Білім беру бағдарламасы бағдарламадан күтілетін нәтижеге қол жеткізу



Pdf көрінісі
Дата08.11.2019
өлшемі265,3 Kb.
#51383
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Каз Т2 Багамдау


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог 

кадрлардың біліктілігін арттыру курсының 

білім беру бағдарламасы

 

 

 

 

 

БАҒДАРЛАМАДАН КҮТІЛЕТІН 

НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ 

ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУҒА 

АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

 

 

 

 

 

 



Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының 

Әдістемелік кеңесі ұсынған 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 

Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 

құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нұсқаны  қоса  алғанда,  авторлық 

құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға 

тыйым салынады. 


 

 



ЖАТТЫҒУЛАР БОЙЫНША ЖЕТІСТІКТЕРДІ БАҒАМДАУ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

Төменде  келтірілген  критерийлер  тренердің  мұғалімдердің  жетістіктерін  бағамдауына  және  оны  дамыту  үшін 



қабылданатын қадамдарды белгілеуіне көмектеседі. 

 

Кәсіби дағдыларды жетілдіру 

 

Аспект 



Бастапқы деңгей 

Қалыптасу деңгейі 

Қалыптасқан деңгей 

Жетілген деңгей 

Оқыту 

дағдылары 

Мақсаттары мен нәтижелері 

айқын жаттығу түрлерін 

жоспарлай алады және 

таныстыра біледі. 

Оқытуды алға жылжытуға 

көмектесетін оқыту мен 

оқуды модельдейтін жаттығу 

түрлерін жоспарлайды және 

пайдаланады.  

Мұғалімдер үшін оқуға дейінгі 

және оқу кезіндегі оқу 

қажеттіліктерін белгілейді және 

оны жоспарлау үдерісі мен 

жаттығуларға кіріктіреді. 

Кез келген уақытта оқу 

қажеттіліктеріне қатысты жедел 

әрекет етіп, икемді бола біледі. 

Күтілетін нәтижелерге жету 

үшін курс жоспарын икемді 

қолданады. 

Нұсқаулар мен түсіндірмелер 

оқу мақсаттарына қатысты, 

бірақ әрқашан айқын түсінік 

бермейді. 

Нұсқаулықтар мен 

түсіндірмелер анық әрі нақты, 

сол себепті барлық дерлік 

тұжырымдамалар түсінікті әрі 

қолжетімді. 

Ақпаратты нақтылайды және 

күрделі ұғымдарды әртүрлі 

әдістерді пайдалану арқылы 

түсіндіреді және нақтылайды. 

Курс барысында мұғалімдерге, 

оның ішінде өз пікірін табанды 

ұстанатын мұғалімдерге қарсы 

тұрып, оларды басқаша ойлануға 

және әрекет етуге жетелейді 

Тренердің пікірі 

  

 

 

 

 



 

 

Ойлау сипаты 

Оқыту қабілеті «қатып 

қалған» деп ойлайды: оның 

ойынша, ол туғанда беріледі 

және өзгермейді, әрі 

дамытылмайды. 

Оқыту қабілеті «бейтарап» 

деп ойлайды, бірақ ол туғанда 

беріледі деген жалған 

түсінікке қарсы тұрмайды. 

Оқыту қабілеті туғанда 

берілмейді, ол адамның 

қажырлы талпынысының 

нәтижесі, оны дамыту маңызды 

болып табылады деп ойлайды. 

Оқыту қабілеті туралы пікірі 

«өсіп» жатқанын белсенді 

модельдейді және дамытады: 

тәуекел ету, қателіктерінен сабақ 

алу және барынша күш салу 

арқылы мұғалімдер оқыту 

қабілетін жоғары деңгейге дейін 

жетілдіре алады. 



Тренердің пікірі 

 

 

 

 



 

 


 

 



Аспект 

Бастапқы деңгей 

Қалыптасу деңгейі 

Қалыптасқан деңгей 

Жетілген деңгей 

Жаңартылған 

оқу 

бағдарламасын 

түсіну 

Оқу бағдарламасы 

құрылымын және оқу 

бағдарламалары мен оқу 

жоспарларының түрлі 

мақсаттарын түсінеді және 

сипаттай алады. 

Оқу бағдарламасының 

құрылымы мен оның тиісті 

пәнге қатысты бөлімдері мен 

бөлімшелерін түсіндіре 

алады. 


Оқу бағдарламасын және оның 

тарауларын терең түсінеді, 

спиральді оқу бағдарламасы мен 

оқушылардан әртүрлі сыныпта 

күтілетін ілгерілеуді түсіндіре 

алады. 


«Қалыптасқан деңгей» 

критерийіне қоса, оқу 

бағдарламасын мұғалімнің 

лайықтап алуы барлық 

оқушылардың үлгерімін 

арттыруға мүмкіндік беретінін 

түсінеді және түсіндіре алады. 

 

Тренердің пікірі 



 

 

 

 

 

 



 

 

Жоспарлау 

Жоспарлаудың түрлі 

деңгейлерін – ұзақ мерзімді, 

орта мерзімді және қысқа 

мерзімді жоспарлауды 

түсіндіре алады. Нақты оқу 

мақсаттары мен оқушыларға 

сай келетін жаттығулары бар 

оқу жоспарларын пайдалана 

отырып, жеке сабақты қалай 

жоспарлау керектігін көрсете 

алады. 

Барлық оқушылардың оқу 



мақсаттарына жетуіне 

мүмкіндік беретін әртүрлі 

саралауға арналған 

жаттығулар мен тәсілдері бар 

жеке сабақты жоспарлау үшін 

оқу жоспарын қалай 

пайдалану керектігін көрсете 

алады. 


Тізбектелген сабақтар топтамасы 

аясында барлық оқушылардың 

білімі мен дағдыларының 

қарқынмен өсуін көздейтін 

сараланған оқуды жоспарлау 

үшін оқу жоспарын қалай 

пайдалану керектігін көрсете 

алады. 


Жүйелі бағалауды қамтитын 

тізбектелген сабақтар топтамасын 

жоспарлау үшін оқу жоспарын 

қалай пайдалану керектігін 

көрсете алады. Бұл оқыту 

барысында білім мен 

дағдылардағы кез келген 

кемшілікті жоюға мүмкіндік беру 

үшін, жоспарланған оқытуға 

өзгеріс енгізу қабілетін дамытады. 



Тренердің пікірі 

 

 

 

 

 



 

 


 

 



Аспект 

Бастапқы деңгей 

Қалыптасу деңгейі 

Қалыптасқан деңгей 

Жетілген деңгей 

Белсенді оқу 

Негізінен тікелей нұсқау 

беруге сүйенетін оқуды 

жоспарлайды. Жоспарда білім 

мен дағдыны жетілдіретін 

белсенді оқуды қолдану 

мүмкіндіктері сирек 

қарастырылады. 

Жоспарда аздаған белсенді 

оқудың әдіс-тәсілдері 

қамтылған. Жоспарда білім 

мен дағдыларды белсенді 

түрде қолдануға біршама 

мүмкіндік қарастырылады.  

Белсенді жұмыс істеуге 

мүмкіндік беретін кең ауқымды 

және сараланған жаттығулары 

бар оқуды жоспарлайды. Жоспар 

білімді ұғынуға және көптеген 

дағдыларды қолдануға 

мүмкіндік береді. 

Жақсы құрылымдалған және 

күрделі, оқушыларға лайықтап 

таңдалған жаттығулары бар 

белсенді оқуды жоспарлайды. 

Қате түсінген немесе үлгерімі 

төмен болған жағдайда нәтижені 

жақсарту үшін жоспарды қайта 

жасауға болады. 

Тренердің пікірі 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Пән бойынша 



педагогикалық 

білім

 

Оқытатын пән бойынша 

білімі аз.

 

Оқытатын пәннен біршама 



хабары бар.

 

Оқытатын пәнді жақсы біледі.



 

Оқытатын пәнінің білікті 

маманы болып табылады.

 

Пәнді оқытуға сәйкес 



келетін бірқатар 

педагогикалық тәсілдерді 

аздап түсінетінін 

байқатады. 

Жоспар мен тәжірибе 

бірқатар педагогикалық 

тәсілдерді, сондай-ақ пәнге 

немесе оқушыларға сәйкес 

келмейтін кейбір 

педагогикалық тәсілдерді 

қолданатынын байқатады. 

Жоспар мен тәжірибе пәнге 

қатысты көптеген тиімді 

педагогикалық тәсілдерді 

білетінін көрсетеді. 

Жоспар мен тәжірибе 

оқушылардың түсінбейтін 

мәселелерінің алдын ала 

отырып, көптеген тиімді 

педагогикалық тәсілдерді 

білетінін көрсетеді. 

Тренердің пікірі 

 

 

 

 

 

 

 



 

 


 

 



Аспект 

Бастапқы деңгей 

Қалыптасу деңгейі 

Қалыптасқан деңгей 

Жетілген деңгей 

Оқушылардың 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыру 

Оқу мақсаттарына 

қаншалықты жақсы қол 

жеткенін шамалы деңгейде 

білуге мүмкіндік беретін 

тексеру әдістерін 

пайдалануға талпыныс 

жасайды. 

Оқу мақсаттарына жетудегі 

үлгерімді кең көлемде 

ұғынуға әкелетін түсінікті 

тексерудің шектеулі 

әдістерін пайдаланады. 

Оқу мақсаттарына жетудегі 

үлгерімді түсінуге арналған 

тиісті әдісті (әдістерді) 

жоспарлайды және 

қолданады. 

«Қалыптасқан деңгей» 

критерийіне қоса, оқу 

мақсаттарына жетудегі 

үлгерімді түсінуге арналған 

әдісті қажеттілігіне қарай 

ауыстырады; оқуды жетілдіру 

үшін өзгеріс енгізеді. 

Кері байланыс мерзімінен 

ерте немесе оқу 

мақсатымен тікелей 

байланысы жеткіліксіз. 

Кері байланыс мерзіміне 

сәйкес, оқу мақсатымен 

байланысты, бірақ 

жақсарту туралы арнайы 

ұсыныстар аз. 

Кері байланыс мерзіміне 

сәйкес, оқу мақсатымен, 

тексерумен байланысты, 

жақсарту туралы нақты 

ұсыныс береді. 

Кері байланыстың оқуға 

ықпалы анық көрінеді. 

Тренердің пікірі 

 

 

 

 

 



 

 

Критериалды 



бағалау 

Оқуды бағалауға арналған 

ресми және бейресми, 

тексеруге арналған, 

қалыптастырушы және 

жиынтық тәсілдерді 

қамтитын түрлі бағалау 

стратегияларын түсінетінін 

көрсетеді. 

Оқуды бағалауға арналған 

ресми және бейресми, 

тексеруге арналған, 

қалыптастырушы және 

жиынтық бағалау 

тәсілдерін әзірлейді, 

таңдайды және қолданады. 

Оқуды бағалауға арналған кең 

көлемдегі бағалау 

стратегияларын әзірлейді 

және қолданады, 

қалыптастырушы өзгеріс 

енгізу мақсатында 

оқушылардың қажеттіліктерін 

тексереді. 

«Қалыптасқан деңгей» 

критерийіне қоса, бағалау 

тәсілдерінің тиімділігін 

бағамдау үшін әріптестеріне 

қолдау көрсетеді. 

Тренердің пікірі 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



ЖАТТЫҒУЛАР БОЙЫНША ЖЕТІСТІКТЕРДІ БАҒАМДАУ 

 

Бағамдау  төмендегі  кестеде  көрсетілген  сегіз  аспектіге  шоғырланған:  оқыту 



дағдылары, ойлау сипаты, жаңартылған оқу бағдарламасын түсіну, жоспарлау, белсенді оқу, 

пән  бойынша  педагогикалық  білім,  оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  және 

критериалды бағалау. Тренерге мұғалімдердің шеберлік деңгейін бағамдауда көмектесу үшін 

ықшамсабақ  бағамдау  құралына  айналады.  Бағамдау  критерийлері:  бастапқы  деңгей, 

қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. 

Әрбір бағамдауға арналған жаттығу туралы нақты ақпарат сабақ жоспарларына және 

төмендегі кестеге енгізілген: 

 

Аспект 



Өтетін күні, 

сабағы 

Бағамдауға арналған жаттығудың сипаттамасы 

Оқыту 

дағдылары 

11-күн, 4-сабақ 

Оқушыларды АКТ қолдану дағдыларын дамытуға 

арналған әдістер мен тәсілдерді қолдану.

 

Ойлау сипаты 

8-күн, 1-сабақ 

Мұғалімдер 

жазуға арналған үлгілер, сөздік және 

қосымша материал түріндегі 

ресурстарымен алмасады. 

Олар оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұл 

материалдардың оқушыларға қалай қолдау 

болатынын түсіндіреді. 

Жаңартылған 

оқу 

бағдарламасын 

түсіну 

6-күн, 1-сабақ 

Мұғалімдер 

жаңартылған оқу бағдарламасы туралы өз 

ойларын жазады.

 

9-күн, 4-сабақ 



Мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасындағы 

әдістердің бірі мұғалім жетекшілігімен жүретін 

жазылым жүргізіп, тәжірибе жинақтайды. 

14-күн, 3-сабақ 

Мұғалімдер пән бойынша қалыптастырушы 

бағалауға арналған жаттығу әзірлейді. 

19-күн, 3-4-

сабақтар 

Мұғалімдер әзірлеген сабақ жоспарын бүкіл топпен 

бөліседі. 



Жоспарлау 

6-күн, 3-сабақ 

Тыңдаушылар ТКО жаттығуын әзірлеп, 

жоспарлайды. 

13-күн, 3-4-

сабақтар 

Мұғалімдер әзірлеген сабақ жоспарын бүкіл топпен 

бөліседі. 

16-күн, 4-сабақ 

Мұғалімдер өздерінің жоспарлау дағдылары туралы 

рефлексиялайды. 

20-күн, 2-сабақ 

Мұғалімдер белгілі бір дағды немесе тәсілді көрсету 

мақсатында ықшамсабақ жоспарлайды. 



Белсенді оқу 

6-күн, 4-сабақ 

Мұғалімдер оқу жоспарындағы бір тараудың оқу 

мақсатын қамтамасыз ететін белсенді оқылым 

дағдысын дамытуға арналған өздері әзірлеген 

жаттығумен бөліседі. 

15-күн, 2-сабақ 

Белсенді сабақта мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін 

талқылау.

 

19-күн, 1-сабақ 

Мұғалімдер пән бойынша таңдаған оқу 

мақсаттарына сәйкес деңгейлі тапсырмалар 

дайындайды. 

20-күн, 2-сабақ 

Мұғалімдер белгілі бір дағды немесе тәсілді көрсету 

мақсатында ықшамсабақ өткізеді. 



Пән бойынша 

7-күн, 4-сабақ 

Мұғалімдер айтылым бойынша ықшамсабақ өткізеді. 


 

 



педагогикалық 

білім 

9-күн, 1-сабақ 

Тиімді 

жазылымды ынталандыру үшін фильмді 



пайдалану.

 

19-күн, 2-сабақ 



Мұғалімдер оқу жоспарындағы жаттығулар әдіс-

тәсілдер мен тапсырмалардың көмегімен саралауды 

қалай қамтамасыз ететінін қарастырады. 

20-күн, 2-сабақ 

Мұғалімдер белгілі бір дағды немесе тәсілді көрсету 

мақсатында ықшамсабақ өткізеді. 



Оқушылардың 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыру 

10-күн, 3-4-

сабақтар 

Оқушыларға өз бетінше жазуға мүмкіндік беретін 

құралдарды әзірлеу. 

12-күн, 3-4-

сабақтар 

Оқушылардың өзара редакциялау үдерісін түсіндіру 

үшін мұғалімдер өздері мәтіндерін өзара 

редакциялайды. 



Критериалды 

бағалау 

3-күн, 4-сабақ 

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау туралы 

түсінік қалыптастыру. 

14-күн, 1-сабақ 

Мұғалімдер оқытуда оқушылардың не үшін және қалай 

бағаланатыны туралы ойланады, өз пікірлерін жазады.

 

20-күн, 2-сабақ 



Мұғалімдер критериалды бағалау қолданылатын 

ықшамсабақ өткізеді. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет