ІІ.
1
.
Екінші
деңгейдегі
банктер
2
.
Маман
-
данған
банктер
Орталық
аппарат.
Филиалдары.
´
кілдік.
Еншілес
банкі.
Бөлімшелері.
Клиенттерге
несие
-
есеп
айрысу
қызметін
кешенді
түрде
көрсету
Банк
көрсететін
қызметінің
жекелеген
түріне
ғана
маманданған
Несие
жүйесі
ІІІ.
Банктік
емес
мекемелер
Орталық
аппараты.
Филиалдары.
´
кілдік.
Маманданған
несие
-
есеп
айырысу
жəне
қаржылық
қызмет
көрсету.
Пара-
банк
жүйесі
І
V
.
Пошта
-
жинақ
мекемелер
і
Орталық
аппарат
(
АҚ
Қазпошта
)
.
Бөлімшелері
Халыққа
несие
-
есеп
айырысу
қызметін
көрсету,
ұсақ
салымдарды
тарту
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы несие жүйесі туралы
мəліметтер 4-кестеде беріледі.
4-кесте.
100
ҚР-ғы несие жүйесі туралы мəліметтер*
кезеңнің соңына
Несие жүйесінің элементтері 12.2000 12.2001 12.2002 06.2003
1.Екінші деңгейдегі
банктердің барлығы:
48 44 38 35
оның ішінде:
мемлекеттік
1 2 2 2
мемлекетаралық 1 1 - -
Шетел капиталының
қатысуымен,
оның ішінде:
– 100
%/50%-дан аса,
оның ішінде
еншілес банктер
16
9/7
12
16
9/6
11
17
9/6
11
16
10/4
10
2. Несиелік серіктестіктер
8 19 29 37
3. Ломбардтар
42 45 52 35
4. Ипотекалық компаниялар
- 2 2 2
5. Басқа да ұйымдар**
53 41 42 46
*
Сандық
мəліметтер
ҚҰБ
-
нің
статистикалық
бюллетенінен
алынған
N6
(103)
.
2003
маусым.
**
Банк
операцияларының
жекелеген
түрлерін
жүзеге
асыратын
ұйымдар
4-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға
азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк
жүйесін реформалау нəтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.)
қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің
100
% қатысуымен құрылған) саны - 2. Қазақстанның банктік секторында
шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы
банктер санының жартысына жуғын алады. Ал, банктік емес мекемелер
санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
5.6. Банктік емес мекемелер
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі
барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан
жаңа құрылымды сипаттайды.
Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден
айырмашылығы - олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана
қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрілері
бойынша қызмет көрсетеді.
101
Кейбір экономикалық əдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі
несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік
қоғамдарды жəне одақтарды жатқызады.
Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа
мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кəсіпорын
ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік,
оның ішінде бағалы металлдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары
негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік
құнының 50-80
% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар,
олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде
кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі - мұнда
несиелік шарт жəне кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру
барысында клиент кепілге зат қойғандығын куəландыратын жəне ссуда
алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз
алушының реквизиттері жəне мəміленің басты шарты көрсетіледі.
Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін
көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу жəне міндетті
кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер
мүшеліктен
шығып
қалған
жағдайда
қайтарылмайды.
Несиелік
серіктестіктердің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кəсіпорындар,
банктер, шағын жəне орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік
серіктестіктердің басты пассив операцияларына – салымдарды тарту жəне
займдарды орналастыру; актив операцияларына – ссудалық, комиссиондық,
сауда-делдалдық операциялары жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне – ауыл шаруашылығы несиелік
қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық
жəне мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке жəне заңды
тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі - ауыл шаруашылығына несие-
есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым,
тыңайтқыш сатып алу шығындарын жəне өзге де жұмыстарды несиелеу.
Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа
қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кəсіпорындары
жатады. Негізгі операциялары: қысқа жəне орта мерзімге ссудалар беру жəне
салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік
серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі - олардың қызметінің
бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ табыс салығынан
босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілдіктер болады.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ
несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
102
Олар екі негізгі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін
беру мақсатында кəсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар
тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік
түрінде, мысалы ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары,
кооперативтер жəне т.б.
Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын
үлесінен жəне пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен
қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту
жəне займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар
беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық жəне комиссиондық
операциялар; кеңес беру жəне өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.
Өзара несие қоғамдары – шағын жəне орта бизнеске қызмет
көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас
келетін несиелік мекемелер.
Бұл қоғамдар Ұлы қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде
Қазақстан аумағында жеке өнеркəсіпшілер мен саудагерлерге несие-есеп
айырысу қызметін көрсеткен. ´зара несие қоғамдарының қатысушыларына
заңды жəне жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың
қосқан жарналарынан қалыптасады.
Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:
- ломбардтар;
- несиелік серіктестіктер;
- микрокредиттік ұйымдар;
- жинақтаушы зейнет ақы қорлары;
- пошта-жинақ мекмелері;
- ипотекалық компаниялары.
Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік
серіктестіктер кеңінен дамып келеді.
ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы N 314 “Ломбард туралы”
ережесіне сəйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің
берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге
асыратын заңды тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
• ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді
сипаттайды;
• бағалы металлдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина
тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металлдар
жəне асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге
қабылдау, есепке алу, сақтау жəне сату;
• сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жəшіктерді,
шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
103
• келісім-шарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің
меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;
• заң талаптарына сəйкес кепілге алынған мүлікті сату.
Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке жəне
заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған
құрылтайшы болуы мүмкін.
Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлік
қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.
“Несиелік серіктестік туралы” ҚР заңына сəйкес, несиелік серіктестік
– бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру
жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында заңды жəне жеке тұлғалардың ерікті түрде
бірігуінің нəтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын жəне ҚР
Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:
1) несиелік-депозиттік серіктестік - заңды тұлғалардың депозиттерін
қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
2) ауыл несиелік серіктестігі - өзара несие беру үшін, оның
қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке жəне
заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нəтижесінде құрылған, банктің жекелеген
операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
3) несиелік серіктестік – коммерциялық ұйым.
Несиелік
серіктестік
жəне
ауыл
несиелік
серіктестігі
ҚР
заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сəйкес мынадай ұйымдық-құқықтық
формада құрыла алады:
• коммандиттік серіктестік;
• толық серіктестік;
• жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
• акционерлік қоғам.
´ткен жылы елімізде несиелік серіктестіктер туралы заңмен қатар,
“Микрокредиттік ұйымдар туралы” заң қабылданды. Бірақ мұндай ұйымдар
əзірге дами алмай отыр.
Микрокредиттік ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын
ұйымдарды болып табылады.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары екі түрге: мемлекеттік жəне жек
меншік болып бөлінеді. Қазір 16 зейнет ақы қоры болса, оның 1-уі
мемлекеттік, қалғандары - жеке меншік зейнет ақы қорлары.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары жұмыс жасайтын адамдардың
жалақысынан белгілі мөлшердегі аударымдарды жинақ ретінде қабылдап,
оларды зейнет жасына жеткенде беріп отырады. Олардың активтерін
басқаратындарды “Зейнет ақы қорларының активтерін басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдар” деп атайды. Бұл ұйымдар олардың актитерін белгіленген
104
нормативтерге сəйкес əр түрлі бағыттарды орналастырып, оларды табыстар
алады. Сөйтіп, ондай табыстарды зейнет ақы қорында жинағы бар
салымшылардың шотына есептейді.
Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне - пошта-жинақ
мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері – ұсақ
салымшылардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде
құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің
құрылуы біздің елімізде əлі де болса кешеуілдік танытуда. Бізде əзірге
мұндай банктердің ролін атқаратын Қазпошта мекемесі жұмыс жсауда.
Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың
салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау жəне беру қызметін жүзеге
асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің
несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ, банктік
заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің
кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.
Ипотекалық компанияларда Қазақстанда ипотекалық несиелеудің
дамуына үлес қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар
екінші деңгейдегі банктер тарапынан құрылуда. Мысалы, Тұран-°лем банктің
ипотекалық компаниясы бар жəне т.с.с
Бақылау сұрақтары
1. Революцияға дейінгі Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы несімен
ерекшеленеді
?
2. Кеңес үкіметі тұсында несие жүйенің құрылымы неден тұрды
?
3. Қайта құру тұсында несие жүйесінде қандай өзгерістер орын алды
?
4. Тəуелсіздік тұсындағы банк жүйсінің қалаптасуы неше кезеңге
бөлінеді
?
5. 1995 ж, 1996-1998жж реформалардың қандай нəтижелерін білесіз
?
6. ҚР-ғы несие жүйесінің құрылымы қандай элементтерден құралады
?
7. Банктік емес мекемелер нелер жатады
?
8. Қазақстанда дамып отырған қандай банктік емес несиелік
мекемелерді білесіз
?
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Фридман Ц.Л. Банки и кредит в дореволюционном Казахстане.
Алма-Ата, 1974.
2. Тулебаев Т.Т и др. Социалистические преобразование кредитной
системы и ее развитие в Казахстана. Алма-Ата, “Казахстан”, 1978.
3. Ақша, несие, банктер ±.С.Сейткасымовтың жалпы ред. Алматы
“Экономика” 2001.
4. 1995 жылға арналған Қазақстандағы банк жүйесін реформалау
бағдарламасы.
105
5. 1996-1998жж Қазақстандағы банк жүйесін əрі қарай реформалау
бағдарламасы.
6. ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы N 314 “Ломбард
туралы” ережесі
7. “Несиелік серіктестік туралы” ҚР заңы. 2002 ж.
8. Микрокредиттік ұйымдар туралы ҚР заңы. 2002 ж.
9. ҚҰБ-нің статистикалық бюллетені N6 (103). 2003 маусым.
6-тақырып. Банк жүйесі
6.1. Банктердің мəні жəне қызметтері
Банк жүйесі маңызды элементі – банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда
болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды
орындағандығы туралы да толық мəліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында жəне ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генуе) XІV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар
шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте
кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVІ-XVІІ ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер
өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан
жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. ´здерінің бос
ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға жəне артықшылығы
бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, “банк” сөзінің өзі бізге оның мəнін ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың
ақиқаттығына күмəн туғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас
столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген
тұлғалардың əр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың
біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында əр түрлі
106
формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-
сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап,
оларды əр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған.
Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің
ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды.
Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың жəне олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің
Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда
орталығы болғандығын ескеріп, əр елдің ақшалары мен тауарларының сол
елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына
байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б. э. д. VІ ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау жəне оларға пайыз төлеу операцияларының
жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д. ІV ғ. Ежелгі
Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай
отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған
көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер?
деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген
тұлғалар жəне қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу
мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар
болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само,
Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия
жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде
барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз
жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу
қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 ж.
құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
107
Əрине, мұның бəрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куəландырмайды.
Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда
болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке
айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нəрсе -
бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың
болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға
емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мəн берелік. Анықтамалық басылымдарда банк “ірі несиелік мекеме”
10
ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты жəне несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нəтижесінде жеке
несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну
мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де
қанағаттандыра бастайды. Несиелік мəмілелер жасаумен бірге несие беруші
өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу жəне басқа да
операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының
осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін
біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде
пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік
қоғамында болғандығына тарих куə.
Ежелгі Римде банк жəне несие құқының нормалары болған. Осы
нормаларға сəйкес, б.э.д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік
банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге
рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек
қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату, жəне
басқа да операцияларды орындаған
11
.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мəнін ашуға
жақындайды, бірақ та банктің толық мəні əлі де болса жұмбақ болып қала
бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер əр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда
делдалдық мəмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге
асырылады.
Банктің мəнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи жəне
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы “банктік операциялар”
ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда
көрсетілген операциялар тізімі жатады.
10
Îæåãîâ Ñ.È. Ñëîâàðü ðóñêîãî ÿçûêà. – Ì., 1978. – Ñ.36
11
Ýâåëèí Êëåíãåëü-Áàíäò. Ïóòåøåñòâèå â Äðåâíèé Âàâèëîí. – Ì.: Íàóêà, 1979. – Ñ. 107
108
Қай жағынан алсақ та банктің мəнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мəнін айқындау оның қызметінің заңмен
қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мəнін, оған рұқсат етілген
операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы жəне
банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мəнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез
келген құбылыстың мəнін танып білуде, оның қандай операцияларды
орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті
шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына жəне басқа институттардан
өзара айырмашылығына мəн берген дұрыс.
Банктің мəнін басқа институттардан өзара айырмашылығына
байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын
кəсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кəсіпорын ретінде тек фабрика,
зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ
экономиканың басқа да буындарына “кəсіпорын” деген атақты иеленуге
ешқандай да тиым салынбаған.
Ежелгі Русьте “кəсіпорын” деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге “банк – бұл кəсіпорын” деп айту өзінше
дұрыс нəрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі “кəсіпорын”- бұл
біздің ойымыздағының бəрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын
мəнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет
көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркəсіптік
кəсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында
емес, айналыс жəне айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кəсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық
өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар
шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде
шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркəсіптік кəсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі “несие”
болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркəсіптік кəсіпорындардан өзінің эмиссиялау
сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да
бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарын есепке алу жəне сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кəсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кəсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кəсіпорындары да банк
109
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кəсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға
болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кəсіпорын немесе қолма-қол жəне қолма-қолсыз
ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие
институты болып табылады.
“ҚР-ғы банктер жəне банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сəйкес,
Достарыңызбен бөлісу: |