Бақылау сұрақтары:
1. Валюталық жүйе дегеніміз не
?
2. Париж валюталық жүйесінің құрылымдық қағидалары қандай
?
3. Геунэ жүйесі туралы не білесіз
?
4. Бреттон-Вудс валюталық жүйесінің ерекшелігі неде
?
5. Ямайка валюталық жүйесі неге құрылды
?
6. Еуропалық валюталық жүйе қалай құрылды
?
7. Валюталық реттеу нені білдіреді
?
8. Валюталық саясаттың формалары мен құралдарын ата
?
9. Валюталық нарық пен бағам өзара қалай байланысады
?
10. Төлем балансының құрылымы неден тұрады
?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. Алматы
Экономка. 2001.
2. Деньги, кредит, банки Под ред. О.И. Лаврушина. Москва “Финансы и
стататистика” 1999.
3. Медународные валютно-кредитные и финансовые отношения. Под ред.
Л.Н.Красавиной, Москва, Финансы и статистика. 1994.
4. Мельников В.Д., Ильясов К.К Финансы. Алматы изд. 2-е, перераб. и доп.
Қаржы-қаражат, 1997.
181
1-қосымша
1993 жылы 15 қарашада айналымға шығарылған банкоталар сипаты
50 теңге. Көлемі 144х69 мм.
Банкноттың бет жағы мен сырт
жағындағы басым түстер -ашық
қоңыр. Банкноттың оң жағына
Əбілқайыр
ханның
портреті
орналастырылып,
тігінен
қоңыр
бояумен оның аты жəне өмір сүрген
жылдары жазылған. Сол жағындағы
төменгі бұрышына жəне оң жағына
жоғарыға банкноттың номиналы "50"
саны көрсетілген. Банкноттың сол
жағына Əбілқайыр ханның портреті
су
тамғы
белгімен
салынған.
Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта
тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін
бейнелейтін жартастағы суреттер
бейнеленген.
20 теңге. Көлемі 144х69 мм
Банкноттың бет жағындағы басым
түс - қара қоңыр. Банкноттың оң
жағына Абайдың портреті
орналастырылып, тігінен қоңыр
бояумен оның аты жəне өмір сүрген
жылдары жазылған.
Сол жағындағы төменгі бұрышына
жəне оң жағына жоғарыға
банкноттың номиналы "20" саны
көрсетілген, ал оның астына оюмен
өрнектелген.
Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр.
Орта тұсына Абай Құнанбаевтың
шығармалары
бойынша
бүркіт
ұстаған бүркітші бейнеленген.
10 теңге
Көлемі 144х69 мм. Бет жағындағы
басым түс шымқай жасыл. Оң
жағына қазақтың ағартушысы Шоқан
Уəлихановтың портреті
орналастырылып, тігінен оның аты
жəне жəне өмір сүрген жылдары
182
жазылған. Портреттің сол жағында
төменде қазақтың ою-өрнегі бар.
Банкноттың сол жағына су тамғы
белгімен Шоқан Уəлихановтың
бейнесі салынған. Банкноттың сырт
жағында жасыл түс басым.
Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес"
тауының көрінісі бейнеленген
5 теңге
Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет
жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық
композиторы Құрманғазының
портреті орналастырылған. Тігінен
қоңыр бояумен композитордың аты
жəне өмір сүрген жылдары жазылған.
Портреттің сол жағында төменде
қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың
астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті
сурет орналастырылған. Банкноттың
сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта
тұсына кесененің кешені бейнеленген.
3 теңге
Көлемі 144х69 мм.
Банкноттың бет жағы жасыл-сұр
түсті. Оң жағына халық ақыны
Сүйінбайдың портреті
орналастырылған.
Тігінен шымқай жасыл бояумен
ақынның аты жəне өмір сүрген
жылдары жазылған.
Портреттің сол жағында төменде
қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың
астына сол жақ бұрышына ою-
өрнекті сурет орналастырылған.
Банкноттың сырт жағы жасыл түсті.
Орта тұсында Алатаудың көрінісі.
183
1 теңге. Көлемі 124х62 мм.
Құны 1 тенгелік банкноттың бет
жағы көк түсті. Банкноттың оң
жағына Шығыстың ұлы ойшылы Əл-
Фарабидің портреті
орналастырылған, тігінен көк
бояумен оның аты жəне өмір сүрген
жылдары жазылған. Портреттің сол
жағына жоғарыға қазақтың ұлттық
өрнегі салынған. Номиналдың
астында сол жақ бұрышында ою-
өрнекті сурет бар. Банкноттың сырт
жағы қызғылт түсті. Орта тұсына Əл-
Фарабидің геометриялық сызбалары
мен формулалары бейнеленген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқауларына сəйкес:
2000 ж. 1 тамыздан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі
банктер номиналы 1 тенге, 3 тенге жəне 5 тенге банкноттар беруді тоқтатылды;
2000 г. 1 қарашадан бастап, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі
банктер номиналы 10 тенге, 20 тенге жəне 50 тенге банкноттар беру тоқтатылды.
1-қосымшаның жалғасы
1993 жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
184
Монета формасындағы тиындар сипаты төменгі кестеде жəне суреттерде берілген.
1993 жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
Номиналы
(теңге)
Диаметрі,
(мм)
Қалыңдығы
(мм)
Массасы
(гр)
Қыры
1
3
5
10
20
17.27
19.56
21.87
25.00
31.00
1.3
1.6
1.7
2.0
2.0
2.26
3.48
4.71
7.43
11.37
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
бедерлі
1-қосымшаның жалғасы
Құны 1; 3; 5 теңгелік монетаның бет жағы (аверс) шеңбердің ішінде монета
номиналын көмкерген он алты қырлы өрнекті рəміз бейнеленген. Номиналдың сол жақ
бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған, ал оң жақ төменгі бөлігінде "ТЕҢГЕ"
жазуы бар. Айналасы моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.
1-қосымшаның жалғасы
185
Монеталардың сырт жағында (реверс):
- 1 теңге -монетаның орта шенінде салт-дəстүріміздегі аң - арқардың мифтік
бейнедегі басы кескінделген. Оң жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз
айналдыра жазылған.
- 3 теңге - монетаның шенінде қасқырдың (бөрінің) сəндік-мифтік бейнесі
кескінделген. Төменгі бөлігінде, бөрінің жоғары жағында қолдың геральдикалық бейнесі.
Сол жағына"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны
шығарылған жылы бөліп тұр.
- 5 теңге - орта шенінде барыстың өрнекті-мифтік бейнесі кескінделген. Сол жағына
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған
жылы бөліп тұр.
Құны 10; 20 теңге монеталардың бет жағының жоғары жақ бөлігінде Қазақстан
Республикасының елтаңбасы бейнеленген жəне оның оның астында екі жол етіп жазылған
"ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері
салынған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Айналдыра кант
жүргізілген.
1-қосымшаның жалғасы
Монеталардың сырт жағында (реверс):
- 10 теңге - орта шенінде мифтік құстың бейнесі кескінделген. Жоғарғы бөлігінде
геральдикалық арқау бейнесі. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз
жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.
- 20 теңге - монетаның ортасында Əбу Насыр Əл-Фарабидің суреті бейнеленген.
Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған
жылы бөліп тұр.
186
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы
№ 300 қаулысына сəйкес 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993
жылғы үлгідегі ескерткіш жəне мерейтойлық монетадан басқа 1993 жылғы үлгідегі монета
(теңге) айналымнан алынды. Ақша айналымынан алудың мынадай тəртібі белгіленсін:
1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап монеталар тек қана Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің (бұдан əрі - Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер жəне
Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан əрі - екінші деңгейдегі банктер) қабылдайды жəне
айырбастайды;
2) екінші деңгейдегі банктер 2 (екі) жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993
жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды жəне айналымда жүрген ақшаа
белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды. Осы мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі
банктердің заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені)
қабылдауға құқығы жоқ;
3) Ұлттық Банктің филиалдары 7 жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993
жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды жəне олардың түпнұсқалығы
анықталғаннан кейін айналымда жүрген ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.
7 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы заңды жəне жеке тұлғалардан
1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдау жəне айырбастаудың белгіленген
мерзімін ұзартуға құқылы.
1993 жылғы үлгідегі металл тиындар
1994 жылы айналысқа шығарылған
Монеталар сары түсті Л-80 қоспасынан жасалған.
Бет жағының (аверс) ортасында монета номиналын көмкерген сегіз қырлы өрнекті
рəміз бейнеленген. Номиналдың астында "ТИЫН" деген жазу бар. Төменгі жақ бөлігінде
монетаның соғылған жылы жазылған. Сегіз бүйірлі розетканың алты қыры ұлттық ою-
өрнектің декоративті элементтерімен өрнектелген.
Монеталардың
сыртқы
бетінің
(реверсінің)
орта
бөлігінде
Қазақстан
Республикасының
елтаңбасы
бейнеленген
жəне
айналдыра
"ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған. Айналдыра кант жүргізілген.Монеталардың беті
мен сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
1-қосымшаның жалғасы
Монеталардың параметрлері.
Номинал
(тиын)
Диаметрі
(мм)
Қалыңдығы
(мм)
Массасы
(гр)
Қыры
187
2
5
10
20
50
17.27
17.27
19.56
21.87
25.00
1.3
1.3
1.6
1.7
2.0
2.26
2.26
3.48
4.71
7.43
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу олардың ақша айналымынан толық
шығарылады дейін жүргізіледі. Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу,
көрсету жəне тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру
тəртібі өзгеріссіз қалады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001
жылғы 3 наурыздағы №57 қаулысымен бекітілген, қолма-қол ақша белгілерін-тиындары
ақша айналымынан алу ережесіне сəйкес ақша белгілері - тиындар айналымнан алынды.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде
«Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл жəне қара
көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны нотасының
фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ
сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында күлгін көк түспен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ
бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның
төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік
тілдегі əріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменгі оң
жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін
«Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу
орналасқан.
188
Сырт жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан
картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда
резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде жəне жоғарғы оң жақ
бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі əріптік
белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне
эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті
ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық
жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
2003 жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
Көлемі 149х74 мм. Басым түстері - көгілдір жəне көк.
Бет жағында негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870-950 ж.ж.)
портреті. Портреттің оң жағына мемлекеттік тілде 10 000 теңгелік номиналдың сандық
белгілеуі орналасқан. Банкноттың сол жағындағы жоғарғы бұрышта «ҚАЗАҚСТАН
ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Банкноттың төменгі бөлігінде Əл-Фараби портретінен
оңға қарай тік бұрыш жасай қарағанда көрінбейтін, бірақ банкноттың бетіне үшкір бұрыш
жасай қарағанда байқалатын «10 000» номиналының сандық белгісі бейнеленген белгі ою-
өрнекпен біріктіре бейнеленген. Портреттің оң жағында жарыққа тосып қараған кезде
көрінетін қорғаныш жібі, сондай-ақ жалпақ құбылмалы жіп орналасқан. Портреттің сол
жағында екі су тамғы белгі, біреуі классикалық, Əл-Фарабидің қырынан салынған бейнесі,
екінші үлгіде - барыс, сондай-ақ банкнот номиналы бейнелеген. Төменгі сол жақ бұрышта
нашар көретін адамдар үшін бедерлі екі шеңбер орналасқан.
Сырт жағында негізгі бейне - тау аясындағы барыс. Банкноттың оң жақ бөлігінде
Қазақстан Республикасы аумағының пішіні мен жалауы бейнеленген. Түсі өзгеретін
бояумен қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған 10 000 теңгелік номиналының сандық
белгілеуі. Банкноттың орталық бөлігінде тау бейнесінен төменірек 10 000 теңгелік
номиналды сандық белгілеу жəне «он мың теңге» деген сөздер орыс тілінде жазылған.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
189
Банкнота өлшемі 144х76 қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде
«Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күрең-қызыл жəне
қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны
нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ
сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында қоңыр түспен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі
бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік тілдегі
əріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменгі сол жақта
тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін
«Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу
орналасқан.
Сырт жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне:
Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тəуелсіздік монументінің
жоғарғы тұсы, «Қазақстан» қонақ үйі, артқы жағында таулар. Төменгі сол жақ бөлігінде
жəне жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада
орыс тіліндегі əріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ» жазуы жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау
жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс
тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығына шығарылған мерейтойлық
жазуы бар 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот
190
Көлемі 149 х 74 мм. Басым түстері - қоңыр жəне күлгін.
Жалпы таралымы – 1 000 000 дана.
Бет жағындағы негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870 -950)
портреті. Банкноттың сол жақ жоғарғы бұрышына көкшіл бояумен мемлекеттік жəне орыс
тілдерінде
«ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ 10
НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деп жазылған. Портреттің төменгі оң
жақ бұрышындағы 1998 жылғы үлгідегі банкноттарда қолданылған жасырын бейне мен
күміс металл бояу түсі құбылып тұратын «Аспанда қалықтаған бүркіт пен күн» бейнесіне
өзгертілген. Портреттің сол жағына машина арқылы оқуға болатын жіп орналастырылған
жəне жарыққа тосып қарағанда көрінуі мүмкін.
Банкноттың сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
Бет жағы: басым түсі қою жəне ақшыл жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық
бөлігінде «Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл
жəне көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны ноталарының
фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры
ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ
бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі
жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі
əріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол
жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін
«Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу
орналасқан.
191
Банкнота өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.
Сырт жағы: басым түсі қою жəне ақшыл жасыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі
бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай
атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде жəне жоғарғы
оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі
əріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы
жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін
«Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің
жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - жасыл жəне көкшіл.
192
Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.)
қырынан салынған портреті. Сол жағына «Қазақстан Ұлттық Банкі» деп жазылған.
Портреттің сол жағына сутамғы белгімен Əль-Фарабидің қырынан қарағандағы бейнесі
жəне сутамғы белгімен Барыс бейнеленген. Портреттің оң жағына реттік нөмірі тік
сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған. Портреттің сол жағына жоғарыда
көлденеңінен реттік нөмірі қара бояумен салынған. Реттік нөмірдің астына «Банкноттарды
қолдан жасау заңмен қудаланады» деп жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі
сандармен жəне əріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.Сырт жағы:
Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің сол жағына
жоғарыда ақшаның номиналы сандармен жəне əріптермен көрсетілген. Жоғарғы оң
жағына «Подделка банкноты преследуется по закону» деп жазылған.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
Банкнота өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде
«Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық жəне қою
қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны ноталарының
фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры
ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ
бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.
Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында
номиналдың мемлекеттік тілдегі əріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша
жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады»
деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.
193
Сырт жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі:
Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мəдени орталығының үйі,
артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде жəне оң жақ үстінде банкнота номиналының
сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі əріппен белгісі орналасқан.
Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне эмитент
банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка
банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ
бұрышында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |