6.4. ҚР-ғы банк жүйесі
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сəйкес
12
ҚР-ғы банк
жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
´зге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
12
“
Қ
Ð-¹û áàíêòåð æ¸íå áàíêòiê ºûçìåò òóðàëû”
Қ
Ð çà»û. 31.08.1995
122
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он
үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының
нəтижесінде еліміздің өз тəуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету
керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы
мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу
болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін
банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
6.4.1. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері жəне операциялары
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық жəне резервтік орталығы ретінде
ақша-несие жəне валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты
мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге жəне еліміздің
банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді
қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақша массасы
жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс-жүзінде Ұлттық банкте
барлық кассалық резевтердің шоғырлануы жəне олардың шаруашылық
айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер
кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер
қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе
отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса
меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық
бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Əлемдік тəжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың
əртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей,
Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
123
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тəуелсіз банктер
жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін
коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мəні жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық
қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан,
құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа
бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын
меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік жəне басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады
жəне жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың
орнын жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған,
оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен
монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды жəне резервтік қорды
абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк жəне
оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ішкі баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айрысулар мен валюталық
қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына
жетуге жəне оның əлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай
жасайтын мемлекеттің
ақша-несие
саясатын жасау жəне жүргізу;
- ақша, несие жəне банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау жəне олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған жəне Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.
Ұлттық банктің басқару құрылымы.
124
Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару
органына: Басқарма жəне директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады жəне
басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- банктердің ашылуына рұқсат беру жəне оларды қайтарып алу туралы
шешім қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тəртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау жəне Президенттің
бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын жəне табыс мен зияны туралы есебін қарау
жəне бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тəртібі, негізгі құралдарды жəне өзге де мүліктерді пайдалану,
ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы жəне бюджеті, департамент
директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің жəне ұйымдардың
жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды жəне шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау жəне
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық жəне басқа да ұйымдарда қатысуы туралы
шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын жəне əдістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы жəне бес лауазымды тұлғалары,
-
ҚР Президентінен бір өкіл;
-
ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы - директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары жəне құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
125
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
-
Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6
жылға сайлайды жəне қызметінен босатады;
-
ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының
ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды жəне қызметінен босатады.
-
ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;
-
Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР
Президенті бекітеді;
-
ҚҰБ-нің ҚР Прзеидентіннің сұрауы бойынша өзінің қызметіне
байланысты ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық
банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз
қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен
басқа да бөлімшелерден түратын орталық аппараты, филиалдары,
өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен
дербес басқармалары бар
:
•
зерттеу жəне статистика департаменті;
•
шетел операциялары департаменті;
•
ішкі операциялар басқармасы;
•
монетарлық операциялар департаменті
•
сыртқы байланыстар бөлімі;
•
заң қызметі департаменті;
•
əкімшілік департаменті;
•
қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
•
инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
•
бухгалтерлік есеп департаменті;
•
есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
•
операциондық басқарма;
•
төлем жүйесі басқарамсы;
•
бақылау жəне аудит департаменті;
•
персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
•
халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
•
мерзімді басылымдар жəне іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де
кіреді:
•
Мемлекеттік сақтау қоймасы;
•
Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
•
Банкноттық фабрика;
126
•
Монета сарайы
•
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО);
•
Қазақстан ипотекалық компаниясы;
•
Процессингтік орталық
•
Актуарлық орталық
•
Банктік сервистік бюро;
•
Ұлттық ақпараттар технологиясы
•
Автобаза.
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары.
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметерді атқарады
:
-
айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолы мен
республикада
мемлекеттік
ақша-несие
саясатын
жүргізеді
жəне
монетарлардың монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды
эмиссиялайды;
-
ҚР үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады ;
-
Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына
жəне филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді.
-
белгіленген тəртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне
мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
-
ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз
мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады.
Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:
-
бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
-
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады жəне сатады;
-
депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады жəне сатады.
-
депозиттік жəне есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып,
бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға жəне басқаруға
қабылдайды;
-
қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
-
қажет кезінде банктерде жəне қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
-
чектерді жазып вексельдерді береді;
-
жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа
да банктік операцияларды жүзеге асырады.
6.4.2. Ақша-несие саясаты
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
жəне жүзеге асыратын орган болып табылады.
127
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие
көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк
жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі -
Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк
тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол жəне қолма-қолсыз
ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие
саясатының екі типі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне қатаң шарт белгілеуге,
сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын
шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың əлсіздігімен жəне
сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты:
инфляцияны төмендету жəне теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға
сəйкес Ұлттық мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
•
Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
•
Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;
•
мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу жəне сатуы бойынша
ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;
•
банктерге жəне үкіметке несиелер беру;
•
валюталық нарықта интервенциялау;
•
кейбір
жағдайларда,
несиелік
операциялардың
жекелеген
түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми
сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО жəне кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы
мөлшерлемесі;
128
- “овернайт” займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы
жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция жəне күтілетін
инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері,
ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке
қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы
жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді жəне Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке
алу оепрацияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық)
мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады жəне ол
айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеугде қолданылады.
РЕПО жəне кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері
– жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына
байланысты белгіленеді жəне мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар
жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу
жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен
РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы
мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары
бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге
берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттық банктің
екінші
деңгейдегі
банктерге,
олардың
ҚҰБ-ғы
теңгеде
ашқан
корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай
аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не
жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 5-
кестемен беруге болады.
5-кесте.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері*
пайыздар, кезеңнің соңына
N
Сыйақы мөлшерлемесінің
түрлері
12. 2000 ж. 12.2001
ж. 12.2002ж .
1. Қайта қаржыландыру 14
9
7,5
2. Есептік (дисконттық) 12,5
8
8
3. Овернайт
займдары
бойынша
20
12
9
129
4. РЕПО
операциялары
бойынша, оның ішінде:
овернайт
1 жұма
2 жұма
-
6,5
5,5
5
5
5,5
5,5
5,5
5,5
*
Сандық
мəліметтер
ҚҰБ
статистикалық
бюллетенінен
алынған.
N 6 (103)
2003
маусым.
Ескерту
:
РЕПО
операциялары
бойынша
мөлшерлемелер
8
.
12
.
00
ж
бастап,
мерзімдер
бойынша
күн
сайын
белгіленеді.
Ең төменгі резервтік талаптар.
Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде жəне
олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты
банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында
Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар жəне пайыз
саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік
реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің
бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру
институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін
сақтандыру
қызметін,
екінші
жағынан,
экономикадағы
ақшалай
мультиплкация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген
″ҚР коммерциялық кооперативтік жəне жеке банктердің қызметін реттеу
туралы
″ нұсқауға сəйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде
бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6
%-ды құрайды. Банктердің
резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік
шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын
төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тəртібіне
өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау
барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі
резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Əлемдік тəжірибеде, міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең
төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары
деңгейде
бекітілген.
АҚШ-та
міндетті
резервтер
банктердің
категорияларына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып
келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз
депозиттік шоттарында сақталады жəне резервтердің артық мөлшері
Примечание [U2]:
Примечание [U3]:
130
федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды
процесстерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-
тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялық
банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген
резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне əсер ететін
федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып
табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан
немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дəл осылай, жанама жолмен
коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы жəне
экономиканы
тұрақтандыру
барысында
бұл
резервтер
салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел
Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру жəне ынталандыру үшін
міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.
Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциялдық
нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды
орындау барысында банктерге мынадай екі тəсіл қолданады:
1. міндетті резервтер;
2. резервтеудің альтернативтік тəртібі.
Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық банк орташа айлық
қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50 % көлемінде теңгедегі резервтерге
бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша
Лондондағы депозиттер нарығындағы (LІVІD) бір айлық депозиттің орташа
өлшемді мөлшерлемесінің 50 % көлемінде пайыз төлейді.
Ашық нарықтағы операциялар.
Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы
ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта
мемлекеттің бағалы қағаздарын сату жəне сатып алумен байланысты
операциялары.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі жəне
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы əдістерінің бірі болып табылады.
Оның негізгі мəні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені
эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше, банктерге несие беруді жəне ақша шығаруды ынталандыру
мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы
банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Несиелік операциялар
131
Несиелеу жəне қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық
банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына
байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі
банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге
асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін ¶кіметке несие беру бюджет
саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті
несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін
несиелерді беру жəне кəсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын
қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар
арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу
негізінде жүзеге асырылады.
Валюталық интервеция
Ұлттық банктің валюталық интервенциясы – деп ұлттық валюталық
бағамына əсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату
жəне сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын
айтады.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенция дербес түрде кез
келген банктер жəне валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық
мəмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Біздің тəжірибемізде валюталық интервенция алтын валюта резевтері
есебінен жүзеге асырылуда.
Алтын валюта резерві
Алтын валюта резерві ұлттық валюта – теңгенің тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін құрылады жəне пайдаланылады. Алтын валюта
резевтері мыналардан тұрады:
•
құйма алтыннан;
•
Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота жəне монета түріндегі
шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
•
валюталық құндылықтардан;
•
шетел валютасындағы жəй жəне аудармалы вексельдерден;
•
шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының
шығарған бағалы қағаздарынан;
•
басқа да сыртқы активтерден.
•
Алтын валюта резервін ұлғайту жəне құрылымын өзгерту келесідей
жолдармен жүзеге асырылады:
•
монетарлық алтынды сатып алу;
•
резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел
валютасын сатып алу;
•
депозиттік,
салым,
шетел
валюталарымен
дилингтік
операциялардан түсетін комиссиондық жəне басқа да сыйақы (мүдде)
түріндегі түсімдер;
132
•
Ұлттық банктің монетерлық алтын, күміс, платина жəне платина
тобындағы басқа да металлдармен жасалатын операцияларды жүргізуден
түсетін валютадағы түсімдер;
•
Ұлттық банктің кеңес беру, ақпаратық - баспа жəне басқа да
қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.
Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен
іске асырылады:
•
ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта
валютаны сату;
•
өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін
тенгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде
дипломаттық жəне басқа да өкіліттіліктерді ұстауға жəне іс сапар
шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің жəне Ұлттық банктің
сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
•
басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;
•
Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы жəне
сыйақыны қайтару;
•
құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта
активтерін шегеру.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап
келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын-ала анықтау
тəжірибесіне көшті жəне əр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған
Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі
мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы
мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция
бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.
Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны
төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді жəне сонымен қатар
жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының
үлкен сенемін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тəжірибесі көрсеткендей,
инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз
бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты
кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тəуелсіздігі,
Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты
түсіну, ақпараттың ашықтығы.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сқатауға,
сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының əрі қарай дамуына жəне
банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің
несиелеуін əрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы
зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
2003-2005
жылға
арналған
ақша-несие
саясатының
негізгі
көрсеткіштеріның болжамы 6-кестеде беріледі.
133
6-кесте.
2003-2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы
Көрсеткіштер 2002
(бағалау)
2003 2004 2005
1. Инфляция
жылына орташа,
%
6 4-6
4-6
3-5
2. Қайта қаржыландыру
жылдың соңына
7,5 6-7
5-6,5
4,5-6
3. Алтын-валюта резерві
млн. АҚШ доллары 3008 3355
3541
3673
өзгерістер,
%
16 11,5
5,5
3,7
4. Ақша базасы
млрд. тенге
207 237
268
304
өзгерістер,
%
18,1 14,8
12,9
13,9
5. Ақша массасы
млрд. тенге
707 865
1008
1168
өзгерістер,
%
22,7 22,4
16,6
15,9
6. Банк жүйесіндегі резиденттердің
депозиттері
млрд. тенге
544 671
788
910
өзгерістер,
%
22,3 23,3
17,4
15,5
7. Экономикаға беретін банктің
несиелері
млрд. тенге
439 571
718
866
өзгерістер,
%
58,8 30,1
25,7
20,8
8.
Халықтың теңгедегі мерзімді
депозиттерінің орташа өлшенген
мөлшерлемесі,
%
13 11,0
9,0
7,5
9.
Заңды тұлғаларға берілген
теңгедегі несиенің орташа
өлшенген мөлшерлемесі,
%
17,5 16
15
13,5
6-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003-2005 жылға арналған ақша-
несие саясатының басты мақсаты – 2003-2004 жылдары орта жылдық
инфляцияны 4-6
% жəне 2005 жылы 3-5 % шегінде ұстау.
Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының біріне “ашық нарықтағы операция”, оның ішінде РЕПО
операциясы жəне вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003
жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде РЕПО
134
жəне вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) ролін нығайту үшін
шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004-2005 жылдары ақша-несие
саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет еттеді.
2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді
либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке
келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту,
яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін
лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда.
Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2
кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау
бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылға аяқталады деп күтілуде.
Осы жылы Ұлттық банк Процессингтік орталық базасында “Ұлттық
банкаралық төлем карточкалар жүйесін” енгізу жұмыстарын қолға алуда.
Банк секторы саласында Ұлттық банк, тəуекелдері басқару жүйесін
ендіру жəне ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық
қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке
тұлғалардың
салымдарын
міндетті
түрде
ұжымдық
кепілдендіру
(сақтандыру) жүйесін жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек
осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын жəне жинақтаушы
зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.
Ұлттық банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды
құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тəуекелін
сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.
2003-2005 жылдары Ұлттық банк қаржы есебінің халықаралық
стандартына өтуді көздеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |