бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті 

сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың 

жауаптары  көрсетіледі.  Бұл  жағдайда  бірінші  бағандағы  тапсырмалардың  саны  мен 

сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда, бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар 

жауапты  болжамдап  дұрыс  табуы  мүмкін,  сонымен  қатар,  егер  оқушы  бір  жауабында 

қателессе, одан ірі де қателікке ұрынады. Мынандай жағдай болуы да мүмкін: оқушы 

біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін 

сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді. 

Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі – бірінші 

бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптардың санының көп 

болуы.  Бұл  жағдайда  оқу  материалы  негізінде  біртекті  белгілері  бойынша  екі  бағанан 

түратын  тапсырма  анықталады.  Екінші  бағанда  біріншісіне  қарағанда  бірнеше  қатар 

артық болуы қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс.  

Нәтижені өңдеу қолайлы болу үшін сол бағандағы позицияларды санмен белгілеу, 

ал  оң  бағандағыларды  бас  әріптермен  белгілеу  ұсынылады.  Тапсырманы  қолайлы 

психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауа беру үшін жазу қарпінің өлшемінің 

де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен жазылады, 

бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен 

аспауы қажет екенін ескерген жөн.  

Әрине, жеке жағдайда, бір сұраққа бір жауап келетін сәйкестендіру тапсырмасы 

ең жақсы тапсырма мысалы болуы мүмкін. Сапалы тапсырма барынша сенімді нәтиже 

алуға жағдай жасайды, сондықтан сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру кезінде келесі 

ұсыныстарды ескерген жөн: 

 

 



19 

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын құруға арналған  ұсыныстар 

 

1)  Оқу  мақсаттарын  зерделеп,  тапсырманың  осы  түрін  қолданған  қолайлы 



болатынына көз жеткізіңіз.  

2)  Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы 

тапсырманы оқуға, орындауға кедергі келтіруі мүмкін.   

3)  Оқуға  кететін  уақытты  азайту  үшін  жауаптар  мен  сұрақтар  тізімінде 

мүмкіндігінше тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз.  

4)  Бірінші бағанда барынша қарқынды сөздерді, ал екінші бағанда неғұрлым қысқа 

және қарапайым жауаптарды қолданыңыз.  

5)  Мүмкіндігінше жауаптар тізімін қандай да бір жүйемен реттеп орналастырыңыз 

(хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен және т.б.). 

6)  Бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (алайда, бір 

жауап бірнеше сұрақта қолданылуы мүмкін). 

7)  Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлуден аулақ болыңыз, бұл тапсырманы 

орындау  кезінде  оқушыларға  қиындық  тудырады,  сондай-ақ  мұғалімнің 

тексеруіне де қолайсыз болады. 

8)  Тапсырманың нұсқауы (шарты) оқушыларға сәйкестікті орнатуға қатысты анық 

болғаны дұрыс. Барлық оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырма 

жауабы жалғыз және бір мағыналы болатындай етіп құрылғаны жөн. 

9)  Сәйкестендіру  тапсырмасында  барлығына  ортақ  ақпаратқа  негізделетін 

сұрақтарды қолданыңыз. 

10) Дұрыс  жауапқа  меңзейтін  грамматикалық  немесе  басқа  да  белгілерді 

қолданудан аулақ болыңыз.  

11) Сұрақтар  бағаны  нақты  сұрақтардан  немесе  тапсырмалардан,  тұжырымдардан 

және т.б. тұруы тиіс.  

 

 



Қосымша кеңес

Егер  сіз  сәйкестендіруде  сұрақтарды  қолданатын  болсаңыз,  онда  оны 

дайындаудың бір әдісі мынадай.  

Оқулықты  оқып  отырған  кезде  адамдардың  атына  қатысты  дәйектер  мен 

идеяларды оқуда мұқият болыңыз. Бөлек парақта атауы мен дәйектерді бір-біріне 

қарама-қарсы  ретте  санамалап  жазыңыз,  нәтижесінде  екі  түрлі  тік  баған  пайда 

болады.  

Өз  тізіміңізді  тексеру  үшін  дәйектер  бағанын  қағазбен  жауып  қойыңыз.  Атауы 

жазылған  бағандағы  әр  элементке  қараңыз  және  соған  сәйкес  дәйек  немесе  идеяны 

жазыңыз. Содан соң, материалды екі бағытта тексеру үшін атауы бар бағанды жабыңыз

өзіңізге еске салу ретінде дәйектерді қолданыңыз.  

Жоғары деңгей дағдыларын жетілдіріңіз. Көбіне сәйкестікті анықтауға қатысты 

тапсырмалар  іс  жүзінде  білімді  бағалайды,  олар  талдау  және  жинақтау  сияқты 

жоғары  деңгейде  ойлау  дағдыларын  бағаламайды.  Мұндай  тапсырмалар  жоғары 

деңгей дағдыларын бағалауға құрылмаған дегенді білдірмейді. 

 

 



20 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Көп таңдауы бар тапсырмалар 

Көп  таңдауы  бар  тапсырма  –  оқушының  жауабы  ұсынылған  тізімнің  көлемінде 

шектелген,  дәйекті  жауабы  берілген  сұрақ  түріндегі  тапсырма.  Мұндай  тапсырма  екі 

компоненттен  тұрады:  тапсырманың  мәтіні  және  жауап  нұсқалары,  мұндағы  дұрыс 

жауап – тапсырманың кілті, дұрыс емес жуаптары – дистракторлар болып табылады.  

Тапсырманың  мәтіні  барынша  қысқа  бола  тұрып,  сұрақтың  мазмұнын  анық 

көрсетуі тиіс. Тапсырманың сауатты құрастырылуы өте маңызды.  Тапсырма мәтінінің 

күрделі түрде берілуі тапсырманы түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық және 

грамматикалық ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс.  

 

Тапсырма мәтінін құрастыру кезінде нені ескеру керек? 

Тапсырманың  теріс  мағынада  берілуі  оқушының  қабылдауына  және  дұрыс 

жауапбын анықтауына қиындық туғызады. Сонымен бірге  оқушының оқу материалын 

меңгеру  деңгейін  нақты  анықтауға  мүмкіндік  бермейді.  Алайда,  тапсырманы  теріс 

мағынада  беру  қажет  болған  жағдайда,  қосымша  графикалық  әсерді  қолдану  қажет. 

Мысалы, көлбеу немесе қалың қаріппен көрсету, белгілеу, теріс берілуі бар бөлігін бас 

әріппен жазу.  

Бос  орындарға  қажетті  сөздерді  қою  арқылы  берілген  мәтіннің  сөйлемдерін 

толықтыруға негізделген тапсырманы қолданбауға тырысу қажет. Мұндай тапсырмалар 

ең әуелі оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады, өтілген 

материалды меңгеру сапасын көрсетпейді.  

Көп таңдауы бар тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны әртүрлі болуы мүмкін. 

Жауап  нұсқалары  көп  болған  сайын  оқушылардың  дұрыс  жауапты  кездейсоқ  болжап 

табу  мүмкіндігі  азаятыны  анық.  Дегенмен  ұсынылатын  жауаптардың  көп  болуы 

оқушылардың  тапсырманы  орындауға  жұмсайтын  уақытының  шамадан  тыс  артуына 

әкеледі. Жалпы, 2-ден 5-ке дейін жауап нұсқаларын қолдану ұсынылады. 

Жауап нұсқалары түрлі логикалық реттілікпен орналасуы мүмкін (әліпби бойынша, 

хронологиялық тәртіппен, өсу/кему ретімен, грамматикалық санатына қарай және т.б.). 



Оқушыларға кеңес 

1)  Нұсқауды  оқыңыз.  Әдетте  тапсырмаларда  екі  тізім/бағанда  сәйкестендіруді 

қажет  ететін  элементтер  болады.  Қарым-қатынасты/тәуелділікті/заңдылықты 

анықтау үшін екі тізімге де назар аударыңыз.   

2)  Сәйкестікті  табу  үшін  бірінші  тізімді  жөнелту  нүктесі  ретінде  қолданыңыз 

және  екінші  тізімге  ауысыңыз.  Бұл  үдеріс  сіздің  ойлауыңызды  ұйымдастырады. 

Ол  сондай-ақ  сіздің  жауап  беруіңізді  тездетеді,  себебі  сіз  екінші  тізіммен 

танысасыз және алдыңғы ретте тізімді қарау кезінде көргеніңіздей арақатынасты 

анықтауға өтуге мүмкіндігіңіз болады.  

3)  Сәйкестікті анықтамас бұрын барлық тізімге көз жүгіртіп шығыңыз. Егер сіз 

бірінші  мүмкін  жауаппен  арақатынасты  анықтайтын  болсаңыз  қате  жіберуіңіз 

мүмкін, себебі тізімдегі жауап кейінірек дұрыс сияқты көрінуі мүмкін.  

4)  Дұрыс жауапты тапқаныңызға сенімді болсаңыз, екінші тізімдегі элементтерді 

сызып  тастаңыз.  Бұл  сіздің  сеніміңізді  арттыруға  және  жинақы  болуыңызға 

көмектеседі.  

5) 


Барлық абсолютті сәйкестікті жасап алмайынша болжам жасамаңыз. Егер сіз 

жауапты  басында  тапсаңыз,  онда  сіз  бұл  жауапты  келесі  таңдау  үшін 

қарастырмайсыз.

 


21 

Осылайша  жауаптардың  көрсетілген  ретіне  байланысты  дұрыс  жауапты  болжап  табу 

мүмкіндігі  шектеледі.  Мысалы,  жауап  нұсқалары  сөзден  басталатын  болса,  онда  олар 

әлипби  ретіпен  орналасады.  Егер  жауап  нұсқалары  саннан  басталса,  онда  өсу/кему 

ретімен  орналасады.  Егер  бір  қарағанда  екі  нұсқа  бір-біріне  ұқсас  болса,  онда 

оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп 

орналастырған дұрыс. 

Тапсырма құрастыру алгоритміне сәйкес көп таңдауы бар тапсырма құрастырғанда 

тапсырманың  сұрағы  мен  дистракторларды  құрастыруға  дейін  оның  кілтін  –  дұрыс 

жауабын  дайындап  алу  ұсынылады.  Бұл  тапсырманың  нақты  дұрыс  жауабының  бар 

екеніне  кепілдік  береді.  Жауап  нұсқаларын  оқушылар  дистракторларды  қандай  да  бір 

белгісі бойынша анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет. 

Дистракторлар  өтілген  материалға  сәйкес  болуы  және  шындыққа  жанасымды, 

бірақ дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат – оқу 

материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру.  

Әдетте  «жақсы»  дистрактор  оқушылардың  жиі  жіберетін  қателерінен  тұрады, 

мысалы, ғылыми негізделген «ақылды» сөздер, тапсырманың сұрағындағы терминдер, 

т.б. Егер дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда 

оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады, ол оқушыларды дайындық деңгейіне 

қарай  саралауға  мүмкіндік  береді.  Ал  егер  дистракторды  білім  деңгейі  жоғары 

оқушылардың басым бөлігі  таңдаған болса, онда дистрактордың сапасының төмендігі 

немесе  тапсырманы  құрастыруда  қате  жіберілгені  туралы  білуге  болады.  Егер 

дистракторды  бірді-бір  оқушы  таңдамаған  болса,  онда  дистрактордың  қате 

құрастырылғаны туралы қорытынды жасауға болады; оны қайта құрастыру қажет  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану деңгейіне берілген тапсырма 

Бұл  негізгі  және  өте  маңызды  тапсырмалар;  олар  өте  қысқа  немесе  керісінше, 

бірнеше әрекеттен тұратын күрделі тапсырма болуы мүмкін. Мұндай тапсырмалардың 

негізгі мақсаты – оқушыға жаңа білімді қолдану қажет болатын өмірлік жағдайға сәйкес 

келетін  балама  жағдаят  тудыру.  Мұндай  тапсырма  бірнеше  нұсқа  жауабы  ұсынылған 

мәтін арқылы берілуі мүмкін. Мұнда бастысы – нақты жағдаятты сипаттау және бірнеше 

әрекеттің арасынан өмірде орын алуы мүмкінін таңдау. 

 

 



 Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру 

керек? 

  Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді қолданбаған 

жөн, әсіресе  егер дистрактордың оған ерекше қатысы болмаса. 

  Алдыңғы  тапсырмада  кездескен  сұрақтарды  дұрыс  жауап  (кілт)ретінде 

қолданудың  қажеті  жоқ.  Бұл  тапсырманы  орындауды  жеңілдетуі  немесе 

қиындатуы мүмкін.  

  Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс (өте 

қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе күрделі түрде берілмеуі). 

  Кілт  және  дистракторларда  «әрқашан»,  «кейде»,  «ешқашан»,  «жоғарыда 

аталғандардың барлығы» сияқты сөз тіркестерінің болмауын ескерген жөн.  

  Дистракторлардың  «жартылай  дұрыс»  болуын,  яғни  қарастырылған 

жағдайда  дистрактордың  әртүрлі  мағыналы  болуын,    екіұштылығын 

болдырмау керек.  


22 

Ойлануға берілген тапсырма 

Мұндай  тапсырмалар  сирек  кездеседі.  Олар  оқушының  өзі  тақырыпты  әбден 

ойланып,  жаңа  білімін  өз  әрекетінде  қолдану  жолын  дұрыс  табуын  көздейді.  Білімін 

өмірде қолдану туралы ойлану өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуге 

мүмкіндік  береді.  Мұндай  тапсырмалар  дайын  жауабы  көрсетілмеген  ашық  сұрақтар 

арқылы берілуі мүмкін, сұраққа оқушылар өз бетінше ойланып жауап жазады. Жауапты 

автоматты  түрде  тексеру  мүмкін  емес.  Ойландыруды  көздейтін  жоғары  деңгейдегі 

тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді. 

Жоғары  деңгейдегі  тапсырма  әзірлеу  үшін  ашық  сұрақтар  құрастырып  үйрену 

керек. 


Конфуцийдің  «Сен  неге  қол  жеткізгің  келеді?»  деген  сұрағы  өз  шәкірттерінің 

көзқарасы  мен  мақсаттарын  және  болашаққа  жоспарын  білуге  бағытталған  болатын. 

Оған    бір  шәкірті  өз  байлығын  достарымен  қалай  бөлісетінін  айтса,  басқалары  өзінің 

тәртібіне  қатысты  жауап  берген.  Олардың  жауаптары  әртүрлі  болғанына  қарамастан, 

Конфуций  шәкірттерінің  мінез-құлқы  мен  өмірдегі  ұмтылыстары  туралы  жеткілікті 

ақпарат алған. Ғұлама философ шәкірттеріне бір сұрақты қайталап қойған сайын  оған 

әртүрлі  жауап  алатын.  Бұл  әр  адамның  ойы,  түсінігі,  жауабын  ұйымдастыруы  өз 

табиғатына тән ерекше екендігіне байланысты. Осылайша, ашық сұрақ дегеніміз – дұрыс 

жауаптары көп, адамды ойландыратын сұрақ. Жауаптардың сапасы мен маңыздылығын 

сарапшы бағалайды. 

Дұрыс құрастырылған ашық сұрақтар оқушының ұстанымы мен құндылықтарын 

анықтауда,  дұрыс  ой  тұжырымдап,  өз  ойын  дәйекті  жеткізе  білуін  бағалауда  пайдалы 

болып саналады. Сонымен қатар сарапшы оқушының пәндік білімінің деңгейін, пәннің 

тілі мен  мазмұнының тереңдігін бағалай алады. 

Ашық сұрақтар оған жауап бергенде өз пікірін білдіруге біршама уақыт жұмсауды 

қажет  етеді,  бұл  тексеру  тапсырмасындағы  сұрақтардың  санын  шектеуге  әсер  етеді. 

Сараптауға  ұсынылатын  материалдың  көлемі  ықшамдалып,  жеке  аспектілерге 

бағытталады.  Сонымен  қатар  ашық  сұрақтардың  жауабын  тексеру  көп  уақыт  пен 

ресурсты, біршама күш жұмсауды талап етеді. Мұнда субъективтілік (жеке көзқарас) те 

күрделі мәселе болып табылады. Оқушылар  мен мұғалімдер, сарапшылар  бір  сұрақты 

әртүрлі түсінулері де мүмкін. Осындай келіспеушілік пен әртүрлі түсінікті болдырмау 

үшін  оқу  мақсаттары  мен  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  толық  екшелген  бағалау 

құрылымын ойластыру қажет. 

Том  Кубисцын  (Kubiszyn,  Tom,  2007)  ашық  сұрақтардың  пайдасын  анықтап, 

олардың қатарына келесі оқу нәтижелерін қосты: 

-  өзара қарым-қатынасты талдау қабілеті; 

-  көзқарастырды анықтап,  салыстыру 

-  болжау; 

-  қорытынды жасау; 

-  себеп-салдарлық байланысты түсіндіру; 

-  болжамдар ұсыну; 

-  өз көзқарасын дәлелдейтін деректерді ұйымдастыру; 

-  күшті және әлсіз жақтарын көрсету; 

-  әртүрлі дереккөзден алынған деректерді біріктіру; 

-  мақсат пен әрекеттердің сапасы мен құндылығын бағалау. 

Питер  В.  Айразиан  (Airasian  Peter  W,  1999)  эссе  жазу  тапсырмасы  бағалаудың 

«басты  әдісі»  деген  болжам  ұсынады.  Көркем  жазу  (қолжазба)  мен  жазу  стилі 

бағалаудың маңызды критерийлері болмаса да, сарапшының қабылдануына әсерін тигізе 

алады,  демек  бағалауға  да  әсері  болады  деген  сөз.  Айразиан  бұларды  «қосалқы 

факторларға» жатқызып, оларды тапсырманы ұқыпты орындаумен байланыстырады. 



23 

Ашық тапсырмалар 

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, аргумент 

келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық 

тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше 

сөздерден  (қысқа  жауап)  толық  аргументативті  пайымдауларға  (толық  жауап)  дейін 

өзгеруі мүмкін.  



Қысқа  жауапты  қажет  ететін  тапсырмаларда  оқушылар  бірнеше  сөздерді,  бір 

сөйлемді,  қарапайым  сызбаны  немесе  формуланы  қолдана  отырып,  сұрақтарға  қысқа 

нақты жауап беруі қажет.   

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі 

сөйлемдерді,  түсініктемелерді,  сызбаларды  немесе  дәлелдерді  қолдана  отырып 

орындауы қажет.  

Толық  жауапты  қажет  ететін  тапсырмалар  нұсқаларының  бірі  эссе  болып 

табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы ғана тексеріліп қоймайды, сондай-

ақ,  берілген  сұрақты  немесе  мәселені  әр  түрлі  көзқараста  қарастыру,  берілген 

тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын аргумент түрінде келтіру, 

мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі тексеріледі.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ашық тапсырма әзірлегенде нені ескеру керек? 

Оқушылардың  қателесуіне  себеп  болатындай  күрделі  немесе  шашыраңқы 

тапсырмаларды  беруден  аулақ  болған  дұрыс.  Мысалы,  «Жақсы  ұсынысыңызды  атап 

көрсетіңіз».  Сондай-ақ, мәтіннің тілін тапсырманың күрделілік деңгейіне әсер ететіндей 

аса жеңілдетудің қажеті жоқ.  

Оқушының  жағымсыз  әрекетін  туындататын  тұжырымдардан  аулақ  болыңыз. 

Қажетінше жауаптарды шектеуге тырысыңыз. Егер тапсырмада нақты шектелген жауап 

болмаса,  оқушы  көбіне  жауабының  қаншалықты  толық  болу  қажеттігін  білмейді. 

Жауаптар жауап үлгілерінде ұсынылғаннан көлемді немесе керісінше болуы мүмкін. 

Тапсырмалардың  мазмұны  оқушылардың  көңіл  күйіне  әсер  ететіндей  болмағаны 

дұрыс.  Тақырыптарды  таңдаған  кезде  мынадай  тақырыптарды  таңдамаған  дұрыс: 

отбасылық қиын жағдайлар, әлеуметтік және діни мәселелер, табиғи және техногендік 

өзгерістер, соғыс және терроризм, нашақорлық, ауыр науқас, өлім және т.б.  

 

Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар: 



 

  тапсырмада немесе сұрақта анық және дәл тұжырымдаманы қолданыңыз;  

  сұрақтарды ақпараттық және сұраулы бөлімдерге бөліңіз;  

  оқушының жас ерекшелігін, мәдениетін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, 

яғни тапсырмалар оқушыға түсінікті, қолжетімді берілуі қажет;  

  жауап  үлгісін  тиянақтаңыз,  нұсқалардың  барлық  мүмкіндігін  есепке  алыңыз, 

берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолданыңыз;  

  жауаптың  әр  бөлігіне  жинақталған  балды  қалай  бөлу  қажеттігін  көрсетіңіз 

(«Оқушылардың жұмысын бағалау үдерісі» бөлімін мұқият қараңыз); 

  құрастырылған  тапсырмалар  мен  жауап  үлгілерін  бағалауға  әріптесіңізді 

қатыстырыңыз.  Қажет  болған  жағдайда  түзетіңіз,  құрастырылған  тапсырмаға 

өзгерістер енгізіңіз.  



24 

 

Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты 



мұғалімге арналған  ұсыныстар 

Ашық сұрақтар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс: 



Негізділік: 

1.  Нұсқау  қарапайым,  дәл  және  ықшам  болуы  тиіс.  Оларды  көрінетін  жерге 

жазыңыз. 

2.  Сұрақты  жете  түсінбеуді  немесе  қате  мағынада  қабылдауды  болдырмау  үшін 

төлеу сөздің орнына төл сөзді қолданыңыз. 

3.  Жауапта  қолданатын  сөздердің  санын  белгілеп  беріңіз  немесе  оқушыға 

жауабын  жазатын  орын  қалдырыңыз,  мысалы,  жауап  парағында  бос 

тіктөртбұрыш немесе жазуға арналған бірнеше жол қалдыру. 

4.  Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілген балл 

санын көрсетіңіз. 



Валидтілік: 

1.  Тапсырма  тек  бағалау  құралы  ғана  болып  табылады.  Сұрақтардың  жауабы 

нақты ақпарат беруі тиіс. 

2.  Тапсырма  маңызды  және  қажетті  ақпаратты  қамтуы  тиіс.  Оқу  бағдарламасы 

мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды. 

3.  Жауабын  анықтауға  арналған  мәтін  оқушыға  таныс  болуы  керек  және 

тақырыптан ауытқу болмауы керек. 

4.  Оқушылардың  жас  ерекшелігін,  тілдік  мүмкіндіктерін  ескеріңіз,  қарапайым 

тілді қолданыңыз. 

5.  Сұрақтардың  саны  меңгерген  білім,  дағдыларды  көрсетуге  сәйкес  келетіндей 

анықталуы керек.  

6.  Өткен  материалды  қайталап  айтуға  арналған  сұрақтарды  болдырмаңыз. 

Ақпаратты жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен», 

«не үшін», «қалай» арқылы құрылған сұрақтарды пайдаланыңы. Оқушылардың 

шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды пайдаланыңыз. 

Объективтілік: 

1.  Құрылған  сұрақтар  жынысына,  қандай  да  бір  қызығушылығына  тәуелсіз 

барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек 

қыздарға 

арналған 

(косметика 

туралы) 

немесе 


ұлдарға 

қатысты 


(автокоөліктердің қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.  

2.  Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап беруге арналған болуы керек. Сұрақты 

силлабусты немесе кітапты таңдағанда таңдау мүмкін.  

3.  Қабылданатын  және  қабылданбайтын  жауаптарды  бағалау  критерийлерін 

дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді. 

4.  Әрбір  критерий  бойынша  берілетін  балл  саны  дәл  көрсетілген  сараптамалық 

тексеру сызбасын қолданыңыз. 

5.  Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек. 



Сенімділік: 

1.  Сұрақтар  негізгі  мазмұнға  сәйкес  болуы  керек.  Бағалау  тапсырмаларындағы 

қателерді  тауып,  түзету  және  толықтыру  үшін,  сондай-ақ  заңдылықтар  мен 

үлгілерді  анықтау  үшін  бағалау  туралы  жүйелі  түрде  мәлімет  жинақтап, 

деректер  базасын  құрыңыз.  Проблемалық  сұрақтардың  тізімін  жасау  басқа 

тапсырма құрастырушыларғада жақсы көмекші құрал болады. 

2.  Дайын  бағалауға  арналған  тапсырмаларды  бақылау  үшін  бекітілген 

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек. 

 


25 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет