Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


 1922-28 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ, 
бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған: 
-  Алтын  монеталық  стандарт  орнына,  ақша  жəне  валюта  жүйесінде, 
алтын монометализмінің қысқарған  формалары енгізілуі; 
-  Валюталарды тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы; 
-  Валюталардың  тұрақтандыру  əдісі,  олардың  кейбір  елдерде 
девальвация  түрінде  жүрсе,  кей  елдерде  ревальвация  түрінде  жүргізіліп, 
кейбір  валюталардың  (функ  стерлинг  сияқты)  соғысқа  дейінгі  алтындық 
құрамы қайта қалпына келтірілді; 
-  Валюталардың  тұрақтылығы  шетел  несиелерінің  көмегімен  жүзеге 
асырылды; 
Бұл  валюталық  тұрақтылық  та 30 жылдардағы  дүниежүзілік 
дағдарыстың  əсерінен  құлдырады. 1929-36ж.ж..  дүниежүзілік  валюталық 
дағдарыстың басты ерекшеліктері келесідей: 
-  циклдік  сипат:  валюталық  дағдарыс  дүниежүзілік  экономикалық 
жəне ақша-несие дағдарысымен байланысты болды; 

 
 
162
-  құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік 
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады; 
-  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы; 
30 жылдардағы дағдарыс нəтижесінде, Генуэз валюталық жүйесі, өзінің 
қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп, барлық елдің 
валюталары  тұрақсыздыққа  ұшырады.  Одан  кейін  жалғасқан  екінші 
дүниежүзілік  соғыс  Генуэз  валюталық  жүйесінің  дағдарысын  тереңдете 
түсіп,  соғыс  жылдарында 1943ж..  жаңа  дүниежүзілік  үшінші  валюталық 
жүйенің жобасы жасалды. 
  БҰҰ-ның  Бреттон-Вудстағы  (АҚШ) 1944ж  болған  валюталық 
қаржылық  конференциясында  дүниежүзілік  сауданы  ұйымдастырудың, 
валюталық,  несиелік  жəне  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың 
ережелері  бекітіліп,  үшінші  валюталық  жүйе  дүниеге  келді.  Конференцияда 
қабылданған  Халықаралық  валюталық  қордың  (ХВҚ)  жарғысы  Бреттон-
Вудск валюталық жүйенің келесідей қағидаларын анықтады: 
• 
алтынға  жəне  екі  резервтік  валютаға – АҚШ  доллары  жəне  фунт 
стерлингке негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді; 
• 
Бреттон-вудск  келісімі  дүние  жүзілік  валюталық  жүйенің  негізі 
ретінде алтынды пайдаланудың төрт формасын қарастырды: 
  а)  валюталардың  алтынның  құрамы  сақталып,  оларды  ХВҚ-да  тіркеу 
енгізілді. 
  ə)  алтын  халықаралық  төлем  жəне  резервтік  құрал  қызметінде  қала 
берді. 
  б)  АҚШ  өзінің  валюталық-экономикалық  потенциалының  жəне  алтын 
қорының  өсуімен  байланысты  долларды  алтынға  теңестіріп,  оған  басты 
резервтік валюта мəртебесін талап еттілді. 
  в)  осы  мақсатта,  АҚШ  қазынашылығы  долларды  шетелдің  орталық 
банктерінің  алтындарына  ауыстыра  бастады,  ол  кезде  АҚШ  долларының 
алтындық құрамы 1 троиск ункциясы 31,1035г
=35 долларға тең болатын. 
•  валюталардың  бағамдық  шекті  қатынасы  мен  олардың 
алмастырылуы  долларға  бейнеленген  валюталық  құрамы  незгізінде  жүзеге 
асырылды. 
•  бірінші  рет  тарихта  халықаралық  валюталық-несиелік  ұйымдар: 
Халықаралық  Валюта  Қоры  жəне  Дүниежүзілік  қайта  құру  жəне  даму 
банкісі (ДКДБ) құрылды. 
60  жылдардың  аяғынан  бастап,  Бреттон-вудс  валюталық  жүйенің 
дағдарысқа ұшырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері келесідей: 
– 
 Экономкалық тұрақсыздығы жəне қайшылықтар; 
– 
Инфляцияның  ұлғаюы,  əлемдік  бағаларға  жəне  фирмалар-дың 
бəсекелестік қабілетіне кері əсер етті; 
– 
Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында 
тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания); 

 
 
163
– 
Бреттон-вудс  жүйесінің  қағидаларының  əлемдегі  өзгерістерге 
сəйкес келмеуі. 
– 
Евродоллар  нарығының  активизациялануы.  Қаншалықты  АҚШ, 
өзінің  төлем  балансының  тапшылығын  өз  валютасымен  жапқанымен  де, 
оның  долларының  бір  бөлігі  Еуропа  елдерінде  евродоллар  нарығының 
дамуын  қолдау  мақсатында  шетелдік  банктерде  орналастырылған (80
%-ға 
жуығы немесе 750 млрд. доллар).  
1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (ßмайка) 
келісімі ХВҚ-дың жарғысына өзгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық 
жүйенің мынадай қағидаларын бекітті: 
–  Алтын-девиз  стандарты  орнына  СДР  (арнайы  қарыз  алу  құқы) 
стандарты  енгізілді,  сөйтіп,  жаңа  халықаралық  валюталық  есептесу  бірлігін 
енгізу туралы 1967 жылы қол қойылған болатын; 
– Алтынды демонетизациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы 
бағасы,  алтындық  құрамы  алынып  тасталып,  долларды  алтынға  ауыстыру 
аяқталды.  Сонымен, ßмайка  келісімі  бойынша  алтын  құн  өлшемі  қызметін 
атқармайтын болды; 
–  Елдерге кез-келген валюталық бағам режімін таңдауға құқық берілді; 
–  ХВҚ  Бреттон-вудс  жүйесінен  сақталған  мемлекетаралық  валюталық 
реттеуді күшейтуге шақырды.  
СДР-дің қызмет етуінің мынадай  басты мəселесі болды: 
1) эмиссиялау жəне бөлу; 2) қамтамасыз ету; 3) бағамды анықтау əдісі; 
4) СДР-дің пайдалану ауқымы; 
1  СДР  бірлігі 1970 жылдары 0,888671г.  алтынға  тең  болды,  яғни  оны 
қағаз  алтын  деп  атаған.  СДР-дің  бағамы  валюталар  қоржынының  орташа 
бағамы  негізінде  анықталды (16 елдің).  Валюталар  қоржынындағы  басты 
валюталардың  құнсыздануы,  əсіресе  доллардың  тұрақсыздығына  сəйкес, 
ßмайка  валюталық  реформасы  жұргізіліп,  доллар  тек  қана,  халықаралық 
төлем жəне резервтік құрал ретінде қалдырылды. 
Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды: 
• 
АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы; 
• 
доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15-
30
%-ке жоғарлауы; 
• 
АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет 
тапшылығының өсуі; 
• 
Инфляцияның ұлғаюы; 
• 
АҚШ-тың ішкі жəне сыртқы қарыздарының өсуі; 
Сонымен, ßмайка  валюталық  реформасында  валюталық  тұрақтылықты 
қамтамасыз ете алмады. 
Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық 
қоғамдастық  елдері  өздерінің  халықаралық  (аумақтық)  валюталық  жүйесін 
құрды. 

 
 
164
Еуропалық  валюталық  жүйе,  экономикалық  интеграциялану  процесін 
ынталандыру  мақсатында  құрылды.  Интеграционалдану  процесінің  даму 
себептеріне: 
шаруашылықтың 
интернационализациялануы, 
өндірістің 
қарсылас  орталықтардың  дүниежүзілік  нарықтардағы  өзара  қарсы  күресі 
жəне  валюталық  тұрақсыздық  жатады.  Еуропалық  экономикалық 
қоғамдастық – бұл  Батыс  Еуропа  елдерінің  біршама  дамыған  аумақтық 
интеграционалдық  тобын  білдіреді,  ол 1957ж.  наурызда  алты  елдің:  ФРГ, 
Франция,  Италия,  Бельгия,  Нидерландия,  Люксембург,  Рим  елдерінің 
арасында жасалған келісім шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан 
бастап қызмет етеді.  
1973  жылдан  бастап,  ЕЭҚ-қа  Ұлыбритания,  Ирландия,  Дания  елдері 
кірді.  Ал 1981 жылы  Греция, 1986 жылы  Португалия  жəне  Испания 
қосылған. 
ЕҚ-тың мақсаты:  
1) 
шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық 
жəне саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;  
2) 
Батыс 
Еуропа 
орталғының, 
АҚШ 
жəне 
Жапонияның 
дүниежүзілік  нарықтағы  монополияларымен  күресуде  позицияларын 
нығайту;  
3) 
Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, 
өзінің əсер ету аясында ұжымдық күште ұстау. 
Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:  
Біріншіден,  ЕҚ    құрылуы  көмірдің  ортақ  нарығынан  басталады  жəне 
шаруашылық  кешен  интегралданғанға  дейін 6 ел  жəне 12 саяси  одақ  болса, 
бүгінгі  уақытта 15-16 мемлекетке  жетті.  Болашақта  ЕҚ-қа  Шығыс  жəне 
Орталық  Еуропа  елдері  (ЕҚ-тың  жіктеуі  бойынша  оған:  Литва,  Латвия, 
Эстония жатады) қосылады деп күтілуде. 
Екіншіден,  ЕҚ-ның  институционалдық  құрылымы  мемлекеттің 
құрылымына жақын жəне мынадай ұйымдардан тұрады: 
Еуропалық  кеңес (1974 жылдан  бастап,  оған  мүше  елдердің  мемлекет 
басшылары  мен  өкімет  басшылардың  отырысы  ЕҚ  жоғарғы  ұйымы  болып 
табылады). 
Министрлер кеңесі – заң шығарушы орган. 
ЕҚ комиссиясы (ЕҚК) – атқарушы орган. 
Еуропалық  парламент – кеңес  берушіорга.  Бұл  орган  ЕҚК    жəне 
Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚ бюджетін бекітеді; 
ЕҚ соты - құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы; 
Əлеуметтік  жəне  экономикалық  комитет – кəсіпкерлер,  кəсіподақтар 
өкілдерінен құралған кеңес беруші орган. 
Үшіншіден,  интеграциялық  процестің  материалдық  негізі  болып,  ЕҚ-
тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді. 
Экономикалық 
интеграцияның 
ажырамас 
элементі 
валюталық 
интеграция болып табылады. Оған, валюталқ саясаттың шоғырлану процесі, 

 
 
165
валюталық  реттеу  мемлекет  аралық  валюталық-несиелік  жəне  қаржы 
ұйымдарын құру жатады. 
ßмайка  валюталық  жүйесіне  қарағанда  Еуропалық  валюталық  жүйе 
қағидалары мынадай болды: 
ЕВЖ, ЭКЮ – еуропалық валюталық бірлікке негізделеді (1999ж. дейін) 
ЭКЮ-дің  шартты  құны  ЕҚ-тың 12 елдерінің  валюталары  негізінде 
валюталардың қоржынының əдісі бойынша анықталды. 
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша 
төлем  балансындағы  тапшылықты  жабуға  жəне  валюталық  интеграцияға 
байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады. 
 
 
 
8.3. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 
 
Əлемдік  тəжірибе  көрсеткендей,  нарықтық  экономика  жағдайында 
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады: 
•    нарықтық реттеу; 
•    мемлекет тарапынан реттеу; 
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс жəне ұсыныс, сондай-ақ 
олардың  бағамдық  шекті  қатынастары  қалыптасады.  Нарықтық  реттеу  құн 
заңына  бағынады.  Мұндай  заңдардың  валюталық  нарықтағы  бəсекелестік 
жағдайында 
жұмыс 
жасауы, 
валюталар 
айырбасының 
қатысты 
баламалылығын,  тауарлар,  көрсетілетін  қызметтер,  қапиталдар,  несиелер 
қозғалысына 
байланысты 
əлемдік 
шаруашылықтың 
қажеттілігіне 
валюталардың халықаралық ағымының сəйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға 
механизмі  жəне  нарықтағы  валюталық  бағам  динамикасының  белгілері 
арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы 
мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, 
валюталық  операциялардың  жағдайы  туралы  ақпараттар  көздері  болып 
табылады. 
Бірақ  та,  мемлекет  ертеден  бері  валюталық  қатынастарға  араласып 
келген,  бастапқысында  ол,  жанама  түрде,  кейіннен  оның  əлемдік 
шаруашылықтағы  маңыздылығын  ескере  отырып,  тікелей  араласа  бастады. 
30  жылдардағы  ХХ  ғ.  алтын  стандарты  алынып  тасталуына  байланысты 
валюталық  бағамды  реттегіш  ретінде  алтын  механизмі  қызметін  тоқтатты. 
Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар 
ұлттық  жəне  əлемдік  экономикаға  теріс  əсер  ете  отырып,  ауыр  əлеуметтік-
экономикалық зардапқа ұшыратты. 
Нарықтық жəне мемлекеттік валюталық реттеу бірін бірі толықтырады. 
Біріншісі, бəсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, 
валюталық  қатынастарды  нарықтық  реттеудегі  теріс  салдарларды  жоюға 
бағытталған.  Екі  реттегіш  арасындағы  шекара  нақты  жағдайлардағы 

 
 
166
тиімділік  жəне  шегуге  байланысты  анықталады.  Сондықтан  да,  олар 
арасындағы  шекті  қатынас  жиі  ауысып  отырады.  Дағдарыс,  соғыс  жжəне 
тағы  басқа  қиын  жағдайларда  қатаң  мемлекеттік  валюталық  реттеудің 
маңыздылығы  артады.  Сондай-ақ  валюталық-экономикалық  жағдайдың 
жақсаруы  барысында  валюталық  операциялар  ырықтандырылып,  бұл 
аумақта  нарықтық  бəсеке  орын  алады.  Бірақ  та  мемлекет,  бұл  жағдайда  да, 
валюталық  қатынастарды  қалыпқа  келтіру  жəне  қадағалау  мақсатында 
валюталық бақылау жасайды. 
Нарық  экономикасын  реттеу  жүйесінде  валюталық  саясат  маңызды 
орын алады.  
Валюталық  саясат - бұл  елдің  ағымдық  жəне  стратегиялық 
мақсаттарына  сəйкес,  халықаралық  валюталық  жəне  басқа  экономикалық 
қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.  
Валюталық  саясат  экономикалық  саясаттың  ең  басты  мақсаттары: 
тұрақты  экономикалық  өсуді  қамтамасыз  етуге,  жұмыссыздық  пен 
инфляцияның  өсуін  тоқтатуға,  төлем  балансындағы  тепе-теңдікті  ұстап 
отыруға бағытталады. 
Валюталық  саясаттың  басты  бағыттары  мен  формалары  елдердің 
валюталық-экономикалық 
жағдайына, 
əлемдік 
шаруашылықтың 
эволюцияларына,  əлемдік  аренадағы  күштердің  орналасуына  байланысты 
анықталады. 
Заңды  түрде  валюталық  саясат  валюталық  заңдылықтар,  яғни,  елдегі 
жəне  одан  тысқары  жерлердегі  валюталық  бағалылармен  байланысты 
операциялардың  жасалу  тəртібін  реттейтін  құқықтың  нормалар  жиынтығы 
мен,  сондай-ақ  екі  жақты  көп  жақты-валюталық  проблемалар  бойынша 
мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді. 
Валюталық  саясатты  іске  асырудың  басты  бір  құралы - валюталық 
реттеу болып табылады.  
Тікелей  валюталық  реттеу  –  заңды  актілер  жəне  атқарушы  өкіметтің 
əрекет  ету  жолымен  іске  асса,  ал,  жанама  валюталық  реттеу  -  нарықтың 
экономикалық  агенттерінің  мінез-құлқына  экономикалық,  оың  валюталық 
жəне несиелік əдістерді пайдалану арқылы əсер етеді. 
Мемлекет аралық валюталық реттеу ұйымы - Халықаралық Валюталық 
қор (ХВҚ) болып табылады. 
Валюталық  саясат  өзінің  мақсаттарына  жəне  формаларына  байланысты 
екіге бөлінеді: 
1.)  құрылымдық валюталық саясат; 
2.)  ағымдық валюталық саясат; 
Құрылымдық  валюталық  саясат – дүниежүзілік  валюталық  жүйедегі 
құрылымдық  өзгерістерді  жүзеге  асыруға  бағытталатың  ұзақ  мерзімді 
шаралар жиынтығы.  
Ол,  валюталық  саясат  реформа  формасында  іске  асырылады. 
Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа əсер етеді. 

 
 
167
Ағымдық  валюталық  саясат - валюталық  бағамды,  валюталық 
операцияларды,  валюталық  нарық  пен  алтын  нарығының  қызметтерін 
күнделікті  оперативті  түрде  реттеуге  бағытталған  қысқа  мерзімді 
шаралар. 
Валюталық саясаттың келесідей формалары қолданылады: 
1.)   Дисконттық валюталық саясат. 
2. )  Девиздік валюталық саясат. 
Сонымен  қатар,  девиздік  саясаттың  мынадай  жүзеге  асырылу 
формалары болады: 
а)   валюталық интервенция; 
ə)   валюталық резервтерді диверсификациялау; 
б)   валюталық шектеу;  
в)   валюталардың алмастырылу дəрежесін реттеу; 
г)   валюталық бағам режимі; 
д)   девальвация; 
з)   ревальвация; 
 Дисконттық  (есепке  алу)  саясаты - бір    жағынан,  валюталық  бағам 
мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша 
массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық 
банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.  
Мысалға:  пассивтік  төлем  балансы  кезінде  капиталдың  еркін  орын 
ауыстыруы  жағдайында  есепке  алу  мөлшерінің  көтерілуі,  ең  төменгі  пайыз 
мөлшерлемесі  бар  елдерден,  капиталдың  келуін  ынталандырып,  төлем 
балансының жағдайын жақсартады жəне валюталық бағамды арттыра түседі. 
Ал,  егер  орталық  банк  есепке  алу  ресми  мөлшерін  төмендететін  болса, 
отандық жəне шет елдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік 
қалдығы азаяды жəне валютаның бағамы төмендейді. 
Қазіргі  жағдайда  дисконттық  саясаттың  тиімділігі  төмендеген.  Себебі, 
егерде  төлем  балансын  жақсарту  мақсатында  есепке  алу  мөлшерін 
арттыратын  болса,  оның  экономика  үшін  теріс  əсері  болады.  Ал  оның 
төмендеуі,  төлем  балансына  кері  əсер  етіп,  яғни  капиталдың  сыртқа 
ағылуына жол береді.  
Девиздік  саясат - мемлекеттік  ұйымдардың  немесе  орталық  банктің 
шетел  валюталық  сату  жəне  сатып  алу  жолымен  ұлттық  валюта 
бағамына əсер ету əдісі.  
Ұлттық  валюталық  бағамын  көтеру  мақсатында  орталық  банк  шатал 
валютасын  сатады,  ал  бағамын  түсіру  үшін,  шетел  валютасын  ұлттық 
валютаға айырбастау арқылы сатып алады. 
Девиздік  саясат  көбіне  валюталық  интервенция  формасында  жүзеге 
асырылады.  Валюталық  интервенция  ХІХ  ғасырдан  бастап  қолданыла 
бастаған.  Алтын  монометализмі  алынып  тасталғаннан  кейін  валюталық 
интервенция кеңінен қанат жайды. 

 
 
168
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  жаңа  құбылыс  ретінде  мемлекет 
аралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық - Еуропалық 
валюталық институт құрылды (1994ж.) 
Валюталық  резервтерді  диверсификациялау – бұл  халықаралық  есеп 
айырысуларды  қамтамасыз  ету,  валюталық  интервенция  жүргізу  жəне 
валюталық  шығындардан  сақтау  мақсатында  əр  түрлі  валюталарды  қосу 
жолымен  валюталық  резервтердің  құрылымын  реттеуге  бағытталған 
мемлекеттің жəне банктердің саясаты.  
Бұл  саясат  қарапайым  түрде  тұрақсыз  валюталарды  сату  жəне 
халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу 
жолымен жүзеге асырылады. 
Валюталық  паритет  жəне  валюталық  бағам  режимі  Ұлттық  жəне 
мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады. 
Девальвация  мен  ревальвация – валюталық  саясаттың  дəстүрлі 
əдістеріне жатады. 
Девальвация - ұлттық  валютаның  бағамын,  шетел  валюталарына 
қатынасы төмендету. 
Ревальвация - ұлттық  валюта  бағамын,  шетел  валюталарына 
қатынасы бойынша жоғарлату. 
Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай: 
 
   
      Б
е
 – Б
ж
   
 
 
        Д 
=  ⎯⎯⎯⎯⎯ х 100  
                 Б
е 
мұнда, 
      Б
е
 – ескі бағам; 
      Б
ж
 – жаңа бағам. 
Ревальвация пайызын есептеу формуласы: 
 
   
     Б
ж
 – Б
е
   
 
 
       Р 
= ⎯⎯⎯⎯⎯ х 100 
                   Б
е 
Мысалға: функ стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін 
төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік: 
                  2.8 – 2.4  
 
 Д 
= ⎯⎯⎯⎯⎯ х  100 = 14.3 %   
 
 
 
       2.8 
 
Сол  сияқты,  функ  стерлингтегі 1 доллардың  бағамын  анықтайық,  1 
фунт ст.  
= 2.8 доллар 
         
Х 
=  1 доллар 
 

 
 
169
                  1  
       Х 

⎯⎯⎯⎯⎯
  
= 0.35 
                 2.8 
 
Демек, девальвациялауға дейін функ стерлингі бағамы 1 доллар 
=  0.35 
функ стерлинг тұрса, ал, девальвациялаудан кейін, ол,  0.41 функ стерлингті 
құрады.  Доллардың  ревальвациялану  мөлшері  мынадай  жағдайда 
анықталады: 
 
           0.41 – 0.35    
     Р 
= ⎯⎯⎯⎯⎯    х  100 = 16.7  %   
              0.35 
              
Валюталық  саясаттың  келесі  бір  формасы  ретінде  валюталық  шектеу 
үздіксіз пайдаланылады. 
Валюталық  шектеу – резиденттер  мен  бейрезиденттердің, 
валюталар  жəне  басқа  валюталық  құндылықтармен  жасалатын 
операцияларын  заңды  түрде  немесе  əкімшілік  түрде  тайым  салуы  немесе 
шектеуі.  
Валюталық  шектеу,  валюталық  бақылаудың  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі. 
Валюталық шектеудің мақсаттары келесідей: 

төлем балансын теңестіру; 

валюталық бағамды қолдау; 

ағымдағы  жəне  стратегиялық  міндеттерді  шешу  үшін  мемлекеттің 
қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы. 
Валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді: 

Валюталық  операцияларды  орталық  жəне  өкілетті  (девиздік) 
банктерде орталықтандырылуы; 

Валюталық  операция  жасау  ушін  рұқсат  қағазының  (лицензия) 
берілуі; 

Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу; 

Валюталардың қайтарымдылығын шектеу; 
 
8.4. Валюталық нарық  
 
Валюталық  нарық - бұл  шетел  валюталары  мен  шетел 
валютасындағы  бағалы  қағаздарды  сату  жəне  сатып  алу  операциялары 
жүзеге асырылатын арнайы орталық. 
Валюталық  операциялардың  көлемі,  сипатына  жəне  пайдаланатын 
санына қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлінеді:  халықаралық,  
аумақтық жəне  ұлттық (жергілікті). 

 
 
170
Халықаралық 
валюталық 
нарықтар 
ірі 
дүниежүзілік 
қаржы 
орталықтарында  орналасқан.  Оның  ішінде,  Хондайдағы,  Нью-Йорктегі, 
Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, 
Гонкконгтағы  ірі  валюталық  нарықтарда  халықаралық  төлем  айналымында 
кеңінен  пайдаланылатын  валюталар  ұлттық  валюталық  нарықтарда  белгілі 
бір  еркін  аумастырылады,  мысалы:  Сингапур - доллары,  Сауд - риалы, 
Кувейт    -  динары  т.б.  орналасқан  банктер  өз  клиенттеріне  валюталық 
қызметін түсіндіреді. 
Валюталық  нарықтағы  операцияларға  банктер  функциональдық 
көзқараспен  қарасақ,  валюталық  нарық  -    халықаралық  есеп  айырысу, 
валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық 
операциялардың жиынтығы.  
Институтционалдық  жағынан  қарасақ,  валюталық  нарық  -  Үкіметтің, 
банктердің,  инвестициялық  компаниялардың  биржалардың  брокерлік 
конторалардың жəне шетелдік банктердің жиынтығы.  
Ұйымдастырылу – техникалық  жағынан  алсақ,  валюталық  нарық -  
банктерді  халықаралық  есеп  айырысу  жəне  валюталық  операцияларды 
жүзеге  асыру  барысында  өзара  байланыстыратын  коммуникациялық 
жүйелердің жиынтығын білдіреді.  
Валюталық нарықты белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі: 
1). Орналасу аумағына қарай: 
• 
халықаралық; 
• 
 ішкі; 
• 
аумақтық. 
2).  Валюталық шектеуге қатысты:  
• 
еркін нарық; 
• 
еркін емес. 
 Валюталық  шектеу  қойылған  валюталық  нарықты - еркін  емес  нарық 
деп,  ал  валюталық  шектеу  қойылмаған  жағдайда  оларды  еркін  валюталық 
нарық деп атауға болады. 
3).  Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай: 
• 
бір ғана режимді; 
• 
қос режимді,  
Бір  ғана  режимді  валюталық  нарық - бұл  еркін  валюталық  бағамға 
негізделген,  яғни  валюталардың  өзгермелі  бағамы  биржадағы  саудада 
белгіленеді.  
Қазақстан  Республикасында  теңгенің  арнайы  валюталық  бағамы 1999 
жылы 5 сəуірден  бастап,  өзгермелі  бағам  режиміне  өтті.  Ал  оған  дейін 
тіркемелі бағам қолданылып келді 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет